Биік белестерге ұмытлған серіктестік


XX ғасыр өнеркәсіптің қарқынды дамуымен және халық санының өсуімен сипатталса, XXI ғасырдың басында қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптің кейбір салалары таза суға, өсімдіктерге және т.б. зиянын тигізе отырып, жылдамдықпен дами бастады.
Адамзаттың бүгінгі іс-әрекеті, күнделікті тіршілік жерге, ауаға, суға орны толмас залал келтіруде. Адамның табиғатқа әсер етуі оның өзінің өміріне де қауіп төндіреді.
Бабаларымыз «Су — тіршілік көзі» деп бекер айтпаған. Өйткені, адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес. Бүгіндері әлемде сапалы ауызсу тапшылығы анық сезілуде.
Тәуелсіз елімізде, оның бір бөлшегі болып табылатын біздің Қызылжар өңірінде бұл мәселе өз шешімін тауып келеді. Облыс орталығындағы іргелі кәсіпорындардың бірі — «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Петропавл қаласының тұрғындарын сапалы ауызсуымен және қаланың техникалық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыратын ірі мекеме. Оған су таратқыш құрылғылар, бірінші және екінші көтерілімдегі сорғыш станциялары, су жарқыратқыш, фильтрлік, зарарсыздандырғыш құрылғылар мен зертханалар, су құбыры жүйесі, сорғы станциялары мен басқа да техникалық және шаруашылық нысандар сияқты ірі көлемді техникалық база кіреді.
Бір ғасырдан астам тарихы бар «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қала тұрғындары мен мекемелерін орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың толық кешенін жүзеге асырады, аулалық жүйелер кәріздік коллекторларға, ағынды сулар жинақтаушы бөгеттеріне, кәріздік тазартқыш құрылғыларға қызмет көрсетеді.
Қалаға тазартқыш ғимараттар-дан су Солтүстік-Батыс, Дзержинск, Октябрь, Оңтүстік-Батыс, 20 шағынауданындағы магистральдық жолының бойымен суқаланың сумен жабдықтапуы жылына бір рет күз айларында тоқта-тылып, сумен жабдықтаудың тиімділігін жоғарылату үшін барлық желілерге жуу мен дезинфекция жүргізіледі. Ағынды сулардың рұқсатнамасымен кәрізді желілердің учаскелері шұғылданады.

Бүгіндері біздің кәсіпорын қаламыздың маңызды және ажырамас инфрақұрылымына айналған. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында қаламыздағы барлық тұтынушыларға 9 миллион текше метр су жеткізілді, бұл былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 0,1 пайызға жоғары көрсеткіш. Біздің ұжым қызметкерлері 86 мың абонентке, уш мыңға жуық кәсіпорындар мен мекемелерге су жеткізу жұмысымен айналысады. Сонымен қатар, 326 километр ішкікварталдық, бөлу және магистральдық су құбырларына қызмет көрсетіледі.
«Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі су жеткізумен айналысатын монополист кәсіпорын ғана емес, мемлекетке нақты табыс әкелетін бизнес-құрылымға айналуда. Бұл игі іс кәсіпорын тарихында бірінші рет қолға алынып отыр. Үстіміздегі жылдың тоғыз айындағы операциялық табысымыз 101,9 миллион теңгеге жетті.
Кәсіпорын қызметкерлері қол «жеткізген табыстарды тұрақты ету қолында аянбай еңбек етуде. Біз қазір алдымызға су құбырларындағы апаттар санын барынша азайтуға, жыл сайын тозығы жеткен 15 километр құбырды жаңасына ауыстыруды мақсат етіп қойып отырмыз. Бұл ойымыз жүзеге асса, 2025 жылы қаламыздағы барлық су құбырлары жаңартылатын болады.
Алға қойған мақсатты жүзеге ісыру үшін кәсіпорын судың шынын есептейтін және сорғы агрегаттарының жиілікті реттейтін осызаманғы аспаптарын орнату колымен магистральды су құбырларын қайта құру бойынша ұзақмерзімді инвестициялық бағдарлама жасады. Бұл бағдарлама 2016-2021 жылдары жүзеге асырылуы тиіс.
Жобаның құны — 7,5 миллиард теңге. Биыл екінші көтерілімдегі сорғы станциясын қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Жоспарға сәйкес энергиялық тиімді үш сорғы агрегаттары орнатылды. Сондай-ақ, диаметрі 800 миллиметрлік Оңтүстік-Батыс тазалау ғимараттарынан бірінші көтерілімдегі сорғы станциясына дейінгі су құбырларына қайта құру жүргізілді.
Кәсіпорын қызметіндегі басты бағыттардың бірі су желісіндегі барлық кешеннің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Өндірістік қуаттарды жаңғырту, орындаушылық және технологиялық тәртіпті нығайту арқылы кәсіпорын 19 кәріздік сорғы станциялары қондырғыларын алмастыру бойынша оң серпінге қол жеткізуде. Инвестициялық бағдарламаға сәйкес Қ.Сәтбаев және Қ.Кеншінбаев көшелеріндегі кәріздік сорғы станциялары толық қайта жаңғыртылды, қаламыздың басқа шағынаудандарындағы алты сорғы станциясының технологиялық қондырғылары алмастырылды. Осы станциялардағы қауіпті процестер толық автоматтандырылды, апатты жағдайларға душар еткізетін адами факторлардың болмауы қарастырылды.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағ-дарламасы аясында санация әдісімен Пушкин көшесінде кәріздік коллекторды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар аяқталды. Бұл бағыттағы жұмыстар Шухов пен Заводская көшелерінде жалғасып жатыр.
Су өткізгіш-кәріздік шаруашылығының барлық қызметтері жедел жұмыс жасауы үшін диспетчерлік қызметтеріміз тындырымдылық танытуда. Кәсіпорында азаматтардың тұтынушылар ыңғайлылығы үшін тұрғындарға қызмет көрсету орталығы ашылды, онда кез келген қызмет үшін төлемақы төлеп, су есептегіштерін тексертіп, техникалық шарт ала алады.
Мекеменің автокөлік паркінің жаңартылуы жалғасуда. Жаңа шынжыр табанды «Коmastu» тракторы сатып алынды, ол қыстың қатал ауа райында жұмыс істей алады.
Екі » Коmastu -WВ» жүк артушы-экскаваторы, сумен жабдықтау және суды бөлу кешенінің зертханасына қызмет көрсету үшін 2 шағын автобус, «ПАЗ» автобусы, жоғары қысымды коллекторларды жууға арналған құрылғысы бар жуғыш машина, екі апаттық машина, ауыр техниканы тасымалдауға арналған трал және басқа да техникалар тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуге септігін тигізуде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде пайдалану шығындарын азайту бойыша оң экономикалық тиімділікке, ең бастысы, қаладағы тұтынушыларымызға суды жеткізуде сенімділікке қол жеткізудеміз.
«Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бір мыңға жуық адам еңбекетеді, бұл-қаламыздағы қызметкерлер саны бойынша төртінші ірі кәсіпорын.
Оның тиімді жұмыс істеуіне кәсіпорынның партия, кәсіподақ ұйымдары мен қоғамдық келісім кеңесі ықпал етуде десек қателеспеспіз.Кәсіпорын қызметкерлерінің үш-тен бірі «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылады. Биылғы наурыз айында қаржылық директор Ержан Бәженов Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Үстіміздегі жылдың сәуір айы-нан кәсіпорын ұжымы мақұлдаған және сайлаған қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істей бастады. Бұл кенес әкімшілік пен ұжымның мүдделерін үйлестіретін қоғамдық ұйым ретінде өзін жақсы қырынан көрсете білуде. Оның отырыстарында бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы қаралып, учаске басшыларының өндірістік және еңбек тәртіптерінің жағдайы туралы есептері тыңдалды. Жуырда кәсіпорынның 115 жылдығына орай мұражай ашылмақ.
Биылғы қазан айынан бастап «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде мамандығы бойынша үздіктерді анықтайтын конкурс еткізу дәстүрін қайтадан жаңғырттық. Конкурстық комиссияның шешімімен ең үздіктер марапатталды. Владимир Акимов — кәсіпорынның үздік электромонтері, Меруерт Хусаинова -үздік зертханашы, Вадим Ягодин -сумен жабдықтау кешені апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының үздік слесары,Борис Приказчиков — үздік автобус жүргізушісі, Қадыржан Қабденов — үздік газбен және электрмен дәнекерлеуші, Юрий Бородин-үздік токарь, Владимир Ефанов су белу кешені апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының үздік слесары болып танылды.
Қоғамдық келісім кеңесінің отырысында «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік-еңбек ұжымдарының үстіміздегі жылдың тоғыз айындағы жарысының қорытындысы шығарылды. Кәсіпорын бөлімшелерінің жұмысын бағалау кезінде кадр тұрақтылығы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ере-желерін сақтау, жөндеу қорының игерілуі, есепті уақтылы беру сияқты өлшемдер есепке алынды. Кәсіпорындағы он үш өндірістік-еңбек ұжымдары арасында Сергей Лошаков басқаратын кәріздік желілер учаскесі бірінші орын алды.
Қараша айында біз қайырымдылық акциясын өткіздік. Кәсіпорынның қызметкерлері аз қамтылған отбасылардың және мүгедек балалардың киім мен аяқкиім сатып алуларына 425 мың теңге жинап, тапсырды. Еңбек ұжымы қаламызда өтетін қоғамдық-бұқаралық шараларға белсене қатысады. Біздің кәсіпорынның бастамасымен жалпықалалық «Судың сапасы және оны үнемдеу жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Қызылжар су жауапкершігііп шектеулі серіктестігінің ұжымы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында атап көрсетілген өндірісті жаңғырту және инновациялық технологияларды енгізу бағытындағы айқын міндеттерді орындау жолында бар мүмкіндіктерін пайдалануда. Тәуелсіздік жылдары біздің кәсіп-орын елімізбен бірге есу-еркендеу жолынан өтіп келеді.
Бүгіндері бү-кіл еліміздің аумағында «Ұлы Дала елі — Тәуелсіздікгің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы өтіп жатыр. Тәуелсіздік жылдары қол жеткен жарқын істерді көрсететін бұл игілікті іс-шараларға біздің еңбек ұжымымыз да белсене қатысуда.

Жеңіс Сұлтанов, «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры.
Сұлтанов Ж. Биік белестерге ұмытлған серіктестік.//Солтүстік Қазақстан. -29 қараша. – 2016. – 7 б.

Похожие записи

  • Ұстаздық – ұлы мамандық.

     Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап келген егемендігін алғанымыз кеше ғана сияқты еді. Еліміздің Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде шекарамыз шегенделіп, тіліміз мемлекеттік мәртебесін алды, төл теңгеміз нығайды, еліміз төрткіл дүние танитын халге жетт.
    «Тарихты тұлғалар жасайды» дегендей, тәуелсіздіктің іргесі берік болуы үшін барша қазақстандықтар өз саласында, өз деңгейінде атсалысуда. Білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз Әлия Малдыбаеваның да тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан өзіндік үлесі бар.

  • Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы Тәуелсіздік таңының арайлап атқаны күні кешегідей көз алдымызда тұр.

     Тәуелсіздік  туралы толғамды ой, салиқалы әңгіме өрбіту  үшін оның тарихындағы айтулы күн — 16 желтоқсанның мерекелік сипатына да тоқталған жөн деп ойлаймын.

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда қайтадан егеменді ел болған күні ретінде ерекше мағынаға ие. 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып шықты. Солардың бірі — Қазақстан. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Заңды қабылдады. Бұл Заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

     

  • Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт.

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атауымен кезекті ХХІV сессиясы болып өтті.

    «Мәңгілік Елге» апаратын басты құндылықтар, міне, осылар. Оған еліміздің барлық өңірінен Ассамблея мүшелері қатысты. Қоғам және мемлекет қайраткерлері, түрлі этностардың ұлттық киімдерін киген этномәдени бірлестіктер өкілдері, орден-медальдарын жарқыратып тағып алған ардагерлер, еліміздің саяси-экономикалық, мәдени, спорттық өміріндегі танымал тұлғалар сарайдың ішін жайнатып жібергендей болды.

    Сессияға, оның жұмысына шақырылған қонақтарды қоса алғанда, 1500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шетелдердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері болды.

  • Сенімді серпін

    Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Біз — азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл — Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт», — деп атап көрсетті. Алдымызға — дамыған озық 30 елдің қатарына кіру мен «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру міндетін қойды. Осы міндеттерді саралай отырып, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі кезеңді ой елегінен өткізген менің санамнан: «Сынаптай сырғыған осы уақытта «Мен не атқардым?» -деген сауал кетпей қойды. Ой жетегіне ерген менің көз алдымнан сонау Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар көші жылжып өтіп жатты… 

  • Дін — көрінгеннің қолжаулығына айналмауы керек

    Биылғы жылдың үлкен датасы — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мерейтойдың еліміз үшін мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің  тұғырлы болуында өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым, танымал қоғам қайраткері Мырзатай Жолбасбековпен елдегі діни ахуал және ислам дінінің бүгіні туралы әңгімелескен едік.

  • Отаным — бақыт ордасы

    Еліміздің Тәуелсіздік алуымен өшкеніміз жаңғырып, өлгеніміз тірілуде. Жат жұртта жүрген қазақтардың да атамекенге қарай көш басын бұруы осы Тәуелсіздіктің арқасы. Мен де отбасы, ағайын-туысыммен бірге 1992 жылы Моңголиядан көшіп келгенмін. Елім маған бар көмегін жасады, енді мен еліме не берсем екен деген оймен осыдан 17 жыл бұрын ағаштан қолөнер бұйымдарын жасайтын шағын цех аштым. Бүгінде бұл отбасылық шағын бизнеске айналды.