Тергеуші. Әңгіме

  Көрші ауылдағы бастауыш мектепті тексеріп кел. Біз сегізжылдық мектеп болғандықтан, оларға үлгі берер дәрежеде болуымыз керек. Ішкі — сыртқы жұмысын бірдей көр. Кемшілік жағына баса көңіл бөлерсің!
Директордан осындай нұсқау алысымен автомат қаламды сияға толтырып, үлкенірек бір блокнотты қойын қалтаға салып алып, тарттым да кеттім. Шанаға жеккенім — сыңар езу, жынды торқұнан. Шыға шапқан түріне қарағанда нағыз тексеруші мінетін ат екен дерлік.
Құйындатып ауылға да келдім. Сабақ жүріп жатқан кез. Аттың басын тура мектепке тіредім. Ентелей басып кеп, есікті жұлқып қалып едім, мен ойлағандай шалқаң етіп ашыла кетпеді. Сәл бөгеліп, күш жұмсауға тура келді. Кіріп алып қарасам, ара тісті дөңгелек бір темірді байлап, есікті қымтап жауып тұратын сырғыма істеп қойыпты. Тұра қалып ойландым. «Мына темірдің салмағы шамамен қанша болар екен? Осынша зілді бастауыш мектеп баласы көтере беруге мұршасы келе ме? Мүмкін емес. Мектеп басқарушысы бұл жайға коңіл болмеген. Толық мәніндегі әлгі «қамқорлық жоқ». Блокнотқа түртіп алдым.
Сөйткенімше қоңырау соғылды да, балалар жапыр-жұпыр дуылдап, коридорға толып кетті. Жасыл күртешалбар киген адырақ көздеу бір баланы шақырып алдым да:
— Кәне, бала, мына темірдің салмағы қанша? — дедім.
Әлгі бала қибыжықтап тұрды да;
— Білмеймін, — деді.
— Нешіншіде оқисың?
— Үшіншіде оқимын.
«Балалар көз мөлшерімен есептеуге шорқақ. Шорқақ емес-ау, мүлде білмейді,» деп түртіп алдым.
Былтыр Ақтерек: сегізжылдығына методикалық мәжіліске барғанымызда мынадай бір қызық болған: Мектепте мұғалімдермен сөйлессек, қағаздарын қарасақ, бар жұмыс таптұйнақтай. Тиісетін ештеңе таппадық. Сонсоң кешке қарай интернатты аралап, балалармен сөйлескенде, талай қоқиларын тапқанбыз.
Осы жолы да сондай әдіске басуды жөн таптым. Мұғалімдермен көп отырмай, үзіліс уақытын пайдаланып, залға шықтым. Балалар қол ұстасып, ән салып жүр екен. Дауыстары біркелкі емес. Менің құлағыма жамырап шыққандай болып естіледі. «Эстетикалық тәрбие нашар деп жазып қойсам ба екен?» деп бір ойлап қойдым.
Бір кезде қол ұстасқан балалар тұра қалып, ортаға бағанағы мен есеп сұраған адырақ көзді шақырды. Манағыдай имену жоқ, ол батыл басып ортаға шықты да, Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» өлеңін тақпақтай жөнелді.
«Кел балалар, оқылық,
Оқығандьі көңілге
Ықыласпен тоқылық…» — деп тық-тық етеді. Тақпағы көкейіме қонып барады. Сонда да, тексерушілік пиғылым майдай еріп бара жатқан көңілді қайта қатайтты. Тақпақ бітіп, әлгі адырақ көзім жұртты қошаметтей басын ие бергенде, көлденең сұрақты қойып қалдым:
— Осыны кім айтты!
Әлгім сарт еткізіп, жауабын берді де салды;
— Қуантай антты.
— Ия, Қуантайын кім?
— Мен.
— Менің кім?
— Мен бе, мен Қуантай.
«Оқушылар ЬІбырай Алтынсаринді білмейді» деп түйіп қойдым ішімнен…
Мұнан соң сабаққа қатыстым. Мұғалім класты тугеңдеп болып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісті. Сөзі жатық, ұғымға жеңіл. Балалар ынтамен тыңдап отыр. Екі көзім әсіресе Қуантайда. «Осы не бітіріп отыр?» дегендей ол да маған көз қиығымен ұрлана қарап қояды. Бірін-бірі аңдыған мысық пен тышқандаймыз.
Осындай тиыштықпен жүріп бара жатқан сабақ бір кезде дүр етіп бұзылды да кетті. Еш ыбырсыз отырған балалар ду етіп кейбіреуі орындарынан ұшып тұрып мойындарын ілгері соза түсті. Не істерін білмей, сасып қалған мұғалім аңырып тұр. Мен балалар қараған жаққа қарасам, кіре беріс бұрышта жылтың-жылтың етіп тышқанның басы көрініп тұр екен. Жалма-жан блокнотқа «Оқушылар тұрақты зейінге тәрбиеленбеген, сабақты ұқыпсыз тыңдайды» деп сүйкеп те жібердім. Жылтиып тұрған тышқанды сылтау стіп, «Мектеп үйі жаңа оқу жылына нашар дайындалған» дегенді де қосып қойдым.
Сабақтан тапқан фактілерім осы болды да, неде болса түбірлеп шықпақ боп манағы құдай берген Қуантайды келссі үзіліс тағы әуреледім. Әкесі қойшы, шешесі сауыншы екен. Өзінің үлгерімі орташа көрінеді. Оны-мұныны сұрап айналдырып біраз тұрдым да, кете бердім. Сөйткенімде, мынадай әңгіме құлағыма шалынды:
— Әй, Қуантай бұл қандай мұғалім?
— Өй, бұл мұғалім емес.
— Кет-әй, енді кім?
— Шопыр.
Таңқалғаным сондай, тоқтай қалдым. «Мені шофер дейді, онысы несі? Киіміме қараймын, мүлтік жоқ, не бір тамшы бензин, не бір тамшы автол дағы болсайшы. Қызыл ала тоқыма галстук, жағасын крахмалдап қатырған ай көйлек, модалы көк костюм, тек жолға шыққан соң пима мен сары галифе шалбар киіп едім. Содан күдіктеніп жүрмесе бұл Қуантай».
Келесі баланың кезекті сұрағы да естілді:
— Өй, қоншы, сықпыртып тұрсың ғой. Осындай шопыр бола ма екен?
— Озің қызық екенсің, — деді Қуантай, — Қамарбек шопырды білмейсің бе, ол біздің мектепке кіргенде малақайын шешпейді. Мынау да малақаймен жүрген жоқ па, әне. Мұғалім болса сөйте ме?!
— Міне, саған безгелдек! Шап беріп басымды ұстасам, малақайым, шынында, қауқиып басымда тұр. Адырақ көз Қуантанға қарай алмай, мұғалімдер кабинетіне жып етіп кірдім де кеттім. Балалар мектептен тарағанша қайтым залға шыққамын жоқ.

