Қайырбеков, Ә. «Е, бақытсыз жазушы — мен сені аяймын»
Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің соңында қалдырған…
Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің соңында қалдырған…
Ғабит Мүсіреповтің музей-үйі жазушының 90 жылдығы қарсаңында 1992 жылы ашылған…
– Әділғазы Жақсылықұлы, Ғабең туралы сөз болғанда ең алдымен серілігі, сырбаздығы,…
Общеизвестно, что знаменитый казахский писатель, депутат Верховного Совета Казахской ССР,…
Халқының рухани қазынасына озық туындыларымен олжа салған, ХХ ғасырдың басындағы…
І. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ Өмірімен де, еңбегімен де туған халқының ілтипатына…
Жерлесіміз, қазіргі Жамбыл ауданына қарасты Жаңажол ауылының маңындағы Елтінжал орман баурайындағы қыстақта мұсылман күнтізбесі бойынша жыл басы саналатын наурыз айының 22-сінде дүниеге келген, көзі тірісінде сөз зергері атанған қазақтың классик жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, драматург, Қазақстанның халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтің туғанына ертең 115 жыл толады.
Ғабең өзінің өмірбаяндық әңгімелерінің бірінде былай деп жазады:
…Менің туған жылым астрономиялық дәлдікпен анықталған… «Көзі соқыр жирен атты қасқыр талаған күзден кейінгі көктемде, күн мен түннің теңеліп, Сиыр жылынан Барыс жылына ауысатын күні дүниеге келіппін.
Қыс әлі кетпеген, көктем әлі жетпеген. Наурыз екен. Егер Сиыр жылына жатқызсақ, онда келешекте сиыр табындарына қожа болып, өмірі тоқтықта өтеді, Барыста туса -ол да жаман болмас, оған кімнің жүрегі барып қарсы келер…».
Әрі құда, әрі жерлес болғандықтан ба, туған жерге келген сайын облыстық партия комитеті арқылы мені қосшы етіп алып кететін. Ол осы жақта жанына ерте келген жолдастарымен қанша күн болса да редакциядағы қызметімді доғара тұрып, солармен бірге болатынмын.
Сондай сапарларының бірінде, яғни 1978 жылы жанына қазақтың белгілі ақыны Ғафу Қайырбеков пен аудармашы Алексей Белялиновты ерте келді. Бұл Ғабеңнің «Ұлпанды» жазып жүрген кезі еді.
Автор бұл шығармасын сыпайылықпен повесть деп атаса да, жазушылар да, қалың оқырмандар қауымы да оны роман деп жоғары баға берді. Алексей Белялиновты ертіп келген себебін «Ұлпан» романындағы оқиғалардың болған жерімен таныстыру ғой деп топшыладым. Сонда романды орысшаға аударуға да оңай болмай ма?
Ғабеңнің туған ауылына келгенде ат байлайтын інісі Әшімнің үйі қонақ күтуге онша бапты болмады. Сондықтан аудан, кеңшар басшылығы үй алдына жылжымалы дала қосын қойған.
1980 жылдың жазы болатын. Дәл сол жылы қызылжарлықтар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың 80 жылдығына арналған мерейтойды өткізуге кірісіп кетті.