Знаменитые земляки

  • Армандай ғұмыр дүние

     «Қарашығым!
    Ән тербеп өскен елдің баласымын,
    Әнмен айтсам жете ме жүрегіңе,
    Сырларымның саф таза, саф асылын.
    Сағым далам –
    Сұлулықты жырлаудан жаңылмаған.
    Махаббатты анамдай әлдилеген,
    Әлдилеген ғажайып лағыл ғалам», —

    деп өзі жырлағандай, Қызылжар өңірінің перзенті, ерке Есілдің жағасында, Өрнек ауылында балалық шағын өткізген Есләм Зікібаевтың ақындығы көк аспанда қанатын еркін сермеген қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді.

  • Три струны его души: [Герольд Бельгер]

     В гуманитарно-техническом колледже Петропавловска по инициативе его директора Александра Мерка торжественно открыт музей-аудитория казахстанского переводчика, прозаика, публициста, литературоведа и просто очень честного и порядочного человека Герольда Бельгера. Теперь у каждого из нас есть возможность познакомиться с жизнью и творчеством нашего великого земляка.

  • Лебіздер

     Герольд күні-түні үйден шықпайтын еді. Құмалақ салып, кітап ашқандай, айналасын қазақша, орысша сөздіктерге толтырып, қай сөздің қай сөзбен жарасып, қай сөзбен таласып қалатынын ойлап, басы қататын.

     ГерольдБельгердейіріталант, іргелісуреткерқайдада, қайзамандадаешкімніңқолтығынасыймайдығой. Дараланбай, сараланбай тұра алмайды. Бала жасынан бір ғана өзін емес, туған халқын ойлап өскен қамырықты суреткер ерте ме, кеш пе бұйдасын үзіп шығып, өмір кеңістігінде, өнер жазирасында өз сүрлеуін салып, өз соқпағын омбылайды. Басынанкешкендерімен, өмірден түйгендерімен бөліседі.<o:p></o:p>

  • Достықты дәріптеген қаламгер

     
    Көрнекті жазушы, аудармашы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Бейімбет Майлин атындағы, Қазақстан Президентінің Бейбітшілік және келісім, тәуелсіз «Тарлан», Қазақстан ПЕН-клубының сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, «Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» Герольд Бельгер 28 қазанда 80 жасқа толады.

    Жазушы-жерлесіміз Герольд Бельгердің баспадан шыққан кітаптарың газет, журналдарға басылған очерктері мен мақалаларың әңгімелері мен эсселерін оқып отырып, мен оның терең де жан-жақты біліміне, орасан зор еңбексүйгіштігіне тәнті боламыy Сол қасиеттерін көрсету үшін оның шығармаларының бірқатарын ғана атап өтудің өзі де жеткілікті.

  • Ой тамшылары

     Қазақтардың болашағы бар ма?-деп сұрама. Одан да мынаған жауап бар: «Адамзатта болашақ бар ма?». Егер адамзат аман болса, иншалла, қазақ та сау-саламат бола бермек.

    Қазақтарға америкалық, ағылшын, неміс, француз болу тіпті де шарт емес. Оларға қазақтығын сақтай білу маңызды. Өзіңді жоғалтқанмен, өзге бола алмайсың. Сталин ұрыларды былай жіктеген: «үйге кіретін ұры» және «үйден шығатын ұры». Соңғысы мейлінше қауіпті.

    Қазақстанда ұрылардың осы түрі белең алулы.

  • Біздін Бельгер

     Соғыс кезі тап болған соң дауылға
    Ауып келген бір үй біздің ауылға.
    Не көрсе де, бірге көрді елменен,
    Бірге көніп, бірдей төзіп ауырға.

  • Аласапыранда

    Теңбіл-теңбіл әлеміш конвертті олай да, былай да аударыстырып, ұзақ қарадым. Бейтаныс жазу, бейтаныс ел, бейтаныс біреуден келген хат. Венесуэла. Каракас. Унгефуг. Бұл кім болды екен?
    Еуропаньің кейбір елдерімен азын-аулақ қарым-қатынасым бар. Ал Латын Америкасында кімнің менде не шаруасы болуы мумкін?

    Алессандро Унгефуг? Аты — испанша. Фамилиясы -немісше. Сәл-пәл таныстау естіледі.
    Хат немістің әдеби тілінде жазылған. Бірақ Еділ немістерінің сөз тіркестері оқта-текте кездеседі.