Асылдың сынығы

  Көлемі аз ғана Көктерек ауылынан неше қырлы дарынды адамдар туып өрбігенін кезінде бір әңгімелеген едім. Солардың ішінде аты төңірекке аян болған, орны ерекше тұратын аяулы азаматымыз, көрнекті жазушымыз Қонарбаев Ермек те бар болатын. Амал бар ма, оның өмірі қысқа болды, талантының нағыз шалқыған шағында, дүниеден өтіп кетті. Бір ауыл, бір бауыр болғандықтан. балалық шәғынан бастап есейіп, ер жетіп, көзге түсіп, ауызға аларлық үлкен тұлға болған кезіне дейінгі Ермектің өмірі көз алдымда.
Ермек — алтынның сынығы, тазаның тұнығы еді. Олай дейтінім, әкесі Ләмәли Қонарбайұлы жаны таза, адамгершілігі мол, ерен еңбектері көлемді әңгімелерге жеке арқау болатын кесек тұлғалардың бірі екенін білемін. Аруақтары риза болуы үшін, соңғы ұрпақ білсін деген ниетпен Ермектің әкесі және ұлы, атасы туралы ақиқатты бірер сөзбен болса да еске түсіре кеткім келіп отыр.
Ләкеңді ел іші, үлкен-кішіміз «Кәтәй» деп атаушы едік. Өйткені балалары солай атайтын. Аласа бойлы, сом денелі, әңгімелескенде кісіге тура қарап, көзі күлімдей, шапшаң сөйлейтін адам еді. Тұла бойын, маңайын өте таза ұстап, әрбір қимылынан, ісінен ұқыптылықтың нышаны айқын көрініп тұратын. Аяғын шапшаң басып, қолын артына ұстап, көшеде келе жатқан Ләкеңді көз көрім жерден жаңылмай тануға болушы еді.
Кезінде ел басқарған, халықка басшы болып жол көрсеткен, орталық ісіне белсене араласқан, ауданда, облыста беделді болған кісі. Сондай абыройдың арқасында ҚазЦИК-ке де мүше болған Ләкең өмірінің соңғы сәтіне дейін ел басқарушылық қызметтен қол үзбей, халқына қалтқысыз еңбек еткені бәрімізге аян. Ермектің ұлы атасы Қонарбай — жұмсақ мінезді, үлкенге де, кішіге де бірдей ілтипатты, қалың елге, төңірекке сыйлы, атақты қажы болған кісі екен. Ал Ермектің туған шешесі, қазір қара шаңыраққа ие болып отырған Нұрқыш апамыз туралы айтсақ, ол кісінің биязы мінезі, таза киімі, жүріс-тұрысы, бала тәрбиелеудегі ерекшеліктері, әсіресе жалғыз ұлы Ермекті аялап өсіруге сіңірген еңбегі, тілдің майын ағызып отырып әңгімелеуге тұратын жәйттер.
Осындай текті кісілердің ұрпағы Ермектің ұяда көргені көп, естігені мол, кішкентайынан білімге, өнерге жаны үйір болуы, қара шаңыраққа біткен адамгершіліктен туындағаны көрініп тұрған жоқ па. Ермек сол кісілерге тартқан байсалды, көп тыңдап, аз сөйлейтін, айтқан сөзін жинақы, ұғымды, сенімді етіп жеткізе білетін. Басқаның сөзін қадағалап тыңдап, көп сөздің ішінен мәндісін, дәмдісін, маржанын іздегендей болып отыратын.
Содан болар, Ермектің жазған әңгімелеріне өзі қалың ортасында жүріп, көрген, естіген ел тіршілігін, адамаралық қымқиғаш қарым-қатынастарды, өмір суреттерін, тәлім аларлық жәйттерді, жиіркенішті жағдайларды арқау еткен. Көпшілік дуниеліктері мектеп өміріне, бала тәрбиелеу мәселесіне арналған болса, Ермектің өз қара басы, дарынды педагог, сөздің зергері — жазушылық рухани өмірі кейінгі жастарға, оқушы балаларға өнеге, үлгі, сол сияқты тұрарлық бейне еді.

Қобылан ХАМЗИН.


Хамзин Қ. Асылдың сынығы // Қызылжар нұры.- 2023. — 8 желтоқсан.- № 48.- 5 б.

Похожие записи

  • Алаштың аяулы перзенті

     Жуырда тұлғатану курсы бойынша Смағұлтануға елеулі үлес қосатын үш жинақ қолымызға тиді. Үшеуін де Алматыдағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты шығарған. Жинаққа мақалалары енгендер елімізге танымал тарихшы, әдебиетші ғалымдар мен өлкетанушы, зерттеушілер. Бірінші жинақ – «Смағұл Сәдуақасовтың мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық іс-әрекеті» (құжаттар жинағы), екіншісі – 2023 жылы Алматыда болған «ХХ ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азия тарихындағы ұлттық құндылықтар мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жасалған баяндамалар, ал үшіншісі – жаңадан табылған архив және жазба дереккөздерінің негізінде құрастырылған «Смағұл Сәдуақасовтың мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық іс-әрекеті» деп аталады. Бір өкініштісі, ішіндегі кейбір материалдар болмаса үшеуі де орысша. Деректердің негізінде мақалаларын жазып, жинақты құрастырғандар – Г.Мұқанова, З.Қабылдинов, З.Байжұманова, Д.Қамзабекұлы, Ш.Бұлғауов, С.Жұматай.

  • Эхо родной земли: [об И.Шухове]

     «Степь. Родимые, не знавшие ни конца, ни края просторы. Одинокие ветряки близ пыльных дорог. Неясный, грустно синеющий вдали росчерк березовых перелесков. Горький запах обмытой предрассветным дождем земли. Азиатский ветер, пропитанный дымом кизячных костров».

    Это строки о нашей земле. Строки из романа «Горькая линия» выдающегося мастера слова Ивана Петровича Шухова.

  • Стихи, устремленные в вечность

     «…Он поэт от Бога, он впитал поэзию Казахстана с материнским молоком, он не мыслит себя без стихов. Именно поэтому его стихи чисты и честны, они устремлены в вечность». Так известный казахстанский поэт и писатель Дихан Абилев аттестовал Какимбека Салыкова.