Қазақтың нағыз жанашыры


Мен белгілі жазушы, жерлесіміз, марқұм Герольд Бельгерді көптен бері білетінмін. Оны толып жатқан көп жазушының бірі емес, қазақтың нағыз жанашыр азаматы, аудармашы, қазақ тілі мен әдебиетінің тәлімгері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі және Қазақ елінің патриоты ретінде танимын.
Жазушының ерен еңбекпен, ізденіспен өрілген өмірбаянына үңілсек, тағдыр тауқыметін жасынан-ақ бір кісідей тартқандығын ұғынамыз. Өмірден көрген-түйгенін табиғи дарынына суарып, кемел білімімен шыңдап, көркем шығармаға айналдыра білген дара тұлға екенін зор мақтанышпен айтуымыз керек.
Қиырда, желдің өтінде, елдің шетінде орналасқан Қызылжарда жатып, Герольд Карловичтің өмірі мен шығармашылығына арналған мерейлі жиындарға қатысуға мүмкіндігіміз аз болды, ол туралы өз көзқарасымызды көзі тірісінде жиі айта алмадық.
Бір есімде қалғаны, Герольд Карловичке «Абылай хан» деген атпен 2005 жылы жарық көрген кітабымды тапсырғаным бар. Кітапты қолына ұстап тұрып: «Басқа қазақтар ұйықтап жүргенде, сен үлкен еңбек тындырған екенсің, мынауың ғажап қой, құттықтаймын!» — деп бірауыз жылы лебізін білдірген еді.
Герағаның Саратов облысындағы Энгельс қаласында өмірге келгендігін, екінші дүниежүзілік соғыс басталған тұста неміс ретінде ата-анасымен бірге Қазақстанға жер аударылып, Солтүстік Қазақстандағы ерке Есілдің жағасында орналасқан Ыбыраев ауылына қоныстанғандығын, осы жерде қазақ мектебіне барғандығын марқұм Ғалым Қадыралин айтып отырушы еді.
Әдебиетке құмарлығы ерте оянған Герольд Карловичтің алғашқы өлеңдерінің бірі:
Келді көктем, келді көктем,
Қуанышты көптен күткен.
Күн жылынып, қар еріп,
Гүрілдеп, тулап ақты өзен, -жолдармен өріледі.
Бұл, әрине, ерке Есіл өзеніне арналған.
Герағаның қазақ халқына деген құрметі бала кезінен қалыптасты. Мектепті үздік бітіргеннен кейін Қарағандының кен-металлургия институтына оқуға түсуге барады.
Бірақ жолы болмайды. Содан кейін Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтына құжаттарын тапсырады. «Жер аударылған» деген жазықсыз жала жолын тағы да кес-кестейді.
Оған қиын сәтте көмек қолын созып, қамқорлық көрсеткендердің бірі — Мәлік Ғабдуллин болатын. Кеңес Одағының Батыры, профессор Мәлік Ғабдуллинді әкесіндей жақсы көруі бекер емес қой.
Гераға 2-сыныптан бастап күнделік жазуды әдетке айналдырған.
Әкесі көзі ашық, көп жылдар бойы ауылда фельдшер болған екен.
Тірі кезінде жариялауға рұқсат бермеген күнделік парақтарындағы мәйекті ойлары мен мағыналы сөздері келер ұрпаққа олжа болып оралар, бәлкім. Ол күн де алыс емес шығар.
Жазушы шығармаларының қай-қайсысын алып қарасақ, ауыл адамдары, қазақ тағдыры тілге тиек етіледі. Мәселен, «Алыс жолдың алдында» деген хикаясында туған жерінен Қазақстанға қалай көшкені туралы баяндалады. Осы шығарманы оқығанда, бала кезіндегі сезім толғаныстың әсерінен шыға алмағаным бар. Өйткені, мен дәл сол неміс этносының өкілдері сияқты жер аударылып келген балалармен бірге ойнадым, олардың шешелері мен әжелерінің бұлаудай көз жасын көрдім, көкіректерін қарс айырған мұқтаждықтарының куәсі болдым.
Шығармаларының көркемдік дәрежесі өте жоғары Герольд Бельгер әр нәрсеге ұқыптылықпен қарады. Екшеп-елеп алмай жазбайтын. Әр сөйлемі тасқа қашағандай айқын, жігі бұзылмаған қисынды, әлбетте, кестедей келісті. Бұл — әлем әдебиетінің озық шығармаларымен сусындап, қалыптастырған эстетикалық талғамының нәтижесі.

Оның сұңғыла аудармашы болғандығы өз алдына бір бөлек әңгіме. Қазақ жазушыларының 200-ден астам шығармасын қазақшадан орысшаға көркем аударды, олардың ішінде Мұхтар Әуезовтің, Бейімбет Майлиннің, Ғабит Мүсіреповтің таңдаулы туындылары, романдары мен повестері, әңгімелері мен пьесалары, кесемсөз үлгілері бар.
Қазақтың қалам қайраткерлерін орыстілді оқырманға, сол арқылы әлемдік әдебиет арнасына шығарған аудармашының жемісті еңбектері бұрынғы Кеңес Одағының «Советский писатель», «Художественная литература», «Детгиз» сияқты, еліміздің «Жазушы», «Қазақстан», «Жалын» тәрізді беделді баспапарынан бірінен соң бірі жарық көріп жатты, көптеген орталық және республикалық баспасөзде жарияланып тұрды. Оның бер жағында өзіміздің Әбдіжәміл Нұрпейісовті, Әбіш Кекілбаевты, Дүкенбай Досжанды, Оразбек Сәрсенбайды орысша сөйлеткенін зор еңбек пен елге, жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі деп қабылдауымыз ләзім.
Герольд Бельгерді кез келген мәселеге қатысты орнықты пікірі, өзіндік принципі бар, сауатты, білімді азамат ретінде таныдым. Қазақшаны көп қазақтан артық біледі десек, дауласа қоймаспыз. «Сендер, өз байлықтарыңды бағаламайсыңдар. Қазақтың ұшан-теңіз тілі бар, баға жетпес байлығы — ғажайып салт-дәстүрлері бар. Қазақ жерінің асты-үстінің байлығы әлемдегі ешбір халыққа бұйырмаған игілік екенін білсеңдер, шіркін!»-деп отыратын.
Айтулы тұлғаның қазақтың көптеген қаламгерлерінен, зиялы қауымынан ең үлкен артықшылығы жарамсақтығы жоқ, жағымпаз емес, жалтақтықтан ада-күде. Осы кезге дейін халқымызға дәл Бельгердей еңбек сіңіргендер көп емес. Қажет кезінде, өткір пікір керек болғанда, бүкіл журналист қауымының Бельгерді жағалағаны да шындық.
Мектепте жүргенде күнделік жаза бастаған азамат «Алқа» журналында осы дүниелері жайында сыр бөлісіп еді. Әлі есімізде, сонда, сөз арасында: «Оның бәрін оқыса, қазақтар мені түтіп жейді ғой», — деп әзілдегені бар. Ал енді, соңғы кезге дейін жарияланып келген «Плетенье чепухи…» жазбаларын мен «Тұздығы ащылау қуырдақ…» деп аударған болар едім. Шындықты шырқыратып, айдай анық ақиқатты айтқан ғой. Оның аударған дүниелерінің бір сөзін алып, орнына басқа сөз қосудың жөні жоқ. Бәлкім, ақылман тұлғаның бізге аманаттаған өсиеті осы да шығар. «Мен болсам, кетіп барамын, сендердің естеріңде болсын, байқаңдар!..» — деп ескерткені болар.
Терең білімді, ойы өрісті, Ұлы Даладай кең Герольд Карловичтің Қазақстанға, қазақтарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін сөзбен жеткізе алмай кеткені ақиқат. Енді сол ардақты есімді құрметтеу — бүгінгі, келер ұрпақтың ең асыл міндеттерінің бірі.
Қазақ әдебиетінің шын жанашыры әрі жанкүйерінің табанды еңбегі қайталанбас құбылыс іспеттес. Осындай құбылыс өзге әдебиетте бар ма, жоқ па деген сұрақ санада келбеңдейді. Өзбек әдебиетінде өзге ұлт өкілдері бар.
Бірақ олар дәл Г. Бельгердің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегін істей алған жоқ. Оның қазаққа, қазақ әдебиетіне деген махаббаты шексіз. «Абай жолы» романының аудармасы туралы тергеп, тексеріп, жаны аши күйініп жазған талдау мақаланы бір қазақ жаза алған жоқ қой. Біз де аударманың олпы-солпы тұстарына ішімізден кіжінсек те, қалай айтудың, оған қай қырынан келудің жөнін таба алмадық қой.
Ол өзі куә болып жүрген әдеби процестің жайы, жеке жазушылар, қоғам және саясат туралы қандай да түйінді мәселенің ақиқатын дәл басты, жасырып, жағынған жоқ.
Қай жазғанын да тұшынып, айызың қанып оқисың. Қазақтың жанына батырып-батырып айта алады. Герағаның қазақ тілі туралы айтқандарын жинап, жүйелесек тұтас ғылыми тұғырнама шығар еді. Болашақта осы мәселені қолға алғанымыз да жөн болар. «Жақсының аты өлмейді» дегендей, қазақ халқы барда тұғыры биік тұлға — Герольд Бельгердің есімі ешқашан ұмытылмайды.

Зарқын Тайшыбай, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.
Тайшыбай.З. Қазақтың нағыз жанашыры.// Солтүстік Қазақстан. -17 қараша. — 2016. — 11 б.

Похожие записи

  • Летопись новой эпохи. Начало

    1992 год
    Новый 1992 год бывший советский народ встречал уже в другой стране. Каждый — в своей, суверенной. После распада единого могучего начался парад суверенитетов. Попытки сохранить Союз под флагом славянских или тюркоязычных государств не дали результатов, так как стало ясно, что политические декларации без решения главного вопроса — перехода к рыночной экономике — не имеют смысла. К тому времени уже был разрушен единый народнохозяйственный комплекс, который мог существовать лишь при жесткой плановой экономике. Каждая республика пустилась в самостоятельное плавание.

  • Ұлт шежіресін жазған ғалым

     Қазіргі кезде тарих атасы Геродот тарихына пікірлер айтылып жүр. Ежелгі Римнің тарихшысы Плиний жазбаларына да басқаша қарау бар. Бұлар түсінікті де секілді. Өйткені, қазіргі тарихшылар өзіне дейінгі заманды зерттеп, бүгінгі күн биігінен бағалайды. Ал олар өздерінің көргендері мен естігендерін сол заман өлшемдерімен бағалап, жазды.
    Тарих — ғылымның таласты салаларының бірі. Оған әркім баға беруге келгенде өз білім-білігі бойышна әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда Конфуций философиясындағы бір заңдылық үстемдік құрады.
    Онда былай делінгек «Егер үстіңдегі ақ көйлегіңді біреу «мынауың қара екен» десе, үндеме, әлгі екінші рет келіп, солай десе, тағы үндеме. Үшінші, төртінші, тіпті, жүзінші рет әлгісін қайталаса да, «мұның қате деме», өйткені, оған сенің көйлегің қара көрініп тұрған болуы керек». Бұл дәл қазіргі заманға арнап айтылған секілді.
    Осылардың бәрін еске алып отырған себебім тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «мынауың қара екен» деген секілді сындарды да естіді.

  • Азат елдің шуағына бөленуде

     Еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ауқымды түрде атап өтті. Елбасы Қазақстан халқын кұттықтап, осы уақытта әр сала бойынша жеткен жетістіктерді саралады, өткенімізге көз жүгіртіп, артта қалған ауыр кездерді де еске алды.
    Иә, сынаптай сырғып өте шыққан 25 жылда ғасырлар бойы арман болған ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге оңайлықпын жетпегеніміз айдан анық. Өзім білім саласының өкілі болғандықтан, Елбасының сөздерін тыңдап отырып бұл жүйенің де жеткен жетістіктерін естіп, марқайып қалдым.
    Тәуелсіздіктің алғашқы тоқырау жылдарында жергілікті бюджеттегі қаржы тапшылығына байланысты мектеп, балабақша тағы басқаларының халі мүшкіл болып, көпшілігі жабылып тынды.
    Алайда, қандай қиындық болсын елдің елдігін, оның руханият биігін көрсететін бір белес бар. Ол жетім, мүгедек балаларға мемлекет тарапынан көрсетілуге тиіс қамқорлық.
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы — 2050″: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін айтты.

  • Дін — көрінгеннің қолжаулығына айналмауы керек

    Биылғы жылдың үлкен датасы — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мерейтойдың еліміз үшін мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің  тұғырлы болуында өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым, танымал қоғам қайраткері Мырзатай Жолбасбековпен елдегі діни ахуал және ислам дінінің бүгіні туралы әңгімелескен едік.

  • Уақыт сынынан сүрінбей өттік

     Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда Қазақ елі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен талай «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткеріп, бүгінде өзіндік бет-бейнесі және ерекшеліктері мен ұстанымы бар әлем танитын әрі мойындайтын елге айналды. Бұл күнге оңайлықпен келмегеніміз анық.
    Ширек ғасыр бұрын егемендігін паш етіп, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдаған Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлық мерекесі қарсаңында халқымыздың ортақ мүдде үшін күш-жігерін біріктіріп, егемендігімізді нығайтып, әлемдік аренадағы саяси салмағымызды бағамдауға өзіндік үлес қосқан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі Самат Бекназаровты әңгімеге тарттық.

    — Самат Жанатайұлы, өзіңіз ауыл шаруашылығы институтын бітірген екенсіз. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қызметке қалай келдіңіз?

    — Шал ақын ауданындағы белгілі ғалым Евней Букетов дүниеге келген қазіргі Бағанаты ауылынанмын. Ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, жиырма жеті күн ғана агроном болып қызмет істедім. Сергеев аудандық комсомол комитетінің хатшысы, аудандық партия комитетіне нұсқаушы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқардым. Бірде партия органында істеп жүргендер арасынан мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке іріктеу өтті. Мәскеу қаласына Қазақстаннан аудандық партия комитетінің хатшысы лауазымында қызмет істеген, жасы 40-тан аспаған үш жігітті жіберді. Сөйтіп, мен Мәскеудегі Дзержинский атындағы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғарғы мектебіне жолдама алдым. Отбасыммен бірге екі жыл сонда тұрып, оқыдым. Жоғарғы мектепті де, академияны да үздік бітірдім.
    Талдықорғанда төрт жарым жыл ұлтшылдық, экстремизм, терроризм сияқты жағдайлардан қоғамды, мемлекетті қорғауға міндетті бөлімде қызмет атқардым.

  • Мәдениет — елдің келбеті

     Егемендік алған ширек ғасыр ішінде еліміз экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да кемелдене түсті. Тоқырау жылдары талан-таражға түскен талай мәдениет ошақтары қайта қалпына келтірілді.
    Жоғалып барып, халықпен қайта қауышқан ұлттық өнеріміздің орны бір бөлек. Тоқсаныншы жылдардың соңы мен екі мыңыншы жылдардың басы Қызылжар өңірінің мәдени өмірінде де жаңа серпіліс болғанын білеміз. Қазақ театрының ашылуы, ұлттық өнер ұжымдарының құрылуы, республикалық айтыстардың өткізілуі — сөзіміздің дәлелі. Сол оң өзгерістердің бел ортасында нардың жүгін арқалап жүрген азаматтардың бірі Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, облыстық мәдениет басқармасын басқарған Амангелді Балмұқанов болатын. Бүгінде зейнет демалысындағы ағамызбен жолығып, қызығы мен қиындығы бірдей сол күндерді еске алдық.