«Кіреуке мерген» Кітап әлемінде

  Жерлес жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев балаларға тағы бір базарлық ұсынып, жас оқырмандарын қуантып отыр. Жақында «Жазушы» баспасы оның «Кіреуке мерген» атты жаңа жинағын жарыққа шағарды. Бұл — жазушының балаларға арналған әңгімелерінің топтамасы.
Бала көқілі романтикалық хикаяларға қашаннан құштар-ақ. Әсіресе, ну орман құшағының тылсым сырлары, аңшылық сонарының шырғалаңдары, таусылмас шырдай тамсандырады оларды. 3. Иманбаев жас оқыр манның осы ынтызар ықыла сын дөп басып, жаңа жинағында негізінең табиғат тамашаларын, аңшылық әңгімелерін көркемсөз өрнегіне өреді. Кітаптың бас арқауы іспетті көлемді дүниелік «Кіреуке мерген» әңгімесі.
Орман күзетшісі Кіреуке мерген жұбайы Жамалмен жалғыз үй қалыңіну ортасында тұрып жатады. Оның аңшьшық өмірінің хикаялары қандай қызық десеңізші. Жазушы сол мол әңгіменің біреуін ғана домбыраның төменгі шегінде шертілген қоңыр күйдей күмбірлетіп әсем сазбен сұхбаттап береді. Кіреуке мерген қасқырдың бөлтірігін күшік күнінен асырап арлан етіп өсіген еді. Оның атын Құйын қойды. Кұйын мен Құтжолы шынайы жеткізеді. Кіреуке мерген Құйынды қаншама мәпелеп өсіріп, оны аңға қосып, тіпті қасқыр алдырып, әбден ұятәл етіп үйреткенімен бөлтірік орманға қарап ұлуын ұмытпайды. Құйынның бүкіл жүріс-тұрысы, қылық-мінезі жаттығынан жаңылмаған. Ақыры күндердің күнінде қанына сіңген тағылық қасиетінен танбай Құйын өзінің түздегі тобырын табады.
Кіреуке мерген қыстың қақаған күнінде орман арасында баяғы өзінің Құйыны бастап, құтырына соқтыққан ұялы қасқырға кезігеді. Ажал аранына тап болған аңшы өзінің ескі жұртына— ормандағы үйіне қарай тартып, осында жан сақтайды. Әйтеуір аңшылық айламен топ қасқырды үйге қамап, қырып салады. Тек ең соңында ғана толқып тұрып мылтық кезеген Құйын өзін қапы түсіріп, аңшының алқымынан алады. Кіреуке мерген қасқырды қанжармен жайратып, бұл қысталаңнан да аман құтылады.
3. Имаңбаев әңгіме желісін қызғылықты етіп құра білген. Оқырман көңілі еле гізіп, соңғы сөйлемдерді оқы ғанша асығып отыратыны жақсы-ақ. Жазушы тілі де көркем де нәрлі. Табиғаттың келісті суреттері көңілге қонып, орман өмірінің тылсым лебің әкелгендей болады. Қаламгер аңшылық қаракетін жақсы білетіні сезіліп тұр. Мұндай әңгімелер балаларды табиғатты сүюге, баулып, орман қызықтарына, аңшылық шырғалаңдарына жетелейтіні анық.
Жинақтағы басқа әңгімелер де аңшылыққа, табиғатты қастерлеуге арналған. «Аққудың ажалы», «Аңшы келе жатыр», «Үміт пен құмарлық» сияқты әңгімелерде табиғаттың түрлі тамашалары қалам қуатымен көркем бейнесін тапқан. Бұларда жазушы жас, оқырмандарын аңғарымпаздыққа, табиғатты сүюге тәрбиелейді.
«Кіреуке мерген» жинағындағы әңгімелердің осындай жылы сезімді әсерлерімен бірге кейбір әттеген-айларын атаған да орынды. 3. Иманбаев жекелеген шағын әңгімелерде оқиғаның композициялық желісін босаңсытып, солғындыққа бой алдырып алады. Тақырыптың тым ұсақтап кететін тұстары да бар. Әрине, мұндай бірлі-жарым ағаттықтар жазушының балаларға ұсынғаң базарлығы «Кіреуке мерген» жинағының бағасын төмендетпек емес.


Мұстафин Б. «Кіреуке мерген» Кітап әлемінде // Ленин туы.- 1973.- 11 желтоқсан.

 

Похожие записи

  • Әсем. Әңгіме

     ЖҰМЫСТАН соң қызыл бұрышқа келіп газет-журнал оқып отырмыз. Газетті шұқылай тауысып оқып жатқандар да бар, бір жылғы журналды жинап алып құрсуретін түгендеп, бетін санап отырғандар да бар. Әйтеуір, мәдениеті дем алудамыз.

  • Дала гүлі: Повесть

     Қыр төсінде замандар бойы құшақтаса, өріле өскен егіз қайың тұр. Түптері жуан, бұтақтары тармақты, тамырлары тереңге кеткен. Дала желінен қаймықпай аспанға ұмтылған биік. Көз көрімдегі орманнан бұл тұсқа қалай келіп орнықканын білуші ешкім жоқ. «Аспан айналып, жерге түсердей» дейтін ыстықтарда қоймен аралас жатып, қойшылар саялайтын жапандағы жалғыз пана осы.

  • Арманда өткен асыл тұлға

     ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында кеңестік империя “халық жауы” деген жаламен қазақ халқының мыңдаған асыл азаматын жазықсыз жазалады. Басқасын айтпағанда, бір ғана Қызылжар өңірі бойынша он мыңнан астам адам түрмеге қамалып, ату жазасына кесілген, жер аударылған.

  • Тыйым. Әңгіме

     Төрт жыл бұрын түлеп ұшқан мектебіме мұғалімдік дипломмен оралған кезім. Қүш-қуат мол, білім де жетерлік. Қандай тапсырмаға жексе де жылпылдап тұрамын. Алғашқы айлардың қызығы мен қуанышы әлі басылып болмаған шақ. Өртше қаулаған қалпың, лаулап жана бергің келеді. Тіпті, кейде ол-пұл қағазбен түртініп үйде отырып қалсам, дүниеде осындай тыныштық сәт болатынына таңғалғандайсың.

  • Мағжантанудың шешілмеген мәселелері

     Ақын мұрасын ақтарып, төңкеріп отырған күнде Мағжан ақындығының қалай қалыптасқанына көз жүгіртіп, ой топшылауға болады. Ол – ақын болып туған еді, ақын болып өлді. Мағжанның бақыты ма, соры ма, әрбір өлеңі оқырман назарынан тыс қалмағаны байқалады. Оқырман дегенде мен оның өлеңдерінен сән іздеген, ән іздеген, рухани нәр алған, осындай отандасы бар екеніне қуанған ақ жүрек адал оқырманды да, ақынның табиғи дарынын көре алмаған, күншілді, әр өлеңнің астарынан қылмыс іздеген тыңшы, тіміскіні де айтып тұрмын.