Негимов, С. Қызылту өңіріндегі зиялылар тағдыры

Байырғы Қызылту даласы — қазақтың айтулы баласы, дара туған данасы дүние есігін ашқан, өсіп-өркендеген атаулы атақоныс еді. Арғы-бергі ғасырларды ой көзімен шолып, барлап қарағанда ұлтының тәуелсіздігі мен дербестігін армандаған, жер-суын ар-намысымен қорғаған рухы асқақ нешеме сарбаздары атқа қонып атойлап шыққан-ды. Сонымен қатар ұлт санаткерлері, атап айтқанда, Әлихан Бөкейханнан кейіннен ісі ірі бірегей тұлға Смағұл Садуақасұлы, Ғаббас Тоғжанұлы, Әлкей мен Қаскей Өтекиндер, «Ғалия» медресесін бітірген Бекмұхамед Серкебаев пен Зияш Алдабергенов Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ғайнеддин Мұсабаев, Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы мемлекеттік құпияны сақтау жөніндегі комитеттің төрағасы Әбдірашит Шалабаев (1910-1975), Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Совет Масғұтов (1939-1978), қазақ әдебиетінің классигі Сәкен сері Жүнісов, т.б. мемлекет, мәдениет, ғылым қайраткерлері ойға оралады. Осынау Алаш арыстарының ересен қайраткерлік, қоғамдық-тарихи еңбегі өзгеше бір таңғажайып әлем. Тәуелсіздік тұсында жарқыратып көрсету -елдігіміздің белгісі, адамшылығымыздың жарқын көрінісі болар еді.

Мысалы, Сәкен Сейфуллиннің үзеңгілесі Әлкей Өтекин (1989-1937) туралы ұлы жазушы Сәбит Мұқанов былайша жазады: «Бұл — сымбатты сұлу, әрі сері жігіт. Қазақстанның 1923 жылдың күзінде өткен үшінші съезіне Ақмола губерниясынан келген делегаттардың бірі екен. Орта шаруада бүла, сері боп өскен бүл жігіт (Сәкеннен төрт жас кіші) домбыраны да жақсы тартады екен, өлеңді де жақсы айтады екен… Әншілікке келгенде, ол кездегі Орынборда, Әлкейге таласа аларлық қазаң жоқ. Оның білетін әндерінде қисап болмайды. Арқаның Балуан Шолағының, Үкілі Ыбырайының тағы басқа атаңты әншілерінің барлық репертуарын аяқтарынан тік қояды» (С. Мұқанов. Таңдамалы шығармалар. Т.11. — 15-6).

Немесе 1930-1938 жылдарда жапа шеккендер, атылғандар қаншама. Атап айтқанда, мұрағат қорларынан табылған деректер бойынша 51 азамат нақақтан қудаланған. Және де 1941-1955 жылдар аралығында 36 адам айыпталған (Байрақты бай өлкем. — Қызылжар, 2008. — 27-6.).
1930-1938 жылдарғы репрессияның жазықсыз құрбандары мен қуғын-сүргін көргендер
Аты-жөні Туған жылы Ұлты Туған және тұрған жері Кәсібі Ұсталынған уақыты
1 Нұрмашев Ғалымжан 1890 Қазақ Қарағаш ауылы, 9-ауыл Жұмыссыз 16.12.1936
2 Бөлеков Мәнтен 1875 Қазақ 10-ауыл, 2-ауыл Жеке шаруа 20.09.1937
3 Жанғожин Шәріп 1868 Қазақ 8-ауыл Жұмыссыз 09.11.1937
4 Мусин Ақыш 1888 Қазақ 2-ауыл, 12-ауыл Директор 10.09.1937
5 Бүркітбаев Ақмедия 1897 Қазақ 10-ауыл, 10-ауыл Колхоз төрағасы 19.11.1937
6 Мұсайбеков Смағұл 1882 Қазақ 2-ауыл, 2-ауыл Жұмыссыз 19.11.1937
7 Жақыпов Ахмет 1897 Қазақ 1-ауыл, Ерназар ауылы Колхозшы 20.08.1937
8 Жақыпов Дунай 1877 Қазақ 1-ауыл, Ерназар ауылы Колхозшы 20.08.1937
9 Тлепбеков Ораз 1897 Қазақ 8-ауыл, 8-ауыл Жұмыссыз 01.01.1938
10 Байжиенов Жармағамбет 1899 Қазақ 10-ауыл, Кішкенекөл Үнемдеуші 04.09.1937
11 Белгібаев Әубәкір 1872 Қазақ 2-ауыл, 2-ауыл Колхозшы 06.09.1937
12 Жексенов Қали 1894 Қазақ 12-ауыл, Азат ауылы Колхозшы 01.09.1937
13 Әбдильдин Жақия 1861 Қазақ 4-ауыл, 4-ауыл Кәсіпкер 05.09.1937
14 Өтебаев Мұхамедрақым 1899 Қазақ 12-ауыл, 2-ауыл Колхозшы 19.05.1938
15 Мүсекенов Әлсеит 1882 Қазақ 3-ауыл, 10-ауыл Колхозшы 14.08.1937
16 Сүйіндіков Ысқақ 1897 Қазақ Байтоқа ауылы, 10-ауыл Колхозшы 06.08.1937
17 Нұралин Жүкен 1873 Қазақ 3-ауыл, 3-ауыл Жұмыссыз 25.01.1938
18 Жақыпов Мұқан 1872 Қазақ Үялы, Зауыл Колхозшы 22.01.1938
19 Бегалиев Абдрахман 1917 Қазақ Кішкенекөл Оқытушы 27.04.1937
20 Нұрсеитов Қайнике 1880 Қазақ 4-ауыл, Жаңалық колхозы Колхозшы 20.05.1938
21 Жидович Владислав 1881 Поляк Минск обл, Кішкенекөл Жұмыскер 28.05.1938
22 Демишев Зәлтай 1914 3-ауыл, 2-ауыл Жұмыссыз 03.01.1938
23 Баубеков Мұхамеджан 1901 Қазақ Ақмола, 6-ауыл Жұмыссыз 06.02.1938
24 Садуақасов Қабиболла 1881 Қазақ 1-ауыл, 1-ауыл Колхозшы 06.09.1937
25 Қайғужин Темірболат 1899 Қазақ 1-ауыл, 1-ауыл Колхозшы 12.08.1937
26 Балғужин Абылай 1906 Қазақ 1-ауыл, 1 -ауыл Колхозшы 12.08.1937
27 Ларичев Григорий 1895 Орыс Орловская губерния, Кішкенекөл Есепші 22.05.1938
28 Шәймерденов Әбубәкір 1875 Қазақ 3-ауыл, 3-ауыл Колхозшы 18.03.1930
29 Мұхамеджанов Қабдолла 1865 Қазақ 3-ауыл, 3-ауыл Кәсіпкер 18.03.1930
30 Утекин Сыздық 1870 Қазақ 3-ауыл, 3-ауыл Кәсіпкер 18.03.1930
31 Сатыбалдинов Әлімжан 1866 Қазақ 3-ауыл, 3-ауыл Кәсіпкер 18.03.1930
32 Есов Татия 1882 Қазақ 3-ауыл, 3-ауыл Кәсіпкер 18.03.1930
33 Абиков Қабыкен 1899 Қазақ 10-ауыл, 10-ауыл Колхозшы 14.08.1937
34 Ержанов Темірболат 1891 Қазақ 2-ауыл, 2-ауыл Колхозшы 10.12.1937
35 Сыздықов Нұрахмет 1908 Қазақ 2-ауыл, 2-ауыл Колхозшы 09.08.1937
36 Ибраев Айтмағанбет 1901 Қазақ Мортық, Мортық Колхозшы 17.12.1937 Ұсталғаны белгісіз
37 Байтеміров Қайырбек 1892 Қазақ 14-ауыл, Кішкенекөл Жұмыскер 04.10.1932 Ақталды
38 Тасболатов Сапарғали 1896 Қазақ 2-ауыл, 2-ауыл Колхозшы 12.08.1937
39 Әбжанов Ғабдолла 1909 Қазақ 10-ауыл, Кішкенекөл Ком хатшысы 31.01.1938
40 Имағанбетов Мұңажан 1888 Қазақ 3-ауыл, 2-ауыл Колхозшы 02.02.1938
41 Досымбеков Жетпіс 1895 Қазақ Қоңдыбай, 10-ауыл Жұмыскер 04.02.1938
42 Ідірісов Ханафия 1895 Қазақ 10-ауыл, 10-ауыл Колхозшы 21.01.1938
43 Шауков Рахмет 1882 Қазақ 10-ауыл, 10-ауыл Колхозшы 04.02.1938
44 Тоқбергенов Кәрім 1881 Қазақ Бидайық, 10-ауыл Колхозшы 04.02.1938
45 Иманжанов Нұрқұш 1898 Қазақ Киров колхозы Колхозшы 14.02.1938
46 Жәкенов Сейітқазы 1906 Қазақ 2 Пятилетка колхозы Колхозшы 04.02.1938
47 Ақжігітов Қасен 1902 Қазақ Қаратерек. Киров колхозы Колхозшы 12.12.1937
48 Сарбасов Шоқан 1887 Қазақ Жалайық ауылы, 10-ауыл Алғабас колхозы Колхозшы 14.02.1939
49 Игіліков Қуандық 1894 Қазақ 4-ауыл, 5-ауыл Жүмыскер 04.02.1939
50 Жәйкенов Қали 1900 Қазақ 10-ауыл, 10-ауыл Кәсіпкер 03.11.1937
51 Жаңбыршин Қасым 1867 Қазақ 13-ауыл, 12-ауыл Жұмыссыз 11.08.1937

