Азат елдің шуағына бөленуде

Еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ауқымды түрде атап өтті. Елбасы Қазақстан халқын кұттықтап, осы уақытта әр сала бойынша жеткен жетістіктерді саралады, өткенімізге көз жүгіртіп, артта қалған ауыр кездерді де еске алды.
Иә, сынаптай сырғып өте шыққан 25 жылда ғасырлар бойы арман болған ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге оңайлықпын жетпегеніміз айдан анық. Өзім білім саласының өкілі болғандықтан, Елбасының сөздерін тыңдап отырып бұл жүйенің де жеткен жетістіктерін естіп, марқайып қалдым.
Тәуелсіздіктің алғашқы тоқырау жылдарында жергілікті бюджеттегі қаржы тапшылығына байланысты мектеп, балабақша тағы басқаларының халі мүшкіл болып, көпшілігі жабылып тынды.
Алайда, қандай қиындық болсын елдің елдігін, оның руханият биігін көрсететін бір белес бар. Ол жетім, мүгедек балаларға мемлекет тарапынан көрсетілуге тиіс қамқорлық.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы — 2050″: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін айтты.
«Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады», -деп атап көрсетті өз сөзінде Елбасы. Егемендік алған еліміз осы биіктен көріне білді. Еліміз бойынша біздің санаттағы мектеп-интернаттарға қатысты арнайы оқыту-түзету жүйесіндегі бірде-бір мекеме қысқарған жоқ. Қазір тек осы жүйеде 100 арнайы мекеме жұмыс істеп тұрғаны көңілге мақтаныш ұялатады.

Бөбектерді үш жастан бастап қабылдайтын біздің оқу орнында оларды сауықтыру, оңалту, білім беріп тәрбиелеу үшін бар жағдай жасалған.
Мүгедек жандарды қамқорлыққа алу, саламатты өмір салтын ұстанып, тұрмыс құруына мүмкіндік беру, олардың өзге азаматтармен бірге білім алуына жағдай жасап, өмірге әлеуметтік бейімдеу ел саясатының басым бағыттарының бірі. Осы саясат Елбасының тікелей нұсқауымен жүзеге асып отыр. Соңғы бес жылда түлектеріміздің 21-і колледжге түссе, 15-і жоғары оқу орындарында білім алуда.
Оның екеуі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқиды. Тағы үш баламыз магистратурада оқып жүр. Мүгедек балаларға Үкімет тарапынан бөлінетін арнайы квота бар.
Жыл сайын білім беру мекемелерінің жағдайы жақсарып келеді. Мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде мектеп-интернаттың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен алдағы жылға 17 млн. теңге қаражат бөлінді. Оған жазғы каникул кезінде ғимараттың шатырын жөндеуді көздеп отырмыз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нарықтық экономикада бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін 2017 жылдан бастап кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде тегін оқытуды мақсат етіп қойды. Біздің балаларға мектеп-интернатта оқып жүрген кезінің өзінде бір кәсіпке маманданып шығуына мүмкіндік жасалған.
Саңыраулық түпкілікті шығарылған үкім емес. Арнайы біліммен, оқу технологияларымен, ғылым мен техника жетістіктерімен қаруланған мұғалімдер балаларға қоршаған ортаның сан алуан дыбысқа толы екенін түсіндіріп, сөйлемейтін баланы сөйлетуге тырысады.
Осыдан екі жыл бұрын өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева біздің мектеп-интернатқа арнайы ат басын бұрып, соңғы үлгідегі аппаратураны сыйға тартқан болатын. Қазір балалар оның игілігін көріп отыр.
«Аурудың емі — саудың сәлемі» деген қазақ халқы мүгедекке көмектесуді істеген жақсылықтың ең үлкені санаған, кембағал жандарды саусақпен шұқып көрсетпеген, кемдігіне күлмеген. Оған мысал ретінде бір оқиғаны келтіре кетпекпіз. Біраз жыл бұрын мектеп-интернатқа алыс ауылда тұратын үш ер бала қабылданды.
Үшеуі де естімейді. Балалардың қолтығынан демеп, көмек көрсететін әкесі мен шешесі өмірден өтіп, олар жетім қалады да, балғындарды нағашы ағалары қамқорлығына алады.
Олардың ауылдағы жалпы білім беретін мектепте оқи алмайтынын түсінген азамат жиендерін бізге әкеліп тапсырған еді. Содан бері олардың тірегі де, әке-шешесі де егемен еліміз болды.
Мүгедек жандарға жасалып отырған қамқорлықтың арқасында үлкен ағалары мектепті бітірген соң жұмысқа орналасып, жастарға арнайы салынған жатақханадан пәтер алды.
Енді ол үйленсе, кейінгі бауырларына да қамқор болады деген сенімдеміз. Олар ым тілімен сөйлеседі. Сөзді түсініп қана емес, жүрегімен қабылдайды. Өздері отаншыл, ұлтжанды.
Ортаншысы өмірде бәрі қажет болады деп жоғарғы сыныптарда шаштараз мамандығын игеріп жүр. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының басшысы, мектептің президенті. Кенжесі де белсенді.

Аурудың жақсысы жоқ, дегенмен, соның ішінде ең ауыры, ең қасіреттісі — құлақтың мүлде естімеуі дер едім.
Саңырау балалар дыбысты білмейді, оны білмеген соң сөздің, сөйлеудің де не екенінен хабарсыз. Осыдан барып олар саңырау ғана емес, мылқау да болады.
Ол сырт көзге көрінбейтін қасірет. Дыбыссыз әлемде күн кешіп, жан-жағындағыны түйсіне білмеуі баланың ойлау, қабылдау қабілеттерін тежейді.
Алайда, осыдан 25 жыл бұрын еліміздегі арайлап атқан Тәуелсіздік таңының нұрына бөленіп, шуағына шомылған есту кемістігі бар балаларымыз бүгінде мемлекет тарапынан жасалып жатқан зор мүмкіндіктердің арқасында өздерін кем санамайды.
Біздің тәрбиеленушілеріміз өздерінің қызығушылықтары бойынша түрлі үйірмелерге қатысып, қабілеттерін дамытады. Өнерпаз балаларымыз «Sensitive» балдық би ансамблі (жетекшісі Ольга Роставщикова) мен «Пульс» халықтық және заманауи би ансамбьдерінің (жетекшісі Марина Сухарева) құрамында өнер көрсетеді. Олар төрт рет халықаралық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанды.
Өнерпаз балаларымыздың шетелдерге шығуына қажет қаражатты облыстық бюджеттен өңір басшысы Ерік Сұлтанов бөлді. Кембағал жандарға жанашырлықпен қарап, көмек қолын созатын жомарт жандар да баршылық.
Балалардың ішінде «ым» тілімен өлең айтатын өнерпаздарымыз қаншама?! Біздің тәрбиеленушілеріміз ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейлі жылында Бескөл ауылының тұрғындарының алдында өнер көрсетті.
Концерт жүргізушілерінің «Бүгінгі сахнада ерекше жандар өнер көрсетеді, тағдырдың жазуымен бұл балалар есту қабілетінен айрылған», — деген сөзін естігенде жиналған қауым арасынан: «Ондай адам өлең айта алушы ма еді?!» дегендері де болды. «Иә, сәт!», — деп қобалжыған көңілімді көрерменнің патша көңіліне, мейірімді жүрегіне тапсырып мен отырдым.
Концерттік нөмір «Менің Қазақстаным» әнімен басталып, мазмұны Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке толы әуезді әуен, әдемі музыка бірден көрермен жүрегін жаулап алды.
Сахнада ән айтып тұрған қарадомалақ қазақтың баласы менің жоғарыда айтып кеткен үш ағайындының кішісі. Сиқырлы дауыс жүрекке жағып, бойды алып, ән құдіреті өзіне тартып барады.
Елімен мақтанған, тәуелсіздіктің арқасында ертеңіне үмітпен қараған жеткіншек бала жүрегін жарып шыққан, елге, жерге деген махаббат сезімін қолымен әдемі көрсетіп, көрерменді тәнті етті.
Әнші бала әдемі жымиып, көрерменге тағзым етіп сахна сыртына шығып бара жатты. Сахна сыртында «Концерттің алғашқы нөмірін көрермен қалай қабылдайды?» деп қобылжып тұрған әріптестері жас әртісті құшақтарына алып жатыр. Ерекше қобалжып, қуанған әншінің ағасы. Ол інісін құшағына алып бас бармағын шошайтып, «Жарайсың, бәрі дұрыс» — дегенді ыммен көрсетті.
Міне, біздің Тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізген табыстарымыз осындай. Балаларымыз ешкімнен кем қалмай, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде оқып, білім алып, «Мәңгілік Еліміздің» нағыз отансүйгіш азаматтары болып өсіп келе жатқанын ұстаздары біз де мақтанышпен айтамыз.

Жангелді Тәжин, облыстық есту кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернат директоры.


Тәжин.Ж.Азат елдің шуағына бөленуде. //Қызылжар нұры. – 2017 . – 30 желтоқсан . – 2-3 б.

Похожие записи

  • Елмен бірге есейдік

    Тәуелсіздік таңы шуақ шашқан егеменді елдің бүгінгі тыныс- тіршілігі туралы сөз қозғай қалғанда, әуелі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ойға оралады. Бүгінде көш бастаған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еткен тәуелсіз Қазақстан экономикалық дамудың жаңа белесіне аяқ басты.

