Айып кімде?

  Сәмеңке деген бір қу көршісінің туған күнін тойлаған мәжілісінде ішу жағынан артығырақ кетіп, бүлік шығарса керек. Еңді сол мәселемен жиналысқа түсіп отыр. Стол басының алдында екі бүктелген, жалпақ қағаз. Бұл Сәмеңкеиің сол тунгі, оған дейінгі жұртқа көрсеткен машақаттарын тізбектеп, жинап- терген «Іс қағазы». Ақ қағаздың шұбарланған түріне қарағанда, әжептәуір тергеу жүргізілгенге ұқсанды. Соның бәрін былай қойғанда, көрші үйде салған қиғылықтың өзі-ақ жетіп болатын. Жиналыс бастығы жағалай орналасқан жұртшылыққа соның мәнін тәптештеп, саусақпен санағандай етіп баяндан тұр:
-Алдымея мына Сәмеңке деген көксоққан үй иесіне, өзінің ауыз жаласқан дегендей құдайы көршісіне бірінші рюмканы көтерерден «Ал, бауырым, сенің қырқың үшін ішіп қояйық» деп, оның қырық жасқа толу мерекесін әжуә еткен. Оның үстіне жұрт ішкен жеті рюмканың орнына бұл сабазың тоғызын тоңқарған. Тіпті фокус көрсетемін деп, бір рет рюмканы арақ- марағымен жұтып қоя жаздаған. Әбден қызып алған соң, жұртпен ілегісіп, шымшыма сөзідер айта бастаған. Дауымбайдың шекесіне нұқыған, Дайрабайдың көзіне шұқыған, Қарғабайды періп жіберген, Қатышты кеудеден итерін жгберген.
Осылай Сәмеңкенің лаңы тізіле жөнелгенде, осының бәрін бір мәжілісте қалай үлгергея деп жұрт жағасын ұстады.
Біршама сұрақтан соң сөз Сәмеңкенің өзіне берілді. Сөмпиіп бүгіле қалған қалпына қарағанда осы бүліктің бәрін шығарған батырың бұл дейтін емес. Мықынды шынтақпен көтерген боп, иықты бір қиқаң еткізді де, сүйретіліп трибунаға беттен еді:
— Аулак тұр, трибунада нең бар, баяндама жасаушы ма едің! — деп жиналыс ағасы жолатпады.
Сонда да трибунаның қасына барып қалған соң, тастап кетуге қимады білем, шетіне шынтақтап асыла тұрды.
— Ал, сөйле! —делінген соң ол сөйлеген болды:
— Менікі обшым неткендік қой… ішкендік қойү… — деді.
— Беу, сені ішпеді деп отырған ешкім жоқ, неге ішесің деп отырмыз ғой, —десті жұрт.
— Енді қалай, іші деп берғен соң.
Әрі жұрттың бәрі ішеді, жалғыз мен бе…
— Е, сонда немене жұрт өлді деп сен де өлесің бе?І
Е, өлмегенде… жұрттан менің нем артық…
Осылай бір-екі қысқаша тіл қағысудан кейін тығылыңқы аттың жүрісіндей боп жиналыс кібіртіктеп қалды. Стол басы енді осы жерде күш салып, сөзді қажетті жобада өрбітуге тиіс. Әйтпесе мұндай даудамайлы жиынды басқару оңай емес.
— Сен бұлтақтамай, бізге мынаны айт: өз кінәңді мойындайсың ба? — деді Сәмеңкеге.
— Винауатпын! — деді анау жұлып алғандай,—Оллаһи винауатпын!
— Ендеше сөз қысқа, — деді президиумдағылар — Енді ұсынысқа қою керек те, малтаны көп езе бермей, жиналысты бітіре салу керек.
Осы кезде сұлық мүлгіген Құлагердей олпы- солпы, қиқиып тұрған Сәмеңке дүр сілкінгендей болды:
— Ешти, ешти! — деп президиумға қолды бір шошаң еткізді де жып етіп трибунаға орналасып алды. Оны қаусыра бір көтеріп, сықырлатып теңселтті. — Тоқта, жолдастар, тоқтаңыз. Менде бір айтылмаған гәп бар…
Жұрт аңырайысып қапты. Сәмеңке сөйлеп тұр:
— Сіздер өзі «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» дегенді ұмытып бара жатырсыздар. Байқау керек, жәмиғат, байқау керек. Өздеріңіз милап көріңіздерші. Осы мен жалғыз кінялі боп шықпаймын. Алдымен мен торғыз рюмка емес, сегіз жарым рюмка іштім. Көп болады деп қатын ауыстырып құйып алған. Дауымбайдың шекесінен нұқысам, ол өз жазасы, не пиғылмен менің қатынымның алдына кәмпит қояды?! Жарады, нұқып қалдым екен, мен қолымды көтере бергенде, көрші отырған Сәрсембай, сең неге ұстап қалмадың? Значит сен де винауатсың! Дайрабайды көзінен шұқығаным —қарсы отырып алып, менің ішіп- жегенімді көре алмағандай тесірейіп қарай береді. Енді не істеуім керек, «ішің күйсе, тұз жала» дедім де, саусағымды нұсқап қалдым. Сонда ғой анау Бейсембай осының дұрыс дегеңдей күліп отырды. Зналит ол мені мақұлдағаны. Ол да винауат! Қарғабайды періп жібердім, рас. Е, неге ол өзі ептеп қызған кісіге «мас боп қапсыз, байқаңыз» дейді. Қандай қақысы бар, ә? Қызу кісіге қарсы сөз айта ма екен, өлтіріп: жіберсе қайтесің ?! Анау Жолдыбай «Сәмеке, Сәмеке» деп қолымды ұстаған соң тұрғам. Бір уақытта ол да былқ еткізіп қоя берді. Е, бұл төпе дегені екен дедім де, Қарғабай теріс қарап тұрғанда, қақ төбеден төндірдім кеп. Хе-хе, өзі де қызық: «Бұл қайсың, әй?» деп маған қарап ыржияды, хе-хе. …Сонсын немене еді… Иә, Қатышты кеудеден итердің дегеп екенсіздер ғой. Итердім, не қыласыңыздар маған. Итергім келді, итердім. Ал оның күйеуі не бітіріп тұр? Обшым, ұзын сөздің қысқасы сол жиында арашаға тұсер ешкім болған жоқ. Вот қайда біздің бірлігіміздің жоқтығы.
Осылай қызып — қызып кеп Сәмеңке трибунаны қойып-қойып жіберді.
— Арашаға алты таяқ бергің келеді ғой сонда, — деді біреу.
— Е, онда тұрған не бар! — деп ақшиды Сәмеңке, —Мен немене зверь дейсің бе. Әзер болса бір-екі рет жұдырығым тиер. Зато мен бүгінгідей талқыда тұрмаймын ғой. Таңертең былай ес түзелген соң, столға жартыны қойып отырып, кінәласпаймыз ба! Басқаға болғанмен, менің араққа иттігім жоқ емес пе! «Ағатай, кешір!» ден отырып, тойғанынша суарам ғой. Ал сіздерде ол жоқ. Ендеше жалғыз мені ғана емес, менің қылмыс істемек қалпымды көре отырып көрмеген болған жолдастарды да қоса жазалау керек. Міне, менің ұсынысым осы.
Жұрттың көбі дуылдасып, «осы соққаңның сөзінің жаны бар-ау» дескеядері де боп қалды. Бірақ көп дуылдақтан соң Сәменкенің ұсынысы бірауыздан… қабылданбады. Жиналыс оның қылығын қатты айып тап өзіне сөгіс жариялады. Үзілістер арасындағы ішінара талқылаудың қортындысында Сәмеңке тілі тиген, қолы тиген адамдарды бір қойын сойып, бір жәшік арағын қойып шақырып, өз кінәсін қол қусырып тұрып мойындамақ болды. Осы жөнінде хабарласқандар жағы бұл соңғы шешім бәрінен гөрі нығызырақ, қанша дегенмен қалтаға соғады ғой, тезірек орындап тастау жөн десіп жатты. Жиналыстың көбірек созылғанына әшейінгідей ренжіспей, көңілді тарасты…

Ермек ҚОНАРБАЕВ.


Қонарбаев Е. Айып кімде? // Ленин туы.- 1967. – 22 қыркүйек.

Похожие записи

  • Ақан серінің шығармалары

     Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де.

  • Кейіпкерлерімен бірге ілгерілеп кеткен жан-әкем жайлы сыр шертсем…

     Әкем марқұм «бұл көктемді көрген де бар, көрмеген де бар» деп көктем келгенде қуанып та, мұңайып та қалушы еді… Өйткені оны ойландыратын да, өкіндіретін де жайлар бар еді. Өзінің қатарластарының көбінен кешегі Отан соғысы айырды. Өзі болса солармен қатар соғыса да алмады, елім, жерім дегі соққан жұдырықтай жүрегіне соғысқа қатыса алмағаны тастай батты. Бірақ денсаулығының нашарлығына қарамастан, елде еңбек етті, сөйтіп жеңіске өз үлесін қосты. Оның айғағы — соғыстан соң әкем «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбегі үшін» медалімен марапатталғаны.

  • Атадан аманат, ұрпаққа ұлағат

    Қазақ елінің кең байтақ даласында «дворян» деген сөз таңғаларлық болып естіледі. Ғасырлар қойнауына енген бұл түсінік қазіргі заманғы адамның құлағына тосын сөз секілді.
    Ол кезде Ресей державасына адалдыққа ант берген адамды ержүректігі, батылдығы, намыскерлігі айрықшаландырып тұратын. Сондай адамдардың бірі — подполковник Жылғара Байтокин болды. Император ағзам оны Жоғары мәртебелі аудиенциясына қабылдап, дворян атағын берді.
    Оның шыққан тегі жайлы мәліметтер аз. Байтокиндердің ата-бабалары ғасырлар бойы қазіргі Есіл ауданының аумағында өмір сүргендігі ғана белгілі. Бұл адамның патша әскерінің қатарына қалай кіргендігі жайлы тарихта ешқандай мәлімет жоқ.


     

  • Писатель: Некролог

     Казахская литература и искусство понесли невосполнимую утрату. На 72-м году жизни скоропостижно скончался известный писатель, драматург, народный писатель Казахстана, лауреат Государственной премии Сакен Нурмакович Жунусов.

  • Елін сүйген ер еді

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Тарих толқынында” атты кітабында Алаш зиялылары туралы айта келіп, «сол айтулы есімдердің білімдарлық пен азаматтық тәлімдерінде кейде көріне бермейтін де арналар бар. Оның бағасын ұрпақтары, бүгінгі қазақ зиялылары беруге тиіс. Бұл — тарих толқынындағы мәдениетіміздің кіндік тұлғалары”,- деп жазды.
    Осындай білімдар Алаш зиялыларының бірі педагог, ғалым, журналист, қайраткер Абдолла Байтасов еді. Оның есімін осы күнде біреу білсе, біреу білмейді.

  • Бекзат ғұмыр

     13 желтоқсанда белгілі қоғам қайраткері, ақың аудармашы, рәмізтанушы Ербол Шаймерденұлының дүниеден озғанына бір жыл толады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, М.Дулатов атындағы сыйпықтың лауреаты Ерекең қарымды қалам иесі болды, оның жиырмаға жуық кітабы жарық көрді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-де жарық көрген «Жүрегімен от тасыған» атты кітап Ербол Шаймерденұлы турапы естеліктерге арналған. Біз бүгін газет оқырмандарының назарына «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Жарасбай Сүлейменовтің Ербол Шаймерденұлы туралы естелігін ұсынып отырмыз.