Кейіпкерлерімен бірге ілгерілеп кеткен жан-әкем жайлы сыр шертсем…

  Әкем марқұм «бұл көктемді көрген де бар, көрмеген де бар» деп көктем келгенде қуанып та, мұңайып та қалушы еді… Өйткені оны ойландыратын да, өкіндіретін де жайлар бар еді. Өзінің қатарластарының көбінен кешегі Отан соғысы айырды. Өзі болса солармен қатар соғыса да алмады, елім, жерім дегі соққан жұдырықтай жүрегіне соғысқа қатыса алмағаны тастай батты. Бірақ денсаулығының нашарлығына қарамастан, елде еңбек етті, сөйтіп жеңіске өз үлесін қосты. Оның айғағы — соғыстан соң әкем «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбегі үшін» медалімен марапатталғаны.
КСРО Жазушылар одағының 1960 жылдан мүшесі, қазақ жазушысы, менің асыл әкем Зейнел-Ғаби Иманбаевтың өмірінің өзі де ерлікке пара-пар еді ғой.
Әкем әдебиет көгінде самғап шырқап қетпесе де, қырандай қалқып еркін ұшты, оның жазған еңбектерінің қайсысын алсаң да, өскелең ұрпақты биік адамгершілік қасиеттерге баулиды: Отанды сүю, үлкенді сыйлау, кішіні құрмет тұту, ананы ардақтау, сондай-ақ ел ішінде кездесетін маскүнемдік, еріншектік, боқтампаздық, өтірікшілік, жағымпаздықты әшкерелеп, аулақ болуды насихаттады. Ол өте еңбексүйгіш, қажырлы, қайратты, ақкөңіл жайдары, жарқын мінезді, қалжыңқой, жомарт жан болатын Еңбексүйгіштігінің, өмірді өте сүйгендігінің арқасында талай жыл төсек тауқыметін тартып жатып өмірден түңілмегең көп оқыған, көп жазған. Ақыры еңбегі жанып, 17 кітабы Алматы баспаларынан бірінен соң бірі жарық көрді. Ауылда, Ортақкөлде отырып поштамен жіберген еңбектері кітап болып оралғанда, қатты қуанатын. Біз де әкемізбен бірге қуанып, шаттанып, мақтанып ерекше бір күй кешетінбіз. Әкем мақтанбайтың өзін барынша қарапайым ұстауға тырысатын, бірақ басқа адамдарға ұқсамайтыны бәрібір көрініп тұратын. Ол ешқашан ешкімді сыртынан ғайбаттамайтың ешуақытта ешкімге жалынбайтың ештеңе сұрап бармайтын туған жерін қимайтын. Оған ертеректе жас жазушы есебінде облыс орталығына немесе Алматыға көш, келіп қызмет істе, біліміңді көтер деген шақырулар келетің бірақ «атамекенімді, қос шалқар көлдерімді, ормандар мен шалғындарымды, еңбектеніп салған қонысымды қалай тастаймын, туған-туыс, ағайын мен ауылдастарымды қалай қиып кетемін. Осында тудым, осында өлмекпін» деуші еді қайран әкем. Сырқаттанып жүргенде «қалаға көшсеңіз жақсы болар еді» дегенімде, «ешқайда бармаймын» деп қатты ренжіп қалды, көп ұзамай қайтыс болып, Қаражігіт, Иманбай аталарымыздың жанына жерлеген болатынбыз. Әкем қайтқаннан кейін ауылдың адамдары жетімсіреп, ортасы ойсырап, орны бос, әзіл-қалжыңы естілмей, бастары қосылғанда қөпке дейін «шіркін, Зәкең болса әлдебір қызық әңгіме айтып, жұрттың көңілін бір көтеріп тастар еді» деп іздеп сағынып отыратын.
Әкем тамаша суреткер болатын. Оның жазған кітаптарының кейіпкерлері — өзімен қоян-қолтық өмір сүрген қарапайым ауылдастары. Шығармаларын оқып отырып, аты басқаша болса да жазбай танып, тура өзін кергендей әсер аласың. Адамның мінез-құлқын өзіне ғана тән жақсы-жаман әдеттерін қолмен қойғандай қаз қалпында көрсете білуші еді. Ал жазудан қолы босаса аңшылықпең балық аулаумен, бағбандықпен айналысатын. Мерген еді, аудандық «Аңшылар қоғамына» мүше болып, күзде ондатра терілерін үкіметке тапсыратын. Құс атқанды ұнататын. Бірде маған үйректің кептерін тіккізді. Өзі ағаштан ойып екі үйрек жасады, ал мен олардың сыртын матамен қаптап, көз, қанаттарын жіппен тіктім. Әкем оларды келге апарып, жіпке байлап, ашық айдынға жібереді де, өзі қамыстың ішінде тығылып отырады, сосын үйрекше дыбыстайды, ал аспандағы үйректер келдегі «үйректерге» қонбай қоймайды. Әйтеуір, әкем үйге олжасыз оралмайтын.
Ол балаларын өте жақсы көретік. Бізге «оқыңдар, жоғары білім алыңдар, жақсы болыңдар» деп қысқа күнде қырық айтатын. Мен он жылдық мектепті бітірген соң журналистік оқуға түскім келді, мектепте шет тілін дұрыс оқытпай, оқуға түсу мүмкін болмады. Ауылда жұмыс істедім. Оқымай қала ма деп әкем қатты қайғырып жүрді. Институтқа түскенімде шексіз қуанды. Оқып жүргенде ауылға автобус жүрмейді, жиырма бес шақырым жерге қысы-жазы ат жегіп алып баратык. Қайран әкем, «мен сендер үшін қиындық көрдім» деп айтқан емес. Әкеміздің арқасында он баланың жетеуі жоғары білім алды. Отбасынан алған тәрбие, өнеге, біліміміздің арқасында елімізге адал еңбек етіп, Аллаға шүкір, жүріп жатырмыз.
«Тегінде бар — тек жатпас» дегендей балаларының бәрі өнерге жақын, шетінен әнші, күйші, биші, өлең жазады.
Әкемнің қолжазбаларын оқып отырып, ол кісінің жарық дүниеде нені жоғары қойғанын бірден түсінуге болады. Ол — еңбек. Шығармасының кейіпкері Садуақас Мұстафин «Еңбек етуден артық бақыт жоқ» дейді. Сондай-ақ әкем «Сүйген халқымның кәдесіне асар шығармалар жазсам, халқыма өз жүрегімді жарып шыққан сөзімді жеткізсем… Осы мақсат төңірегінде үзбей еңбектеніп, тынбай талаптанып келемін» деп ағынан жарылып, толғанып сыр шерткен еді, өзінің 1962 жылы 29 шілдеде облыстық теледидардан берген сұхбатында. Шаршамай еңбек етудің табандылығының арқасында артына жүздеген әсерлі әңгімелер мен очерктер, повестер мен пьесалар, суреттемелер мен новеллалар қалдырды.
Әкем өнер жолының оңайға түспегенін айтып отыратын. Жазушылық өнерді меңгеру жолында көптеген кедергілер мен жайсыздықтар да кездеспей қалған емес. «Халық бақыты үшін арманда кеткен ардагерлерді тірілтіп шығару міндетім сияқты болады да тұрады», деуші еді. Алдына осындай нұрлы мақсат қойып көп еңбек етті. Ол 1921 жылы Кеңес үкіметін орнату жолында құрбан болған күрескер жерлесіміз Құрманғали Бошатаев туралы деректі повесть жазбақшы болып, көнекөз қариялардан деректер жинады. Шығарма сол қалпы болған оқиға негізінде жазылды. Аз ғана байлар Құрманғалиді бір түнде жоқ қылып жібергенімен, оның қайғылы қазасы туралы ел ішінде білетін кісілер болған. Өлтіріп, мүрдесін белгісіз соқыр құдыққа тастағанын біреу білмесе де, біреу білгек Құрманғалиді Бекі Теребаев бастаған кулактар түнде жойып, «біз білмейміз, Спасовкадағы атаманға жібергенбіз, солар Қызылжарға жіберіпті» деп алдаусыратқан. Әкемнің деректі повесі жарық көрмеді, оның орнына «Қыран түлегі» атты көркем шығарма дүниеге келді. Жеке адамдардың жалған намысы әкемнің нұрлы мақсатына бөгет-болды, елі үшін опат болған жөрлесіміз Құрманғали Бошатаев аруағының алдында кешірілмейтін күнә болды деп есептеймін. Осы повестің негізінде жазылған «Ауыл жігіті» деген бір актілі пьесасын өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Есіл ауданында халық театры сахналады, одан кейін Талдықорған облысындағы «Ақсу» халық театры сахнаға шығарды.
Жазушының алға қойған мақсаттарының бірі—тағы бір аяулы жерлесіміз, ақың ағартушы Баймағамбет Ізтөлин туралы жазу, оны келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру болатын. 1980 жылы көп ізденіп, кеп толғанып «Баймағамбет Ізтөлин» атты 2 актілі, 4 көріністі драма жазды. Азамат соғысынан кейін ақын Баймағамбет Ізтөлиннің елде Кеңес үкіметін орнатуға, сауатсыздықты жоюға ат салысқанын, тап тартысына қатысып, елді еркіндікке, теңдікке, бостандыққа шақырғанын, күрес жолында қаза болғанын баяндап қана қоймай, оның мәнмағынасын аша туседі.
Әкемнің тарихи тақырыптарға жазған шығармалары сол кездегі адамдардың өмірін, қам-қарекеттерін, арман-мақсаттарын шынайы көрсетеді, оның әр кітабы ел мен жер, нағыз еңбекші халық туралы таусылмайтын, соңы жоқ жыр сияқты. Әдебиет дегеніңіз телегей теңіз болса, әкем оған өз үлесін, тамшылаған маңдай терін қосып кетті. Ол әр уақыт өткенді ұмытпай, бүгінге қуанып, ертеңгі күнге үлкен үмітпен қарады. Оның тарихи тақырыпқа жазған драмаларының бірі «Шопан қызы», одан кейін «Қос қайың» атты пьесасына Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауылдың тауқыметі таудай өмірі арқау болған. Ауыз толтырып айтатын еңбегі «Далам менің» — киносценариі шын мәнінде тың туралы толғау.
Әкемнің осы драмалық шығармаларын көпшілік әлі оқып, танысқан емес, кітап болып шығып, сахна төрінен көрсетіліп жатса, тамаша болар еді. Өскелең ұрпаққа өткенді білу өте қажет. Әкем туған елдің қиынқыстау кезеңдерін, ащысы мен тұщысын зерделеп, жүрегінен өткізіп, келер ұрпаққа аманат етіп кеткендей. Әкем алпыс үш жыл өмір сүрді. Оның шығармаларында Кеңес үкіметі кезіндегі ел-жұрттың хал-ахуалдары, тіршілік-тынысы, мұрат-мүдделері көрініс тапқан.
Жазушы, азамат ретінде ол өз борышын, өз міндетін адал атқарып кетті. Ол өз заманының тамаша суреткері болатын.
Қазіргі жеке ел болып, қазақ тілі жаңа биіктерге көтерілген кезде тірі болса, оның елге берері әлі көп еді.
Осы бір әке туралы толғауымды әкемнің өз сөзімен аяқтағым келеді: «Мен өзімнің сүйікті кейіпкерлеріммен бірге ілгерілеп кете бермекпін..».


