Дала өркениетінің қайнар бастауы
Солтүстікте қарт тарихтың қатпарлы да тылсым құпияларын ішіне бүккен, жұмбақ сырлары әлі де ашыла қоймаған өңірлер аз емес.
Солардың бірі — ұлы тұлғаларды құндақтаған қасиетті Айыртау ауданы. Көркемдігіне көз сүйсінетін Имантау, Шалқар, Сырымбет сияқты киелі мекендерде археологиялық жедігерлер мен ескерткіштер жетіп артылады. Иман-Бұрлық өзенін жағалай орналасқан Ботай қонысының жөні бір бөлек.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін “Ботай мәдениетін”зерттеуге ерекше ден қойылды.
