Знаменитые земляки

  • Алғыс арқалаған азамат

    «Бірде Н. Погодин театрының  жанынан өтіп бара жатып, Пушкин мен К.Сүтішев көшелерінің қиылысындағы екіқабатты көк ғимаратқа көзім түсті. Қазақтың талай атпалдай азаматтары осы мекеменің ішінде жазықсыздан жазықсыз ату жазасына кесіліп кетіп жатты. Алақандай ауылдан аттап шықпаған жігіттерді өңі түгіл түсінде көрмеген Жапония елінің жансызы деп айыптағанын қайтерсіз?

    Қан сасыған сол ғимаратқа кейінгі жылдардың өзінде көбіміз кірмек түгіл  маңына жолауға жүрегіміз дауалай бермейтін. Енді, міне, шынжырлы трактор сенің де төрт қабырғаңды төрт жаққа айырып, күлпаршаңды шығаруда.

    Бұл өмірде мәңгілік ештеңе жоқ екені ақиқат», — деп бастады әңгімесін Болат Мағазұлы.

     

  • Кәкімбек Салықов

    Кәкімбек Салықов 1932 жылдың 22 қаңтарында Айыртау ауданы Сырымбет ауылында туған.

    Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтын тамамдағаннан кейін ол ұзақ жылдар шахтада еңбек еткен, содан кейін партиялық жұмысқа ауысқан.

     

  • Ақиқатпен үндескен, шежіремен тілдескен

    2010 жылдың 26 мамырында петропавлдық ақын, көсемсөзші, Қазақстанның құрметті журналисі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Журналистер одағы сыйлығыныңиегері Владимир Георгиевич Шестериков қайтыс болған еді.

    Ол облыстық «Северный Қазахстан» газетінде қызмет істеді, өңірлік әдеби-көркем журнал «Провинцияның» бас редакторы және Астанада шығарылатын «Нива» журналының редакциялық алқасының мүшесі болды. Владимир Георгиевич — 9 жыр жинағының авторы.

    2014 жылы, ақынның туғанына 75 жыл толуына арнап «Северный Казахстан» баспасы оның «Чтоб светилась душа» атты өлеңдер жинағын шығарды. Жинаққа ақынның әр жылдары жазылған таңдамалы өлеңдері енгізілді.

    В.Шестериков — ақын ғана емес, сан қырлы дарын иесі. Ол зерделі өлкетанушы да еді. Оның өңіріміздің тұғыры биік тұлғаларына арналған зерттеулері, мақалалары көпшілікке жақсы таныс. Зерттеуші өлкетануда әдеби шығармашылықтың тарихын тереңжәнежан-жақты зерделеді.

     

     

  • Уақыт тынысын таныған ақын

    Ақын да — өз дәуірінің, өз заманының, өз уақытының перзенті. Өзегін жарып шыққан өлеңдерінде ақын оқырманымен сырласады, мұңдасады, үндеседі. Осы тұрғыдан келгенде ақын Есләм Зікібаевты бұрын жақын араласып, бірге қатар жүрмеген адамның да таныпбілуі өміршең өлеңдері арқылы мүмкін болмақ. Солтүстік өңірінде сонау Қожаберген жырау, Сегіз сері, Біржан сал, Шал ақындардан тамыр тартқан, кешегі Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов, Ермек Қонарбаев, т.б. жалғастырған ақындық, жазушылық өнердің көш-керуенінде алашқа аты белгілі ақын, аудармашы Есләм Зікібаевтың да қалдырған ізі сайрап жатыр.

     

  • Орны бөлек еді

    Уақытта тоқтау жоқ. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қарымды қаламгер белгілі қайраткер, арлы азамат, танымал тұлға, жерлесіміз Герольд Бельгердің өмірден озғанына да бір жылдың жүзі болып қалды. Бұл, әсіресе, қазақ үшін ауыр қайғы болды. Өйткені, орыс жерінде дүние есігін ашқан ұлты неміс жеті жасар Г. Бельер Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жылы отбасымен бірге Қазақстанға жер аударылып, шалғайдағы шағын қазақ ауылынан пана тапқан, ұлтымыздың бел баласына айналып кеткен азамат еді. Ол осында  қазақ мектебінің табалдырығынан аттады, алғаш рет әліппені қолына алды. Қазақтың тілі мен діліне ден қойды, ыстық мекенге деген махаббатын ешқандай сөндірген жоқ аялап өтті.Соңғы рет кездесіп әңгімелескенімізде: «Дәрігерлер менің жүрегімнің жиырма пайызы ғана істеп тұр, — дейді. — Бірнеше рет өліп-тірілдім. Балалық, жастық шағым өткен ауыл жаққа барып-ақ қайтқым келеді. Бірақ денсаулықжібермей  тұр», — деп еді.

  • Менің бір дертім –қазақтың тілі мен ділі мәдениет

    Ол тағдырға лағынет айтып, босқа жыланбай, көргенді әке-шешесінің қазақтар алдындағы абырой-беделі арқасында бұла өсті. Мектепте окуға деген кұштарлық танытып, сыныптастарын талайын қазақ тілінен жер қаптырып жүрген оны ауыл адамдары еркелетіп сол кезде-ақ «оқымысты», «білгір бала», кейде қысқартып <<Білгір>> атандырып жіберді. Ал, Бельгер кезде-ақ ақтауға тырысыпты, мектепті алтын медальмен аяқтап шықты.

     

  • Сәбит Мұқанов Сталиннің қабылдауында болған

    Ресей тарихында, тіпті, әлемдік тарихта Сталиннің рөлі туралы тиянақты көзқарас әлі қалыптасып болған жоқ. Ресейдің өзінде қоғамдық пікір екіге жарылған.Біреулер үшін ол миллиондаған жазықсыз адамдарды қырып-жойған қанішер, екінші біреулерге Ресейді мемлекет ретінде жер бетінде аман сақтап қалу үшін туған орыс ұлтының «ұлылығына» табынып өткен жанкешті қайраткер.Ал осы жолдардың авторы мен үшін, СОКП қатарында 30 жыл болған бұрынғы коммунист, қазақ тарихын, Ресей тарихын, әлем тарихын, мәдениеті мен әдебиетін бір кісідей білетін, жетпіс беске қарап отырған жорналшы үшін Иосиф Сталин деген кім? Ол — Ресейдегі 1917 жылғы қазан төңкерісі қаһармандарының бірі және аузы дуалы ағылшын айтыпты деген: