Өмір гүлі

  Шытыр мінез, ашушаң кейбіреудің істік мұрнындай, үшкір қорғасынды стол үстіне тастай салып, Ағыбек креслоға сылң етіп отыра кетті. Шаршағанын енді сезіп, сигаретін құмарлана бұркыратып отыр.
Ағаштың бүршігіндей ғана бейбіт қалыптағы осынау қорғасын кешеден бері зіл боп жабысып еді. Енді, міне, мүләйімсіп, жеңілген жау мүсіндес момақан ғана домаланып жатыр.
Байыпты жүрісінен қашан да жаңылмайтын көмекші сестра Гүлжаһан келіп кірді. Сұстана қарап қалған Ағыбекке қысқа ғана жауап қатты:
— Әзір сұлық жатыр.
— Тынысы қалай?
— Бірқалыпты.
Май айының басы болғанмен кешелер күтпеген жерден қар жауған. Әйтсе де ретсіз киліккен тәлкекке күн қызуы қарамапты, жұқанақ қарды майдай ерітіп, мол қуатын қайта жинаған.
Сау жүрекке сумаңдап төніп келген мына оқ Ағыбек қолының күшімен сұлық күйге бүгін келді. Үнсіз шүріп, бұқпантай қимылдап, тоспада тұрган бір жауды женіп отыр ол.
Бұл науқас ауруханаға кеше түсті. Ағыбек онымен былтырдан бері таныс. Иығында қалған снаряд жарықшағын алып, бір жарасын бүтіндеген еді. Соғыс салған кесапат ізі әлі де жазылмаған екен. Қатты талмауран, талықсыған күйде жеткен майдангер мұғалім бұған басқаша бір сыр ашты. Өз мекеніндей жайғасып, кеудесінде жүрген оқ байқаусыз жылжып, жүрекке оқыс жақындаған.
Барша тексеріспен қарағанда. Ағыбектің таңдауында екінің бірі ғана қалды. Қауіпті операция жасап, ажал бетін қайтару керек, не қарт майдангердің өмірі қыл үстінде. Қолымнан келмейді деп облысқа итере салуға болмайды, ендігі қозғалыс-жүрісті науқас көтармейді.
Ағыбек осындай мүшкіл халдегі адамның өзімен қайт се де ашық сөйлесуге бел бу ды. Ол палатаға келгенде, мұны күтіп жатқандай мойнын бері бұрған қарт қауынгер:
— Сізді мазалай беруге мен де жалықпайтын болдым-ау,— деп әлсіз езу тартқан болды.
— Біздің қызмет осы ғой, —деген сөзбен Ағыбек төсек шетіне отырды.
—Мына қырсыққа қарасаңызшы. Балалармен өте маңызды бір әңгімем бар еді,— деді науқас мұңайьш, — Соны өткізуге үлгере алмай қалғаным… Жеқіс, күні туралы еді.
— Оқасы жоқ. Тәуір боп барған соң да үлгересіз.
— Әй, қайдам, кеш боп қал маса. Отыз жылдай кеудені қуыстаған түйір темір өз дегенін істегісі келіп тұр ғой.
Бар сырды осы арада ақтару керек екенін ұққан Ағыбек іркілген жоқ:
— Жағдайыңыз жеңіл емес екені рас. Жасырғым келмейді. Операция жасау керек.
— Шыдай тұруға болмай ма?
— Болмайды.
Науқас ойланбастан-ақ өз шешімін айтты:
— Жеңіс күні өтсін. Сонан соң мейлі. Мүмкін бұл менің соңғы мейрамым шығар.
— Түһ, өзіңіз мұндай күйрек боларсыз ба — деп Ағы бек орнынан тұрды.
Мұнысы реніш емес кай рау болатын. Сонысы әсер етті ме, әлде өз халін сезінгелі дайындаған сөзі ме.
—Сіз де, мен де соғыс өртін тұтанғанынан сөнгенінше кешіп келген екенбіз. Сыр жасырып, іркілу бізге лайықсыз. Бұл ретте сіз дұрыс жасап тұрсыз. Сондықтан бір сұрағьмыз бар, —деді , науқас.
—Мен дайынмын.
—Сіз өзіңізге өзіңіз сенесіз бе?
Ағыбек ойда. Шынында, ол өзі сенімді ме әуелі? Ақырғы қызығым деп Жеңіс күнін алып отырған осынау ақ ниетті азаптан арашалай ала ма? Әлде аншейін өлермендік пе, бұнысы? Мейрам күнін тосып алса қайтеді?
Ағыбектің көз алдына соғыс сәтінің бір елесі келді.
…Ұрыс басталғалы бірнеше сағат өткен. Екі жақта аясып жатқан жоқ. Госпиталь палаткасын орман қойнауына құрып тастап, жаралыларды өз қолынан өткізіп бас дәрігер Ағыбек жүр. Міне, кеудесі парша-парша боп ауыр жараланған жауынгер жатыр. Мұндайда минут уақыт тағдыр үкімшісі болатының нық білетін Ағыбек дереу операцияға кірісті. Алайда өмір үшін арпалысты аяқтауға мұрша келген жоқ. Дәл төбеден түскен снаряд Ағыбек қолынан жаралы жауынгерді де жұлып әкетті, өзін де көтеріп апарып балшық арасына коме салды. Оң аяқтағы протез сол зұлым ойраннан қалған белгі. Содан бері Ағыбек екі қол, екі көз алдында аяу лысын жұлып әкеткен ажал мен күресте. Аяқталмай қалған сол операция кеудесіндегі кек отын шыңдай түскен еді. Енді міне, фашизмнің күңгірт бір көлеңкесімен тағы да бетпе — бет келді. Қайтсе де женуге тиіс.
— Сенімдімін,— деді ол.
—Ендеше мен де сендім. Тапсырдым қолыңа өзімді.
Уәде осы болып, операцияны таңертеңге белгілеген.
Сол арпалыс, бес сағат созылған айқас міне өтті.
Қалжыраған хирургті енді мазалап отырған күдікті ойларды сезіп жүрген Гүлжаһан манағы бір кезде шығып кеткен.
— Сәл жымиды, — деген хабармен келді.
—Қалқам ау, жымиды дегенше, сүйінші, десеңші.— Ағыбек орнынан ұшып тұрды: —Былай деуші еді ғой ұлы француз…
— «Күлкі де күн көзімен парапар, ол адам жүзін қыс ызғарьшан арылтады» деген Виктор Гюго, — деп Гүлжанһан әкетті.
— Дәл өзі. Ендеше өмір сөнбейді, өрши береді десеңші қалқам. Жарайсың, кәрі солдат! Әлі де бір, қағарың бар екен, —деп кеудесін қуаныш көрнеген Ағыбек стол үстіндегі қорғасын оқты қолына алып тағы салмақтай бастады.
Мұнан соң әігі ойын нығарлай түсейін дегендей:
— Қашан да есінде болсын, қалқам,— деді Гүлжаһанға, —Жымию— өмір ескегі. Жымия білген адам өмір тәлкегінен еш жығылмайды. Соғыстан қалған жаралар әлі де бар. Парыз — жымиюдан жаңылмасақ болғаны!

Ермек ҚОНАРВАЕВ.


Қонарбаев Е. Өмір гүлі // Ленин туы. – 1973.- 23 маусым.

Похожие записи

  • Ақан серінің шығармалары

     Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де.

  • Аңқылдаған ақкөңіл еді

     1963 жылдың 8 наурызында Шал ақын ауданындағы «Приишим» кеңшарының Бексейіт деген кішкентай ғана ауылында түратын Ережеп Батаев атайдың үйіне келін болып түстім. Атамыз атақты шопан болғаң ал енеміз сондай ақылды, салмақты кісі еді. Бір үйдегіон екіжанға он үшінші болып менқосылдым.

  • «Мақсатымыз -академиялық театр атағына ие болу»

     Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының бір ғасырдан асатын тарихы бар. 1972 жылдың желтоқсанында театр заман талабына сай салынған жаңа ғимаратқа көшті. 2014 жылдан бері театр тізгінін ұстап келе жатқан өңірімізге есімі жақсы таныс өнер саңлағы Спартак Рамазановтың айтуынша, 2016 жылдың басты жаңалықтарының бірі — жаңа мұражайдың ашылуы.
    Өткен кундерден сыр шертіп, көрерменді театр тарихына бойлататын мұражай екі бөлімнен тұрады. Оның ішінде театр құрылған күнінен бастап, тәуелсіздікке дейінгі маңызды оқиғалардың барлығы қамтылған.
    Құнды құжаттарды, өңір өмірінің айшықты сәттер бейнелен суреттерді, ескі жарнамаларды, осыдан 50-60 жыл бурын әртістердің сахналық қойылымдарға киген киімдерін де осы жерден көріп, бүгінгі күнмен салыстырып, тамашалауға болады.

  • Дала гүлі: Повесть

     Қыр төсінде замандар бойы құшақтаса, өріле өскен егіз қайың тұр. Түптері жуан, бұтақтары тармақты, тамырлары тереңге кеткен. Дала желінен қаймықпай аспанға ұмтылған биік. Көз көрімдегі орманнан бұл тұсқа қалай келіп орнықканын білуші ешкім жоқ. «Аспан айналып, жерге түсердей» дейтін ыстықтарда қоймен аралас жатып, қойшылар саялайтын жапандағы жалғыз пана осы.

  • Бекзат ғұмыр

     13 желтоқсанда белгілі қоғам қайраткері, ақың аудармашы, рәмізтанушы Ербол Шаймерденұлының дүниеден озғанына бір жыл толады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, М.Дулатов атындағы сыйпықтың лауреаты Ерекең қарымды қалам иесі болды, оның жиырмаға жуық кітабы жарық көрді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-де жарық көрген «Жүрегімен от тасыған» атты кітап Ербол Шаймерденұлы турапы естеліктерге арналған. Біз бүгін газет оқырмандарының назарына «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Жарасбай Сүлейменовтің Ербол Шаймерденұлы туралы естелігін ұсынып отырмыз.