Похожие записи
Мәдениет — елдің келбеті
Дата публикации:Егемендік алған ширек ғасыр ішінде еліміз экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да кемелдене түсті. Тоқырау жылдары талан-таражға түскен талай мәдениет ошақтары қайта қалпына келтірілді.
Жоғалып барып, халықпен қайта қауышқан ұлттық өнеріміздің орны бір бөлек. Тоқсаныншы жылдардың соңы мен екі мыңыншы жылдардың басы Қызылжар өңірінің мәдени өмірінде де жаңа серпіліс болғанын білеміз. Қазақ театрының ашылуы, ұлттық өнер ұжымдарының құрылуы, республикалық айтыстардың өткізілуі — сөзіміздің дәлелі. Сол оң өзгерістердің бел ортасында нардың жүгін арқалап жүрген азаматтардың бірі Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, облыстық мәдениет басқармасын басқарған Амангелді Балмұқанов болатын. Бүгінде зейнет демалысындағы ағамызбен жолығып, қызығы мен қиындығы бірдей сол күндерді еске алдық.Азаттықтан асқан бақыт жоқ
Дата публикации:— Зарқын Сыздықұлы, үш ғасырға жуық уақыт бойы бодандықтың бұғауында бұлқынып, Тәуелсіздік деген киелі арманға, қасиетті құндылыққа қол жеткізген Қазақстан бүгінде әлем елдері мойындайтын іргелі мемлекетке айналып отыр.
Тәуелсіз еліміздің ширек ғасыр уақытта жүріп өткен жолы көпшілікке үлгі болса, кейбіреулер үшін қызыға да, қызғана да қарайтын дара жолға айналды.
Осының барлығы егемендіктің берген өлшеусіз нығметі ғой. Сіз қазақ халқына қастерлеуге міндетті Тәуелсіздік атты ұғымды қалай түсінесіз?
— Тәуелсіздік дегеніміз – бұрын тәуелді болып келгендер үшін үлкен бақыт. Ал бақыт дегеніміз не? Оны әркім-ақ біледі. Өйткені, бақытты болғысы келмейтін пенде жоқ. Белгілі бір құбылысты ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау үшін салыстыру керек.
«Тоқшылықтың қадірін ашыққанда, барлықтың қадірін жоқшылықта білерсің» дегендей, салыстырмалы түсініктер ғана адамды ақиқатқа жетелейді.Нық сенім, қарышты қадам
Дата публикации:Санаулы күндерден кейін қазақстандықтар ата-бабаларымыз аңсап, асқақ армандарына айналдырып, ұрпақтарына аманаттаған тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесін ұлан-асыр тойлайды.
Осы торқалы тойдың алдында өңір жұртшылығы тағылымды әрі қатпарлы тарихы бар облысымыздың 80 жылдық мерейлі белесін атап өтті.
Бұл айтулы оқиғалар баршамыздың еңсемізді көтеріп, абыройымызды еселеген егемендіктің өлшеусіз нығметтері іспеттес.
Еліміздің егемендігі баршамыз үшін басты құндылық болуы керек. Өйткені, ол — ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі.
Тәуелсіздіктің әр сәтімен баянды болашаққа құлаш ұрған еліміздің өркендеуіне ерке Есілдің жағасында қанат жайған, үш ғасырға жуық уақыттың сырын бауырына басқан касиетті Қызылжар қаласы да өз үлесін қосып келеді.Азаттығымыздың айшықты белгіс
Дата публикации:Бүгін еліміздің қаржы саласының қызмет-керлері өздерінің кәсіптік мерекесін атап өтеді. 15 қараша — Ұлттық валюта — Теңге күні. Осы мерекелік мақаламның басында облысымыздың банк жүйесінің тарихына қысқаша тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.Биыл біздің облыста банк жүйесі құрылғанына 145 жыл толып отыр. 1871 жылы Петропавл қаласында алғашқы банк ашылған. Ол патшалық Ресей банк жүйесінің бір бөлігі болған.
Оған мемлекеттік банк, акционерлік және қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін банк істерін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидалары жүзеге асырылды.Кеңестік кеңістікте банк жүйесі мемлекеттік банкпен бір деңгейлі, елдің жалғыз эмиссиялық және несие институты болды. Ақша-несие қатынастарындағы туындаған жағдай нарық талаптарына сәйкес келмеді. 1991 жылғы тамызда Кеңес Одағы құлағаннан кейін банк жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды.Елмен бірге есейдік
Дата публикации:Тәуелсіздік таңы шуақ шашқан егеменді елдің бүгінгі тыныс- тіршілігі туралы сөз қозғай қалғанда, әуелі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ойға оралады. Бүгінде көш бастаған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еткен тәуелсіз Қазақстан экономикалық дамудың жаңа белесіне аяқ басты.
Ата-бабамыздың мәңгілік мұратына айналған Тәуелсіздік тұғыры орнағанына, міне, 25 жыл Осынау ширек ғасыр несімен ерекшеленбек? Жиырма бес жыл ішінде не тындыра алдық?” — деген сауал әркімге ой салады.
Өткен өмір белесіне көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын болсақ, бірталай іс еңсеілді.
Әлі де қолға алынбай жатқан шаруа аз емес. Нарықтық экономика қазақстандықтарды өз ырқына көндіріп, уақыт талабына сай өмір сүруге үйретті.
Бүгінде біз нарықтық экономикаға бейімделген, бәсекеге қабілетті елдің біріне айналдық.
Қазақтың нағыз жанашыры
Дата публикации:Мен белгілі жазушы, жерлесіміз, марқұм Герольд Бельгерді көптен бері білетінмін. Оны толып жатқан көп жазушының бірі емес, қазақтың нағыз жанашыр азаматы, аудармашы, қазақ тілі мен әдебиетінің тәлімгері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі және Қазақ елінің патриоты ретінде танимын.
Жазушының ерен еңбекпен, ізденіспен өрілген өмірбаянына үңілсек, тағдыр тауқыметін жасынан-ақ бір кісідей тартқандығын ұғынамыз. Өмірден көрген-түйгенін табиғи дарынына суарып, кемел білімімен шыңдап, көркем шығармаға айналдыра білген дара тұлға екенін зор мақтанышпен айтуымыз керек.
Қиырда, желдің өтінде, елдің шетінде орналасқан Қызылжарда жатып, Герольд Карловичтің өмірі мен шығармашылығына арналған мерейлі жиындарға қатысуға мүмкіндігіміз аз болды, ол туралы өз көзқарасымызды көзі тірісінде жиі айта алмадық.
Бір есімде қалғаны, Герольд Карловичке «Абылай хан» деген атпен 2005 жылы жарық көрген кітабымды тапсырғаным бар. Кітапты қолына ұстап тұрып: «Басқа қазақтар ұйықтап жүргенде, сен үлкен еңбек тындырған екенсің, мынауың ғажап қой, құттықтаймын!» — деп бірауыз жылы лебізін білдірген еді.

