Знаменитые земляки

  • Өмірдің өзінен үйренген

     БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ШЫН СУРЕТКЕРДІҢ КЕЗДЕЙСОҚ КЕЛУІ СИРЕК. СӘБИДІҢ ТОСЫН ДА АЛБЫРТ МІНЕЗІ, АҢҒАЛ ДА АШЫҚ КӨҢІЛІ, КЕЙДЕ ТЫМ ҚОРҒАНСЫЗДАУ КӨРІНЕТІН НӘЗІК ҚАСИЕТТЕРІ ОҒАН СЕБЕПКЕР БОЛУЫ МҮМКІН. ӘРИНЕ, МЕН БҰЛ ЖЕРДЕ ПӘЛЕНДЕЙ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНБЕЙ, ЖҮРДІМ-БАРДЫМ БІР-ЕКІ БЕТТІК ДӘМСІЗ НӘРСЕНІ СҮЙКЕЙ САЛДЫ ЖАЗЫП ТАСТАП, СОНЫ ҚАНАҒАТ ТҰТАТЫН КЕЙБІРЕУЛЕРДІ АЙТЫП ОТЫРҒАМ ЖОҚ. ТАҒЫ ҚАЙТАЛАП АЙТАМЫЗ, ӘҢГІМЕ КӨЛЕМДЕ ЕМЕС, ШЫҒАРМАНЫҢ КӨРКЕМДІГІНДЕ, ҒҰМЫРЛЫҒЫНДА. ОСЫ РЕТТЕ БЕЛГІЛІ БАЛАЛАР ЖАЗУШЬІСЫ ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИ ИМАНБАЕВТЫҢ ТВОРЧЕСТВОСЫ ТУРАЛЫ БІРЕР ЛЕБІЗ БІЛДІРЕ КЕТЕЙІН.

  • Қаламгердің ғажайып әлемі

     …КСРО ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫВЫҢ 1960 ЖЫЛДАН МҮШЕСІ, ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫ, МЕНІҢ АСЫЛ ӘКЕМ ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИ ИМАНБАЕВТЫҢ ӨМІРІНІҢ ӨЗІ ДЕ ЕРЛІККЕ ПАРА-ПАР ЕДІ ҒОЙ. ОЛ ТУРАЛЫ АЗ АЙТЫЛЫП, АЗ ЖАЗЫЛҒАН ЖОҚ.

  • Туған жердің тамыршысы

     Топырағы құнарлы, шөбі шүйгін киелі Шал ақын ауданынан небір дара тұлғалардың, қазақ әдебиеті қамбасын маржандай шығармалармен толтырған сөз зергерлерінің шыққаны аян. “Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің”, – деп жырлаған алдаспан тұлға Тілеуке Құлекеұлының артына қалдырған мол мұрасы әдебиет әлеміндегі ұл-қыздарға азық боларлықтай.

  • Кең тынысты қаламгер

     Бүгін туғанына тура 90 жыл толып отырған марқұм жерлесіміз, қаламгер Сәкен Жүнісов бірыңғай жазушылықпен айналысқан жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. “Ақан сері” дилогиясы, “Жапандағы жалғыз үй”, “Заманай мен Аманай” романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыншылар тарапынан да жоғары баға алды.

  • Игібай Әлібаевтың мұрасы

      Игібай ақынның көзі тірісінде «Айтуар» кітабынан басқа туындысының жарық көрмегені бәрімізге аян. Шығармашылығы мен өмір жолы газет-журнал беттерінде қанша жазылса да, айтулы жерлесіміздің артына қалдырған мұрасы топтастырылған жинақтың жоқ екендігі талай мәрте көтерілген.

  • Ауыл өмірінің жыршысы

     Қазақ әдебиетінде жарқ етіп бір көрінгеннің өзінде ұмытылмас із қалдырып, талантты қадамымен танылған жерлесіміз жазушы Ермек Қонарбаевтың туғанына бүгін 65 жыл толып отыр. Редакциямызға жиі келіп тұратын, осы қаладағы №6 қазақ орта мектебінде кітапханашы болып істейтін жазушының қызы Жанар бізге осыны хабарлады. «Айналайын, өзім де осы хабарды тосып отыр едім. Кеше ғана үйде Ермектің кітаптарын, маған жазған хаттарын ақтарып, өзімен біраз сырласқандай болып едім,» — дедім.

  • Жарқырап келе жатқанда

     ЖҮРЕГІНІҢ мәңгі асыл арманы да, өмірінің алтын арқау ақык мұраты да әдебиетке арналып, көркемсөздің киелі құдіретін қымбат қастерлеп өткен қалам иелерінің бірі Ермек Қонарбаев еді. Ол кұлашты кеңге сілтеп құрсақты- құрсақты қалын кітаптар жазып, көлбеңдеп көзге түскен де жок, артында қалған әдеби мұрасы да шағын. Бірак сол аз дүниеліктерінің өзімен-ақ мол мүмкіндігін тереңде тұнған талантының құлпырма қырларын танытып үлгерді. Арамызда аман жүрсе Ермек елу жаска жаңа ғана толады екен. Әттең мейірімсіз ажал осыдан бірер жыл бұрын енді бой жазып, биікке самғап келе жатканда дарынды қаламгердін өмірін үзіп, кеткені окінішті. Енді міне жазушынын өмірін жалғастырған кітаптарын қолға алып отырып, арманды творчестволық жолын еске түсіреміз Ермек бізбен бірге жүрген достарымен, әдебиетті ерекше сүйген қалың оқырман жұртымен бүгінде кітаптары аркылы тілдеседі, өмір жайлы толғанады, көкірек түкпірінде кілкіген сырларын ақтарады. Ол әлі де бізбен бірге жүрген сияқты, ұмытылмайды, әр үйдің кітап сөрелерінде тұрып, қоңыр үнмен қилы-қилы кептерін шертеді.

  • Ғұмырын ғибратпен өрген

     Қай жазушының өмірбаянын алып қарамайық, олардың барлығының әдебиеттегі дара жолын өлең жазудан бастағанын аңғарамыз. Проза мен поэзияны қос қанатына айналдырып, шығармашылықтың көгінде қырандай қалықтаған қаламгерлеріміз аз емес.

  • Асылдың сынығы

     Көлемі аз ғана Көктерек ауылынан неше қырлы дарынды адамдар туып өрбігенін кезінде бір әңгімелеген едім. Солардың ішінде аты төңірекке аян болған, орны ерекше тұратын аяулы азаматымыз, көрнекті жазушымыз Қонарбаев Ермек те бар болатын. Амал бар ма, оның өмірі қысқа болды, талантының нағыз шалқыған шағында, дүниеден өтіп кетті. Бір ауыл, бір бауыр болғандықтан. балалық шәғынан бастап есейіп, ер жетіп, көзге түсіп, ауызға аларлық үлкен тұлға болған кезіне дейінгі Ермектің өмірі көз алдымда.