Оқырмандар шерткен сыр

Қызылжар өңірінің перзенті, ерке  Есілдің жағасында, Өрнек ауылында балалық шағын өткізген  Есләм Зікібаевтың ақындығы көк аспанда қанатын еркін самғаған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді.

«Қарашығым!

 Ән тербеп өскен елдің баласымын,

Әнмен айтсам жете ме жүрегіңе,

 Сырларымның саф таза, саф асылын.

Сағым далам

Сұлулықты жырлаудан жаңылмағам.

 Махаббатты анамдай әлдилеген,

 Әлдилеген ғажайып лағыл ғалам», — деп жырлаған ақын. Туған ауылына, туған жерге деген cағынышын аса сезімталдықпен, ақындық асқақ шабытпен, нәзік сезіммен жеткізген Есләм өз поэзиясы арқылы оқырманға ғажап сыр шертеді. Ақын жырлары — елдікті, еркіндікті, парасатты паш ететін терең мазмұнды текті туындылар. Есләм Зікібаевтың әр жылдары жарық көрген «Ақ қайыңдар», «Аққу арман», «Мен космонавт боламын», «Ақ айдын», «Ақ қайнар», «Алтын сағым», «Верую в людей», «Құс ғұмыр», «Дүние жалған», «Арна» атты жыр-жинақтары қазақ поэзиясына қосқан құнды дүниелер екені даусыз. Ақын өлеңдеріне әлі де талай ән жазылар, келер ұрпақ сырлы жырларымен сырласып, сөз құдіретін мойындар. Бұл — алдағы күннің тірлігі. Ең бастысы, ақын Есләм Зікібаевтың сырға толы лирикалық жырларын сүйсініп оқитын оқырмандары көп болғай дегім келеді.

 Алтын Иманбаева,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Қазақ радиосының «Алтын қор» бөлімінің жетекшісі.

                                                                                         
Әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып кеткен Есләм Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебінде жерлес ақынның мұражайы жұмыс істейді. Мұнда Есләм Зікібаев туралы тағылымы мол шаралар өткізу арқылы балалардың туған жерге, ауылға, өз ортамыздан шыққан белгілі тұлғаларға деген құрметін, сүйіспеншілігін қалыптастыруға зор көңіл бөлеміз. Мәселен, мектебімізде жыл сайын сәуір айында Есләм күндері өтеді. Онда оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқауға қатысып, өзара бақ сынасады.

Осы жолы білім ордамыздың үздік оқушылары Асыл Шегебаева,Гүлдана Ботина, Нұрсәт Сайранқызы мен Ақерке Сәбит топ жарып, жүлделі орындардан көрінді. Бастауыш және орта буын оқушылары ақынның «Мен космонавт боламын» атты жыр-жинағындағы өлендерінің барлығын жатқа білетіні — барша ауылдықтар үшін зор мақтаныш. Мұражай 2004 жылы Есләм Зікібаевтың жары Роза апайдың көмегімен ашылған болатын. Онда ақынның жеке заттары, мектеп бітіргендегі аттестаты, мәтін теру машинкасы, киімдері мен кітаптары және тағы басқа құнды дүниелері орналасқан. Ақындыққа кеш құлаш сермесе де, санаулы жылдардың ішінде айтар ойы, ақтарар сыры бар сегіз өлең кітабын оқырманына сыйға тартып кеткен Есағаңның шығармашылығына шолу жасап, оның өмірінің көпшілікке аса мағлұм емес тұстарын әңгімелеу, адами болмысына тоқталу мұражайымызда игі дәстүрге айналып отыр.

 

Айгүл Қыдыбекова,

Есләм Зікібаев атындағы

Өрнек негізгі мектебінің

мұғалімі.

Қазақ ақыны, жерлесіміз Есләм Зікібаевтың шығармаларын әр қырынан жастарға оқытуымыз керек. Өйткені, оның шығармашылығында оқырмандарға терең ой салатын, тәлім-тәрбие беретін тұстар өте көп.