Зейнел-Ғабиқызы М. Кейіпкерлерімен бірге ілгерілеп кеткен жан-әкем жайлы сыр шертсем…  // Солтүстік Қазақстан. – 2007.- 19 қазан. — 6 б.

 

Похожие записи

  • Труд его благословенный К 80- летию со дня рождения поэта Какимбека Салыкова

      Имя Какимбека Салыкова популярно в народе, его поэзию хорошо знают и в больших городах, и в аулах. Работая в «Казахстанской правде», я часто выезжал по заданию редакции в Улытау. И меня сразу поразила песенность казахского народа. Тогдашний директор совхоза им. Амангельды Алипбек Бекетаев во время сенокоса проводил для участников зеленой жатвы прямо на джайляу концерты художественной самодеятельности. Все слушатели располагались под сенью карагачей у ручья, девушки в нарядных национальных костюмах исполняли песни. Среди них особо запомнилась мне «Жезкиик» — о медной лани, которая мчится на крыльях по степи и несет людям счастье. «Медная лань! В дни, когда меня губит тоска, Мне без тебя и в степной беспредельности тесно». «Кто написал эти прекрасные слова?» — спросил я у Алипбека Бекетаева. И он назвал имя автора песни — Какимбек Салыков. И рассказал о нем.

  • «Алаштың» орындалған арман

     Қазақтың тұңғыш саяси-демократиялық «Алаш» партиясының құрылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалыескелі төл тарихымызда жабық тақырыптареа жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, зымиян саясаттың бет пердесі ашылды.
    Тарихшыларымыз бірауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың орны толықтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен «Алаш» партиясының және сол кездегі қазақ зиялыларының қызметі. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Мен де өз білгенімді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім.
    1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің уақытша үкіметке деген сенімі әлсірейді. Өйткені, уақытша үкімет Қазақстанда әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болады.
    Қазақстанның өз алдына ұлттық-аумақтық автономия болуы жөніндегі мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтереді деген үмітін аяқасты етті. Осыдан кейін уақытша үкіметте шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Әлихан Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгереді. Мұны ол «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсандағы 256-шы санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген ашық хатында жан-жақты негіз деген.

  • «Мақсатымыз -академиялық театр атағына ие болу»

     Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының бір ғасырдан асатын тарихы бар. 1972 жылдың желтоқсанында театр заман талабына сай салынған жаңа ғимаратқа көшті. 2014 жылдан бері театр тізгінін ұстап келе жатқан өңірімізге есімі жақсы таныс өнер саңлағы Спартак Рамазановтың айтуынша, 2016 жылдың басты жаңалықтарының бірі — жаңа мұражайдың ашылуы.
    Өткен кундерден сыр шертіп, көрерменді театр тарихына бойлататын мұражай екі бөлімнен тұрады. Оның ішінде театр құрылған күнінен бастап, тәуелсіздікке дейінгі маңызды оқиғалардың барлығы қамтылған.
    Құнды құжаттарды, өңір өмірінің айшықты сәттер бейнелен суреттерді, ескі жарнамаларды, осыдан 50-60 жыл бурын әртістердің сахналық қойылымдарға киген киімдерін де осы жерден көріп, бүгінгі күнмен салыстырып, тамашалауға болады.

  • Естен кетпес кездесу немесе Ғабеңнің аманаты

     1980 жылдың жазы болатын. Дәл сол жылы қызылжарлықтар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың 80 жылдығына арналған мерейтойды өткізуге кірісіп кетті.