Сенімді серпін

Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Біз — азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл — Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт», — деп атап көрсетті. Алдымызға — дамыған озық 30 елдің қатарына кіру мен «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру міндетін қойды. Осы міндеттерді саралай отырып, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі кезеңді ой елегінен өткізген менің санамнан: «Сынаптай сырғыған осы уақытта «Мен не атқардым?» —деген сауал кетпей қойды. Ой жетегіне ерген менің көз алдымнан сонау Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар көші жылжып өтіп жатты…

Тәуелсіздік алған алғашқы қалыптасу жылдарында барша қазақстандықтар еңбекақысын ала алмай, қиындықтарға, экономикалық дағдарысқа тап болғаны күні кешегідей көз алдымызда. Отбасын асырау үшін арпалысып, неге болсын төздік. Қиындықтан шығар жолды еңбектен іздедік.

Бүгінде аяғынан нық тұрған «Бабық-Бұрлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауданымыздағы ірі астық өндіруші шаруашылықтардың біріне айналды. Бұл дәрежеге бір-ақ күнде жеттік демеймін.

Біз де тәй-тәйлап, алғашқы қадамымызды шаруашылығымызда бұрынғы кеңестік дәуірден қалған ескі «Нива», «Енисей» комбайндарымен, «ДТ-75», «Т-4», «Т-40», «ЮМЗ-6» тракторларымен бастаған болатынбыз. Қазір шаруашылығымыз еліміздегі ірі фирмалардың қатарындағы «ҚазЭкспортАстық» холдингінің құрамында жұмыс істеп, оның тарапынан үнемі қолдау көріп келеміз.

Серіктестіктің егіс алқабы мен жайылымдары 25 мың гектарды алып жатыр. Онда дәнді және майлы дақылдар, біржылдық және көпжылдық мал азықтарын өсіреміз. Минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдалана отырып, егін шығымдылығын 30 центнерге дейін көтердік. Осынау зор табысқа мемлекеттік қолдаудың арқасында жеттік. Негізінен астық өндірумен айналысатын «ҚазЭкспортАстық» фирмасы және оның құрамдас белігі болып табылатын біздің шаруашылықта өндіріс көлемін арттыру үшін техникалық қайта жарақтандыруға, қор үнемдеу технологиясын енгізуге, минералды тыңайтқыштарды және өсімдік қорғау заттарын тиімді пайдалануға айрықша көңіл бөлінеді.

Біздің мамандарымыз АҚШ, Канада және Германияда өндірістік тәжірибеден өтті. Бүгінде шаруашылық астық өндірісінің нөлдік технологиясымен жұмыс істейді. 2010 жылы серіктестігімізде астық сақтауға арналған сыйымдылығы 13500 тонна жаңа 9 қондырғы іске қосылды. Ауылымыздағы серіктестіктің ғимараты мен машина-трактор паркін, наубайхана мен ауылдық клубты жылыту үшін арнайы сабанмен жағылатын қазандық орнатылды.

 Серіктестік облыстың Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. Компанияның көмегімен қазақтың етті ақбас сиырларын сатып алдық. Бүгінде тұқым шаруашылығы мәртебесінде жұмыс істеудеміз. Қазір серіктестіктегі мал 2 мыңға жетті. Канададан сатып әкелінген 10 герефорд асылтұқымды бұқамыз бар. Шаруашылығымыздағы мал сою және қолдан ұрықтандыру қосындары ауыл тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

 «Бабық-Бұрлық» серіктестігі шаруашылық аумағындағы мектептерге жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз етеді. Төменгі Бұрлық ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Агроқұрылымның күшімен балабақша, Мәдениет үйі қалпына келтірілді. Жақсы Жалғызтау ауылында қоғамдық монша іске қосылды. Жастар үшін дәмханасы бар жазғы би алаңы ашылды. Жаңа стадион мен «Арлан» жабық мұз айдыны, ауыл тұрғындары демалатын «Конституция алаңы» пайдалануға берілді.

 Қат-қабат тіршіліктің жетегінде жүрсек те, ардагерлерімізді назардан тыс қалдырмаймыз. Жұмысшылардың тамақтануына пайдалану үшін жылыжайларда көкөністер өсіріп, артылғанын ауыл тұрғындары мен балабақшаға, мектепке арзандатылған бағамен береміз. Осынау ел игілігі үшін атқарылып жатқан азды-көпті жетістіктерге бостандықтың ақ таңының арқасында қол жеткіздік, енді бабаларымыздың асыл арманының баянды болуы үшін егемендігімізді еңбекпен еселейміз.

 

Сейілбек Махметов,

«Бабық-Бұрлық» ЖШС-нің директоры,

облыстық мәслихаттың депутаты.

Махметов.С.Сенімді серпін//Солтүстік Қазақстан. — 2 маусым. — 2016. — 5 б.

 

Похожие записи

  • Азаттығымыздың айшықты белгіс

     Бүгін еліміздің қаржы саласының қызмет-керлері өздерінің кәсіптік мерекесін атап өтеді. 15 қараша — Ұлттық валюта — Теңге күні. Осы мерекелік мақаламның басында облысымыздың банк жүйесінің тарихына қысқаша тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.Биыл біздің облыста банк жүйесі құрылғанына 145 жыл толып отыр. 1871 жылы Петропавл қаласында алғашқы банк ашылған. Ол патшалық Ресей банк жүйесінің бір бөлігі болған.
    Оған мемлекеттік банк, акционерлік және қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
    1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін банк істерін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидалары жүзеге асырылды.Кеңестік кеңістікте банк жүйесі мемлекеттік банкпен бір деңгейлі, елдің жалғыз эмиссиялық және несие институты болды. Ақша-несие қатынастарындағы туындаған жағдай нарық талаптарына сәйкес келмеді. 1991 жылғы тамызда Кеңес Одағы құлағаннан кейін банк жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды.

     

     

  • Ынтымақ көкжиегі

     1991 жыл — еліміздің “Қазақстан” деген асқақ атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан кезеңі. Қазіргі Қазақстан әлемде мақтанарлықтай беделге ие. Арада өткен осындай аз ғана уақыттың ішінде інде еліміз көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.
    Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар болып отыр.
    Бүгінгі Қазақстан тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқарып келеді.
    “Қаз тұрып,қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді», — деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай,егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.

  • Дін — көрінгеннің қолжаулығына айналмауы керек

    Биылғы жылдың үлкен датасы — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мерейтойдың еліміз үшін мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің  тұғырлы болуында өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым, танымал қоғам қайраткері Мырзатай Жолбасбековпен елдегі діни ахуал және ислам дінінің бүгіні туралы әңгімелескен едік.

  • Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт.

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атауымен кезекті ХХІV сессиясы болып өтті.

    «Мәңгілік Елге» апаратын басты құндылықтар, міне, осылар. Оған еліміздің барлық өңірінен Ассамблея мүшелері қатысты. Қоғам және мемлекет қайраткерлері, түрлі этностардың ұлттық киімдерін киген этномәдени бірлестіктер өкілдері, орден-медальдарын жарқыратып тағып алған ардагерлер, еліміздің саяси-экономикалық, мәдени, спорттық өміріндегі танымал тұлғалар сарайдың ішін жайнатып жібергендей болды.

    Сессияға, оның жұмысына шақырылған қонақтарды қоса алғанда, 1500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шетелдердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері болды.

  • Ұлт шежіресін жазған ғалым

     Қазіргі кезде тарих атасы Геродот тарихына пікірлер айтылып жүр. Ежелгі Римнің тарихшысы Плиний жазбаларына да басқаша қарау бар. Бұлар түсінікті де секілді. Өйткені, қазіргі тарихшылар өзіне дейінгі заманды зерттеп, бүгінгі күн биігінен бағалайды. Ал олар өздерінің көргендері мен естігендерін сол заман өлшемдерімен бағалап, жазды.
    Тарих — ғылымның таласты салаларының бірі. Оған әркім баға беруге келгенде өз білім-білігі бойышна әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда Конфуций философиясындағы бір заңдылық үстемдік құрады.
    Онда былай делінгек «Егер үстіңдегі ақ көйлегіңді біреу «мынауың қара екен» десе, үндеме, әлгі екінші рет келіп, солай десе, тағы үндеме. Үшінші, төртінші, тіпті, жүзінші рет әлгісін қайталаса да, «мұның қате деме», өйткені, оған сенің көйлегің қара көрініп тұрған болуы керек». Бұл дәл қазіргі заманға арнап айтылған секілді.
    Осылардың бәрін еске алып отырған себебім тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «мынауың қара екен» деген секілді сындарды да естіді.

  • Ұстаздық – ұлы мамандық.

     Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап келген егемендігін алғанымыз кеше ғана сияқты еді. Еліміздің Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде шекарамыз шегенделіп, тіліміз мемлекеттік мәртебесін алды, төл теңгеміз нығайды, еліміз төрткіл дүние танитын халге жетт.
    «Тарихты тұлғалар жасайды» дегендей, тәуелсіздіктің іргесі берік болуы үшін барша қазақстандықтар өз саласында, өз деңгейінде атсалысуда. Білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз Әлия Малдыбаеваның да тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан өзіндік үлесі бар.