Бірлік пен еңбек егіз

Биылғы жылы қазақ халқы қаһармандықпен, қаны мен жанын азаттықтың ақ жолына сарп етіп, ерліктің ерен үлгісімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз екі мүшелге толғалы отыр. Тыңнан түрен түрген осы уақыт аралығында елімізде едәуір ірі көлемдегі мемлекеттік қалыптасулар болды. Қазақстан түбегейлі реформапарды жүзеге асырды және экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйені жаңғырту жолында нық қадамдар жасады. Қазіргі таңда Қазақстанның ширек ғасыр аралығында әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің бірі ретінде өз орнын айқындағанының куәсі болып отырмыз. Бұл күнге жету үшін қазақстандықтар талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті.

Бұл жылдарда барлық еліміздегідей, біздің аудан тұрғындарына да оңай болған жоқ. «Елмен көрген ұлы той» дегендей, тоқырау жылдарының салқынын айыртаулықтар да жұртпен бірге көтеріп, суығына тоңып, ыстығына күйді. Артта қалған осы кезеңге көз жүгіртсек, еркіндік алған жылдары елмен бірге Айыртау ауданының әлеуметтік-экономикалық өмірінде де түбегейлі өзгерістер болды. 1997 жылы ауданның   әкімшілік-аумақтық құрылымы жаңартылды. Бұрынғы Володар және Арықбалық аудандары біріктіріліп, Айыртау ауданы деп аталды.

 90-шы жылдардағы дағдарыс тарих қойнауына біртіндеп сіңіп, өткеннің еншісінде кетті. Өткен жылы Айыртау ауданында өндіріс көлемі 4 млрд. 360 млн. теңгеге жетіп, Тәуелсіздік алған кездегі көрсеткішпен салыстырғанда 36 есе артты. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көрсеткіші 28 млрд. 980 млн теңгені құрады, ол 1992 жылмен салыстырғанда алты есе көп. 1992-2015 жылдар аралығында еңбекақы көлемі он екі, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы төлемінің орташа көлемі сегіз есеге өсті.

 Жыл сайынғы мемлекет қолдауының арқасында ауыл шаруашылығының ескі техникалары агро-техникалық шараларды белгіленген уақытта және барынша жоғары деңгейде атқаруға қол жеткізетін шетелдік өндірушілердің жаңа жоғары өнімді агрегаттарымен алмастырылып, дәнді, майлы дақылдар мен жем-шөп алқабы кеңейді. Өткен жылдың ішінде 2035 ірі қара сатып алынса, олардың төрт жүзден астамына «Сыбаға» бағдарламасының аясында қол жеткізілді. «Ырыс» бағдарламасының негізінде асылтұқымды 100 сиырға арналған сүт фермасы құрылды. «Құлан» бағдарламасы бойынша екі жүзге жуық жылқы, «Алтын асықтың» аясында алты жүзден астам қой әкелінді.

Соңғы бес жылда «Айыртау Астық», «Баянтай АҚП», «Игилик Продукт» ЖШС-лерінде шағын элеваторлар, ауыл шаруашылығы қожалықтарында ірі астық сақтау қоймалары салынып, қолданысқа берілді.

Қазіргі таңда азық-түлік өнімін шығарумен елуге тарта кәсіпорын айналысады. Соның ішінде сегіз диірмен, үш макарон, бір кондитер, алты жартылай дайын ет өнімдерін өндіретін цех бар. Сондай-ақ, сүт өнімдерін қайта өңдейтін үш кәсіпорын және жиырмадан астам наубайхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ауданымызда өз кәсіпкерлеріміз шығарған жоғары сапалы және экологиялық таза: нан, ұн, жарма, макарон, сүт, кондитерлік және жартылай дайын ет өнімдеріне сұраныс жоғары. Бұл ретте, әсіресе, «Ғасыр Айыртау» ЖШС, «Қаракөз» ШҚ цехы, «Дзауров» ШҚ және басқа кәсіпорындардың жұмысын ерекше атап өтуге болады.2015 жылы ағашты тереңдете өндеу бойынша «Компания Углежог» ЖШС цехы іске қосылды. Соңғы жылдары құрылыс материалдарын, асфальт, пеноблок, қиыршықтас өндіретін кәсіпорындар да пайда болуда. 2007 жылдан бастап «Сырымбет» АҚ Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму картасына енген қалайы кен орнының жобалау жұмысын жүргізуде. Бүгінде 1,7 млрд. теңгеге электр тасымалдау желісі салынуда. Кен байыту комбинаты мен көлік және темір жол құрылысы жоспарлануда. Азаттық жылдары тұрғын үй құрылысына инвестиция көлемінің өсуі арқасында аудан орталығы — Саумалкөпде 4 коммуналдық және 50 жер үй пайдалануға берілді. «Ауызсу» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары бойынша төрт су құбыры мен бес локальды сумен қамту пункті салынды. Жыл сайын аудан жолдарын жөндеуді қаржыландыру ұлғайып келеді. Оған соңғы үш жылда облыс әкімінің қолдауымен 3 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінді.

 Айыртау ауданының сұлу табиғаты мен тарихи-мәдени мұраларының арқасында туризмді дамытуға жол ашылып отыр. Соңғы жылдары инфрақұрылымның дамуы және туристерге сервистік қызмет көрсету жақсарды.

 Туристік демалыс орындарының саны қазіргі уақытта 34-ке жетті. Тек өткен жыл ішінде ауданымыздың көрікті жерлерінде 30 мыңнан астам адам демалды. Елуден астам мәдениет ұйымының отызға жуығы еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары ашылған. Айғаным қонысы (1993 ж.), Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалды кешені (1999 ж.) республикалық маңызды нысандар ретінде туристердің қызыға тамашалайтын бірден-бір орнына айналды. «Заря», «Сокол» және «Чайка» балаларды сауықтыру орталықтары республиканың барлық жерлерінен өрендерді қабылдайды.

 Экономиканың серпінді дамуы ауданның денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет, әлеуметтік салаларындағы мәселелерді табысты шешуге, тұрғындардың әл-ауқатын тұрақты жақсартуға мол мүмкіндік берді. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесі қарсаңында Шүкірлік, Қарасай батыр және Кирилловка елді мекендерінде жаңа мектелтер ашылды. Аудан бойынша мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен бүлдіршіндер толық қамтамасыз етілген «Балауса», «Балапан», «Қарлығаш», «Балдырған» балабақшалары және 40-тан астам шағын орталық бүлдіршіндер игілігіне жұмыс істеп тұр.

 Тұрғындар денсаулығы орталық ауруханада бақыланады. Аудандық орталық ауруханада, Арықбалық, Казанка дәрігерлік амбулаторияларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айыртау ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Ауданның денсаулық сақтау саласы жетілдірілген медициналық жабдықтар және санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілуде. Спорт нысандарының материалдық-техникалық базалары нығайтылыл, 22 хоккей корты мен 8 стадион салынды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аудан орталығында көше тренажерлері орнатылды.

 «Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз», — деп Елбасы Нұрсүлтан Назарбаев атап көрсеткендей, айыртаулықтар да Тәуелсіздік тұғырының берік болып, еліміздің озық отыздыққа енуі, азат елдің арманы Мәңгілік Ел атануы үшін аянбай еңбек етуде.

 

Ағзам Тастеміров, Айыртау ауданының әкімі.

Тастеміров А.Бірлік пен еңбек егіз //Солтүстік Қазақстан. – 2 маусым.- 2016. -4 бет. 

Похожие записи

  • Азаттығымыздың айшықты белгіс

     Бүгін еліміздің қаржы саласының қызмет-керлері өздерінің кәсіптік мерекесін атап өтеді. 15 қараша — Ұлттық валюта — Теңге күні. Осы мерекелік мақаламның басында облысымыздың банк жүйесінің тарихына қысқаша тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.Биыл біздің облыста банк жүйесі құрылғанына 145 жыл толып отыр. 1871 жылы Петропавл қаласында алғашқы банк ашылған. Ол патшалық Ресей банк жүйесінің бір бөлігі болған.
    Оған мемлекеттік банк, акционерлік және қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
    1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін банк істерін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидалары жүзеге асырылды.Кеңестік кеңістікте банк жүйесі мемлекеттік банкпен бір деңгейлі, елдің жалғыз эмиссиялық және несие институты болды. Ақша-несие қатынастарындағы туындаған жағдай нарық талаптарына сәйкес келмеді. 1991 жылғы тамызда Кеңес Одағы құлағаннан кейін банк жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды.

     

     

  • Уақыт сынынан сүрінбей өттік

     Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда Қазақ елі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен талай «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткеріп, бүгінде өзіндік бет-бейнесі және ерекшеліктері мен ұстанымы бар әлем танитын әрі мойындайтын елге айналды. Бұл күнге оңайлықпен келмегеніміз анық.
    Ширек ғасыр бұрын егемендігін паш етіп, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдаған Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлық мерекесі қарсаңында халқымыздың ортақ мүдде үшін күш-жігерін біріктіріп, егемендігімізді нығайтып, әлемдік аренадағы саяси салмағымызды бағамдауға өзіндік үлес қосқан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі Самат Бекназаровты әңгімеге тарттық.

    — Самат Жанатайұлы, өзіңіз ауыл шаруашылығы институтын бітірген екенсіз. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қызметке қалай келдіңіз?

    — Шал ақын ауданындағы белгілі ғалым Евней Букетов дүниеге келген қазіргі Бағанаты ауылынанмын. Ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, жиырма жеті күн ғана агроном болып қызмет істедім. Сергеев аудандық комсомол комитетінің хатшысы, аудандық партия комитетіне нұсқаушы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқардым. Бірде партия органында істеп жүргендер арасынан мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке іріктеу өтті. Мәскеу қаласына Қазақстаннан аудандық партия комитетінің хатшысы лауазымында қызмет істеген, жасы 40-тан аспаған үш жігітті жіберді. Сөйтіп, мен Мәскеудегі Дзержинский атындағы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғарғы мектебіне жолдама алдым. Отбасыммен бірге екі жыл сонда тұрып, оқыдым. Жоғарғы мектепті де, академияны да үздік бітірдім.
    Талдықорғанда төрт жарым жыл ұлтшылдық, экстремизм, терроризм сияқты жағдайлардан қоғамды, мемлекетті қорғауға міндетті бөлімде қызмет атқардым.

  • Ұлт шежіресін жазған ғалым

     Қазіргі кезде тарих атасы Геродот тарихына пікірлер айтылып жүр. Ежелгі Римнің тарихшысы Плиний жазбаларына да басқаша қарау бар. Бұлар түсінікті де секілді. Өйткені, қазіргі тарихшылар өзіне дейінгі заманды зерттеп, бүгінгі күн биігінен бағалайды. Ал олар өздерінің көргендері мен естігендерін сол заман өлшемдерімен бағалап, жазды.
    Тарих — ғылымның таласты салаларының бірі. Оған әркім баға беруге келгенде өз білім-білігі бойышна әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда Конфуций философиясындағы бір заңдылық үстемдік құрады.
    Онда былай делінгек «Егер үстіңдегі ақ көйлегіңді біреу «мынауың қара екен» десе, үндеме, әлгі екінші рет келіп, солай десе, тағы үндеме. Үшінші, төртінші, тіпті, жүзінші рет әлгісін қайталаса да, «мұның қате деме», өйткені, оған сенің көйлегің қара көрініп тұрған болуы керек». Бұл дәл қазіргі заманға арнап айтылған секілді.
    Осылардың бәрін еске алып отырған себебім тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «мынауың қара екен» деген секілді сындарды да естіді.

  • Сенімді серпін

    Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Біз — азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл — Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт», — деп атап көрсетті. Алдымызға — дамыған озық 30 елдің қатарына кіру мен «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру міндетін қойды. Осы міндеттерді саралай отырып, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі кезеңді ой елегінен өткізген менің санамнан: «Сынаптай сырғыған осы уақытта «Мен не атқардым?» -деген сауал кетпей қойды. Ой жетегіне ерген менің көз алдымнан сонау Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар көші жылжып өтіп жатты… 

  • Ширек ғасырда еңсерілген істер

    Халқымызда «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» деген нақыл сөз бар. Шынымен де, адамды биік белес, асқаралы асуларға жетелейтін арман-мақсат емес пе?! Ал мемлекеттің дамуы үшін алдымен болашаққа дұрыс бағдар жасай алатын көреген басшы қажет. Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы жас мемлекетіміздің болашағын баянды ету үшін алдағы күндерге арналған стратегиялық бағдарламаларын ұсынды. Ал бүгінгі күні сол кездер алынбайтын қамал секілді көрінген ауқымды жоспарларды еңсеріп, елімізбен құрдас мемлекеттердің көшін бастап тұрмыз.

    Ширек ғасырда қоғамның әлеуметтік-мәдени, экономикалық салалары алға басты. Еліміздің басты байлығы — оның тұрғындары, сондықтан тәуелсіздік жылдарында халықтың денсаулығын жақсартуға да ерекше көңіл бөлінді. Еліміздің «2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Кешендік сипатқа ие бұл бағдарлама аясындағы жоспарлы шаралар саланың дамуына қарқын беріп, тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында таңдап алынған бағыттың нәтижелігін және дұрыстығын дәлелдеді.

  • Ынтымақ көкжиегі

     1991 жыл — еліміздің “Қазақстан” деген асқақ атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан кезеңі. Қазіргі Қазақстан әлемде мақтанарлықтай беделге ие. Арада өткен осындай аз ғана уақыттың ішінде інде еліміз көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.
    Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар болып отыр.
    Бүгінгі Қазақстан тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқарып келеді.
    “Қаз тұрып,қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді», — деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай,егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.