«Мақсатымыз -академиялық театр атағына ие болу»

 

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының бір ғасырдан асатын тарихы бар. 1972 жылдың желтоқсанында театр заман талабына сай салынған жаңа ғимаратқа көшті. 2014 жылдан бері театр тізгінін ұстап келе жатқан өңірімізге есімі жақсы таныс өнер саңлағы Спартак Рамазановтың айтуынша, 2016 жылдың басты жаңалықтарының бірі — жаңа мұражайдың ашылуы.

Өткен күндерден сыр шертіп, көрерменді театр тарихына бойлататын мұражай екі бөлімнен тұрады. Оның ішінде театр құрылған күнінен бастап, тәуелсіздікке дейінгі маңызды оқиғалардың барлығы қамтылған.

Құнды құжаттарды, өңір өмірінің айшықты сәттер бейнелен суреттерді, ескі жарнамаларды, осыдан 50-60 жыл бурын әртістердің сахналық қойылымдарға киген киімдерін де осы жерден көріп, бүгінгі күнмен салыстырып, тамашалауға болады.

Театрда тындырылып жатқан жұмыстардың барлығы өңір басшысы Ерік Сұлтановтың тікелей қолдауымен жузеге асуда, — дейді Спартак Өмірзақұлы. — Заман талабына сай болу үшін биылғы жылы Led-экран деп аталатын жаңа техника сатып алдық.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Ұлы Дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты жұлдызды 25 күн акция аясында театрда салтанатты шара өтіп, аудандар мен ауылдардағы мұражай қызметкерлерінің қатысуымен кең ауқымды көрме ұйымдастырылды.

Облыс әкімі Ерік Хамзаұлының қатысуымен өткен салтанатты шарада өнер саласында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, үздіктер марапатталды. Жақсы көрсеткіштермен көзге түскен Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театры ұжымына өңір басшысы 130-шы маусымның ашылуына орай 10 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Бұл қаржыға театр шағын автобус сатып алмақ. Сонымен қатар, ғимараттың іші-сыртының қалған жөндеу жұмыстарын аяқтап, бүгінде бос тұрған бір бөлігін қызметкерлерге арналған жатақханаға айналдыру да театр басшысының алдына қойған мақсаттарының бірі.
Кемінде 7-8 адамды уақытша баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты ойдағыдай жүзеге асыру үшін қазір тиісті құжаттар дайындалуда.

Театр басшылығы шығармашылық ұжымның қалыптасуына айрықша көңіл бөледі. Қазақстан Республикасының халық әртісі Л.Ванюкова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі В.Шалаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Н.Косыгина, әртістер Л.Шустова, Мәдениет қайраткері В.Шустов, Б.Васко, И.Пашкина, И.Полещук, П.Шалаева, Е.Покрас, Е.Патешкин, А.Никулин труппаның негізін құрайды. Жаңа буыннан тәуелсіздіктің құрдасы О.Дергачева мен Е.Гончаренко, Р.Лахтин, Р.Ходжаев, Ю.Выгодянская, Т.Терлецкая,М.Черняк сияқты бірқатар өнерлі жастарды атап өтуге болады.

Петропавл  Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық және өнер колледждерінің түлектері Жұман Мұқанов пен Сәуле Жамина есімді жас мамандар биыл жұмысқа қабылданыпты. Орыс тілін жетік меңгерген өнерлі қазақ жастарының болашағы зор.
Жұмыстарына бар ынта-ықыластарын салып, жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып жүрген мамандар өз салалары бойынша сырттай жоғары оқу орындарына түсіп, білімдерін шыңдауға ниетті.

Бір кездері театр институтын тамамдаған Юрий Долгий Ресейден елге оралып, ұжымға қосылды. Осы уақыт аралығында ол көптеген қойылымдарға қатысып, көрермендер құрметіне бөленуде.

Женя Гончиренко де Ресейден келген Бойжеткен бүгінде тұрмысқа шығып, отбасын құрған. Өнер жолына түскен осындай жігіттер мен қыздардың басқа қалаларға кетіп қалмай, бір жерде тұрақтап жұмыс жасап жатқаны, ұжымдағы ахуалдың жақсы екенінің бірден-бір дәлелі.