 «Бір Есілдің суын ішіп,

Бір өңірдің нуын кешіп,

 Жүретін жерлес бауырларыма!

 Сырым, елді сүюім, бәрі-бәрі жырларымда

Ойлап оқыңдар, бойлап оқыңдар, айналайындар!»-деген өлең жолдарын Есләм Зікібаев ағамыз біздің кітапханаға келгенде «Дүние жалған» деген кітабына өз қолымен жазып қалдырған болатын.

Жерлесіміз, академик Аманжол Қошанов ақын туралы: «Есләмнің жинақтарына үңілген сайын оның өзінің бейнесі, кісілік болмысы, мұрат-мақсаты поэзиясымен ғажап үйлесім тауып, адамгершілік бейнесін көзімізге елестетуі — таңғаларлық құбылыс. Оның шумақтарына сенесің де, шыншылдығына, ой-өрісіне шүбә келтірмейсің, разы болып, ақынмен бірге күйініп, сүйінгендей әсерде боласың», — деген еді. Ақынның өзі арамызда болмаса да, рухы жүргені анық! Расында да, Есләм ағамыздың сезімді селт еткізер, жүрекке шуақ ұялатар жырлары бойға қуат құяды. Оқи бересің, әсерлене түсесің.

Майра Мақышева,

Ғабит Мүсірепов

атындағы облыстық балалар

                                                                                                                   мен жаcөспірімдер кітапханасыны


Иманбаева.А .Қыдыбекова.А. Мақышева.М.

Оқырмандар шерткен сыр //Солтүстік Қазақстан.  — 2016. — 7 маусым.-5 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожие записи

  • Туған жердің тамыршысы

     Топырағы құнарлы, шөбі шүйгін киелі Шал ақын ауданынан небір дара тұлғалардың, қазақ әдебиеті қамбасын маржандай шығармалармен толтырған сөз зергерлерінің шыққаны аян. “Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің”, – деп жырлаған алдаспан тұлға Тілеуке Құлекеұлының артына қалдырған мол мұрасы әдебиет әлеміндегі ұл-қыздарға азық боларлықтай.

  • Трудный путь к истине

     Немало написано произведений, исследований, статей о выдающихся исторических личностях нашего края. Среди них особняком стоит недавно вышедший из печати труд доктора исторических наук, Почетного академика Национальной академии наук Республики Казахстан Омирзака Озганбая «Барлыбаевтар ақиқаты» («Истина о Барлыбаевых»). Книга отличается широтой тематики и глубиной авторского мышления.

  • Ее звали Улпан

     Северо-Казахстанский казахский музыкально-драматический театр имени Сабита Муканова представил зрителю новый спектакль, сыграв постановку «Улпан» по известному роману Габита Мусрепова «Улпан ее имя».
    …В прошлом году казахстанская общественность отмечала 120-летие со дня рождения одного из основоположников казахской советской литературы, Героя Социалистического Труда, народного писателя Казахской ССР Габита Мусрепова. Героя он получил в 1974-м, в том числе за один из этапных романов в своей творческой биографии — историческое сказание «Улпан ее имя», хотя и не только за него: из-под его пера к тому времени уже вышли мгновенно разошедшиеся по рукам читателей повесть «Солдат из Казахстана» и роман «Пробужденный край», на театральных сценах с успехом шли драмы «Кыз Жибек», «Амангельды», «Козы Корпеш и Баян Сулу», «Трагедия поэта» («Ахан-Сереи Актокты»).

  • Жаны Жайсаң Жақсы Аға

     Кабинетінде әлдебір қағаздарды қарап отырып, салиқалы да салмақты ойға берілген ұстаз есіктің қалай ашылғанын да аңғармай қалды.
    Қолында шақыру қағазы бар бойшаң жігіттің не мақсатпен келгенін естіп-білген соң оның жүзі қуаныштан бал-бұл жайнап сала берді. Өткен күннің белгісіндей болған жастық дәуреннің небір қызықты сәттері ойға оралды.