Ынтымақ көкжиегі


1991 жыл — еліміздің “Қазақстан” деген асқақ атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан кезеңі. Қазіргі Қазақстан әлемде мақтанарлықтай беделге ие. Арада өткен осындай аз ғана уақыттың ішінде інде еліміз көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.
Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар болып отыр.
Бүгінгі Қазақстан тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқарып келеді.
“Қаз тұрып,қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді», — деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай,егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Азаттыққа бет алған кезеңнен бастап Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бүгінгі Ұлы Дала елінің іргетасын нығайтуға бағытталған айтулы шешімдер қабылдана бастады.
Солардың ең бастыларының бірі — Елбасымыздың шетте тарыдай шашырап жүрген қандастарымызды атажұртқа шақырып, қоныстандыруға арналған көші қон туралы Жарлығы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алыста жүрген ағайынды атажұртқа шақыру туралы батыл әрі тарихи шешімінің арқасында көші-қон мәселесі мемлекетіміздің стратегиялық басым бағытына айналды.
Елімізге ширек ғасырға жуық уақыт ішінде бір миллионға жуық қазақ келіп қосылды. Өткен жылы 24 қарашада “Халықтың көші-қоны туралы” Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта қабылданды.
1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда Дүниежүзі
Әлемнің 13 мемлекетінен келген отандастарымыздың қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар елдер де аз емес.
Мәселең Өзбекстанда-870, ал Ресейде 660 мың қазақ тұрып жатса, міне, сол елдерден де бауырларымыз арнайы ат терлетіп осынау маңызды басқосуға асыға жетті. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған “Көші-қон туралы” Заңы негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда’ “30 қыркүйек — Ұлттық бірлік күні” деп аталды. Сөйтіп, бұл жиында бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы — халықаралық қоғамдық ұйым. Ол 1992 жылғы қыркүйекте өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Қауымдастық төралқасының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті,Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Әлем , қазақтарының алғашқы басқосуы ‘ жер жүзіндегі бүкіл қазақтың атажұртқа деген ынта — ықыласын, мақтанышы мен сүйіспеншілігін арттырып, олардың тарихи Отаны Қазақстанға оралуын барынша көбеитуге әсер етті.
Тағдырдың жазуымен шартарапқа шашырап кеткен қазақтың басын бір арнаға тоғыстыру еліміз егемендікке қол жеткізгені кейін жүзеге асырылғанын әрбір адам білуі керек.
Қауымдастықтың негізгі міндеті -шетелдерде тұратын қазақтармен
мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау. Ол дүниеге келген уақыттан бері өз Жарғысында белгіленіп, бекітілген міндеттер аясында жұмыс істейді.
Ешқандай саяси мақсат көздемейді. Өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпайды. Күнделікті жұмысында Қазақстан Республикасының шетелдермен мәдени-рухани, оқу-білім және экономикалық салада жасалған келісімшарттарды, басқа да халықаралық құжаттар мен актілерді басшылыққа алады.
Қауымдастық сыртта жүрген қандастарымыздың күнделікті тыныс тіршілігінің барлық салаларына қатысты ірілі-ұсақты мәселелердің бәрімен тұрақты шұғылданып келеді.
Қазақ диаспорасы шеңберінің ұлғаюы нәтижесінде алыс-жақын шетелдердегі ағайындармен сан-салалы байланыстарды жетілдіру жолдарын өз қызметінің негізгі өзегі деп біледі.
Сондай-ақ,республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты тығыз байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу де қауымдастық қызметінің бір саласы болып есептелінеді.
Тарихи ! Отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.
Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді, Ресеймен шекаралас аймақтармен байланысты жолға қою мақсатында 2007 жылғы 13 сәуірде аталған қауымдастықтың Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы құрылған болатын.
Содан бері нақты байланыстар сонау Ресейдің Ямало-Ненецк ұлттық округінен Таулы Алтайдағы Қос-Ағаш ауданындағы қандастарымызға жетті. Красноярск өлкесінде, Салехард, Лабытнанги, Сургут, Лянтор.Томск, Новосибирск, Екатеринбург, Орынбор, Челябинск, Астрахань, Самара, Мурманск, Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград қалаларында, Якутия, Татарстан.
Башқұртстан, Қырым автономды республикаларында тұратын қазақтармен танысып, қарым-қатынас құруамыз. Байланыс географиямыз Украина, Беларусь, Балтық елдеріне Моңғолия, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы,Біріккен Араб Әмірлігі,Еуропаға, Америка Құрама Штаттарына дейін кеңейді.

Әлемдегі елуге тарта елде тарыдай шашылып жүрген бауырларымыз Қазақ елің Елбасының мәртебесінің жылдан-жылға биіктегенін шексіз мақтан етеді.

Салиқалы да салмақты жүргізілген ұлттық саясат адам көңіліне сенім ұялатып, нарықтық экономикасымен бейбітшілікке негізделген сыртқы саясаты барзайырлы, демократиялық қазақ және жүз отыздай басқа этнос өкілдерінің ынтымақбірлігі жарасқан біздің еліміз бүгін әлемдік қауымдастықтың лайықты мүшесі ретінде дамуда.