Аталмыш тізімнен көріп отырғанымыздай саясатпен шаруасы жоқ жазықсыз жандардың тағдырлары өзекті өртерлік.

Батырлығымен, билік-шешендік өнегесімен Жолымбет бабаның немересі ел ардагері, тағдыры турасындағы Қазиев Шияптың (бұ кісі Қабдуәлидің баласы, 1923 жылы туған) жазбасындағы мынадай деректерді сөйлетелік: «Әкем Қабдуәли 1898 жылы туып, 1932 жылдың көкек айының аяғында қапияда қаза тапты. Әкемнен мен 9 жасымда қалдым. Әкемнің әкесі Малтайдың немере-інілері Келдіғұлов Әбен (1888-1973), Оспанов Неғым (1909-1992), Телтаев Қази деген кісілер болған. Олар 1970-1990 жылдарда дүниеден озды. Сол ақсақалдарды айтуы бойынша және өзімнің көзімен көрген жәйттерді баяндайын. Малтай әлді шаруа болған, бірақ ұлы кәмпескеге ілікпеген, жалғыз баласы Қабдуәли ерке, жомарт, қайырымды болған. 1931 жылдың күзінде Малтай атамның соңына шолақ белсенділер түсіп ұрып-соғып, мылтықтың дүмімен қабырғасын сындырып, ұстап алып кетті. Ақмоланың түрмесінде 2 айдан кейін қайтыс болып, қала ішіндегі бейітке жерленеді. Ал, Қабдуәли әкемді ұйықтап жатқан жерінде басын екі рет шабады. Екінші рет қайтара басын шапқанда «менің қандай жазығым бар еді» деп айтып үлгереді. Басын аудан орталығына әкеліп прокурордың кабинетінде 2-3 тәулік ілініп тұрады. Сонсоң сүйегін бір шұңқырға лақтырған».

Қызыл империя адамдардың тағдырын ойыншыққа айналдырғанын мынадан көруге болады. Айталық, ел сүйіктісі Қабдуәлидің ұсталу тарихын ұлы Қазиев Шияп былайша баяндайды: «Әкем Қабдуәли киім-кешек, шәй-қант алу үшін бір семіз биесін сойып, мені жанына ертіп Қызылту селосындағы базарға сатуға апарды. Ет семіз. Базарда сатып тұрғанда бір милиция жігіті келіп ақшасын берместен өзі көтергенше бірсыпыра етті ала жөнелді. Сол кезде әкем қуып барып әлгі етті қолынан тартып алды. Сол-ақ екен, бір милиция жігітін ертіп әкеліп, әкемді тұтқындап, етін, ат-арбасын бәрін милиция ауласына алып-барды. Етті өздері жіліктеп бөліп алды. Әкемді абақтыға жапты. Мен шырылдап қала бердім».

Сталиндік қуғын-сүргін құрбандары әкелі-балалы Малтай Бердіғұлұлы (1861-1931) мен Қабдуәли Малтайұлының (1898-1932) тағдырлары аса тауқыметті.

Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысының ардагері, ұстаз Қазиев Шияп ақсақал Павлодар қаласында тұрады. 1940 жылы Омбы қазақ педагогика училищесін тәмамдаған. Қазақтың қария сөздерін жатқа айтады, ән шырқайды. Әрі балық аулаудың майталман шебері. Ағасы Қабдуәлиұлы Тәуекел 1917 жылы туған. Өзінің атақонысы Сілеті өзені бойындағы Қулыкөл ауылында тұрады.

Негізінде, Солтүстік Қазақстан өңіріндегі көтерілістер мен тарихи тұлғалар тағдырын зерделеу үшін мынадай ұйымдастыру жолдарын жүргізу шарт:

1. Абылай хан я болмаса Кенесары Қасымұлы атында ғылыми-зерттеу орталығы ашу, бұл орайда Ресей ғалымдарын тарту. Себебі, Ресей мұрағаттарындағы деректерді ғылыми айналымға түсіру мақсатымен.

2. Экспедиңия ұйымдастыру: тарихшылар, фольклортанушылар, географтар, археологтар болуы керек.

3. Аймақтың тарихын терең таныту үшін өз алдына газет яки журнал ашу.

4. Екі жылда бір мәрте конференция ұйымдастыру.

5. «БатырБаян», «Кенесары» атында медал шығару.

6. Ел мен жер тағдыры үшін күрескендердің рухына обелиск, монумент орнату. Анықтамалық шығару.

7. Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгерту.

 

Негимов, С. Қызылту өңіріндегі зиялылар тағдыры /Шығармалары.- 2 т.- Астана: Фолиант, 2015.- Б. 303-309
 

Похожие записи

  • Ғұлама тарихшы

     Қазактың ғұлама ғалымы, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл толып отыр.

    Мәкеңнің қандай адам болғанын әйгілі ақын Кәкімбек Салықов өзінің «Қазақтың Манашы» атты эссесінде: «Манаш Қабашұлы Қозыбаев кім? дегенде менің ойыма оның бір сырлы мінезі мен мың қырлы қасиеттері түседі.
    Алдымен оны сергек сезіммен ақыл-парасаты үйлескен ел алдындағы парызын әділ де адал ақтап өткен халқымыздың ең сүйікті перзенттерінің бірі, нар тұлға деп танимың ізденімпаз, терең ойлы, зерлі оқымысты, теңізден маржан тергендей тапқырлықтың иесі, дарынды жаң өресі биік энциклопедист, әмбебап білімдар, әдебиет пен мәдениет, өнер мен бүкіл өмірімізді жіті білетін ғалым.

  • Уақыт сынынан сүрінбей өттік

     Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда Қазақ елі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен талай «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткеріп, бүгінде өзіндік бет-бейнесі және ерекшеліктері мен ұстанымы бар әлем танитын әрі мойындайтын елге айналды. Бұл күнге оңайлықпен келмегеніміз анық.
    Ширек ғасыр бұрын егемендігін паш етіп, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдаған Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлық мерекесі қарсаңында халқымыздың ортақ мүдде үшін күш-жігерін біріктіріп, егемендігімізді нығайтып, әлемдік аренадағы саяси салмағымызды бағамдауға өзіндік үлес қосқан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі Самат Бекназаровты әңгімеге тарттық.

    — Самат Жанатайұлы, өзіңіз ауыл шаруашылығы институтын бітірген екенсіз. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қызметке қалай келдіңіз?

    — Шал ақын ауданындағы белгілі ғалым Евней Букетов дүниеге келген қазіргі Бағанаты ауылынанмын. Ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, жиырма жеті күн ғана агроном болып қызмет істедім. Сергеев аудандық комсомол комитетінің хатшысы, аудандық партия комитетіне нұсқаушы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқардым. Бірде партия органында істеп жүргендер арасынан мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке іріктеу өтті. Мәскеу қаласына Қазақстаннан аудандық партия комитетінің хатшысы лауазымында қызмет істеген, жасы 40-тан аспаған үш жігітті жіберді. Сөйтіп, мен Мәскеудегі Дзержинский атындағы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғарғы мектебіне жолдама алдым. Отбасыммен бірге екі жыл сонда тұрып, оқыдым. Жоғарғы мектепті де, академияны да үздік бітірдім.
    Талдықорғанда төрт жарым жыл ұлтшылдық, экстремизм, терроризм сияқты жағдайлардан қоғамды, мемлекетті қорғауға міндетті бөлімде қызмет атқардым.

  • Жарқын белес

    Қазақстанның Тәуелсіздік тұғырына қонғанына — 25 жыл. Осы ширек ғасыр ішінде еліміз дамудың жаңа бағыттарын таңдап, алдына қойған үлкен мақсат-мүдделерді бағындырды. Соның бір көрсеткіші — елімізде метрология, стандарттау және сертификаттау  жүйесінің қалыптасуы болды.

  • Летопись новой эпохи. Начало

    1992 год
    Новый 1992 год бывший советский народ встречал уже в другой стране. Каждый — в своей, суверенной. После распада единого могучего начался парад суверенитетов. Попытки сохранить Союз под флагом славянских или тюркоязычных государств не дали результатов, так как стало ясно, что политические декларации без решения главного вопроса — перехода к рыночной экономике — не имеют смысла. К тому времени уже был разрушен единый народнохозяйственный комплекс, который мог существовать лишь при жесткой плановой экономике. Каждая республика пустилась в самостоятельное плавание.

  • Мәдениет — елдің келбеті

     Егемендік алған ширек ғасыр ішінде еліміз экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да кемелдене түсті. Тоқырау жылдары талан-таражға түскен талай мәдениет ошақтары қайта қалпына келтірілді.
    Жоғалып барып, халықпен қайта қауышқан ұлттық өнеріміздің орны бір бөлек. Тоқсаныншы жылдардың соңы мен екі мыңыншы жылдардың басы Қызылжар өңірінің мәдени өмірінде де жаңа серпіліс болғанын білеміз. Қазақ театрының ашылуы, ұлттық өнер ұжымдарының құрылуы, республикалық айтыстардың өткізілуі — сөзіміздің дәлелі. Сол оң өзгерістердің бел ортасында нардың жүгін арқалап жүрген азаматтардың бірі Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, облыстық мәдениет басқармасын басқарған Амангелді Балмұқанов болатын. Бүгінде зейнет демалысындағы ағамызбен жолығып, қызығы мен қиындығы бірдей сол күндерді еске алдық.

  • Сенімді серпін

    Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Біз — азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл — Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт», — деп атап көрсетті. Алдымызға — дамыған озық 30 елдің қатарына кіру мен «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру міндетін қойды. Осы міндеттерді саралай отырып, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі кезеңді ой елегінен өткізген менің санамнан: «Сынаптай сырғыған осы уақытта «Мен не атқардым?» -деген сауал кетпей қойды. Ой жетегіне ерген менің көз алдымнан сонау Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар көші жылжып өтіп жатты…