Знаменитые земляки

  • Әсем. Әңгіме

     ЖҰМЫСТАН соң қызыл бұрышқа келіп газет-журнал оқып отырмыз. Газетті шұқылай тауысып оқып жатқандар да бар, бір жылғы журналды жинап алып құрсуретін түгендеп, бетін санап отырғандар да бар. Әйтеуір, мәдениеті дем алудамыз.

  • Би құдіреті. Әңгіме

     —БҰЛ не деген ғаламат! Шіркін-ау, өзін Сержан десе дегендей. Жаны сері жігіт екен, —деп әкесі тамсанып төгіліп отыр.
    Шәй үстінде:
    — Мұнша өнерді бір басқа қалай сиғыза берген десеңші. Өзі әнші, домбырашы, баянда ойнағанда клубты күнірентеді. Бәрінен де бишілігін айтсаңшы, — деп тіпті қояр емес.
    Жұмыстан қайтып келе жатып, киноға билет алмақ болып клубқа соқса керек. Көркемөнерпаздардың аудандық байқауына баратын жастар сонда дайындық жасап жатқан еді. «Бұлардың не жақсылығы бар екен» деп азын-аулақ уақытын бөле кеткен әкесі Сержанды тамашалап қалыпты. Енді, міне, Еркешке ойыса кетті:

  • Е, Бәсе. Әңгіме

     Салдыртын желіп отыратын біркелкі жүрісінен танбайтын сары атымем қара жолдың шаңын будақтатып келе жатқан почташы Қари. Совхоз орталығындағы байланыс бөліміне күнде таңертең сапар шегу — оның жұмыс тәртібі. Омысынан жаңылмайды. Екі жақтауын қара дермантинмен қаптап алған қалқанды арба қашаннан бергі серігі. Қаридың өзің қартайтын шығуға жарайды әлі. Бөксе түсыда аспалы қара сөмкесі жатыр.

  • Бұлақ. Әңгіме

     ТҮНГІ мәжіліс кеш тарқап, аз ұйықтаса да Мырзабек сергек оянды. Қаумалаған ағайынның ықыласы ма, қайта бір еске алынып, бірнеше рет шырқалған жастық шақтың сезімтал әндері ме, құрдастарының қалжыңды естеліктері ме— әйтеуір, арқасы кеңіп, көңілі сергіп кеткендей. «Мырзаш» дейтін құрбы қыздар ауылда қалмапты, әркім өз жөнімен өмір соқпақтарына қадам басқан. Оның есесіне «Мырзажан» деп еркелететін жеңгелері мұны әлі де балаша қолпаштайтын қалыптарынан танбаған екен. Сол себепті де болар. «Жеңеше-ау; мінезің сенің өзгеше-ай», —деп жүрек төрбер өлеңді соларға арнап тебірене отырып айтып беріп еді.

  • Туған жер. Әңгіме

     «КӨКТЕРЕКТЕ» бір сақау бар. Әйтеуір өзі естімейтін болған соң, жұрт оны тап осылай Сақау деп атап кетісен. Шын аты — Әлилс. Денесін көтере алмағандай, тізесі сәл бүгіле, еңкейе басып, ентелей жүреді, Сақалды аратұра сәті түскенде ғана қырады. Басқаның иығынан түскен ескіқұсқы Сақаудікі. Белгілі жұмысы жоқ, кім жұмсаса, соған тартып жүре береді.
    Сақаудың өз «тілі» бар. Әбенді жуан қарнымен, Көкенді быртық бармағымен, Мақанды иығынан көлденең тартқан милиция белбеуімен танытады. Не сөйлесе де, «уф, уф» деп ыстық сорпа үрлегендей бір дыбыс пен көмекей айғайы қатар жүреді.

  • Айып кімде?

     Сәмеңке деген бір қу көршісінің туған күнін тойлаған мәжілісінде ішу жағынан артығырақ кетіп, бүлік шығарса керек. Еңді сол мәселемен жиналысқа түсіп отыр. Стол басының алдында екі бүктелген, жалпақ қағаз. Бұл Сәмеңкеиің сол тунгі, оған дейінгі жұртқа көрсеткен машақаттарын тізбектеп, жинап- терген «Іс қағазы». Ақ қағаздың шұбарланған түріне қарағанда, әжептәуір тергеу жүргізілгенге ұқсанды. Соның бәрін былай қойғанда, көрші үйде салған қиғылықтың өзі-ақ жетіп болатын. Жиналыс бастығы жағалай орналасқан жұртшылыққа соның мәнін тәптештеп, саусақпен санағандай етіп баяндан тұр:

  • Ерлік туралы сөз.Новелла

      -Ергең сөз сөйлейсің, — деді ауылдық Советтің председателі, —сөзің ерлік туралы болсын,
    Содан бері Ержақып қина лыста. Оңай ма, үлкен салтанат, Жан-жақтан дәрежелі адамдар келмекші. Небары төрт кластық білімі бар күзетші шал бытығып қалма са. Әдемі, өрнекті мақамдағанды ұнатады жұрт. Топ алдында қоңқ ете түсіп, кете салу лайық болмайды ғой. «Шықпайды» деп жалтарды! Бірақ ауылнай болатын емес:

  • Кеудеңде сәулең сөнбесін. Новелла

     «Жуйрік көңіл шабандық отті деп омалыш қала беруге бола ма бугінде!» Облыс орталығына баратын тансилердің біріне жайғасқан Қуатбек осынау ойға беріліп отыр.
    Мана ауылдан автобуска отырарда кызметтес жолдасы әрі құрдасы:
    — Жақсылыққа бастапсын, сәт сапар болсын — деп калжың аралас, шындық сөз айтып қалын еді.
    Жанынан бөліп бергеннен де артық осы бір мейірбан лебізді есіне алып. Қуатбек осынау ойға беріліп отыр.

  • Өмір гүлі

      Шытыр мінез, ашушаң кейбіреудің істік мұрнындай, үшкір қорғасынды стол үстіне тастай салып, Ағыбек креслоға сылң етіп отыра кетті. Шаршағанын енді сезіп, сигаретін құмарлана бұркыратып отыр.
    Ағаштың бүршігіндей ғана бейбіт қалыптағы осынау қорғасын кешеден бері зіл боп жабысып еді. Енді, міне, мүләйімсіп, жеңілген жау мүсіндес момақан ғана домаланып жатыр.