Би құдіреті. Әңгіме

  —БҰЛ не деген ғаламат! Шіркін-ау, өзін Сержан десе дегендей. Жаны сері жігіт екен, —деп әкесі тамсанып төгіліп отыр.
Шәй үстінде:
— Мұнша өнерді бір басқа қалай сиғыза берген десеңші. Өзі әнші, домбырашы, баянда ойнағанда клубты күнірентеді. Бәрінен де бишілігін айтсаңшы, — деп тіпті қояр емес.
Жұмыстан қайтып келе жатып, киноға билет алмақ болып клубқа соқса керек. Көркемөнерпаздардың аудандық байқауына баратын жастар сонда дайындық жасап жатқан еді. «Бұлардың не жақсылығы бар екен» деп азын-аулақ уақытын бөле кеткен әкесі Сержанды тамашалап қалыпты. Енді, міне, Еркешке ойыса кетті:
—Әй сен осы күнделігіңді көрсетші. Сержанның сабағынан не бағаң бар екен?
Қипақтаған Еркешке мұрша берген жоқ, «әкел де әкелге» басып отырып алды. Көңілсіздеу қисайта салынған үштіктерді көріп, мүлде күйреді.
— Ойбой, шырағым-ай, осындай мұғалімнен үш аласын, ә? Қап — деп санды бір соқты.
Бұлай күйзелісінің жөн де бар. Ақшаның мөріне қарамастан, жарқ еткізіп Еркешке үш жүз сомның ақкордеснын домбырамен қоса алып берген. Әзірге баласының бойынан өнер саңылауын көре алмай жүр.
Күнделікті көңілсіз, ренішті күймен қайтарып беріп жатып:
— Сендерге сабақ беріп кор боп жүрген Сержан қарағым-ай, — деп күрсініп қалды.
Төртінші класқа биыл ғана жеткен Еркешке әкесінің бұл өкпесі соншалық ауыр әсер ете қоймаса да, ол өзінше бір ой сорабына түсе қалған. «Мұғалім жақсы болса, жақсы шығар, ал менің не жазығым бар» деп ақталады. ол. Ән, және музыка сабағы дегеңге оның түсінігі мүлде басқа. Бұл бір шалңып, тасыған, радиодан күнде еститін беймәлім бір қуатты әуендер осы сабаққа сиып жатқан сағаттар болуға тйіс, «А» _ деп аузын ашқанда, мұғалім аузынан музыка атты сырлы дүнненің бар ғаламаты ап-айқын ақтарылып жатуға ықтимал. Бастауыштағы оқытушысы өлең айтқызу орнына есеп шығартатын. Еркеш ұғымында күні бүгінге дейін Сержан мұғалім де осы деңгейден аса қойған жоқ. Өзінше оған өкпелі.
Олай демегенде… Сержан алғашқы сабаққа баянды әкелуін әкелді Жеңілдеу бір-екі әнді ойнады да, бұларды «до-ре-миге» үйретуді бастады: Мұнан соң «тон, жарты тон» дегендер шықты. Әзірге осымен келеді. Нотамен ән оқуға кірісе бастағандары жуырда ғана. Еркешке әлі күнгі бірдене жетіспейтіндей болады да тұрады. Оның күткені мүлде бөлек болатын. Оның ойынша, мұғалім алғашқыда-ақ: «Келесі сабаққа әркім өзінде бар домбыра, аккордеондарын әкелсін бәріміз қосыла үйренеміз» деу керек еді. Олай делінбеді. Содан бері Еркеш көңілі құлазуға бой ұрған.
Әкесінің тәнті болып мақтауы Еркешті қобалжыған бір күйге түсірді. Ол қайтсе де Сержанның сахнада билегенін көруге бекінді. Сол көңілмен автобусқа мініп, келесі күні аудан орталығыңа тартты.
Сәтін салғанда, аудандық мәдениет үйінің есігі айқара ашық екен. Жиналыс дегенде кейінгі қатарға лықитын жұрт бұл жолы алдымен сахнаға жақын жақты меңгеріп, одан өрлей жайғасын бос орын қалдырмаған. Сахнамен тұстас қабырғаға жабысып Еркеш те тұр. Кейбір үлкен кісілердің қолында жалпақ — жалпақ қағаз, бар. Соған қарап:
— Концертті, «Тереңсайі» совхозы ашады екен. Өнерлі жігіттер бар деседі, — деп қояды.
Өз совхозын мақтаған бұл сөздер Еркешке жағып тұр.
Сержан сахнаға шыққанда, Еркеш алғаш танымай қалды. Мұңлы бір кейіппен шыққан цыган жігіті. Көкірегін кере күрсінеді. Ана бір төмпешікке отырды. Жүрегінде бір қаяу, ауыр сезім бар. Қайтіп серпілмек, қалай сейілмек? Осы кейіпте отырғай мұғалімнің кескіні сұлу екенін Еркеш жаңа көріп тұрғандай, сұғына қарайды. Кенет алыстан талыпжетіп, үзіле шыққан музыка әуені, ән салған дауыс естілді. Жігіт бойын сәл тұзеп, құлақ түре тыңдап отыр. Көңілді даманды топ та көрінді. Еркек-әйелі аралас. Міне, көңілді топ мұңды жігітті өз тобына үйірілтіп, әнмен аялап, бимен сергітуде. Сержанның манағы кейпі жоқ, жұлқынып, құлшына жөнеліп, байлаудан босана тарқан құлындай ытқып, ыршып, асыр сала билеп жүр. Бұл не деген шексіз қуаныш, сарыуайым, қайда кеткен. Кеудені төрлаған белгісіз халін бимен баурайын дегендей.
Қағаз ұстаған үлкендердін бірі:
— Би техникасын жақсы меңгерген екен, —деп қалды…
Әне, топқа ере масайрап, жүзінде күлкі нұры жайнағаң жігіт билей басып, кетіп барады.
Дүрліккен зал қол соғудан көпке дейін басылған жоқ. Еркеш жүгіріп барып, Сержанға жетпекші боп бір оқталды да, тиылып қалды. «Ой, жігіт, сабак қайда?» десе, не айтады. Ал сонда, осынау бір сәтте жүрегін кернеген ләззат дүннесін кіммен бөліссе екен? Ол енді мұғалімін әкесімен қосыла мақтай жөнелуге асық. Сөйтіп тұрып Сержанның «,Әр істің өз до-ре-миі, әліппесі бар, балалар біз асықпайық» деген сөзі есіне түсті. Мүмкін ол да осындай әліппеден бастаған болар деген түйсік үйіріле береді санасына. Ендігі ән сабағы тезірек жетсе екен деген бір құштарлық баурай түскен Еркешті.
Мақсатты жұмысын тындырған бала жүгіре басып, автостанцияға жөнелді. Көзімен көрген ғажабын жолдастарына жеткізгенше төзімі әрең жетіп барады.

Ермек Қонарбаев.


Қонарбаев Е. Би құдіреті. Әңгіме // Ленин туы.- 1973.- 5 мамыр.

Похожие записи

  • «Алаштың» орындалған арман

     Қазақтың тұңғыш саяси-демократиялық «Алаш» партиясының құрылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалыескелі төл тарихымызда жабық тақырыптареа жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, зымиян саясаттың бет пердесі ашылды.
    Тарихшыларымыз бірауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың орны толықтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен «Алаш» партиясының және сол кездегі қазақ зиялыларының қызметі. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Мен де өз білгенімді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім.
    1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің уақытша үкіметке деген сенімі әлсірейді. Өйткені, уақытша үкімет Қазақстанда әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болады.
    Қазақстанның өз алдына ұлттық-аумақтық автономия болуы жөніндегі мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтереді деген үмітін аяқасты етті. Осыдан кейін уақытша үкіметте шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Әлихан Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгереді. Мұны ол «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсандағы 256-шы санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген ашық хатында жан-жақты негіз деген.

  • Тергеуші. Әңгіме

     Көрші ауылдағы бастауыш мектепті тексеріп кел. Біз сегізжылдық мектеп болғандықтан, оларға үлгі берер дәрежеде болуымыз керек. Ішкі — сыртқы жұмысын бірдей көр. Кемшілік жағына баса көңіл бөлерсің!
    Директордан осындай нұсқау алысымен автомат қаламды сияға толтырып, үлкенірек бір блокнотты қойын қалтаға салып алып, тарттым да кеттім. Шанаға жеккенім — сыңар езу, жынды торқұнан. Шыға шапқан түріне қарағанда нағыз тексеруші мінетін ат екен дерлік.

  • Халыққа жақын қаламгер

    Өз кезінде тәп-тәуір бағаланса да, уақыт оза келе, көзден кеткеннен кейін де көңілден кетіп, аса еленбей қалған жазушылардың бірі – Зейнел-Ғаби Иманбаев. Бұл қаламгердің шығармаларын мектепте жүргенде, яғни өткен ғасырдың 60-70 жылдары қызыға оқыған балалардың қатарынан өзім де табылатын едім. Ол кісінің әр алуан тақырыпқа жазған шығармалары сол замандағы жас оқырмандарды бір шуақты әсерлерге жетелейтін.

  • «СВЕРЯЯ ЧИСТОТУ СТРОКИ»

     

    22 января — 75 лет со дня рождения поэта и общественного деятеля К. Салыкова
    О. СЫСОВА, гл. библиограф библиотеки им. С. Муканова
    Какимбек Салыков родился 22 января 1932 года в небольшом ауле Енбек ныне района Шал акына. (По другим сведениям, в селе Казгородок Володарского района (ныне аул Сырымбет Айыртауского района).