    Ата-бабамыздың мәңгілік мұратына айналған Тәуелсіздік тұғыры орнағанына, міне, 25 жыл Осынау ширек ғасыр несімен ерекшеленбек? Жиырма бес жыл ішінде не тындыра алдық?” — деген сауал әркімге ой салады.
    Өткен өмір белесіне көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын болсақ, бірталай іс еңсеілді.
    Әлі де қолға алынбай жатқан шаруа аз емес. Нарықтық экономика қазақстандықтарды өз ырқына көндіріп, уақыт талабына сай өмір сүруге үйретті.
    Бүгінде біз нарықтық экономикаға бейімделген, бәсекеге қабілетті елдің біріне айналдық.
     

  • «Мәңгілік елдің иесі – бүгінгі балғындар»

     Биыл еліміз Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейлі мерекесін атап өткелі отыр. Тарих үшін қас қағым сәттей болып көрінетін осы уақыт аралығында еліміз айтулы белестерді бағындырып, бейбітшіліксүйгіш, мәмілегер мемлекет ретінде барша әлемге танылды.
    Тәуелсіздіктің нығаюы жолында тер төгіп, аянбай кызмет етіп жүрген адамдар аз емес. Ұлағатты ұстаз Балдырған Ілиясовты елдің ертеңі, халықтың игілігі жолында табанды еңбек етіп келе жатқан азамат ретінде танимыз. Онымен өмір жолы, қызметі және жоспарлары жайында әңгімелескен едік.

  • Ұлт шежіресін жазған ғалым

     Қазіргі кезде тарих атасы Геродот тарихына пікірлер айтылып жүр. Ежелгі Римнің тарихшысы Плиний жазбаларына да басқаша қарау бар. Бұлар түсінікті де секілді. Өйткені, қазіргі тарихшылар өзіне дейінгі заманды зерттеп, бүгінгі күн биігінен бағалайды. Ал олар өздерінің көргендері мен естігендерін сол заман өлшемдерімен бағалап, жазды.
    Тарих — ғылымның таласты салаларының бірі. Оған әркім баға беруге келгенде өз білім-білігі бойышна әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда Конфуций философиясындағы бір заңдылық үстемдік құрады.
    Онда былай делінгек «Егер үстіңдегі ақ көйлегіңді біреу «мынауың қара екен» десе, үндеме, әлгі екінші рет келіп, солай десе, тағы үндеме. Үшінші, төртінші, тіпті, жүзінші рет әлгісін қайталаса да, «мұның қате деме», өйткені, оған сенің көйлегің қара көрініп тұрған болуы керек». Бұл дәл қазіргі заманға арнап айтылған секілді.
    Осылардың бәрін еске алып отырған себебім тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «мынауың қара екен» деген секілді сындарды да естіді.

  • Өнердің қайнар бұлағы

    Биыл еліміз өзінің тәуелсіздіктің ақ таңымен өткерген тағылымды жиырма бесінші жылынатап өтпек. Осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық, саяси, қауіпсіздік, тіпті, жаһандық мәселелерде өз алдына дербес шешім қабылдай алатын егемен мемлекет екенімізді дәлелдедік. Біз ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың асыл арманы болған тұғырлы тәуелсіздіктің, ұлттық мемлекет құру мұратының жүзеге асқан заманында өмір сүріп отырмыз. Ендігі күні іргетасы берік қаланған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, Тәуелсіздіктің туы мәңгіге желбірей беретініне күмән жоқ.

  • Мәдениет — елдің келбеті

     Егемендік алған ширек ғасыр ішінде еліміз экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да кемелдене түсті. Тоқырау жылдары талан-таражға түскен талай мәдениет ошақтары қайта қалпына келтірілді.
    Жоғалып барып, халықпен қайта қауышқан ұлттық өнеріміздің орны бір бөлек. Тоқсаныншы жылдардың соңы мен екі мыңыншы жылдардың басы Қызылжар өңірінің мәдени өмірінде де жаңа серпіліс болғанын білеміз. Қазақ театрының ашылуы, ұлттық өнер ұжымдарының құрылуы, республикалық айтыстардың өткізілуі — сөзіміздің дәлелі. Сол оң өзгерістердің бел ортасында нардың жүгін арқалап жүрген азаматтардың бірі Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, облыстық мәдениет басқармасын басқарған Амангелді Балмұқанов болатын. Бүгінде зейнет демалысындағы ағамызбен жолығып, қызығы мен қиындығы бірдей сол күндерді еске алдық.

  • Алтын алма,алғыс ал

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға Алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деген-ді.

    Бұл ұсыныс үстіміздегі жылы ел Президентінің Жарлығымен заңды күшіне еніп, бүгін қазақ елі Алғыс айту күнін атап өтуде. Осы мереке қарсаңында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Тарих, экономика және құқық факультетінің тарих және

    әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, қалалық мәслихаттың депутаты Сабыр Ыбыраевқа жолыққан едік.