Өнердің қайнар бұлағы

Биыл еліміз өзініңтәуелсіздіктің ақтаңымен өткергентағылымды жиырма бесіншіжылынатап өтпек. Осыжылдар ішіндеғасырларғабергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық, саяси, қауіпсіздік, тіпті, жаһандық мәселелерде өз алдына дербес шешім қабылдай алатын егемен мемлекет екенімізді дәлелдедік. Біз ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың асыл арманы болған тұғырлы тәуелсіздіктің, ұлттық мемлекет құру мұратының жүзеге асқан заманында өмір сүріп отырмыз. Ендігі күні іргетасы берік қаланған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, Тәуелсіздіктің туы мәңгіге желбірей беретініне күмән жоқ.

 Еліміз егемендікке қол жеткізген жылдардан бастап республикамыздың түкпір-түкпіріндегі алуан түрлі мекемелер жан-жақты жетіліп, адам танымастай өзгерді десем, артық айтқандығым болмас. Әсіресе, халықтың рухани мәдениетінің өрістеуіне, мәдени өмірінің жаңа кейіпке енуіне атсалысатын бірден-бір орындар өнер ошақтарының көптеп бой көтергендігін айтқан жөн. Солардың қатарында облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызмет көрсету орталығы да  бар.

Іргесі сонау 1956 жылы Мәдениет үйі және ғылыми-әдістемелік орталық атауымен қаланған өнер ордасының тарихы тереңде жатыр. Алмағайып заманда өмірге келген орталықтың сол кездегі атқарған жұмыстары,тыныс-тіршілігі халқымыздың ұлттық құндылығынан, салт-дәстүрінен, танымынан әлдеқайда алшақта болғаны жасырын емес. Оны бүгінде орталықтың шаң басқан мұрағатындағы жазбалардан, фотосуреттерден, өзге де құжаттардан анық аңғаруға болады. Еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдан бастап орталық жұмысының мақсаттары мен міндеттері айқындалып, жылдар бойы өзге идеологияның тасасында қалған құндылықтарымызды қайта насихаттауға ерекше көңіл бөліне бастады. Бүгінде біздің орталық барлық маңызды мемлекеттік және облыстық деңгейде өтетін ауқымды іс-шаралардың ұйытқысына айналып отыр.

«Өнер ұлы болмай, ұлт ұлы болмайды» дегендей, елдің елдігін танытатын үлкен саланың бірі — мәдениет. Өзеннің қос саласындай осы егіз ұғымның мемлекет өмірінің өрістеуі үшін маңызы зор. Бүгінде облысымызда 235 мәдениет мекемесі жұмыс істейді. Олардың 142-сі мемлекет меншігінде болса, 9-ы басқа нысандарға тиесілі. Облысымызға қарасты он үш ауданда 1242 көркемөнерпаздар ұжымы бар. Олардың 44-і халықтық атауға ие. Мұның өзі облысымыздың мәдени өмірінің күн сайын ілгері дамып келе жатқандығының көрінісі емес пе?! Осындай өнер ордаларымен бір жағадан — бас, бір жеңнен қол шығарып, қоян-қолтық жұмыс істеп келе жатқан орталықтың өнерпаздары әртүрлі деңгейде еткізілетін мерейлі іс-шаралардың басы-қасында жүреді.

Ел болған соң оның өзінше тағдыр-талайы, тарихы болатыны талассыз шындық. Қазақ елінің тарихы да сонау ықылымдар қойнауынан тамыр тартқан. Яғни, мәуелі мәдениеті мен озық әдебиеті, өнегелі өнері сол кезден бастау алған.Бірақ осы айдай ақиқат кеңес заманында мойындалмай келді. Тіпті, Тәуелсіздік алған тұста да, бөрілі байрағымызды қайта тіктеген кезде де «Бұрын бұлардың мемлекеті болған жоқ еді» дегендей, қаңқу сөздер тыйылмай келгені шындық. Елдігімізге  сын осындай сөздердің нуктесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен былтыр Қазақ хандығының құрылғандығының 550 жылдық асқақ мерекесін дүбірлетіп атап өту арқылы қойылды. Мерейімізді асырған осынау игі шараның облысымызда салтанатпен өтуіне орталық өнерпаздары атсалысты.

Осыған орай 2015 жылғы 9-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында көптеген ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы салтанаттардан біздің өңіріміздің өнер иелері де сырт қалмай, елордалықтарға ерекше тарту жасады. Жұртшылықтың назарына торқалы той, айтулы мереке — Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған концерттік бағдарлама ұсынылды. Қазақтың мемлекеттілігінің тарихы, халқының тұрмысы жайлы қойылым қазақ және орыс театрлары актерлерінің қатысуымен жүзеге асырылды. Этноауылда бой көтерген өңіріміздің киіз үйі де өзіндік ерекшелігімен көзге түсті.

Тәуелсіздігіміздің туы желбіреген күн есімізде мәңгілік жүретін, жадымыздан ешқашан өшпейтін ұлы сәт, қуаныш күн деуге болады. Бұл, ең алдымен, халқымыздың сан жылдар бойы тұсауда тұрған рухани еркіндігінің кеңге қанат сермеген күні. Өзінікін өзімдікі деп қаймықпай айта алатын кезең бізге, салтымыз бен дәстүрімізге, дініміз бен ділімізге, ойымыз бен өнерімізге еркіндік шуағын сыйлады.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы халық әндері мен композиторларының киелі мұрасын ел арасында кеңінен насихаттау мақсатында жыл сайын «Ән бесігім  туған жер», «Сағындырған әндер-ай», өңірімізден шыққан сазгерлер мен ақындардың сөзіне жазылған әндердің «Жұмағы жердің  Қызыл-жар», қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты облыстық әншілер байқауларын өткізіп тұруды дәстүрге айналдырған. Мәселен, үстіміздегі жылы халқымыздың ғана емес, күллі шығыс жұртының ұлық мерекесі  Наурыз мейрамының ұлан-асыр тойлануына біздің орталық өнерпаздарының қосқан үлесі орасан.

Өңірімізден шығып, дүйім қазақтың мақтанышына айнапған ұлы тұлғаларды дәріптеуде де орталық мүшелері зор еңбек етіп келеді. Осы тұста биыл Қазақстан Республикасының   еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Қуандық Қасымов атындағы «Өнерді ұлықтаудан шаршамаған» атты облыстық фестивальдың тұңғыш рет өткізілуін мақтанышпен айтуға болады. Ұлттық өнердің қазанына айтарлықтай олжа салып, өмірден озып кеткен азаматтарды осылай зор құрметпен, ыстық ықыласпен еске алу — Тәуелсіздіктің берген нығметтерінің бірі.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында аудан орталықтарында көркемөнерпаздар шығармашылығының облыстық байқау-фестивалі өткізілді. Бізге бейбітшілік сыйлап, өздері өмірден өткен батыр ардагерлеріміздің ерліктерін насихаттау — ұрпақтың парызы. Бұл абыройлы міндетті жас өрендер өнерпаздардың сазды әуендерінен, сырлы әндерінен сезінгендей болды.

 Елімізде ту тігіп, қалыптасқан татулық пен тұрақтылықтың алтын арқауына айналған халықтар достығының арқасында облысымыздың шығармашылық ұжымдары сахнада әр тілде ән шырқап, би билеп, мерекені көркейте түсті.

Өнеріміздің дамуына, соның ішінде халық шығармашылығының қанат жаюына тәуелсіздік тудырған ризықты мақтан етеміз. Рухани байлық өнер арқылы бойға ұялайтыны ақиқат. Сондықтан біздің өңіріміздің барша өнерпаздары Тәуелсіздікті зор тарту деп бағалайды. Олар өңіріміздің жер-жерінде бұл күнді жұртшылыққа арнаған өнер тартуымен ардақтай түседі.

Ашығын айтайық, жастарымыз түгіл, жасамыстардың өзі ежелден етене, ұлт атанғалы ірге қалап, бірақ санамыздан өшіп кеткен көптеген ұлттық салтанаттарымызды білмейді ғой. Тәуелсіздік рухы санамызды сейілткенде тарих тозаңына көміліп қалған ақындар айтысы, Наурыз той сияқты мерекелердің халықтық сипаты белең алды.

Өңірімізде ақындар айтысы Петропавлда ғана емес, сонымен қатар аудан орталықтарында өткізіле бастағаны қуанарлық жай. Алғашқы айтыстар арнасы тар бұлақтай ғана болса, кейінгі жылдары дамып, бүгінде өңірімізде бірде-бір салтанатты шара мұнсыз өтпейтін болды. Осындай облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызмет көрсету орталығы өнерпаздарының ұйытқы болуымен іске асырылып жатқан мерейлі жиындардың барлығына, бірінші кезекте, Тәңірдің өлшеусіз сыйындай Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізудеміз. Ендігі кезекте осы ұлық мерекені жас ұрпақтың бойына берік қалыптастыру үшін кез келген ұжым белсене жұмыс жасауы қажет. Бұл — біздің келер ұрпақ алдындағы міндетіміз.

 Жанболат Мұқанов, облыстық халық шығармашылығы

және мәдени-демалыс қызмет

көрсету орталығының директоры.

Мұқанов.Ж.Өнердің қайнар бұлағы //Солтүстік Қазақстан. —  4 маусым. – 2016. – 4 б.

 

Похожие записи

  • Береке Қайнары — Ақжар ауданының әкімі Серікбай Тұралиновпен сұхбат

    Серікбай Шәріпұлы, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Осы мерейтой қарсаңында халық үлкен жұмыстар атқарып, мол шашу шашпақ. Мерекелі жылға сіз басқарып отырған ауданның да құралақан келмегені анық. Ендеше биылғы жоспарларыңыз қандай, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалына серпіліс беретін бағыттар бар ма? Солар туралы айтсаңыз.

  • Отаным — бақыт ордасы

    Еліміздің Тәуелсіздік алуымен өшкеніміз жаңғырып, өлгеніміз тірілуде. Жат жұртта жүрген қазақтардың да атамекенге қарай көш басын бұруы осы Тәуелсіздіктің арқасы. Мен де отбасы, ағайын-туысыммен бірге 1992 жылы Моңголиядан көшіп келгенмін. Елім маған бар көмегін жасады, енді мен еліме не берсем екен деген оймен осыдан 17 жыл бұрын ағаштан қолөнер бұйымдарын жасайтын шағын цех аштым. Бүгінде бұл отбасылық шағын бизнеске айналды.

  • Елмен бірге есейдік

    Тәуелсіздік таңы шуақ шашқан егеменді елдің бүгінгі тыныс- тіршілігі туралы сөз қозғай қалғанда, әуелі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ойға оралады. Бүгінде көш бастаған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еткен тәуелсіз Қазақстан экономикалық дамудың жаңа белесіне аяқ басты.

    Ата-бабамыздың мәңгілік мұратына айналған Тәуелсіздік тұғыры орнағанына, міне, 25 жыл Осынау ширек ғасыр несімен ерекшеленбек? Жиырма бес жыл ішінде не тындыра алдық?” — деген сауал әркімге ой салады.
    Өткен өмір белесіне көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын болсақ, бірталай іс еңсеілді.
    Әлі де қолға алынбай жатқан шаруа аз емес. Нарықтық экономика қазақстандықтарды өз ырқына көндіріп, уақыт талабына сай өмір сүруге үйретті.
    Бүгінде біз нарықтық экономикаға бейімделген, бәсекеге қабілетті елдің біріне айналдық.
     

  • Ұлт шежіресін жазған ғалым

     Қазіргі кезде тарих атасы Геродот тарихына пікірлер айтылып жүр. Ежелгі Римнің тарихшысы Плиний жазбаларына да басқаша қарау бар. Бұлар түсінікті де секілді. Өйткені, қазіргі тарихшылар өзіне дейінгі заманды зерттеп, бүгінгі күн биігінен бағалайды. Ал олар өздерінің көргендері мен естігендерін сол заман өлшемдерімен бағалап, жазды.
    Тарих — ғылымның таласты салаларының бірі. Оған әркім баға беруге келгенде өз білім-білігі бойышна әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда Конфуций философиясындағы бір заңдылық үстемдік құрады.
    Онда былай делінгек «Егер үстіңдегі ақ көйлегіңді біреу «мынауың қара екен» десе, үндеме, әлгі екінші рет келіп, солай десе, тағы үндеме. Үшінші, төртінші, тіпті, жүзінші рет әлгісін қайталаса да, «мұның қате деме», өйткені, оған сенің көйлегің қара көрініп тұрған болуы керек». Бұл дәл қазіргі заманға арнап айтылған секілді.
    Осылардың бәрін еске алып отырған себебім тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «мынауың қара екен» деген секілді сындарды да естіді.

  • Азат елдің шуағына бөленуде

     Еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ауқымды түрде атап өтті. Елбасы Қазақстан халқын кұттықтап, осы уақытта әр сала бойынша жеткен жетістіктерді саралады, өткенімізге көз жүгіртіп, артта қалған ауыр кездерді де еске алды.
    Иә, сынаптай сырғып өте шыққан 25 жылда ғасырлар бойы арман болған ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге оңайлықпын жетпегеніміз айдан анық. Өзім білім саласының өкілі болғандықтан, Елбасының сөздерін тыңдап отырып бұл жүйенің де жеткен жетістіктерін естіп, марқайып қалдым.
    Тәуелсіздіктің алғашқы тоқырау жылдарында жергілікті бюджеттегі қаржы тапшылығына байланысты мектеп, балабақша тағы басқаларының халі мүшкіл болып, көпшілігі жабылып тынды.
    Алайда, қандай қиындық болсын елдің елдігін, оның руханият биігін көрсететін бір белес бар. Ол жетім, мүгедек балаларға мемлекет тарапынан көрсетілуге тиіс қамқорлық.
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы — 2050″: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін айтты.

  • Ғұлама тарихшы

     Қазактың ғұлама ғалымы, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл толып отыр.

    Мәкеңнің қандай адам болғанын әйгілі ақын Кәкімбек Салықов өзінің «Қазақтың Манашы» атты эссесінде: «Манаш Қабашұлы Қозыбаев кім? дегенде менің ойыма оның бір сырлы мінезі мен мың қырлы қасиеттері түседі.
    Алдымен оны сергек сезіммен ақыл-парасаты үйлескен ел алдындағы парызын әділ де адал ақтап өткен халқымыздың ең сүйікті перзенттерінің бірі, нар тұлға деп танимың ізденімпаз, терең ойлы, зерлі оқымысты, теңізден маржан тергендей тапқырлықтың иесі, дарынды жаң өресі биік энциклопедист, әмбебап білімдар, әдебиет пен мәдениет, өнер мен бүкіл өмірімізді жіті білетін ғалым.