Кемел келешек мектебі


Ел Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдарда дағдарыстың қыспағына түсіп, талай қиыншылықты көргеніміз кеше ғана сияқты еді.
Бүгін, міне, содан бергі өткен ширек ғасырда етек-жеңімізді жинап, әр салада қол жеткізген табыстарымызды саралап, марқаятын жағдай жеттік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жетті.
Тілімізді жаңғыртып, дінімізді қайтардық, тарихымызды түгендеп, даму бағытын айқындадық.
Тәуелсіздігімізді айшықтап, егемен ел екендігімізді айқындайтын, барша қазақстандықтарды біріктірудің бірден-бір факторы ретінде қазақ тілін дамыту қызу қолға алынды.
Ол ең алдымен елімізде алғашқы қазақ мектептерін ашудан бастау алды десем, қателеспеспін. Ұлттық рухтың, намыстың қайнар бұлағана тілімізде тәрбие мен білім беретін ұядан бастау алады.
Осыны түсінген қазақ отбасылары: “Біз үйренбеген, жетік меңгере алмаған ана тілімізді баламыз білсін”, — деген ниетпен бүлдіршіндерін мемлекеттік тілде ашыла бастаған мектептерге берді.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығында 1991 жылдың 1 қыркүйегі күні ашылған Новоишим қазақ орта мектебі біздің өңірдегі осы орайдағы алғашқы қадамдардың бірі болды.
Сол кезде 13 қазақ баласымен жұмысын бастаған мектеп қазір тг 400-ден астам оқушыны өз ана тілінде білім нәрімен сусындатуда.
Ата-ана үмітін ақтап, ел ертеңі болатын білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында мектебімізде бүгінгі таңда жоғары білімді 49 педагог қызмет атқарады.
Қазіргі кезде педагогтердің біліктілігін арттырудың әдіс-тәсілдері өзгеруде. Солардың бірі — Кембридж тәсілдеріне негізделген деңгейлік курстар.
Аталмыш курстардан біздін, мектебіміздің мұғалімдерінің 50 пайызы өтт. III деңгейлік курсты аяқтаған Ағайша Нұғыманова мен Қайрия Нұрахметова “Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша ең үздік орта мерзімді жоспарлау” тақырыбындағы облыстық байқауға қатысып,
3-орынды иеленді. Сандуғаш Сүлейменова “Қазақ әдебиетінен жаңа форматта құрылған сабақ үлгілері” әдістемелік құралын жазды. Республикалық “Ұлағатты ұстаз оқытушылар байқауында жүлделі орын алған мұғалімдеріміз де бар.
Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін таратушы және жаңа әдіснама негізінде білім беру жүйесін дамытуды қамтамасыз етуші, оқушылардың жаратылыстану-математикалық сауаттылығын , қалыптастыру бойынша ұлттық жоспарды табысты жүзеге асырушы мұғалімдеріміз де жеткілікті.
Олардың қатарында тарих пәнінің мұғалімі Айна Даирова, бастауыш сынып мұғалімдері — Мерует Ілиясова, Раушан Сәрсенбаева, Ақбидай Қабдуллина, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Әлімғожина, химия пәнінің мұғалімі Шынаргүл Зекерина, физика пәнінің мұғалімі Қуаныш Жұмағалиев, география пәнінің мұғалімі Тәния Ахмет, информатика пәнінің мұғалімі Абай Закирьяновтарды атап айтуға болады. Оқушыларымыздың Ұлтық бірыңғай тестілеуде жоғары көсеткіштерге қол жеткізуі осындай мұғалімдерден білім алуының арқасы деп білемін.
Бүгінде білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары жыл сайынғы Жолдауларда көрініс тауып, жүзег асырылуда. Еліміз экономикалық құлдырауды басынан өткерген Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мектепті жылытуға жағдай жасай алмай қиналғанымыз, педагог кадрлардың отбасының қамымен басқа жұмыстарға кеткен шақтары да артта қалды.
Елімізде аталмыш салаға жасалып жатқан қамқорлық білім тәрбие жұмыстарының сапасын артыруға негіз болып отыр. Нәтижесіде мектебімізден әр жылдары түлеген Тимур Қанапиянов, Сәбит Маридинов, Анель Қошан, Ержан Байтас сынды оқушыларымыз -“Алтын , белгі” және үздік аттестат иегерлері атанды. Сондай-ақ, түлектеріміз , Арайлым Нұрмашева мен Нұрлан ‘ Төлегенов “Болашақ” бағдарламасы ( бойынша шетелде оқып келіп, қазіргі ( таңда Астана қаласында еңбек етуде.
Тәуелсіз Қазақстанмен бірге есейіп келе жатқан мектебіміздің басқа да жетісіктері мол. Мәди Қабыкенов, Батырхан Айсин, Нұрдәулет Жолбарыс сынды оқушыларымыз “Жас ақындар айтысында”, Юрий Ахмедзянов,
Әсел Бөкенова “Тіл — білімнің кілті” атты сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Абай, Мағжан, Оралхан Бөкей оқуларында та, жүлдегерлеріміз бар.
2014-2015 оқу жылында Түрістан қаласында өткен II респубпикалық, “Яссауитану” олимпиадасында Әмина Касинова орыс тілі пәнінен грант иегері атанды. Аружан Саржомартова — өзін-өзі тану пәнінен Алматы
қаласында өткен республикалық олимпиаданың III орын иегері.
Болат Совет — “Жарқын болашақ” VI республикалық “КАТЕV” қазақ тілі олимпиадасының “Жас ғалымдар” бағытында, Ержан Байтас V облыстық “Шырайлы аты елімнің — қасиетінде жерімнің» атты шығармалар байқауыны да II дәрежелі дипломды жеңіп алды.
Спорт саласында да жетістіктеріміз баршылық. Мақсат Нұрмағанабет облыс және республика көлемін де қазақша күрестен жүлде алып жүр, спорт шеберлігіне үміткер. Бірнеше оқушымыз Ресейде өткен халықаралық турнирге қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Оқушылармен бірге мұғалімдер ан де көптеген сайыстарға қатысып, өз шеберліктерін көрсетуде. Облыстық ия “Мерейлі отбасы” сайысына қатысқан Нұрмағанбетов және Қасымовнің сынды ұстаздар әулеті жүлдемен оралды. Әзірбайжан қызы, мектебіміздің түлегі Айгүл Мамедова қазір өзіміздің әріптесіміз.
Ол өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілінен өткен сайыста жоғары нәтижеге қол жеткізді. Еңбек пәнінің мүғалімі Көшербай Қасымовтың өзі және оқушыларының ағаш пен сүйектен жасаған бұйымдары — облыс, республика көлемінде өтетін кез келген көрменің сәні.
Мектебімізде ұмыт бола бастаған дәстүрлерімізді жаңғыртып, жас буынға үйрету мақсатында «Бірлік” этномәдени бірлестігі жұмыс істейді.
Ашылғандағы 13 оқушы орыс мектебінің жанындағы қазақ сыныптарында білім алса, жылдан-жылға бала саны артты.
Сөйтіп, жеке қазақ орта мектебі мәртебесіне ие болдық.
Алайда, оның ғимараты мектеп талаптарына сай келмей, сынып бөлмелері де тар болғандықтаң осы уақытқа дейін үш ауысымда оқып келдік. Ауылдың бір шетінде интернатымыз, орта тұсында мектеп, тағы бір жағында шағын орталығымыз болды.
Бұл мұғалімдердің жүріп-тұруына қолайсыз еді. Осыған қарамастаң мүғалімдер мектептің физика, мультимедиалық кабинеттері мен интерактивті тақтасын тиімді пайдаланып, заманауи технологияларға жүгіне отырып, оқушыларға сапалы білім бере білді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың қаңтарында жариялаған “Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауында Үкіметке: “Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек”, -деген тапсырма берген болатын Оны жүзеге асыру үшін “Нұрлы Жол” бағдарламасы аясында Ұлттық қордан қаражат бөлініп, Новоишимка ауылында 400 орындық мектеп пен 200 балаға арналған интернаттың іргесі қалана бастаған еді. Бүгінде оның құрылысы аяқталуға жақың сәті түссе жаңа оқу жылын аталмыш білім мекемесінде бастамақ ойымыз бар.
Жаңа білім мекемесінде физика, химия, биология, зертхана, информатика, мультимедиалық кабинеттер, ұлдарға арналған ағаш және темір өңдеу, қыздарға тігін шеберханалары жабдықталған.
Арнайы талаптарға сай спортзал, асхана, кітапхана, медициналық, бөлмелер де бар. Интернаттың бір бөлмесінде 4-5 оқушыдан тұратын болады. Гигиеналық бөлме бөлек. Ауылдан келіп оқитын оқушыларға барлық жағдай жасаған. Аулада демалатын, ойнайтын арнайы орын және стадион орналасқан. Мұндай мектеп көптің арманы. Міне, біз оған да жеттік.
Қазақстан Респубпикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы жарқын болашаққа бастайтын серпіліс болмақ. Ондағы белгіленген үлкен мақсаттарды жүзеге асыру — еліміздің білім беру саласында қызмет ететін әрбір ұстаздың тікелей міндеті. Жаңашыл ұстаз бүгінгі күні кешегідей оқытатын болса, ертеңгі күнді жоғалтатынын біледі. Сондықтан Елбасымыз меңзеген озық отыздыққа қол жеткізу жолында мектебіміздің ұстаздар қауымы аянбай еңбек ететініне сенімім кәміл.

