Әсем. Әңгіме

  ЖҰМЫСТАН соң қызыл бұрышқа келіп газет-журнал оқып отырмыз. Газетті шұқылай тауысып оқып жатқандар да бар, бір жылғы журналды жинап алып құрсуретін түгендеп, бетін санап отырғандар да бар. Әйтеуір, мәдениеті дем алудамыз.
Сәлден соң радиоторабының қожасы Хамза өзінің машықты бұрышына барды да, қол сағатына бір қарап, радионы сөйлетіп қоя берді.
— Алматыдан сөйлеп тұрмыз, — деген диктор даусы естілгенде, кішкене бойлы, сығыр көзді Хасен:
— Июге келмейтін оқтаудай даусы қалай икемсіз, дөрекі еді? — деп күңк етті.
Сөйткенше болған жоқ:
— Классикалық музыкадан концерт береміз, — деді радио.
Әлгі Хасен:
— Е, бәсе, — деп бүкірейіп кеткен белін тузеп, серпіліп қалды.
Чайковскийдің «Бірінші концерті» ағытыла жөнелді. Қырыққа келген Хасеніміз жас баладай елеңдеп, қызарақтап: — Туһ, туһ, ғажап! — деп елегізіп барады.
Жәлелді анадай жерде отырған бригадир Қаби гүжілдей сөйлеп, бөле жөнелді:
— Сендер әр нені бір айтып кеттіңдер ғой, онан да мен бір қызық хикая баяндап берейін, — деді.
Бәріміз бұрыла қалдық. Тықырлата қырған басын жалпақ алақанымен бір сипап тастап, Қаби әңгімесін бастады:
— Бригадирлік тынымсыз қызмет қой. Шаруаның бірі бітсе, бірі шығып жатады.
Шырағым-ау, колхоздың жұмысы қалады ғой, болсайшы, — десем, ол:
— Аз-мұз кешіккен ештеңе етпес. Колхоз мен жоқта да колхоз-болған. Жалғыз маған қарап тұрған дүние болса, көрермін, — деп қолды бір сермейді,
— Тіпті, жұмысқа бармай жатып алайын ба осы? Жұмысқа таяқтап қуды деп ауданға барайын ба осы? Күн шықпай, еңбеккер адамның тәтті ұйқысын бұзуға қандай хақың бар? — деп өзімді қорқыта бастайды.
Әйтеуір, аһлап, уһлеп, алдап-сулап, алып шығам-ау жұмысқа. «Шіркін-ай, саған істер амал болар ма екен бір?» деп ішімнен тынып, тісімді қайрап жүрдім. Басқармаға салсан да, маған айтқандарынан бір жазбайды, дұрыс болсын, бұрыс болсын, бір айтқанын қайталап тұрып алады. Тіпті болмай, күшіне асып бара жатса, долданып жылайды кеп.
Содан бір күндері ауылға радио келді. Мына Хамзамен бірге о жер, бұ жерін шұқылап жүріп, ана-мынасын біліп алайын деп сұрастырып жүрсем Хамза:
— Бүкіл ауылды жинап берейін бе? — дейді.
— Қалай?
— Не қалайы бар? Мына микрофонды аламыз да сөйлейміз,
Құдайдың дес берісін айтсайшы, ойыма сол сатте Әсем тусе кетті. Каныңды қатыратын жер енді келген шығар деп қойдым ішімнен.
Келесі күні терезе тықырлатуға барғам жоқ. Таңертең Әсем төсектен ырғалып турды-ау деген кезде микрофоңды алдым да, дауысты қоюлаңқырап:
— Әсем жолдас, тыңдаңыз. Жұрт сізді жалқау дейді. Бұл жол емес. Тезірек жұмысқа шығыңыз! — дедім. Енді қайтер екен деп далаға қарай шықсам, әлден уақытта жөпілдете басып ентелеп келе жатқан Әсем анадайдан көзіме түсті. Тосып тұрмын. Жақындады. Шүпірейген ерні жыбыр-жыбыр етеді. Шашын тарамастан орамалмен баса салған екен, онысы маңдай тұсынан қопсып, бұрқырап тұр. Келе сала:
Біргәдір қайным, былай қарай жүрші, бір оңаша сөзім бар, — деді.
Шықтым. Жеңіме жабыса қалды да, аптыға сыбырлады:
— Жақсы қайным-ау, сонау Алматы осы жердегіні де біліп қоя ма, немене?
— Мүмкін. Е не болды?
— Орнымнан тұрып жатсам, біреу «Әй, Әсем, тыңдаңыз» — дейді.
Сен шығар деп терезеге қарасам, ешкім жоқ. Сөйтіп тұрғанымда бұрыштағы радиом сұңқ-сұнқ етіп, «Сен жалқаусың» дейді. Ойбай-ау, енді не бетімді айтайын? Бүкіл Бәтекең аулетіне уят та, осы келін сүйек сындырды дей ме қайтеді? Ести сала осында жүгірдім. Сонда Алматы мені сынап жатқаны ма?
— Солай болғаны ғой, — дей салам мен ештене білмегеңдей, — Алматы жекелеп өзіне радиомен ескертіп жатқанда да жалқау бола берсең, түбі жақсы болмайды. Енді қой.
Көпшік қойып жіберсең, көтеріле жөнелетін әдеті де бар ғой кей адамнын. Әсемім:
— Сөйтенін, қайным, сөйтейін,— деп көне кетті.
Содан бері ауыл аралап терезе қағуды қойдым-ау. Енді, міне, бір мәселемен керек бола қалса, бүкіл ауыл сенің алдыңда. Бұл радионың пайдасы маған осылай тиген.
Қаби әңгімесін аяқтады. Біраз қарқылдасып күліп алдық та, қайта сұрақ қойдық:
— Әсем соны ақыры білмей кетті ме?
Қаби езу тартты:
— Жоқ, білді. Шамасы бір ай өткенде. Жұмысқа дұрыс қарап жүргенін байқаған соң өзім айттым.
— Иә, ол не деді?
— Не десін… «Әй, қағынғыр жақсы кайным-ай», — деп бүйірімнен бір шымшып алды да қойды.

Ермек ҚОНАРБАЕВ.


Қонарбаев Е. Әсем. Әңгіме // Қазақ әдебиеті.- 1962.- 14 қыркүйек.

Похожие записи

  • Қисық қайың

     Сыртта боран ұйытқып тұр. Бүгін төртінші күн. Боран болғанда да, кәдімгі жынды боран: аш қасқырдай ұлып, ышқына соғып терезені сабалағанда жаныңды қоярға жер таппайсың. Алқа-қотан отырған ауылды жұтып қойғандай. Көрші үйдің өзі көрінбейді.

  • Жарқырап келе жатқанда

     ЖҮРЕГІНІҢ мәңгі асыл арманы да, өмірінің алтын арқау ақык мұраты да әдебиетке арналып, көркемсөздің киелі құдіретін қымбат қастерлеп өткен қалам иелерінің бірі Ермек Қонарбаев еді. Ол кұлашты кеңге сілтеп құрсақты- құрсақты қалын кітаптар жазып, көлбеңдеп көзге түскен де жок, артында қалған әдеби мұрасы да шағын. Бірак сол аз дүниеліктерінің өзімен-ақ мол мүмкіндігін тереңде тұнған талантының құлпырма қырларын танытып үлгерді. Арамызда аман жүрсе Ермек елу жаска жаңа ғана толады екен. Әттең мейірімсіз ажал осыдан бірер жыл бұрын енді бой жазып, биікке самғап келе жатканда дарынды қаламгердін өмірін үзіп, кеткені окінішті. Енді міне жазушынын өмірін жалғастырған кітаптарын қолға алып отырып, арманды творчестволық жолын еске түсіреміз Ермек бізбен бірге жүрген достарымен, әдебиетті ерекше сүйген қалың оқырман жұртымен бүгінде кітаптары аркылы тілдеседі, өмір жайлы толғанады, көкірек түкпірінде кілкіген сырларын ақтарады. Ол әлі де бізбен бірге жүрген сияқты, ұмытылмайды, әр үйдің кітап сөрелерінде тұрып, қоңыр үнмен қилы-қилы кептерін шертеді.

  • Лебіздер

     Герольд күні-түні үйден шықпайтын еді. Құмалақ салып, кітап ашқандай, айналасын қазақша, орысша сөздіктерге толтырып, қай сөздің қай сөзбен жарасып, қай сөзбен таласып қалатынын ойлап, басы қататын.

     ГерольдБельгердейіріталант, іргелісуреткерқайдада, қайзамандадаешкімніңқолтығынасыймайдығой. Дараланбай, сараланбай тұра алмайды. Бала жасынан бір ғана өзін емес, туған халқын ойлап өскен қамырықты суреткер ерте ме, кеш пе бұйдасын үзіп шығып, өмір кеңістігінде, өнер жазирасында өз сүрлеуін салып, өз соқпағын омбылайды. Басынанкешкендерімен, өмірден түйгендерімен бөліседі.<o:p></o:p>

  • Талант, рожденный в Коктереке

      Ермек Конарбаев родился в феврале 1938 года в селе Коктерек Октябрьского (ныне Шал акына) района Северо-Казахстанского области. Его отец Лямали был образованным человеком. В 1955 году, окончив среднюю школу с золотой медалью, Ермек поступает на историко-филологический факультет Казахского государственного педагогического института им. Абая. После завершения учебы возвращается в 1960 году в родное село, где начал свой трудовой путь. Преподаватель казахской литературы, он одновременно был секретарем комсомольской организации села.
    В 1970 году стал инструктором райком? партии, а затем был избран секретарем партийной организации Новопокровского совхоза, одного из самых, крупных хозяйств района. Партийная организация, которую возглавил Е.Л. Конарбаев, несла ответственность не только за производство зерна, молока и мяса, но и за социально-культурное развитие, за строительство жилых домов, детских садов, школ и библиотек и их содержание. Директор совхоза, кавалер четырех орденов Трудового Красного Знамени Н.Н. Петров, один из самых опытных организаторов сельскохозяйственного производства на селе, всегда ценил и помогал партийному лидеру, постоянно прислушивался к его мнению, поддерживал во всех начинаниях.

  • Қаламгердің ғажайып әлемі

     …КСРО ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫВЫҢ 1960 ЖЫЛДАН МҮШЕСІ, ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫ, МЕНІҢ АСЫЛ ӘКЕМ ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИ ИМАНБАЕВТЫҢ ӨМІРІНІҢ ӨЗІ ДЕ ЕРЛІККЕ ПАРА-ПАР ЕДІ ҒОЙ. ОЛ ТУРАЛЫ АЗ АЙТЫЛЫП, АЗ ЖАЗЫЛҒАН ЖОҚ.