Жылу беріп үйлерге, жарқыратты түнекті

«СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы еліміздегі энергиямен қамтамасыз етудің барлық буынын (жылу мен электр энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу) қамтитын ірі компаниялардың бірі болып саналады. Ол 580 мың солтүстікқазақстандықты электр қуатымен, Петропавл қаласының 206 мың тұрғынын жылумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның тарихы тереңде жатқанын бүгінде көпшілік қауым біле бермес.  Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын ашылған жылу электр орталығының облыс экономикасының дамуында өзіндік орны бар. Биыл облысымыздың құрылғанына 80 жыл толады. Осы уақыт аралығында өңірде көптеген ауқымды іс атқарылды. Кәсіпорындар іске қосылып, зауыттар ашылды. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық нысандар пайдалануға берілді. Бір сөзбен айтқанда, облысымыз дамудың даңғыл жолына түсті.

Жарықсыз өмір қара түнекпен бірдей екені бәрімізге белгілі. Кез келген жұмыс электр қуатын қажет етеді. Онсыз өмір сүру қиын. Солтүстік Қазақстанда қуаттылығы 1600 кВт бірінші локомобильді электр станциясы 1936 жылы іске қосылды. Алғашқы электр шамы 1925 жылы Қызылжар ауданының Архангелка ауылында жағылғанын да бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Петропавл станциясының локомотив депосында алғашқы электрмен қамтамасыз ететін дизельді электр станциясы 1987 жылы пайдалануға берілді. Электр станциясы локомотив және вагон депосын, Петропавл вокзалын, ет-консерві комбинатын, Жұмысшы кентінің үйлерін және әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандарын электр қуатымен қамтамасыз етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында облыс аумағына көшірілген қорғаныс зауыттарын энергиямен қамту үшін №1 жылу-электр орталығы іске қосылды. Алайда, өркендеп келе жатқан өңірді электрмен жабдықтауға №1 жылу-электр орталығының қуаттылығы жетпейтін болды.

1954 жылы Солтүстік Қазақстан облысында тың игеру және кеңшарлар мен ұжымшарларды салуға байланысты 600-ден астам кішігірім дизельді электр станциялары пайдалануға беріліп, олар 1969 жылға дейін жұмыс істеді. 1958 жылы 110 кВт электр тарататын «Омбы-Петропавл-Қорған» желісінің бірінші кезегі іске қосылды. Оған «Булаев-Нефть» тірек қосалқы станциясы қосылған болатын. Ол әлі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі электр желісі болып табылады. 1960 жылдан Петропавл теміржол бөлімін энергиямен қамтамасыз ететін Петропавл дистанциясы жұмыс істеді. Ол «Есілкөл-Петропавл-Макушино» теміржолы бойындағы ауыл шаруашылығы тұтынушыларын электр қуатымен жабдықтады. Электр қуатымен қамту  дистанциясының бірінші директоры Александр  Липовой болды.

  Электр станциясы үшін 1961 жыл ерекше болды. Сол уақытта Петропавл теміржол бөлімінде электрмен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталып жатқан еді. Пойыздардың қозғалысы электр тоғының күшіне ауыстырылып, тепловоздардың орнын электровоздар басты.

Дәл сол жылы Петропавл №2 жылу-электр орталығы іске қосылды. Ол Солтүстік Қазақстан облысын жаппай электр қуатымен жабдықтаудың алғашқы кезеңінің аяқталуымен айшықталды. Ірі жылу-электр орталығының бірінші директоры қызметіне Василий Кукушкин тағайындалды. 1965 жылы №2 жылу-электр орталығы жылу жүйелері цехының негізінде «Целинэнерго» Петропавл жылу жүйелері басқармасы құрылды. «Целинэнерго» АБ өкімі бойынша №1 ЖЭО кәсіпорнының негізінде Петропавл электр жүйелері кәсіпорны ұйымдастырылды. Аудандық электр қуатымен жабдықтау бөлімшелерін құру жұмыстарыбасталды. Осы кезеңнен бастап аймақты электр қуатымен жабдықтаудың 90-жылдарға дейін созылған ең негізгі кезеңі басталды. Ал 1998 жылы облыстың энергетика саласы «Ак-сесс Индастриз» компаниясының басқаруына кешті. Қазір кәсіпорын «Орталық-Азия электро-энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның компаниялартобына кіреді.

Бүгінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ құрамында Петропавл №2 жылу-электр орталығы, «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ, «Петропавл жылу  желілері» ЖШС, «Севказэнергосбыт» ЖШС бар. Облыс тұрғындарын жылу және қуатпен қамтамасыз етумен қатар, өңірдің 5 600 өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына да қызмет көрсетеді. Петропавл №2 жылу-электр орталығының белгіленген жиынтық электр қуаты  —  434 МВт, белгіленген жылу қуаты — 791,65 Гкал/сағ. Өндірісте пайдаланатын негізгі отын —Екібастұз бассейнінің тас көмірі. «СЕВКАЗ-ЭНЕРГО» АҚ-да өндірілетін электр қуаты біздің облысымызбен қатар, еліміздің орталық, шығыс, оңтүстікаймақтарына, сондай-ақ, республикадан тыс жерлерге тасымалданады. Компанияның электр қуатын тасымалдау желілерінің ұзындығы — 13 566,40 километрге жуық. Жылу желілерінің ұзындығы — 233, 347 км. Компания корпоративті басқару қағидаларын белсенді енгізіп, бизнес-процестерді оңтайландырып, өндіріс, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларда халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибе бойынша жұмыс жүргізуді жетілдіруде.

 Біздің кәсіпорында қуат көзі мен ресурс үнемдейтін іс-шараларға бірінші кезекте көңіл бөлінеді. Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының талаптарымен орындалады. Энергетикалық компаниямың әрбір кәсіпорпында жыл сайын энергия үнемдеудің мемлекеттік бағдарламасы, негізгі жабдықты қайта құру, жаңғырту және ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Энергия үнемдейтін іс-шараларға энергетикалық кешеннің әрбір кәсіпорнында алдыңғы қатарлы автоматтандырылған жүйені енгізуді, сондай-ақ, жоғары технологиялық энергия үнемдеу материалдарын пайдалану және энергия үнемдеудің ұзақмерзімді бағдарламаларын әзірлеуді жатқызуға болады. Осылайша өзінің өндірістік көрсеткіштерін арттыра отырып, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ алынған энергияны тиімді әрі ұқыпты пайдалануға барынша жауапкершілікпен қарайды.

Компанияда 2014 жылы өткізілген энерго-аудиттің қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес Петропавл №2 ЖЭО-да энергия тиімділігін арттырудың арнайы бесжылдық бағдарламасы жүзеге асырылуда: Бұл бағдарламаны орындау барысында былтыр 50,7 мың тонна көмір үнемделді.

2015 жылдың қыркүйек айында №1 турбоагрегаттың іске қосылуы жылу электр орталығы үшін маңызды оқиға болды. Жаңа турбина станция жұмысын тиімді ұйымдастыруға, үнемділікті арттыруға, сондай-ақ, белгіленген қуаттылықты 21 МВт-қа көтеруге және жылына өндірілетін электр қуатын 223,6 млн. кВт/с. ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, былтыр №7 турбоагрегат жаңғыртылды.

Қазіргі уақытта №2 ЖЭО-да №5 турбо-агрегатты салу жұмыстары жалғасуда. Жаңа турбинаны желіге қосу 2016 жылғы қараша айына жоспарланған, ол станцияның белгіленген қуаттылығын электр энергиясы бойынша 62 МВт-қа және жылу энергиясын 35 Гкал-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2015 жылғы ақпан айында жылу-электр орталығында №12 қазандық агрегатын қайта құру бойынша жұмыстар басталды, оны пайдалануға беру биылғы жылға жоспарланған.: Энергия үнемдеу бойынша өткізілген шаралардың арқасында Петропавл №2 ЖЭО-да отынның үлесті шығындарын азайтудан көмір үнемділігі 32,1 мың тоннаны құрады. Былтыр Петропавл №2 ЖЭО 2 809 138 мың кВт/с. электр қуатын өндірді. Үстіміздегі жылы станцияда 3 232 960 мың кВт/с. Электр қуатын өндіру жоспарлануда, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 15 пайызға артық.

 «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-да энергия үнемдеу бағдарламасының аясында желіні сырты қапталған сымға ауыстыру, көтерме және бөлшек сауда нарықтарының электр қуатын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жүргізілуде. 2015 жылы компания 25,3 шақырымға осындай сапалы сым тартты.

Бұл технология көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, өндірістік шығындарды азайтуға бағытталған.»Петропавл жылу жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қуат көзі мен ресурс үнемдейтін іс-шараларға көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның басты мақсаты жылу қуатының шығындарын азайту мен жабдықтың тозу көрсеткіштерін төмендету болып табылады. Осылайша кәсіпорында «2016-2020 жылдар аралығында «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-ін дамыту, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру бойынша инвестициялық бағдарлама әзірленген. Бұл бағдарлама «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-нің өз қаржысы, сондай-ақ, «Еуропалық қайта құру және даму банкінің» инвестициялық заемы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша қаржыландырылады. 

 Былтыр аталмыш банк заемына «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС жылу желісінің 5 шақырымы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, «КАЗНИПИЭнергопром» институты» АҚ-мен жалпы ұзындығы 31 шақырым болатын Петропавл қаласының жылу желілерін қайта жабдықтаудан өткізуге 11 жоба бойынша келісімшарт жасалды. Жылу желілері кәсіпіорындарында қолданыстағы инвестициялық  бағдарламадан басқа да жөндеу жұмыстары көзделген. Өткен жылы желінің 13,6 шақырымы ауыстырылып, ашық құбыр желілерінің 5,2 шақырымы қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 3 жылу бекеті мен 12 жылу камерасы жөнделді.  Биыл да серіктестікте бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

 

Леонид Ларичев. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның бас директоры.

Ларичев.Л. Жылу беріп үйлерге, жарқыратты түнекті //Солтүстік Қазақстан. – 31 мамыр. – 2016 .- 3 б.

 

Похожие записи

  • Ширек ғасырда еңсерілген істер

    Халқымызда «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» деген нақыл сөз бар. Шынымен де, адамды биік белес, асқаралы асуларға жетелейтін арман-мақсат емес пе?! Ал мемлекеттің дамуы үшін алдымен болашаққа дұрыс бағдар жасай алатын көреген басшы қажет. Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы жас мемлекетіміздің болашағын баянды ету үшін алдағы күндерге арналған стратегиялық бағдарламаларын ұсынды. Ал бүгінгі күні сол кездер алынбайтын қамал секілді көрінген ауқымды жоспарларды еңсеріп, елімізбен құрдас мемлекеттердің көшін бастап тұрмыз.

    Ширек ғасырда қоғамның әлеуметтік-мәдени, экономикалық салалары алға басты. Еліміздің басты байлығы — оның тұрғындары, сондықтан тәуелсіздік жылдарында халықтың денсаулығын жақсартуға да ерекше көңіл бөлінді. Еліміздің «2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Кешендік сипатқа ие бұл бағдарлама аясындағы жоспарлы шаралар саланың дамуына қарқын беріп, тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында таңдап алынған бағыттың нәтижелігін және дұрыстығын дәлелдеді.

  • Отаным — бақыт ордасы

    Еліміздің Тәуелсіздік алуымен өшкеніміз жаңғырып, өлгеніміз тірілуде. Жат жұртта жүрген қазақтардың да атамекенге қарай көш басын бұруы осы Тәуелсіздіктің арқасы. Мен де отбасы, ағайын-туысыммен бірге 1992 жылы Моңголиядан көшіп келгенмін. Елім маған бар көмегін жасады, енді мен еліме не берсем екен деген оймен осыдан 17 жыл бұрын ағаштан қолөнер бұйымдарын жасайтын шағын цех аштым. Бүгінде бұл отбасылық шағын бизнеске айналды.

  • Толайым табыстардың сенімді кілті

    — Сапар Қапарұлы, Кішкенекөл — әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан ірі ауылдық округтердің бірі. Бұл әкім аппараты құзыреті шеңберінде атқарылатын шаруалар да, шешімін табатын мәселелер де аз емес деген сөз емес пе?
    — Әрине. Түрлі кездесулер барысында тұрғындар тарапынан айтылатын өтініш-тілектерде әлеуметтік-экономикалық мұң-мұқтаждар, проблемалық мәселелер жиі қозғалатындықтан, әрқайсысына назар аудару, тұрақты бақылауға алу, ойдағыдай шешілуін қамтамасыз ету әкімдікпен қатар, мекемелер мен ұйымдарға да тікелей қатысты дер едім.
    Сондықтан қызметтегі өзара үйлесімділік, сабақтастық ауадай қажет. Онсыз істің алға басуы қиын.
    Округтің экономикасын, негізінен, ауыл шаруашылығы құрайды. Соңғы жылдары агроқұрылымдар жаңа техникалармен қамтылып, озық технологияларды игере бастады.
     

  • Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт.

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атауымен кезекті ХХІV сессиясы болып өтті.

    «Мәңгілік Елге» апаратын басты құндылықтар, міне, осылар. Оған еліміздің барлық өңірінен Ассамблея мүшелері қатысты. Қоғам және мемлекет қайраткерлері, түрлі этностардың ұлттық киімдерін киген этномәдени бірлестіктер өкілдері, орден-медальдарын жарқыратып тағып алған ардагерлер, еліміздің саяси-экономикалық, мәдени, спорттық өміріндегі танымал тұлғалар сарайдың ішін жайнатып жібергендей болды.

    Сессияға, оның жұмысына шақырылған қонақтарды қоса алғанда, 1500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шетелдердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері болды.

  • Бірлік пен еңбек егіз

    Биылғы жылы қазақ халқы қаһармандықпен, қаны мен жанын азаттықтың ақ жолына сарп етіп, ерліктің ерен үлгісімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз екі мүшелге толғалы отыр. Тыңнан түрен түрген осы уақыт аралығында елімізде едәуір ірі көлемдегі мемлекеттік қалыптасулар болды. Қазақстан түбегейлі реформаларды жүзеге асырды және экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйені жаңғырту жолында нық қадамдар жасады. Қазіргі таңда Қазақстанның ширек ғасыр аралығында әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің бірі ретінде өз орнын айқындағанының куәсі болып отырмыз. Бұл күнге жету үшін қазақстандықтар талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті.