Кәкімбек Салықов

  Кәкімбек Салықов 1932 жылдың 22 қаңтарында Айыртау ауданы Сырымбет ауылында туған.

Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтын тамамдағаннан кейін ол ұзақ жылдар шахтада еңбек еткен, содан кейін партиялық жұмысқа ауысқан.  Жезқазған кен-металлургия комбинатының партком хатшысынан КОКП Орталық Комитетінің инспекторы, Өзбекстан компартиясы Қарақалпақ облыстық комитетінің бірінші хатшысы және КСРО Жоғарғы Кеңесінің Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасына дейін өскен. Бірнеше мәрте Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің  депутаты болып сайланған.

Кәкімбек Салықов мемлекеттік қызметімен бірге талантты ақын болды. Оның «Сыр» деп аталатын алғашқы өлеңдер жинағы 1970 жылы жарық көрді. Ақынның қаламынан бұдан кейін «Мәңгі шырақ», «Жезкиік», «Нұрлы күндер», «Көңіл назы», «Аққу жеткен», «Парасат сыры», «Шын жүректен», «Дала — дастан», «Че Гевара», «Гәкку» және басқа да көптеген өлеңдер мен поэмалар жинақтары туды.Кәкімбек Салықов 2013 жылдың 27 қарашасында 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Кәкімбек Салықов 1932 жылдың 22 қаңтарында Шал ақын ауданындағы Еңбек ауылында туған.

Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтын тамамдағаннан кейін ол ұзақ жылдар шахтада еңбек еткен, содан кейін партиялық жұмысқа ауысқан.

Жезқазған кен-металлургия комбинатының партком хатшысынан КОКП Орталық Комитетінің инспекторы, Өзбекстан компартиясы Қарақалпақ облыстық комитетінің бірінші хатшысы және КСРО Жоғарғы Кеңесінің Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасына дейін өскен.  Бірнеше мәрте Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің  депутаты болып сайланған.

Кәкімбек Салықов мемлекеттік қызметімен бірге талантты ақын болды. Оның «Сыр» деп аталатын алғашқы өлеңдер жинағы 1970 жылы жарық көрді. Ақынның қаламынан бұдан кейін «Мәңгі шырақ», «Жезкиік», «Нұрлы күндер», «Көңіл назы», «Аққу жеткен», «Парасат сыры», «Шын жүректен», «Дала — дастан», «Че Гевара», «Гәкку» және басқа да көптеген өлеңдер мен поэмалар жинақтары туды.

Кәкімбек Салықов 2013 жылдың 27 қарашасында 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

 


// Солтүстік Қазақстан. — 2016 .- 19 мамыр. — 6 б.

Похожие записи

  • Лебіздер

     Лебіздер
    Әбділда Тәжібаев:

    «Есләм менің ойымда жүрген дәмелі, үміт артатын інілерімнің бірі болғандықтан, оның «Ақ қайнар» деген атпен топталған өлеңдерін шын ықыласпен оқып шықтым. Әрбір жырдың өз әуені, өз сыры бар. Есләм тақырып жағынан кілең жаңалық айтады деу қиын. Бірақ бізге мәлім тақырыптардың өзі де Есләмша жырланып, жаңғырып отырады. Өйткені, талантты ақынның өлеңді поэзиялық дәрежеге көтеретін өнері көп, аспаптары мол».

    Евней Букетов:

    «Ақ қайнарыңды» алғалы недәуір болды, кітаптың ықшамдылығы қандай жақсы — бірді-екілі қалтама салып жиналыстарға да бардым — сөйлеушілердің сөзі жалпылама болса, «Ақ қайнарға» үңіліп отырдым. Үлкен рахмет! Жазғандарыңды жүрекпен, тебіреніспен жазады екенсің, бұл ақындықтың шын белгісі ғой. Талабың өсіп, шабытың ұлғая берсін! Ақын інім табылғанына қуанып та жүрмін».

  • Тағдырлы талант

     Қаламгер Зейнел-Ғаби Иманбаев қазақ әдебиетінде өзіндік айшықты қолтаңбасы бар дарынды таланттардың бірі еді. Ол 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Сергеевка ауданына қарасты Ортақкөл ауылыңда туды. Жасынан ауруға шалдығып, сырқатты өмірдің тауқыметін ғұмыр бойы азаппен кешкен Зейнел-Ғаби балалық, жастық шақтың қызығына да армансыз құлаш ұра алмады. Орта мектепті құрбы құрдастарымен қатар құлындай ойнақ салып жүріп бітіре алмаған өндір жас төсөк тартып, аурумен апысып жатқанның өзінде өмірге ғашық көзбен, құштар көңілмен ұмтылып, білім бұлағынан сусындауын тоқтатқан жоқ. Ол қалың-қалың кітаптарды түн баласында тынбай оқып, көкірегін қазынаға толтыра берді. Кітап оқу, жазуға құштарлықты оятты, қолына қалам алдырды. Алғашқы әңгімелерін жазды, талмай түзетіп редакциял арға жолдап жатты. Тынымсыз еңбек, сарылған ізденіс қашанда өз жөмісін берері анық.