Айтшы, құрбым, Жазғы кеште, Қарамашы

 Айтшы, құрбым

Батыл сөйлеп тіл қатсам,
Қызарып төмен қарайсын.
Дөрекі-ау осы дейсің бе,
Әлде кімге санайсын.
Үндемей қалсам қысылып,
Қорлағандай күлесің.
Кездесе калсақ бетпе-бет,
Бұрылып өтіп жүресің.
Күнде тосып жолынды,
Ізден өрмек өремін.
Айтшы құрбым, жаныннын
Жалынын қашан көремін.

Жазғы кеште

Кеші еді жаздың жайлы мұнарлатқан.
Тыныстап ел орынға жаңа жатқан.
Жүр едім таза ауада серуендеп,
Кенеттен бір үн жетті көрші үй жақтан.
Жақындап барсам отыр бір қарындас,
Көзінің оты толған мұн сарындас.
Қолында домбырасы үкі таққан
Айға көзін тігеді, дірілдеп қас.
Шертеді домбырасын жайлап басып,
Кетпейді дүбірлетіп күйше тасып.
Сызылып сыр айтқандай сағыныш бар
Қалғандай алде неден көңіл жасып.
Қыз көзі айға қарап күлімдейді,
Домбыра әлде кімге «күнім» дейді.
Маңайға тоқтай алмай, қырдан асып.
Алыстан жігіт салған әнді іздейді.

Қарамашы

Қарамашы, қара көз, мрамашы,
Мені бір ерекше жан санамашы.
Жас баладай сүйкімді болсамдағы
Кеше оны, бүгін мені қаламашы.
Ұмытпашы сен оны тосқанынды,
Бетінді кеудесіне басқанынды.
Алғашқы рет сүйем деп ұмтылғанда,
Дуылдап екі бетің сасқанынды
Қарындасым көзіңді жүгіртпеші
Жүрегінді басыл деп үгіттеші,
Жігіттің сүйдім деген жас сезімін,
Сыртынан сатқандай боп түңілтпеші.

Ермек ҚОНАРБАЕВ.


Қонарбаев Е. // Ленин туы.- 1961.- 2 шілде.

Похожие записи

  • Орны бөлек еді

    Уақытта тоқтау жоқ. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қарымды қаламгер белгілі қайраткер, арлы азамат, танымал тұлға, жерлесіміз Герольд Бельгердің өмірден озғанына да бір жылдың жүзі болып қалды. Бұл, әсіресе, қазақ үшін ауыр қайғы болды. Өйткені, орыс жерінде дүние есігін ашқан ұлты неміс жеті жасар Г. Бельер Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жылы отбасымен бірге Қазақстанға жер аударылып, шалғайдағы шағын қазақ ауылынан пана тапқан, ұлтымыздың бел баласына айналып кеткен азамат еді. Ол осында  қазақ мектебінің табалдырығынан аттады, алғаш рет әліппені қолына алды. Қазақтың тілі мен діліне ден қойды, ыстық мекенге деген махаббатын ешқандай сөндірген жоқ аялап өтті.Соңғы рет кездесіп әңгімелескенімізде: «Дәрігерлер менің жүрегімнің жиырма пайызы ғана істеп тұр, — дейді. — Бірнеше рет өліп-тірілдім. Балалық, жастық шағым өткен ауыл жаққа барып-ақ қайтқым келеді. Бірақ денсаулықжібермей  тұр», — деп еді.

  • Ақан суретінің сыры

     Арқаның кең сахарасы – өркениеттердің бастауы, мәдениеттердің тал бесігіне айналған құтты мекен. Адамзат тарихында алғаш рет жылқыны қолға үйретіп, қымыз ішіп, сал-серіліктің бастауына айналғанына ешкімнің дауы болмас. Ақан сері сынды өнердің шыңына шыққан тұлғаны тербеткен бесігі еді. Өмірі сұлулық пен жұмбаққа толы серінің ғұмырнамасына байланысты кім қалам тербемеді дерсіз.

  • Шал ақын поэзиясындағы педагогикалық-тәрбиелік ой-пікірлер

     Биыл ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында өзінің шығармашылығымен қалың елге танылған жырау-ақын жерлесіміз Шал (Тілеуке) Құлекеұлының туғанына 250 жыл толып отыр. Кезінде Шал жырларының халық арасына кен тарауы, оның есімінің жұрт аүзында зор сүйіспеншілікпен аталуы жыраудың ардагер ақын, қоғамдық мәселелерді келелі сөз еткен азамат болғанын байқатады. Оның шығармаларында қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, заманның өзгерісі, әйел тендігі, адамгершілік мәселелері, табиғат, тіршілік тынысы жан-жақты сөз болады.

  • ПОЭТ ОТ БОГА

    Какимбеку Салыкову 80 лет. Как сказал Дихан Дбилев, при его занятости он мог бы и не найти времени на стихи; но он поэт от Бога, он впитал поэзию Казахстана с материнским молоком, он не мыслит себя без стихов.