Лебіздер

Герольд күні-түні үйден шықпайтын еді. Құмалақ салып, кітап ашқандай, айналасын қазақша, орысша сөздіктерге толтырып, қай сөздің қай сөзбен жарасып, қай сөзбен таласып қалатынын ойлап, басы қататын.

Герольд Бельгердей ірі талант, іргелі суреткер қайда да, қай заманда да ешкімнің қолтығына сыймайды ғой. Дараланбай, сараланбай тұра алмайды. Бала жасынан бір ғана өзін емес, туған халқын ойлап өскен қамырықты суреткер ерте ме, кеш пе бұйдасын үзіп шығып, өмір кеңістігінде, өнер жазирасында өз сүрлеуін салып, өз соқпағын омбылайды. Басынан кешкендерімен, өмірден түйгендерімен бөліседі.

Әбіш Кекілбаев, Қазақстанның халық жазушысы.
Келте тірлікте талмай еңбек еткен бір адамды атаңдар десе, Қазақстан Герольд Бельгерді ұсынатыны хақ. Герағамыз еңбекпен біте туған жаратылысы бар жалғыздар тобынан еді.

Роллан Сейсенбаев, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Герольд Бельгердің аты неміс болса да, заты қазақ еді. Бұл үш тілді толық меңгерген, әсіресе, қазақ тілінің ішіне еніп кеткен және қазақ намысын өле-өлгенше қорғап өткен, бір емес, бірнеше қазаққа бергісіз азамат еді.
Және оның пікірлері әрқашан да нақты, дәл, ащы болса да кесіп айтатын, шешіп айтатын. Қазаққа жаны ауыратын, қазақтың он кемшілігін тізіп беріп, біздің бетімізге салық қылғандай болып еді. Ол қазақты кемсіту емес, қазақты қамшылау еді.

Дулат Исабеков, жазушы-драматург.


Исабеков.Д. Лебіздер// Солтүстік Қазақстан. – 2 ақпан -2016. – 4-5 б.

Похожие записи

  • Елін сүйген ер еді

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Тарих толқынында” атты кітабында Алаш зиялылары туралы айта келіп, «сол айтулы есімдердің білімдарлық пен азаматтық тәлімдерінде кейде көріне бермейтін де арналар бар. Оның бағасын ұрпақтары, бүгінгі қазақ зиялылары беруге тиіс. Бұл — тарих толқынындағы мәдениетіміздің кіндік тұлғалары”,- деп жазды.
    Осындай білімдар Алаш зиялыларының бірі педагог, ғалым, журналист, қайраткер Абдолла Байтасов еді. Оның есімін осы күнде біреу білсе, біреу білмейді.

  • Би құдіреті. Әңгіме

     —БҰЛ не деген ғаламат! Шіркін-ау, өзін Сержан десе дегендей. Жаны сері жігіт екен, —деп әкесі тамсанып төгіліп отыр.
    Шәй үстінде:
    — Мұнша өнерді бір басқа қалай сиғыза берген десеңші. Өзі әнші, домбырашы, баянда ойнағанда клубты күнірентеді. Бәрінен де бишілігін айтсаңшы, — деп тіпті қояр емес.
    Жұмыстан қайтып келе жатып, киноға билет алмақ болып клубқа соқса керек. Көркемөнерпаздардың аудандық байқауына баратын жастар сонда дайындық жасап жатқан еді. «Бұлардың не жақсылығы бар екен» деп азын-аулақ уақытын бөле кеткен әкесі Сержанды тамашалап қалыпты. Енді, міне, Еркешке ойыса кетті: