Уақыт тынысын таныған ақын


 Ақын да — өз дәуірінің, өз заманының, өз уақытының перзенті. Өзегінжарыпшыққанөлеңдеріндеақыноқырманыменсырласады, мұңдасады, үндеседі. ОсытұрғыданкелгендеақынЕсләмЗікібаевтыбұрынжақынараласып, біргеқатаржүрмегенадамныңдатаныпбілуіөміршеңөлеңдеріарқылымүмкінболмақ. СолтүстікөңіріндесонауҚожабергенжырау, Сегізсері, Біржансал, Шалақындардантамыртартқан, кешегі Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов, Ермек Қонарбаев, т.б. жалғастырған ақындық, жазушылық өнердің көш-керуенінде алашқа аты белгілі ақын, аудармашы Есләм Зікібаевтың да қалдырған ізі сайрап жатыр.

 Ақынның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында (2006 жылы) жарық көрген «Армандай ғұмыр» атты өлеңдер мен толғаулар кітабына атақты ақын Тұманбай Молдағалиев «Самала жырдың шебері» деп алғысөз жазған екен. Есләм жырларына кезінде абыз ақын Әбділда Тәжібаевтың назары ауғанын айтады. «Есләм жырлары — елдікті, еркіндікті, парасатты мадақтайтын терең мазмұнды, текті жырлар. Мен оны бұрын да оқып жүретінмін. Осы жолы көбірек зерттеп оқыдым. Ол маған ертеден шапса кешке озған жүйрікті де, ой көтерген от ауызды, жалын көкіректі терең қарияны да елестетті», — дейді Тұманбай ақын. Кітап алғысөзінде: «Ол өз туындыларында туған елге, өскен жерге деген шынайы махаббатын паш етеді», — делінген. Кезінде Сәбит  Мұқанов «Тұрғының, үйің, көшең бәрі қымбат, Жеткенше тіл бояуы сені сырлап, Қызылжар, қымбат қалам, біткенше өмір, Ең ыстық махаббатпен жүрем жырлап!» — деген. Ал Есләм ақын: «Көкірегімді сырға да, жырға да орар, Сезімімді сергітіп нұрға малар. Сарыарқаның төсінде төрдей биік, Қызылжар дейтін ғажап бір қала бар», — деп тебіренген. Ал осы Қызылжар деген қала тек ақындардың арманы болып қала бермек пе?! Қиялдағы қала ма бұл! Ата-бабамыз аманаттап кеткен Қызылжар деген атауды айта алмай, тәуелсіздік алған жылдарымызда жалтақтап, жәутеңдеп, кісі қабағына қарап күн кешкеніміз қалай бұл?! Ақынның сөзі Алаштың үні еді ғой! Ақынымыздың азаматтық дауысы айқын, ашық, асқақ. Ендеше біз қашанға дейін күмілжиміз, күбірлейміз, күлбілтелейміз?!.. Мұны сіздер де құптайсыздар деп ойлаймын.

Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені қызметкерлері мұрағат ақтарып, мерзімді баспасөзден жинастырып Сәбит Мұқановқа арналған өлеңдерді «Кәдімгі Сәбең» (2008) және Ғабит Мүсіреповке арналған жырларды «Ғажайып Ғабең» (2012) деген атпен құрастырып шығардық. Сәбеңе де, Ғабеңе де 100-ден астам ақын өлеңдерін арнаған екен. Солардың ішінде Есләм Зікібаев та бар. Есләм ағамыз Мағжанға да, Сәбеңе де, Ғабеңе де бір емес, бірнеше өлең арнаған. Туған жерінің ұлы тұлғаларына тағзым осылай болса керек деп түсіндік.

«Қожаберген, Шал ақын, Мағжан, Сәбит, Туып-өскен бесікте тербелгенмін»,  деп өзі жазғандай, ол туған жерінен ұлы тұлғаларын бөліп қарамайды. «Айдынындай шалқыған теңізінің, Сибан-Керей — десеңдер негізі кім. Қазағымның көгінде жарқыраған Сәбит, Ғабит — қос жұлдыз, егіз ұғым!» — деп өмірлері де, шығармашылық жолдары да егіз өрілген қос алыптың қазақ әдебиетінің көгінде қос жұлдыз болып жарқырап жанып тұрғаны даусыз екендігін мойындатады. Бұл арнау жырлардың кейбірі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, қазақ әдебиетінің қос классигінің 100 жылдық мерейтойларын егемен еліміз ЮНЕСКО шешімімен жоғары деңгейде атап өткен жылдарда жазылғанын да ескерейік. Сондай-ақ, Мағжанға, Мұхтар Әуезовке, Евней Букетовке, Әлі қарттың авторына (Жақан Сыздықовқа), Герольд Бельгерге, т.б. жыр арнап отырып ақын сыр бөліседі, елінің мұңын мұңдаған, жоғын жоқтаған ерлері жайлы толғанады.

Ақын айтады:

Дүниеге ер де келді, ез келді,

Бар болған соң бәрін соның көз көрді.

Көрмеді тек, көргенінен өлгені

Артық еді, Ана тілден безгенді.

Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр өтсе де, әлі күнге ана тілін — қазақ тілін білмейтін, білгісі келмейтін мәңгүрт ұрпақ өсіріп жатқанымызға жаныңыз ауыра ма, жоқ па?! Әсіресе, қаланың қаратаяқтары бұрынғы әуендерінен жаңылар емес. Атақты ақынның, жазушының, ғалымның жазған классикалық шығармаларын өз тілінде оқи алмайтын немерелері, шөберелері, шөпшектері арамшөптей қаулап өсіп жатқаны шошынтады. Қорқытады. Бұл ойдан шығарылған ертегі емес. Бұл-жанайқай!

Ақын айтады:

Пырақ мініп қусақ та ойды қандай,

Жетпек түгіл, жанаспай қойдық, Алла-ай!

Бір ғаламат туса ғой дүниеге

Аждаһа-ашкөздікті қойдырардай,

Көңілді де, көзді де тойдырардай.

Егемен ел болғалы еңсе тіктеп, өз жерімізде алшаң басып жүреміз бе десек, аждаһа -ашкөздік бәрін жалмап жеп жатыр. Жемқорлықпен күресіп жатырмыз дейміз, жығылған, жойылған жемқорлық жоқ. Көзі де, көңілі де тойымсыз ашкөздерге не дауа бар? Ақын осындай сауал тастайды, осындай дертті көрсетеді, қашанғы шерді қозғайды. Жемқорлардың  жемсауында бар байлығымыз, жиған-тергеніміз, ата-бабамыздан қалған мұрамыз жұтылып, жойылып бара жатқан жоқ па?! Міне, сауалдың үлкені! Бұл-ашынудан туған айыптау өлең!

Ақын айтады: Қайыспайтын нарың түсті саудаға, Қасиетті кәрің түсті саудаға. Дарын түсті, арың түсті саудаға, Барың түсті, нәрің түсті саудаға. Сарбаздарың қамал алар кімге еріп, Мәз боламыз жер басқанға күн көріп. Ел намысын, ер намысын саудалап. Сатқандаймыз, жатқандаймыз күнде  өліп!

Ақынның кешегі айтқан сөзінің салмағы бүгін ауырлап барады. Бәрі сатылса… ең соңында ұлан-ғайыр жерің сатылса, жеріңнің астындағы, үстіндегі байлығың сатылса, сатылғанда да су тегін арзанға кетсе, қайтарып ала алмастай біржолата кетсе, жүген ұстап қалсаң… өз жеріңде өзің құл боласың, сонда сен кім боласың?! Тірі өліксің! Бұл — өзегі жалын өлеңмен жеткізілген ар сотының үкімі!

Ақын айтады:

Иманы түгіл, жоғалтқандар көп ибаны,

Оны ұғып жатқан жан жоғы жанды қинады.

Өздері шықпай,

Мұндалап тұрған биікті

Шығамын деген басқаға тағы қимады.

Бұл енді мына тынымсыз тіршілікте айналасына қарап, жақсы мен жаманды, қайырым мен қастандықты, бауырмалдық пен тасжүректікті ақыл таразысынан өткізіп отырған абыз қарияның сөзіндей. Иманын жоғалтқандарды үйірге қосамыз ба деп жүргенде, қарапайым иба, әдеп, ұят атаулыдан айрылғандар көбейіп бара жатқанына сіз де күйінесіз, сіз де бас шайқайсыз. Бірақ ақын көпке топырақ шашпайды. Бәлкім, бұлар бірен-саран шығар, тәубеме келейін деп ой тұжырымдайды.

