Гүлдену мен даму жолында

 

  Тәуелсіздік Бұл сөз бақытты тағдырымыздың жаңа тарихымыздың шыңының Қазақстан халқының жеңістерімен жетістіктерінің, қазақ жерінің жаңаруының символы іспеттес.

 

1997 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ленин және Москва аудандарының бірігуі нәтижесінде Есіл өзенінің бойында орналасқан көркем өлкеге Есіл ауданы атауы берілді. Бұл жоспарлы даму мүмкіндігін қамтамасыз ету және аймақтық бірліктердің бүтіндігін сақтау мақсатындағы маңызды стратегиялық қадам болып табылды. Тәуелсіздіктің 25 жылы тарих үшін — қас қағым сәт қана, алайда, біз үшін бүл елдің басқа аймақтары арасында өзіндік лайықты орын алуға мүмкіндік берген өсім мен қалыптасу уақыты.

Экономикалық жағдайлардың қиындығына қарамастан, ауданымыз серпінді даму жолында. Мемлекеттің жан-жақты қолдауы нәтижесінде біздің өлке инфрақұрылымы дамыған заманауи ауданға айналды. Су құбырлары, авто-көлік жолдары жөнделіп, жаңалары салынды, өндіріс нысандары тұрғызылды, халыққа қызмет көрсету орындары мен дүкендер желісі кеңейді.

390,5 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабында 261 агроқұрылым жұмыс істеуде. 90-жылдары негізін қалаған «Ильинское», «Заградовское», «Прометей-Агро», «Агрохимснаб», «Пушкинское», «Московский» серіктестіктері және тағы да басқа шаруашылықтар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды үлес қосты және бүгінде жетекші кәсіпорындар болып саналады.

Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында және Бес институттық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам — Ұлт жоспарында қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін аудан экономикасының жетекші саласы ретінде ауыл шаруашылығына басымдық берілген.

 Жайылымдар мен шабындық алқаптарға көпжылдық шөптер себілуде. Бұл өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласының басым бағыттарының бірі болып табылатын ата кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді. Ауданның шаруашылықтарында 80 мал фермасы бар, оның ішінде  15-і асылтұқымды ірі қара өсіру мәртебесіне ие. «Достық» шаруа қожалығы асылтұқымды қой өсірумен айналысады.

Осы жылы Жарғайың ауылында «Данияр-Агро» ЖШС қымыз өндіретін және сүт сатып алу мен қайта өңдейтін цех ашуды жоспарлады. 12 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Шағын және орта бизнес — әр елдің экономикасының негізі. Тәуелсіздіктің алғашқы кездерінде Қазақстанда шағын және орта бизнес экономиканың маңызды секторы болып белгіленді және оны жан-жақты қолдау әрдайым мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала береді. Осының арқасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны тұрақты өсуде. Мысалы, 2007 жылы ауданда 221 сауда кәсіпкерлігі қызмет етсе, 2016 жылы олардың саны 242-ге өсті, қоғамдық тамақтандыру орындары 39 болса, қазіргі уақытта 47-ге жетті, шаштараз саны 14-тен 20-ға көбейді, тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша орындар саны 40 пайызға өсті. Биылғы жылдың өзінде «Пекарушка» наубайханасы, «Смак» азық-түлік дүкені, «Алтын Есіл» сауда үйі пайдалануға берілді, бұл 30 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Осы жылдың шілде айында Астана күнін мерекелеу қарсаңында Корнеевка ауылында құны 7 млн. теңге ағаш өңдеу цехының ашылуы жоспарлануда.

Ауданда дене шынықтыру және спортқа бұқара халықты жұмылдыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру бағыттарында да елеулі жұмыстар атқарылуда. Ауданда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ауылдық округтерде оқушылар, олардың ата-аналары, жастар өкілдері және ересек тұрғындар қатысатын спорттық іс-шаралардың ұйымдастырушылары болып табылатын нұсқаушы-әдіскерлер жұмыс істейді. Былтыр 4 футбол және 10 шағын футбол алаңы, сондай-ақ, 7 хоккей қорабы салынды. Корттарды салу жұмыстарына ауданның кәсіпкерлері белсене қатысты, бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрнекті үлгісі.

Мәдениет желісін кеңейту мен халық шығармашылығын жандандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Ауылдық жерлердегі халық үшін бос уақытты өткізу орталықтарын ашу бойынша жұмыс жалғасуда. Егер өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеу аясында Қарағай ауылында орталық ашылса дәл осындай орын Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Бесқұдық ауылында пайдалануға берілді.

Есіл жері өзінің бейнелі және қолданбалы өнер шеберлерімен әйгілі. Аудандық Мәдениет үйінде жергілікті суретші В. Смирновтың сурет галереясы орналастырылған, оның шығармашылығында туған өлкенің қайталанбас сұлулығы көрініс тапқан. Ал халық шебері Ю. Иванов аудандық және облыстық көрмелердің тұрақты қатысушысы болып табылады. Юрий Борисовичтің қолынан шыққан ағаштан жасалған тамаша заттар ауданда ғана емес, сонымен қатар облыста да үлкен сұранысқа ие.

Ауданымыз табиғат қорықтарымен де белгілі, олардың бірі -«Красный бор» қорығы. Есілдіктер табиғат байлығына да жанашырлық танытуда.

Өмір бір орында тұрмайды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан, онымен бірге біздің Есіл ауданы да нығайып, дамып келеді. Біздің басты мақсатымыз — барлық сала бойынша тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз ету. 

Мұратбек Әбішев, Есіл ауданының әкімі.

 

 
Әбішев.М.Гүлдену мен даму жолында //Солтүстік Қазақстан. – 2016. – 16 маусым. -5 б

 

 

Похожие записи

  • Толайым табыстардың сенімді кілті

    — Сапар Қапарұлы, Кішкенекөл — әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан ірі ауылдық округтердің бірі. Бұл әкім аппараты құзыреті шеңберінде атқарылатын шаруалар да, шешімін табатын мәселелер де аз емес деген сөз емес пе?
    — Әрине. Түрлі кездесулер барысында тұрғындар тарапынан айтылатын өтініш-тілектерде әлеуметтік-экономикалық мұң-мұқтаждар, проблемалық мәселелер жиі қозғалатындықтан, әрқайсысына назар аудару, тұрақты бақылауға алу, ойдағыдай шешілуін қамтамасыз ету әкімдікпен қатар, мекемелер мен ұйымдарға да тікелей қатысты дер едім.
    Сондықтан қызметтегі өзара үйлесімділік, сабақтастық ауадай қажет. Онсыз істің алға басуы қиын.
    Округтің экономикасын, негізінен, ауыл шаруашылығы құрайды. Соңғы жылдары агроқұрылымдар жаңа техникалармен қамтылып, озық технологияларды игере бастады.
     

  • «Мәңгілік елдің иесі – бүгінгі балғындар»

     Биыл еліміз Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейлі мерекесін атап өткелі отыр. Тарих үшін қас қағым сәттей болып көрінетін осы уақыт аралығында еліміз айтулы белестерді бағындырып, бейбітшіліксүйгіш, мәмілегер мемлекет ретінде барша әлемге танылды.
    Тәуелсіздіктің нығаюы жолында тер төгіп, аянбай кызмет етіп жүрген адамдар аз емес. Ұлағатты ұстаз Балдырған Ілиясовты елдің ертеңі, халықтың игілігі жолында табанды еңбек етіп келе жатқан азамат ретінде танимыз. Онымен өмір жолы, қызметі және жоспарлары жайында әңгімелескен едік.

  • Ынтымақ көкжиегі

     1991 жыл — еліміздің “Қазақстан” деген асқақ атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан кезеңі. Қазіргі Қазақстан әлемде мақтанарлықтай беделге ие. Арада өткен осындай аз ғана уақыттың ішінде інде еліміз көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.
    Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар болып отыр.
    Бүгінгі Қазақстан тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқарып келеді.
    “Қаз тұрып,қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді», — деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай,егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.

  • Уақыт сынынан сүрінбей өттік

     Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда Қазақ елі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен талай «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткеріп, бүгінде өзіндік бет-бейнесі және ерекшеліктері мен ұстанымы бар әлем танитын әрі мойындайтын елге айналды. Бұл күнге оңайлықпен келмегеніміз анық.
    Ширек ғасыр бұрын егемендігін паш етіп, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдаған Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлық мерекесі қарсаңында халқымыздың ортақ мүдде үшін күш-жігерін біріктіріп, егемендігімізді нығайтып, әлемдік аренадағы саяси салмағымызды бағамдауға өзіндік үлес қосқан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі Самат Бекназаровты әңгімеге тарттық.

    — Самат Жанатайұлы, өзіңіз ауыл шаруашылығы институтын бітірген екенсіз. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қызметке қалай келдіңіз?

    — Шал ақын ауданындағы белгілі ғалым Евней Букетов дүниеге келген қазіргі Бағанаты ауылынанмын. Ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, жиырма жеті күн ғана агроном болып қызмет істедім. Сергеев аудандық комсомол комитетінің хатшысы, аудандық партия комитетіне нұсқаушы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқардым. Бірде партия органында істеп жүргендер арасынан мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке іріктеу өтті. Мәскеу қаласына Қазақстаннан аудандық партия комитетінің хатшысы лауазымында қызмет істеген, жасы 40-тан аспаған үш жігітті жіберді. Сөйтіп, мен Мәскеудегі Дзержинский атындағы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғарғы мектебіне жолдама алдым. Отбасыммен бірге екі жыл сонда тұрып, оқыдым. Жоғарғы мектепті де, академияны да үздік бітірдім.
    Талдықорғанда төрт жарым жыл ұлтшылдық, экстремизм, терроризм сияқты жағдайлардан қоғамды, мемлекетті қорғауға міндетті бөлімде қызмет атқардым.

  • Азаттығымыздың айшықты белгіс

     Бүгін еліміздің қаржы саласының қызмет-керлері өздерінің кәсіптік мерекесін атап өтеді. 15 қараша — Ұлттық валюта — Теңге күні. Осы мерекелік мақаламның басында облысымыздың банк жүйесінің тарихына қысқаша тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.Биыл біздің облыста банк жүйесі құрылғанына 145 жыл толып отыр. 1871 жылы Петропавл қаласында алғашқы банк ашылған. Ол патшалық Ресей банк жүйесінің бір бөлігі болған.
    Оған мемлекеттік банк, акционерлік және қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
    1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін банк істерін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидалары жүзеге асырылды.Кеңестік кеңістікте банк жүйесі мемлекеттік банкпен бір деңгейлі, елдің жалғыз эмиссиялық және несие институты болды. Ақша-несие қатынастарындағы туындаған жағдай нарық талаптарына сәйкес келмеді. 1991 жылғы тамызда Кеңес Одағы құлағаннан кейін банк жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды.