Ширек ғасырда еңсерілген істер

Халқымызда «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» деген нақыл сөз бар. Шынымен де, адамды биік белес, асқаралы асуларға  жетелейтін арман-мақсат емес пе?! Ал мемлекеттің дамуы үшін  алдымен болашаққа дұрыс бағдар жасай алатын көреген басшы қажет. Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы жас мемлекетіміздің болашағын баянды ету үшін алдағы күндерге арналған стратегиялық бағдарламаларын ұсынды. Ал бүгінгі күні сол кездер алынбайтын қамал секілді көрінген ауқымды жоспарларды еңсеріп, елімізбен құрдас мемлекеттердің көшін бастап тұрмыз. 

Ширек ғасырда қоғамның әлеуметтік-мәдени, экономикалық салалары алға басты. Еліміздің басты байлығы — оның тұрғындары, сондықтан тәуелсіздік жылдарында халықтың денсаулығын жақсартуға да ерекше көңіл бөлінді. Еліміздің «2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Кешендік сипатқа ие бұл бағдарлама аясындағы жоспарлы шаралар саланың дамуына қарқын беріп, тұрғындардың  денсаулығын қорғау мақсатында таңдап алынған бағыттың нәтижелігін және дұрыстығын дәлелдеді.

 Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін денсаулық сақтау нысандарының тыныс-тіршілігі қаншалықты ауыр жағдайда болғанын сол жылдарды көзі көргендер ұмытқан жоқ шығар. Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нашар, жаңа емхана-ауруханалар, дәрігерлер тапшы еді.

Бірақ ширек ғасыр ішінде осы аталған проблемалар еңсерілді. 2004 жылдан бастап облыста 27 емдеу мекемесі бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Ауыл тұрғындары шапағатын сезінген «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы аясында біздің өңірімізде заманауи 6 нысанның құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, «Денсаулық сақтау саласындағы 350 нысанның құрылысы» бағдарламасы бойынша 2 ғимарат бой көтерді және 6 медицина ұйымына жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Жыл сайын денсаулық, сақтауды  дамытуға бағытталған қаржы көлемі де ұлғаюда, нақтырақ айтар болсам, 2005 жылмен салыстырғанда 4,3 есе өсіп, 2015 жылы бұл мақсатқа 21,1 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсті. Облыс орталығындағы №2 қалалық ауруханада ашылған кардиология орталығының да бүгінгі күні өңір тұрғындары үшін пайдасы зор екенін мақтанышпен айтуға болады.

 Алғашқы жылы онда 51 ота жасалған еді. Қазіргі таңда мұнда жұмыс істеп жатқан білікті дәрігерлердің көмегімен бір жылдың ішінде 900-ден астам ота жасалса, соның 250-ден артығы ашық жүрекке жүргізіледі. 2009 жылы ел қазынасынан бөлінген қаржыға орнатылған телемедициналық жүйе облыстық және 12 орталық аудандық аурухананы, денсаулық сақтау басқармасын қамтыды. Елімізде әйелдер мен балалар денсаулығын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулығын сақтауды, ауруды ерте анықтауды, диспансерлік бақылауды және оларды сауықтыруды жақсарту мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі шараларды жүзеге асырудамыз. Халықаралық талаптарға сай емдеу және диагностикалау хаттамалары жасалып, перинаталды технологиялар, медициналық-генетикалық зерттеулер тәжірибеге енгізілуде. Цитогенетикалық зертханада тұқым қуалайтын және туа біткен ауруларды анықтау мақсатында скрининттер жүргізіледі.

№3 қалалық ауруханада 2011 жылы босану және 2015 жылы ЭКО бөлімшелері ашылды. Емдеу мекемесінің техникалық жарақтандыру жұмыстарына жұмсалған 139, 9 миллион теңге қаржы жергілікті бюджеттен бөлінгенін де айтып өткен жөн.  Хирургия қызметінің де белсенді дамуының нәтижесінде жаңа туған сәбидің даму ақауларын анықтау жақсарып, табысты жасалған оталардың саны артты. Жыл сайын тұрғындардың 40 пайыздан астамы скринингтік тексерулерден өтеді.Әсіресе, ауыл тұрғындарының  медициналық  көмекке зәру екені жасырын емес. Осы мақсатта көліктік медицинаны дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Бүгінгі күні консультативті-диагностикалық көмек беру және скринингтік зерттеулер жүргізу үшін Тайынша және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда осызаманғы медициналық жабдықтармен жарақтандырылған және дәрігерлер бригадасымен жасақталған жылжымалы медициналық кешен бар.

 Бұл заманауи көліктерге қаржы жыл сайын мақсатты ағымдағы трансферттер түрінде ел қазынасынан беріледі. Былтыр бұл мақсатқа  40 миллион теңге бөлінді.

Үкімет қаулысымен бекітілген 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы шеңберінде ғаламдық бюджет қағидаты бойынша қаржыландыру моделі енгізілді. Осылайша, барлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындарын қоса есептегенде, сырқат үшін төлем қарастырылған. Жалпы бюджет 2015 жылы 2012 жылғы жағдайдан 1,1 есеге, соның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде 1,3 есеге артты.

Туберкулезбен ауыратындар үшін жаңа инновациялық зертханалық технологиялардың енгізілуі  бірінші және екінші қатардағы препараттарды антибактериалды терапияда тиімді қолдануға мүмкіндік беріп отыр. Облыстың бес емдеу мекемесінде тұрғындарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек түріндегі қызметтер көрсетіледі. Былтыр осы қызмет түріне жұмсалған 800 миллион теңгенің көмегіне 1100-ден астам адам қол жеткізді.

Әрине, облыс орталығынан шалғайдағы ауыл тұрғындары білікті дәрігерлерге зәру. Сондықтан, оларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында облыста санитарлық авиация қызметі дамып келеді. Өткен жылы авиация дәрігерлері 642 мәрте ауылдық  жерлерге шақырылып, 327 науқасқа көмек берді, 43 сырқатқа ота жасалды.

Денсаулық сақтау саласындағы заманауи әкімшілендіру әдісіне орай еңбекақы төлеудің жаңа қағидаты бойынша емделушінің қанағаттануына және бағдарланған сапалы емдеуге мән беріліп, дәрігерлерге дифференциалды жалақы төлеу енгізілді. Бүгінгі таңда еңбекақы қоры 2010 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқан.

Жыл сайын денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған қаржы көлемі де ұлғаюда, нақтырақ айтар болсам, 2005 жылмен салыстырғанда 4,3 есе өсіп, 2015 жылы бүл мақсатқа 21,1 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсті.

Біздің елімізде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылғандарға көмек беру жалғасын тауып келеді. Оларды тегін дәрі-дәрмекпен қамту 2012 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Ал препараттарды беру көтерме саудамен айналысатын жеткізуші қызмет, қала емханалары жанындағы дәріхана пункттері және аудандық орталық ауруханалар нысаны арқылы жүзеге асырылады.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі бағдарламасы енгізілді. Ақысыз препараттарды беру толық көлемде электронды рецепт бойынша жүргізіледі.

Облыс тұрғындарына мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында 1423 дәрігер және 4930 орта арнаулы білімді медицина мамандары қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда дәрігер мамандармен қамтамасыз ету көрсеткіші  10 мың тұрғынға шаққанда 24,9-ды құрайды.

 Медицина академиясының түлектерін облысымызға жұмысқа шақыру үшін бос орын жәрмеңкесіне қатысамыз. Өңірімізге қызмет істеуге келген мамандарға республикалық бюджеттен 70 АЕК көлемінде міндетті әлеуметтік пакет және жергілікті қазынадан 200 мың теңге, сондай-ақ, тұрғын үй алу үшін 630 АЕК әлеуметтік көмек төленеді. Ал баспанаға мұқтаж мамандардың барлығына ведомстволық пәтер немесе жалдамалы тұрғын үйге төлем беріледі.

Денсаулық сақтау саласының ілгері басуы үшін алдымен емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы осы заманға сай жарақтанғаны жөн. Бүгінгі күні облыс орталығында ғана емес, аудандардың өзінде денсаулық сақтау ғимараттарына заманауи жабдықтар орнатылған. Атап айтар болсам, онкологиялық диспансерде, кардиологиялық орталықта, ересектер мен балалар және №3 қалалық ауруханаларда осызаманғы компьютерлік томография, эксперткласты ультрадыбыстық жабдық, ангиографтар, шала туған нәрестелерді күтуге арналған қондырғылар, тағы басқалар бар.

Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бюджетке жүктемені азайтуды, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздеп отырмыз. Сондықтан денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және енгізу үшін салалық  стратегия дайындалды.

Стратегия аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің халықаралық мойындалған кестесін қолдану қарастырылған. Мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарына тең дәрежеде жағдай жасалғандықтан, мемлекеттік емес медициналық қызмет түрлерін көрсетушілердің саны 41 пайызға артты. Өңіріміздегі 126  амбулаториялық-емханалық мекеменің 52-сі жекеменшікте. Жыл санап мемлекеттік тапсырыс көлемін орындайтын жекеменшік денсаулық ұйымдарының саны ұлғайып жатқаны қуантады.Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласын жоғары деңгейге көтеру үшін 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы дайындалды. Мұнда экономикалық ынтымақтастық стандарттарына деңгейлеп жақындау және денсаулық сақтау мен жекеменшік медицинаны дамыту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды, корпоративті басқаруды енгізу қарастырылған.

Жыл сайын денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған қаржы көлемі де ұлғаюда, нақтырақ айтар болсам, 2005 жылмен салыстырғанда 4,3 есе өсіп, 2015 жылы бұл мақсатқа 21,1 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсті.

Қабдрахман Сақтағанов,

облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшысы.

Сақтағанов.Қ.Ширек ғасырда еңсерілген істер //Солтүстік Қазақстан. – 26 сәуір. – 2016. – 2 б.

 

Похожие записи

  • Ұлт шежіресін жазған ғалым

     Қазіргі кезде тарих атасы Геродот тарихына пікірлер айтылып жүр. Ежелгі Римнің тарихшысы Плиний жазбаларына да басқаша қарау бар. Бұлар түсінікті де секілді. Өйткені, қазіргі тарихшылар өзіне дейінгі заманды зерттеп, бүгінгі күн биігінен бағалайды. Ал олар өздерінің көргендері мен естігендерін сол заман өлшемдерімен бағалап, жазды.
    Тарих — ғылымның таласты салаларының бірі. Оған әркім баға беруге келгенде өз білім-білігі бойышна әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда Конфуций философиясындағы бір заңдылық үстемдік құрады.
    Онда былай делінгек «Егер үстіңдегі ақ көйлегіңді біреу «мынауың қара екен» десе, үндеме, әлгі екінші рет келіп, солай десе, тағы үндеме. Үшінші, төртінші, тіпті, жүзінші рет әлгісін қайталаса да, «мұның қате деме», өйткені, оған сенің көйлегің қара көрініп тұрған болуы керек». Бұл дәл қазіргі заманға арнап айтылған секілді.
    Осылардың бәрін еске алып отырған себебім тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «мынауың қара екен» деген секілді сындарды да естіді.

  • Бірлік пен еңбек егіз

    Биылғы жылы қазақ халқы қаһармандықпен, қаны мен жанын азаттықтың ақ жолына сарп етіп, ерліктің ерен үлгісімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз екі мүшелге толғалы отыр. Тыңнан түрен түрген осы уақыт аралығында елімізде едәуір ірі көлемдегі мемлекеттік қалыптасулар болды. Қазақстан түбегейлі реформаларды жүзеге асырды және экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйені жаңғырту жолында нық қадамдар жасады. Қазіргі таңда Қазақстанның ширек ғасыр аралығында әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің бірі ретінде өз орнын айқындағанының куәсі болып отырмыз. Бұл күнге жету үшін қазақстандықтар талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. 

  • Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт.

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атауымен кезекті ХХІV сессиясы болып өтті.

    «Мәңгілік Елге» апаратын басты құндылықтар, міне, осылар. Оған еліміздің барлық өңірінен Ассамблея мүшелері қатысты. Қоғам және мемлекет қайраткерлері, түрлі этностардың ұлттық киімдерін киген этномәдени бірлестіктер өкілдері, орден-медальдарын жарқыратып тағып алған ардагерлер, еліміздің саяси-экономикалық, мәдени, спорттық өміріндегі танымал тұлғалар сарайдың ішін жайнатып жібергендей болды.

    Сессияға, оның жұмысына шақырылған қонақтарды қоса алғанда, 1500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шетелдердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері болды.

  • Толайым табыстардың сенімді кілті

    — Сапар Қапарұлы, Кішкенекөл — әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан ірі ауылдық округтердің бірі. Бұл әкім аппараты құзыреті шеңберінде атқарылатын шаруалар да, шешімін табатын мәселелер де аз емес деген сөз емес пе?
    — Әрине. Түрлі кездесулер барысында тұрғындар тарапынан айтылатын өтініш-тілектерде әлеуметтік-экономикалық мұң-мұқтаждар, проблемалық мәселелер жиі қозғалатындықтан, әрқайсысына назар аудару, тұрақты бақылауға алу, ойдағыдай шешілуін қамтамасыз ету әкімдікпен қатар, мекемелер мен ұйымдарға да тікелей қатысты дер едім.
    Сондықтан қызметтегі өзара үйлесімділік, сабақтастық ауадай қажет. Онсыз істің алға басуы қиын.
    Округтің экономикасын, негізінен, ауыл шаруашылығы құрайды. Соңғы жылдары агроқұрылымдар жаңа техникалармен қамтылып, озық технологияларды игере бастады.
     

  • Ғұлама тарихшы

     Қазактың ғұлама ғалымы, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл толып отыр.

    Мәкеңнің қандай адам болғанын әйгілі ақын Кәкімбек Салықов өзінің «Қазақтың Манашы» атты эссесінде: «Манаш Қабашұлы Қозыбаев кім? дегенде менің ойыма оның бір сырлы мінезі мен мың қырлы қасиеттері түседі.
    Алдымен оны сергек сезіммен ақыл-парасаты үйлескен ел алдындағы парызын әділ де адал ақтап өткен халқымыздың ең сүйікті перзенттерінің бірі, нар тұлға деп танимың ізденімпаз, терең ойлы, зерлі оқымысты, теңізден маржан тергендей тапқырлықтың иесі, дарынды жаң өресі биік энциклопедист, әмбебап білімдар, әдебиет пен мәдениет, өнер мен бүкіл өмірімізді жіті білетін ғалым.

  • Алтын алма,алғыс ал

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға Алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деген-ді.

    Бұл ұсыныс үстіміздегі жылы ел Президентінің Жарлығымен заңды күшіне еніп, бүгін қазақ елі Алғыс айту күнін атап өтуде. Осы мереке қарсаңында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Тарих, экономика және құқық факультетінің тарих және

    әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, қалалық мәслихаттың депутаты Сабыр Ыбыраевқа жолыққан едік.