Сағындық Салмұрзин,
дүниежүзі қазақтары кауымдастығы облыстық филиалының төрағасы.


Салмұрзин.С. Ынтымақ көкжиегі. // Солтүстік Қазақстан. – 2016 . – 7 қазан . – 4 б.

Похожие записи

  • Ұлт шежіресін жазған ғалым

     Қазіргі кезде тарих атасы Геродот тарихына пікірлер айтылып жүр. Ежелгі Римнің тарихшысы Плиний жазбаларына да басқаша қарау бар. Бұлар түсінікті де секілді. Өйткені, қазіргі тарихшылар өзіне дейінгі заманды зерттеп, бүгінгі күн биігінен бағалайды. Ал олар өздерінің көргендері мен естігендерін сол заман өлшемдерімен бағалап, жазды.
    Тарих — ғылымның таласты салаларының бірі. Оған әркім баға беруге келгенде өз білім-білігі бойышна әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда Конфуций философиясындағы бір заңдылық үстемдік құрады.
    Онда былай делінгек «Егер үстіңдегі ақ көйлегіңді біреу «мынауың қара екен» десе, үндеме, әлгі екінші рет келіп, солай десе, тағы үндеме. Үшінші, төртінші, тіпті, жүзінші рет әлгісін қайталаса да, «мұның қате деме», өйткені, оған сенің көйлегің қара көрініп тұрған болуы керек». Бұл дәл қазіргі заманға арнап айтылған секілді.
    Осылардың бәрін еске алып отырған себебім тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «мынауың қара екен» деген секілді сындарды да естіді.

  • Азат елдің шуағына бөленуде

     Еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ауқымды түрде атап өтті. Елбасы Қазақстан халқын кұттықтап, осы уақытта әр сала бойынша жеткен жетістіктерді саралады, өткенімізге көз жүгіртіп, артта қалған ауыр кездерді де еске алды.
    Иә, сынаптай сырғып өте шыққан 25 жылда ғасырлар бойы арман болған ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге оңайлықпын жетпегеніміз айдан анық. Өзім білім саласының өкілі болғандықтан, Елбасының сөздерін тыңдап отырып бұл жүйенің де жеткен жетістіктерін естіп, марқайып қалдым.
    Тәуелсіздіктің алғашқы тоқырау жылдарында жергілікті бюджеттегі қаржы тапшылығына байланысты мектеп, балабақша тағы басқаларының халі мүшкіл болып, көпшілігі жабылып тынды.
    Алайда, қандай қиындық болсын елдің елдігін, оның руханият биігін көрсететін бір белес бар. Ол жетім, мүгедек балаларға мемлекет тарапынан көрсетілуге тиіс қамқорлық.
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы — 2050″: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін айтты.

  • Гүлдену мен даму жолында

     Тәуелсіздік. Бұл сөз бақытты тағдырымыздың, жаңа тарихымыздың шыңының, Қазақстан халқының жеңістері мен жетістіктерінің, қазақ жерінің жаңаруының символы іспеттес.

     

    1997 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ленин және Москва аудандарының бірігуі нәтижесінде Есіл өзенінің бойында орналасқан көркем өлкеге Есіл ауданы атауы берілді.

  • Биік белестерге ұмытлған серіктестік

     XX ғасыр өнеркәсіптің қарқынды дамуымен және халық санының өсуімен сипатталса, XXI ғасырдың басында қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптің кейбір салалары таза суға, өсімдіктерге және т.б. зиянын тигізе отырып, жылдамдықпен дами бастады.
    Адамзаттың бүгінгі іс-әрекеті, күнделікті тіршілік жерге, ауаға, суға орны толмас залал келтіруде. Адамның табиғатқа әсер етуі оның өзінің өміріне де қауіп төндіреді.
    Бабаларымыз «Су — тіршілік көзі» деп бекер айтпаған. Өйткені, адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес. Бүгіндері әлемде сапалы ауызсу тапшылығы анық сезілуде.

  • Кемел келешек мектебі

     Ел Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдарда дағдарыстың қыспағына түсіп, талай қиыншылықты көргеніміз кеше ғана сияқты еді.
    Бүгін, міне, содан бергі өткен ширек ғасырда етек-жеңімізді жинап, әр салада қол жеткізген табыстарымызды саралап, марқаятын жағдай жеттік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жетті.
    Тілімізді жаңғыртып, дінімізді қайтардық, тарихымызды түгендеп, даму бағытын айқындадық.

  • Ұстаздық – ұлы мамандық.

     Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап келген егемендігін алғанымыз кеше ғана сияқты еді. Еліміздің Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде шекарамыз шегенделіп, тіліміз мемлекеттік мәртебесін алды, төл теңгеміз нығайды, еліміз төрткіл дүние танитын халге жетт.
    «Тарихты тұлғалар жасайды» дегендей, тәуелсіздіктің іргесі берік болуы үшін барша қазақстандықтар өз саласында, өз деңгейінде атсалысуда. Білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз Әлия Малдыбаеваның да тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан өзіндік үлесі бар.