 

Есләм Зікібаевтың жүрегі ауырып отырып жазған жырларынан бірер шумақтарды ғана мысалға келтірдім. Әйтпесе, ақын махаббатты да, сұлулықты да, жарасымдылықты да жырларына арқау еткен. Анау айтқандай, образға оранып тұр бәрі десем, артықтау болар. Алайда, ақынның азаматтық үні заманның зарын, кезеңнің кесапатын, мезгілдің мысықтабан мінезін дөп басып аңғарудан, оқырманымен шер тарқата сыр бөлісуінен де білінеді. Ол туған жерін, туған елін қалай сүйсе, елі мен жерінің бүгіні мен ертеңіне, болашағына да соншалықты алаңдап өткен ақын. Перзент парызы деген, бәлкім, осы шығар.

 

Әділғазы Қайырбеков,

ақын, филология ғылымдарының кандидаты,

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,

Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің

әдеби-мемориалдық  музей кешенінін басшысы.

Қайырбеков. Ә.Уақыт тынысын таныған ақын //Солтүстік Қазақстан. – 7 маусым. – 2016. – 4 б.

 

 

Похожие записи

  • Жырына Шоқан сүйсінген

     Ұлттық поэзиямыздың қалыптасып, толысуына он жетінші ғасырдың екінші жартысында, он сегізінші ғасырдың басында өмір сүрген жерлесіміз Тілеуке Құлекеұлының – Шал ақынның қосқан үлесі де аз емес. Әдетте, біз ол туралы ой өріп, сөз сабақтай қалсақ, ең алдымен қазақтың біртуар ұлы, атақты ғалым-зерттеуші Шоқан Уәлихановтың еңбектеріне жүгінеміз. “Менің бабам Абылай ханның замандасы Арғын Атығай ішінде Бәйімбет табынан шыққан Шал ақын қазақтың пайда болғанына дейінгі аңыздарды көп жырлаушы еді дейді және Алаштан тараған хандар мен ру басылардың, тайпалардың генеологиясын Құдайберді батырға дейін таратып айтады екен… Бірақ менің қолымда бұл эпос жоқ”, – деп жазыпты ұлы ғалым.

  • Ақиқатпен үндескен, шежіремен тілдескен

    2010 жылдың 26 мамырында петропавлдық ақын, көсемсөзші, Қазақстанның құрметті журналисі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Журналистер одағы сыйлығыныңиегері Владимир Георгиевич Шестериков қайтыс болған еді.

    Ол облыстық «Северный Қазахстан» газетінде қызмет істеді, өңірлік әдеби-көркем журнал «Провинцияның» бас редакторы және Астанада шығарылатын «Нива» журналының редакциялық алқасының мүшесі болды. Владимир Георгиевич — 9 жыр жинағының авторы.

    2014 жылы, ақынның туғанына 75 жыл толуына арнап «Северный Казахстан» баспасы оның «Чтоб светилась душа» атты өлеңдер жинағын шығарды. Жинаққа ақынның әр жылдары жазылған таңдамалы өлеңдері енгізілді.

    В.Шестериков — ақын ғана емес, сан қырлы дарын иесі. Ол зерделі өлкетанушы да еді. Оның өңіріміздің тұғыры биік тұлғаларына арналған зерттеулері, мақалалары көпшілікке жақсы таныс. Зерттеуші өлкетануда әдеби шығармашылықтың тарихын тереңжәнежан-жақты зерделеді.

     

     

  • Көктеректің бір бұтағы, жапырағы – кітабы

     Кіп-кішкентай Көктерек ауылын (Шал ақын ауданы) таптаурын болған тәсілмен көк терекке теңейтін болсақ, соның қадау-қадау бұтақтарының үшеуі, меніңше, мыналар: алдымен Ахметжан Нұртазиң сосын — тел қозыдай бірге өскен Ермек Қонарбаев пен Жарасбай Нұрқанов. Соңғы екеуі көктемде қайтқан құстардай ұшқан ұяларына оралды: еңбек жолдары өздері оқыған Ленин орта мектебінде басталды.