Ермек Қонарбаев


Қонарбаев Е. Тергеуші. Әңгіме // Тың өлкесі.- 1962.- 9 қыркүйек.

 

Похожие записи

  • «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің»

     Осыдан үш ғасырдай бұрын өмір сүрген Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) – қазақ поэ-зиясының өрісін кеңейтіп, көшпенділер топырағында реалистік дәстүрдің өркен жаюына алғышарттар жасаған ақберен ақындарымыздың бірі. Бозбала шағында-ақ ақындық өнердің тұлпарын тізгіндеп, даңқы қалың елге жайылған Тілеуке Құлекеұлының артына қалдырған мол мұрасы уақыт сынына төтеп беріп, ғасырлар қойнауынан нұрын шашып тұр. Бүгін біз оқырмандар назарына саңлақ суреткердің бір топ өлеңін ұсынып отырмыз.

  • Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

     Жуырда М. Жұмабаев атындағы ауданның орталығы Булаево кентінде денешынықтыру және спорт кешені ашылып, оған Батыр Баянның есімі берілді. Елін, жерін сыртқы жаулардан азат етуде асқан батырлығымен көзге түсіп, халқының ерекше құрметіне бөленген оған бұған дейін де ескерткіш орнатылып, көше мен мектепке аты бірілген болатын.

  • Был педагогом по призванию: [100 лет со дня рождения заслуженного учителя Казахской ССР Виталия Ивановича Сакуна]

     Исполнилось 100 лет со дня рождения Виталия Ивановича Сакуна, заслуженного учителя Казахской ССР, более 20 лет руководившего Северо-Казахстанским областным отделом народного образования, участника Великой Отечественной войны.

  • “Біржан деп атым шықты алты Алашқа…”

     Өнер дегеніміз – мүмкіндігі шексіз, құдіретті күш. Кейде бір ауыз сөз, бір минуттық музыканың өзі адам өмірін өзгертіп, санасына жарық түсіретін қасиетке ие. Өнердің әр саласының өзіндік ерекшелігі, бөлек бір құдіреті болады. Әуелеп ұшқан әсем ән талай адамның жүрегін тербеп, кеуделеріне ізгілік нұрын сеуіп келеді. Кез келген ұлттың өткенін, арман-мұратын, мінезін танытатын өнері – әні. Қазақ әні де халқымыздың сан ғасырлық қасірет-қуанышының, өкініш-жұбанышының айнасы. Қоғамдағы өзгеріс, толқулардың барлығы дала дарындарының жүрек сүзгісінен өтіп, ғасырдан-ғасырға жалғасатын туындыларға айналып отырған.

  • Әке аманаты: Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев – 80

     «Әке — асқар тау» демекші, әр перзент үшін аяулы әкенің орны ерекше.
    Мен де әкем есіме түскен кезде қатты тебіреніп кетемін
    Әке дегенде нұрлы жанарымен мейірлене қарап, «айналайын» деп елжіреп тұратын аяулы тұлға көз алдыма келеді…

  • Алаштың аяулы перзенті

     Жуырда тұлғатану курсы бойынша Смағұлтануға елеулі үлес қосатын үш жинақ қолымызға тиді. Үшеуін де Алматыдағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты шығарған. Жинаққа мақалалары енгендер елімізге танымал тарихшы, әдебиетші ғалымдар мен өлкетанушы, зерттеушілер. Бірінші жинақ – «Смағұл Сәдуақасовтың мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық іс-әрекеті» (құжаттар жинағы), екіншісі – 2023 жылы Алматыда болған «ХХ ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азия тарихындағы ұлттық құндылықтар мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жасалған баяндамалар, ал үшіншісі – жаңадан табылған архив және жазба дереккөздерінің негізінде құрастырылған «Смағұл Сәдуақасовтың мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық іс-әрекеті» деп аталады. Бір өкініштісі, ішіндегі кейбір материалдар болмаса үшеуі де орысша. Деректердің негізінде мақалаларын жазып, жинақты құрастырғандар – Г.Мұқанова, З.Қабылдинов, З.Байжұманова, Д.Қамзабекұлы, Ш.Бұлғауов, С.Жұматай.