Сәрсенкүл Сүйесінова,
Новоишим қазақ орта мектебінің директоры. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.


Сүйесінова .С.Кемел келешек мектебі.//Солтүстік Қазақстан. – 25 тамыз. — 2016. – 7 б.

Похожие записи

  • Қазақтың нағыз жанашыры

     Мен белгілі жазушы, жерлесіміз, марқұм Герольд Бельгерді көптен бері білетінмін. Оны толып жатқан көп жазушының бірі емес, қазақтың нағыз жанашыр азаматы, аудармашы, қазақ тілі мен әдебиетінің тәлімгері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі және Қазақ елінің патриоты ретінде танимын.
    Жазушының ерен еңбекпен, ізденіспен өрілген өмірбаянына үңілсек, тағдыр тауқыметін жасынан-ақ бір кісідей тартқандығын ұғынамыз. Өмірден көрген-түйгенін табиғи дарынына суарып, кемел білімімен шыңдап, көркем шығармаға айналдыра білген дара тұлға екенін зор мақтанышпен айтуымыз керек.
    Қиырда, желдің өтінде, елдің шетінде орналасқан Қызылжарда жатып, Герольд Карловичтің өмірі мен шығармашылығына арналған мерейлі жиындарға қатысуға мүмкіндігіміз аз болды, ол туралы өз көзқарасымызды көзі тірісінде жиі айта алмадық.
    Бір есімде қалғаны, Герольд Карловичке «Абылай хан» деген атпен 2005 жылы жарық көрген кітабымды тапсырғаным бар. Кітапты қолына ұстап тұрып: «Басқа қазақтар ұйықтап жүргенде, сен үлкен еңбек тындырған екенсің, мынауың ғажап қой, құттықтаймын!» — деп бірауыз жылы лебізін білдірген еді.

  • Ұстаздық – ұлы мамандық.

     Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап келген егемендігін алғанымыз кеше ғана сияқты еді. Еліміздің Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде шекарамыз шегенделіп, тіліміз мемлекеттік мәртебесін алды, төл теңгеміз нығайды, еліміз төрткіл дүние танитын халге жетт.
    «Тарихты тұлғалар жасайды» дегендей, тәуелсіздіктің іргесі берік болуы үшін барша қазақстандықтар өз саласында, өз деңгейінде атсалысуда. Білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз Әлия Малдыбаеваның да тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан өзіндік үлесі бар.

  • Азат елдің шуағына бөленуде

     Еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ауқымды түрде атап өтті. Елбасы Қазақстан халқын кұттықтап, осы уақытта әр сала бойынша жеткен жетістіктерді саралады, өткенімізге көз жүгіртіп, артта қалған ауыр кездерді де еске алды.
    Иә, сынаптай сырғып өте шыққан 25 жылда ғасырлар бойы арман болған ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге оңайлықпын жетпегеніміз айдан анық. Өзім білім саласының өкілі болғандықтан, Елбасының сөздерін тыңдап отырып бұл жүйенің де жеткен жетістіктерін естіп, марқайып қалдым.
    Тәуелсіздіктің алғашқы тоқырау жылдарында жергілікті бюджеттегі қаржы тапшылығына байланысты мектеп, балабақша тағы басқаларының халі мүшкіл болып, көпшілігі жабылып тынды.
    Алайда, қандай қиындық болсын елдің елдігін, оның руханият биігін көрсететін бір белес бар. Ол жетім, мүгедек балаларға мемлекет тарапынан көрсетілуге тиіс қамқорлық.
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы — 2050″: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін айтты.

  • Елмен бірге есейдік

    Тәуелсіздік таңы шуақ шашқан егеменді елдің бүгінгі тыныс- тіршілігі туралы сөз қозғай қалғанда, әуелі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ойға оралады. Бүгінде көш бастаған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еткен тәуелсіз Қазақстан экономикалық дамудың жаңа белесіне аяқ басты.

    Ата-бабамыздың мәңгілік мұратына айналған Тәуелсіздік тұғыры орнағанына, міне, 25 жыл Осынау ширек ғасыр несімен ерекшеленбек? Жиырма бес жыл ішінде не тындыра алдық?” — деген сауал әркімге ой салады.
    Өткен өмір белесіне көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын болсақ, бірталай іс еңсеілді.
    Әлі де қолға алынбай жатқан шаруа аз емес. Нарықтық экономика қазақстандықтарды өз ырқына көндіріп, уақыт талабына сай өмір сүруге үйретті.
    Бүгінде біз нарықтық экономикаға бейімделген, бәсекеге қабілетті елдің біріне айналдық.
     

  • Отаным — бақыт ордасы

    Еліміздің Тәуелсіздік алуымен өшкеніміз жаңғырып, өлгеніміз тірілуде. Жат жұртта жүрген қазақтардың да атамекенге қарай көш басын бұруы осы Тәуелсіздіктің арқасы. Мен де отбасы, ағайын-туысыммен бірге 1992 жылы Моңголиядан көшіп келгенмін. Елім маған бар көмегін жасады, енді мен еліме не берсем екен деген оймен осыдан 17 жыл бұрын ағаштан қолөнер бұйымдарын жасайтын шағын цех аштым. Бүгінде бұл отбасылық шағын бизнеске айналды.