Спартак Өмірзақұлы әңгіме арасында ұжымның кейбір мәселелеріне тоқталып өтті.

— Өнері болғанымен, дипломы жоқтар көп. Біреулері тек қана колледж, училище бітірген. Біз енді келешекте академиялық театр деген атаққа ие болуымыз керек.
Ол үшін ужым мүшелерінің 80 пайызы жоғары білімді болуы қажет. Оның барлығы бір күндік жұмыс емес. Мүмкін 5-10 жылда оған қол жеткізерміз. Қалай болғанда да, бұл біздің алға қойып отырған мақсатымыз, — дейді өнер ошағының директоры.

Алма Қуандыққызы, «Солтүстік Қазақстан». Суретті түсірген

Амангелді Бекмұратов.
Рамазанов.С.Мақсатымыз -академиялық театр атағына ие болу. //Солтүстік Қазақстан. — 31 желтлқсан. – 2016. — 5 б.

Похожие записи

  • Ақан серінің перизаттары

     Қазақтың кеңдігінен кемдігі бар ма, шіркін! Соңғы асым етін қонағына сақтап, сұрағанға аузындағысын жырып беріп, өзі аш жүруге әзір мұндай мәрт халық бұл жалғанда жоқ та шығар. Алты күн дым сызбай ашқұрсақ жүрсе де жүгін арқалап балп-балп күйіс қайтарып тарта беретін нағыз нар сияқты ғой, нар сияқты. Біздің ауылда сондай бір Алпысбай деген нар азамат болды. Өзі он саусағынан өнер тамған ісмер әрі әйдік етікші еді. Сол өнерімен сонау аштық жылдары бүкіл әулетін асырап аман сақтап қалды.

  • Шал ақынның шеберлігі

     Шал ақын — XVIII ғасыр әдебиетіндегі көрнекті тұлғалардың бірі. Біздің қолымызға жеткен қазынасына қарағанда Шал Құлекеұлы қазақ әдебиетінде Бұқардан кейінгі жарық жұлдыздардын бірі екендігінде шек жоқ. Мұндай халық тұрмысына, тіршілігіне жақын тұрған табиғи төкпе ақындар табиғатта сирек ұшырайтын құбылыс санатына жатады. Өлеңдері ауыздан ауызға, ғасырдан ғасырға тарап кеткен Шалдың шеберлігі хақында қалай айтсақ та, жазсақ та ірі мақтанға сиятын секілді.

  • Алғыс арқалаған азамат

    «Бірде Н. Погодин театрының  жанынан өтіп бара жатып, Пушкин мен К.Сүтішев көшелерінің қиылысындағы екіқабатты көк ғимаратқа көзім түсті. Қазақтың талай атпалдай азаматтары осы мекеменің ішінде жазықсыздан жазықсыз ату жазасына кесіліп кетіп жатты. Алақандай ауылдан аттап шықпаған жігіттерді өңі түгіл түсінде көрмеген Жапония елінің жансызы деп айыптағанын қайтерсіз?

    Қан сасыған сол ғимаратқа кейінгі жылдардың өзінде көбіміз кірмек түгіл  маңына жолауға жүрегіміз дауалай бермейтін. Енді, міне, шынжырлы трактор сенің де төрт қабырғаңды төрт жаққа айырып, күл—паршаңды шығаруда.

    Бұл өмірде мәңгілік ештеңе жоқ екені ақиқат», — деп бастады әңгімесін Болат Мағазұлы.

     

  • Лебіздер

     Герольд күні-түні үйден шықпайтын еді. Құмалақ салып, кітап ашқандай, айналасын қазақша, орысша сөздіктерге толтырып, қай сөздің қай сөзбен жарасып, қай сөзбен таласып қалатынын ойлап, басы қататын.

     ГерольдБельгердейіріталант, іргелісуреткерқайдада, қайзамандадаешкімніңқолтығынасыймайдығой. Дараланбай, сараланбай тұра алмайды. Бала жасынан бір ғана өзін емес, туған халқын ойлап өскен қамырықты суреткер ерте ме, кеш пе бұйдасын үзіп шығып, өмір кеңістігінде, өнер жазирасында өз сүрлеуін салып, өз соқпағын омбылайды. Басынанкешкендерімен, өмірден түйгендерімен бөліседі.<o:p></o:p>