Игібай Әлібаевтың мұрасы

 Игібай ақынның көзі тірісінде «Айтуар» кітабынан басқа туындысының жарық көрмегені бәрімізге аян. Шығармашылығы мен өмір жолы газет-журнал беттерінде қанша жазылса да, айтулы жерлесіміздің артына қалдырған мұрасы топтастырылған жинақтың жоқ екендігі талай мәрте көтерілген.

— 1974 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан «Айтуар» деген атаумен пышақтың қырындай ғана кітап жарық көрді. Бұл туындының шығуына қазақтың қабырғалы қаламгері, классик жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқанов қол ұшын созды. Жазушының «Әншi ақын» атты алғысөзінде И. Әлібаевтың сегіз қырлы, бір сырлы азамат болғаны көркем кестеленген.

Арада елу жыл өткеннен кейін ақынның немересі Көгаршын Жалбарқызы жинаған материалдар мен жергілікті зиялы қауым өкілдерінің жазған ой толғаулары бір кітапқа енгізіліп отыр. Туындының жарыққа шығуына қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жақсылық Қажымұратов ағамыздың сіңірген еңбегі орасан. Ол кісі өз ауылының азаматтарын ұйымшылдыққа шақырып, игі істің бас-қасында жүрді, , — дейді кітапты құрастырушылардың бірі Самрат Құскенов.

Айтыстың ақтаңгері, жезтаңдай әнші, облыстың халық ақыны Игібай Әлібаевтың «Тарихта қалған нар тұлға» шығармалар жинағы оқырмандар қауымына жол тартты. Жинақ Алматы қаласындағы «Үш қиян» баспасында басылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кітап үш бөлімнен тұрады. Туындыдағы «Қызылжар – қарт Есілдің баласындай» деген бөлімде ақынның өлеңдері топтастырылған. «Қызбел», «Домбыра», «Биші қыз» поэмалары екінші бөлімге енгізіліпті. Ал соңғы үшінші «Облыстың халық ақыны» бөлімінде өлкетану бағытында қалам тербеген жерлестеріміздің ақын туралы жазған материалдары көрініс тауыпты.

«Тарихта қалған нар тұлғаның» жарық көруіне ақынның туған жері – Айтуар ауылының азаматтары: Мәди Базаров, Шыңғыс Қабдуллин, Бағыт Манасбаев, Дәурен Байғабыловтар көрсетсе, Жамбыл ауданының әкімі Медет Оспанов кітаптың Алматыдан Қызылжарға жетуіне жағдай жасады.

Аманжол Нұртазин


Нұртазин А. Игібай Әлібаевтың «Тарихта қалған нар тұлға» шығармалар жинағы жарық көрді // https://qyzyljarnews.kz/14778/igibay-elibaevtyn-tarihta-kalgan-nar-tulga-shygarmalar-zhinagy-zharyk-kordi/

Похожие записи

  • ЗАПАСЫ ДУШЕВНОГО СВЕТА

     В казахской литературе немало представителей различных специальностей, которые, не отставая от профессиональных литераторов, достигли значительных успехов в своем творчестве и стали гордостью народа. К примеру, Олжас Сулейменов -геолог, Зейн Шашкин — врач, Ильяс Есенберлин — горный инженер. К этой же категории литераторов относится и наш земляк Какимбек Салыков –горны инженер, крупный государственный и общественный дятель, еще во времена Союза ставший широко известным и популярным поэтом.

  • Би құдіреті. Әңгіме

     —БҰЛ не деген ғаламат! Шіркін-ау, өзін Сержан десе дегендей. Жаны сері жігіт екен, —деп әкесі тамсанып төгіліп отыр.
    Шәй үстінде:
    — Мұнша өнерді бір басқа қалай сиғыза берген десеңші. Өзі әнші, домбырашы, баянда ойнағанда клубты күнірентеді. Бәрінен де бишілігін айтсаңшы, — деп тіпті қояр емес.
    Жұмыстан қайтып келе жатып, киноға билет алмақ болып клубқа соқса керек. Көркемөнерпаздардың аудандық байқауына баратын жастар сонда дайындық жасап жатқан еді. «Бұлардың не жақсылығы бар екен» деп азын-аулақ уақытын бөле кеткен әкесі Сержанды тамашалап қалыпты. Енді, міне, Еркешке ойыса кетті: