Жарқын белес

Қазақстанның Тәуелсіздік тұғырына қонғанына — 25 жыл. Осы ширек ғасыр ішінде еліміз дамудың жаңа бағыттарын таңдап, алдына қойған үлкен мақсат-мүдделерді бағындырды. Соның бір көрсеткіші — елімізде метрология, стандарттау және сертификаттау  жүйесінің қалыптасуы болды.

Күнделікті тіршілікте қолданылатын өлшем бірліктері көп. Сағатқа қарап, уақытты білеміз, азық-түліктің салмағын өлшеп, сауда жасаймыз, сапасына қарай көлікке жанармай құямыз, денсаулығымызды білу үшін қан қысымын өлшейміз. Мұның барлығы белгіленген өлшемдермен жүзеге асырылады. Метрология ілімі дәлдікті қамтамасыз етуші, талап етілетін тұрақтылыққа қол жеткізудің әдістері мен құралдарын қалыптастыратын өлшем бірлігі екендігін ескерсек, оларсыз елдің даму үдерісін көз алдымызға елестету мүмкін емес. Өзіне қажетті болған соң адамзат өлшем бірліктерін қалыптастырған. Жыл сайын оның рөлі мен маңызы арта түсуде.

  Қазақстан тәуелсіздік алған бастапқы жылдары метрологиялық қызметті дамыту үшін Алматы қаласындағы стандарттау және метрология орталығында эталондық база құрылды. Сол кезде республика 17 мемлекеттік жұмыс эталонымен жабдықталған еді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін өлшем бірліктерінің жоғары дәлдікті құралдарын әзірлеу және өндірумен айналысатын жетекші метрологиялық ғылыми-зерттеу институттары Ресей Федерациясының аумағында қалды. Еліміздің оған қолжетімділігі төмендеді. Алғашқы жылдары қолданылатын өлшем бірліктерінің эталондық базасы экономика қажеттілігін қанағаттандыруға дайын емес еді. Ондай әлсіздіктер отын-энергетика кешендерінде, телекоммуникацияда, мұнай-газ өндіруші өнеркәсіптерде сезілді. 

Сондай-ақ, мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын қызмет түрлері, атап айтқанда, халықтың

өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бағытында тиісті

өлшемдерді әзірлеу және өндіру қиындықпен жүзеге асырылды. Қазақстанда тексеретін және

таңбалайтын қарапайым құрылғылар ғана пайдаланылды. Күрделі, сапалы өлшем құралдары үшін

көрші мемлекеттерге қомақты қаржы төлеп, қолқа салуға тура келді.

Тәуелсіздік туын көтерген соң көп кешіктірмей Үкімет өлшем бірлігінің мемлекеттік жүйесін дамыту

бағдарламасын әзірлеп, оның орындалуына аса мән берді.

1994 жылдың қазан айында Қазақстан заңдық метрология жөніндегі халықаралық ұйымға толық мүше

болды. Республика ИСО мүшесі және ТМД елдерімен стандарттау, метрология және сертификаттау

саласында саясат жүргізу туралы келісімге қол қойды.

 

Бұрын эталондық уақыт бірлігі Бішкек қаласында орналасқан радиостанциядан алынатын Алайда, бұл

тәсіл уақытты дәлдікпен таратуға мүмкіндік бермеді.

Республикадан тысқары жерде орналасқан радиостанция жұмысын тәуелділік уақыт пен жиілік бірлігі

таратуда қиындықтар тудырды.

 

Жердің қозғалыс жылдамдығы айға байланысты болғандықтан астрономиялық уақыт пен уақыт эталоны

арасында айырмашлық болады. Сондықтан оны түзеп отыру қажет. Мұндай тәртіп мемлекеттік эталон

уақытын пайдаланатын және халықаралық уақыттың қалыптасуына қатысатын елдердің ғана мүмкіндігі

бар. 

2006 жылы Астана қаласында Техникалық реттеу және метрология комитетінің тапсырысымен

эталондық орталық салынды. Бұл Орта Азияда салынған бірінші заманауи кешен болды. Бүгінде ол

радио мен теледидардан уақыт пен жиілікті дәлме-дәл береді.

 

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып халықаралық ұйымдармен бірлескен жұмыстар атқара

бастады. Метрикалық конвенцияға қол қою арқылы халықаралық өлшем және таразы эталондарына жол

ашты. Сонымен қатар, қазақстандық метрология институты Еуропа мен оңтүстік-шығыс Азия аймақтарын

біріктіретін екі метрологиялық институттың құрамына енді.

 

Қазақстандағы эталондық база орталығы ел экономикасының салалық метрологиялық жүйесінің негізгі

бөлшегі болып табылады. Бүгінгі күні эталондық база 101 эталон мен эталондық жабдықтардың

бірліктерінен тұрады.

 

Қазіргі қоғам өмір мен қызметтің барлық аспектілерінде дәлдік пен нақты өлшем бірліктерін талап етеді.

Ендеше өлшем туралы ғылым үнемі жаһандануы, жаңаруы, жаңғыртылуы тиіс. Техникалық реттеу және

метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы департаменті осы саланың дамуына сүбелі

үлес қосуда. Оның ширек ғасыр бойы атқарып келе жатқан жұмысына тоқталмай-ақ, былтырғы жылғы

қызметіне көңіл аударсақ, ауқымды жұмыстың нәтижесін көреміз.

 

   Департамент «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

негізінде техникапык реттеу және  регламенттер бойынша 31 тексеріс  ұйымдастырып, оның әрбір

екіншісінде заңсыздықты әшкереледі. Жаңа заңнама бойынша тексерістер екі есеге қысқарса да,

салынған айыппұл миллион 725 мың теңге болды. Департамент өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін

жақсарту үшін жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге үлкен мән беріп отыр.

Нәтижесінде метрология, стандарттау және сертификаттау бағыттарын дамыта түсуге мүмкіндік

ұлғайды.

Облыстық әкімдік жанында Кеден одағы регламенттеріне терең бойлауға бағытталған жұмыстарды үйлестіруге арналған штаб құрылды. Бүгінде кәсіпкерлер мемлекеттік қадағалау тек заңсыздықты әшкерелеу үшін ғана емес, сондай-ақ, оның елдегі заңнамалық нормалардың орындалуына назар аудартатын бағыт беретін орталық жүйе екендігін түсінді. Көптеген кәсіпкерлер департамент мамандарына хабарласып, езіне қажетті ақпараттар алу жолдарын қалыптастыруда. Былтырдың өзінде 98 кәсіпорын 344 өнімін ортақ каталогқа енгізді.

Департамент Қазақстан Республикасының стандарттау туралы және өлшем мен стандарттаудың бірыңғайлығы жайындағы заң актісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы заңнамаларды дайындауға атсалысты. Сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылатын еліміздің беделін нығайту үшін бизнестің бәсекелесті ортаға қабілеттілігін арттыру жолында ауқымды жұмыс жүргізуде.

 

Вадим Маршаков, техникалық реттеу және

метрология департаментінің бас маманы.

   Маршаков.В.Жарқын белес//Солтүстік Қазақстан.  —  2016. – 18 маусым. – 3 б.

 

 

Похожие записи

  • Өнердің қайнар бұлағы

    Биыл еліміз өзінің тәуелсіздіктің ақ таңымен өткерген тағылымды жиырма бесінші жылынатап өтпек. Осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық, саяси, қауіпсіздік, тіпті, жаһандық мәселелерде өз алдына дербес шешім қабылдай алатын егемен мемлекет екенімізді дәлелдедік. Біз ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың асыл арманы болған тұғырлы тәуелсіздіктің, ұлттық мемлекет құру мұратының жүзеге асқан заманында өмір сүріп отырмыз. Ендігі күні іргетасы берік қаланған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмай, Тәуелсіздіктің туы мәңгіге желбірей беретініне күмән жоқ.

  • Ұстаздық – ұлы мамандық.

     Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап келген егемендігін алғанымыз кеше ғана сияқты еді. Еліміздің Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде шекарамыз шегенделіп, тіліміз мемлекеттік мәртебесін алды, төл теңгеміз нығайды, еліміз төрткіл дүние танитын халге жетт.
    «Тарихты тұлғалар жасайды» дегендей, тәуелсіздіктің іргесі берік болуы үшін барша қазақстандықтар өз саласында, өз деңгейінде атсалысуда. Білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз Әлия Малдыбаеваның да тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан өзіндік үлесі бар.

  • Бірлік пен еңбек егіз

    Биылғы жылы қазақ халқы қаһармандықпен, қаны мен жанын азаттықтың ақ жолына сарп етіп, ерліктің ерен үлгісімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз екі мүшелге толғалы отыр. Тыңнан түрен түрген осы уақыт аралығында елімізде едәуір ірі көлемдегі мемлекеттік қалыптасулар болды. Қазақстан түбегейлі реформаларды жүзеге асырды және экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйені жаңғырту жолында нық қадамдар жасады. Қазіргі таңда Қазақстанның ширек ғасыр аралығында әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің бірі ретінде өз орнын айқындағанының куәсі болып отырмыз. Бұл күнге жету үшін қазақстандықтар талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. 

  • Уақыт сынынан сүрінбей өттік

     Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда Қазақ елі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен талай «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткеріп, бүгінде өзіндік бет-бейнесі және ерекшеліктері мен ұстанымы бар әлем танитын әрі мойындайтын елге айналды. Бұл күнге оңайлықпен келмегеніміз анық.
    Ширек ғасыр бұрын егемендігін паш етіп, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдаған Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлық мерекесі қарсаңында халқымыздың ортақ мүдде үшін күш-жігерін біріктіріп, егемендігімізді нығайтып, әлемдік аренадағы саяси салмағымызды бағамдауға өзіндік үлес қосқан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі Самат Бекназаровты әңгімеге тарттық.

    — Самат Жанатайұлы, өзіңіз ауыл шаруашылығы институтын бітірген екенсіз. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қызметке қалай келдіңіз?

    — Шал ақын ауданындағы белгілі ғалым Евней Букетов дүниеге келген қазіргі Бағанаты ауылынанмын. Ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, жиырма жеті күн ғана агроном болып қызмет істедім. Сергеев аудандық комсомол комитетінің хатшысы, аудандық партия комитетіне нұсқаушы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқардым. Бірде партия органында істеп жүргендер арасынан мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке іріктеу өтті. Мәскеу қаласына Қазақстаннан аудандық партия комитетінің хатшысы лауазымында қызмет істеген, жасы 40-тан аспаған үш жігітті жіберді. Сөйтіп, мен Мәскеудегі Дзержинский атындағы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғарғы мектебіне жолдама алдым. Отбасыммен бірге екі жыл сонда тұрып, оқыдым. Жоғарғы мектепті де, академияны да үздік бітірдім.
    Талдықорғанда төрт жарым жыл ұлтшылдық, экстремизм, терроризм сияқты жағдайлардан қоғамды, мемлекетті қорғауға міндетті бөлімде қызмет атқардым.

  • Толайым табыстардың сенімді кілті

    — Сапар Қапарұлы, Кішкенекөл — әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан ірі ауылдық округтердің бірі. Бұл әкім аппараты құзыреті шеңберінде атқарылатын шаруалар да, шешімін табатын мәселелер де аз емес деген сөз емес пе?
    — Әрине. Түрлі кездесулер барысында тұрғындар тарапынан айтылатын өтініш-тілектерде әлеуметтік-экономикалық мұң-мұқтаждар, проблемалық мәселелер жиі қозғалатындықтан, әрқайсысына назар аудару, тұрақты бақылауға алу, ойдағыдай шешілуін қамтамасыз ету әкімдікпен қатар, мекемелер мен ұйымдарға да тікелей қатысты дер едім.
    Сондықтан қызметтегі өзара үйлесімділік, сабақтастық ауадай қажет. Онсыз істің алға басуы қиын.
    Округтің экономикасын, негізінен, ауыл шаруашылығы құрайды. Соңғы жылдары агроқұрылымдар жаңа техникалармен қамтылып, озық технологияларды игере бастады.