Мәжитұлы, Ә. Аютас

Есіл өзенінің жаркабағындағы Аютас шыңы әудем жерден мұнартып көз тартады. Ел аузындагы аңыз бойынша, осынау өрнекті құздың «Аютас» аталуы казактың белгілі де беделді батырларының бірі — Құлекенің есімімен баиланысты. Тарихи дерекнамаларға карағанда, ХVІІІ-ғасырдың бірінші жартысында ұланғайыр қазақ жерін жатжұрттык жаулардан корғаған Құлеке, Тілеке атты ағалы-інілі батырлар өмір сүрген. Құлеке батыр Абылай ханның жаугершіліктегі үзеңгілес серігі болумен қатар, көрнекті саясаткер ретінде ел мен ел арасын бітістіріп, елшілікте де жүрген.

Құлеке, Тілеке ауылдары «Актабан шұбырынды, алкакөл сүлама» зұлматында Сыр бойынан үдере көшіп, Арқаға ат басын тіреп, Көкшетау маңындағы Азат бекетінің түбіне қоныс аударады. Осы елді мекенде 1748-ші, яғни жылан жылғы көктем — Құлеке батыр шаңырағына қуаныш ала келеді. Аппақ сазандай ұл көріп, оған ақ тілекпен азан шақыртып, Тілеуке деген ат қойылады. Кейін Шал ақын аталып, артына өшпес әдеби мұра қалдырған, міне, сол Тілеуке. Бұл окиғаны кейінге қалдыра тұрып, Аютас хикаятын әрі қарай өрбітейік.

Арада екі жыл өткен соң, 1750-ші жылы тағы да аласапыран шапқын-шылық болып, Есіл бойын жайлаған қалмақтар мен естектер қазак қолдарынан соққы жеп, атамекеннен түре куылады да, Құдайберді, Бәйімбеттен тараған елдер Көкше атырабынан көшіп келіп, өзеннің екі бетіне қапталдай орналасады. Құлеке ауылы Есілдің сол жак бетіндегі құздың маңындағы ну орман-тоғайлы жерде шаңырак көтереді. Күндердің күнінде жылқышылар қанға боялып, жалба-жұлбасы шыққан киім-кешек пен домалап жатқан екі бас сүйегін көреді. Сұмдықтың апандағы аюдан келгенін іші сезген жылқышылар, жан-дәрмен ауылға шауып барып, көрген-білгендерін Құлеке батырга баяндайды. Делебесі дуда қозар батыр қару жарағын асынып, Балтабек дейтін балықшының салына отырып, өзен жағалауына келеді. Түсе калады да, найзасын алға кезеп, тура апанға тартады. Іздегенге сұраған дегендей, адам иісін сезген аю да апанынан ақырып шыға келеді. Қандай жау болса да беті қайтып көрмеген, хас батыр қорбаңдаған жыртқышқа найза салады. Жан бермек оңай емес, аю да өзінше шалт қимыл жасап, алдыңғы аяғымен найзаны ортасынан омырып жіберді. Денесіне қарудың ұшы тиіп, ызаланған жыртқыш болаттай тырнағы мен қашаудай тістерін бірдей жұмсап, батырдың санын, иығын, оң колын жаралайды. Намыска тырысқан Құлеке тістеніп, бар күш-қайратын жинап, аюға сапыны қайта-қайта сұккылайды. Сөйтіп, бір өзінде қырык кісінің күші бар дейтін макұлықтың жанын жаһаннамның түбіне жібереді. Содан бұл жер «Аютас» атаныпты.

Мәжитұлы, Ә. Аютас /Халық даналығы.- Қызылжар, 2009.- Б. 67
 

Похожие записи

  • Ғұлама тарихшы

     Қазактың ғұлама ғалымы, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл толып отыр.

    Мәкеңнің қандай адам болғанын әйгілі ақын Кәкімбек Салықов өзінің «Қазақтың Манашы» атты эссесінде: «Манаш Қабашұлы Қозыбаев кім? дегенде менің ойыма оның бір сырлы мінезі мен мың қырлы қасиеттері түседі.
    Алдымен оны сергек сезіммен ақыл-парасаты үйлескен ел алдындағы парызын әділ де адал ақтап өткен халқымыздың ең сүйікті перзенттерінің бірі, нар тұлға деп танимың ізденімпаз, терең ойлы, зерлі оқымысты, теңізден маржан тергендей тапқырлықтың иесі, дарынды жаң өресі биік энциклопедист, әмбебап білімдар, әдебиет пен мәдениет, өнер мен бүкіл өмірімізді жіті білетін ғалым.

  • Сенімді серпін

    Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Біз — азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл — Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт», — деп атап көрсетті. Алдымызға — дамыған озық 30 елдің қатарына кіру мен «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру міндетін қойды. Осы міндеттерді саралай отырып, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі кезеңді ой елегінен өткізген менің санамнан: «Сынаптай сырғыған осы уақытта «Мен не атқардым?» -деген сауал кетпей қойды. Ой жетегіне ерген менің көз алдымнан сонау Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар көші жылжып өтіп жатты… 

  • Жарқын белес

    Қазақстанның Тәуелсіздік тұғырына қонғанына — 25 жыл. Осы ширек ғасыр ішінде еліміз дамудың жаңа бағыттарын таңдап, алдына қойған үлкен мақсат-мүдделерді бағындырды. Соның бір көрсеткіші — елімізде метрология, стандарттау және сертификаттау  жүйесінің қалыптасуы болды.