Дәстен Баймұқанов

Дәстен Баймұқанов — есімі өңірімізге танылған өнер иесі. Әнші, термешілігіне қоса, сазгер де. Айтыскерлігімен де белгілі.

Ол 1991 жылы еліміздің Тәуелсіздігіне арнап «Қазағым» әнін шығарды. Сөзін де өзі жазды.

Әннің алғашқы орындаушысы — Дәмеш Құрманкина. Кейін әнші Біржан Есжанов та осы әнмен сахнаға шығып жүр.

Дастен Абылайұлының басқа да әндері бар. Ол, сондай-ақ, күй де шығарған. «Дәуір» атты күйін облыстық филармонияның Сегіз сері атындағы халық аспаптары оркестрі қабылдап алды.

Дәстен Баймуқанов кәсіпкер болғандықтан, өнерлі жастардың облыстық байқауларын өткізуге қаржылай көмек көрсетіп, меценаттық қырынан да танылып келеді.

ҚАЗАҒЫМ

Сөзі мен әнін жазған Дәстен БАЙМҰҚАНОВ

Қазағымның алып ұшқан
Ақ жүрегі жалын құшқан
Кең даламның құшағындай-ай.
Ақ тілегі арман құсы,
Бақ тілегі қорған құсы,
Күннің әзін тұсағандай-ай.

Қ-сы:

Қазағым, ақ ниетті данасың,
Қазағым, жалындайсың, жанасың.
Қазағым, ар-ожданды санасы,
Адымдап ақ арманға барасың,
Болар күннің болашағын болжап барасың!

Тағдыр жүгін арқалаған,
Ауыр күні тарқамаған,
Сондадағы мойымайтын-ай.
Қайсар мінез қайратыңа,
Қайта мініп, қайтатула
Ұлыс күнін тойлайтындай-ай!

Қ-сы:

Арай күннің шапағатын,
Ұрпақтардың аманатын,
Ертеңіне жеткізетін-ай.
Қол ұстасқан жастар тұрып,
Тарихыңды дастан қылып,
Ертеңімен өткізетін-ай!


Дәстен Баймұқанов // Солтүстік Қазақстан. — 2014. — 6 қараша. — 7 бет

Похожие записи

  • Тергеуші. Әңгіме

     Көрші ауылдағы бастауыш мектепті тексеріп кел. Біз сегізжылдық мектеп болғандықтан, оларға үлгі берер дәрежеде болуымыз керек. Ішкі — сыртқы жұмысын бірдей көр. Кемшілік жағына баса көңіл бөлерсің!
    Директордан осындай нұсқау алысымен автомат қаламды сияға толтырып, үлкенірек бір блокнотты қойын қалтаға салып алып, тарттым да кеттім. Шанаға жеккенім — сыңар езу, жынды торқұнан. Шыға шапқан түріне қарағанда нағыз тексеруші мінетін ат екен дерлік.

  • Писатель из аула Ортаккуль: З.-Г. Иманбаев

     Имя нашего земляка писателя Зейнел-Габи Иманбаева хорошо известно в нашей республике. Он жил и творил среди своих литературных героев — в далеком ауле Ортаккуль, в котором он родился 2 января 1924 года. Учился в Баянской средней школе, но в связи с тяжелой болезнью ограничился только семилетним образованием и работал учетчиком в колхозе. Вместе со стариками, женщинами перенес неимоверные испытания военных лет, накопил много интересных и нравоучительных эпизодов из аульной жизни для будущих произведений.

  • Сегіз қырлы бір сырлы тұлға еді

     Қазақтың көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жезқазған, Сәтбаев, Көкшетау қалаларының, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, даңқты жерлесіміз Кәкімбек Салықов тірі болса 85 жасқа толар еді.

  • Туған жер. Әңгіме

     «КӨКТЕРЕКТЕ» бір сақау бар. Әйтеуір өзі естімейтін болған соң, жұрт оны тап осылай Сақау деп атап кетісен. Шын аты — Әлилс. Денесін көтере алмағандай, тізесі сәл бүгіле, еңкейе басып, ентелей жүреді, Сақалды аратұра сәті түскенде ғана қырады. Басқаның иығынан түскен ескіқұсқы Сақаудікі. Белгілі жұмысы жоқ, кім жұмсаса, соған тартып жүре береді.
    Сақаудың өз «тілі» бар. Әбенді жуан қарнымен, Көкенді быртық бармағымен, Мақанды иығынан көлденең тартқан милиция белбеуімен танытады. Не сөйлесе де, «уф, уф» деп ыстық сорпа үрлегендей бір дыбыс пен көмекей айғайы қатар жүреді.

  • Өлеңнен тапқан бақытын

     Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада теріскей өңірде айтыстың дамуына сүбелі үлес қосқан ақын Уахит Темірбековтің туғанына 120 жыл толуына орай “Өмірді өлеңімен өрнектеген ақын” атты еске алу шарасы өтті. Игі іс-шараға ақынның көзін көргендер мен кітапхана оқырмандары қатысты.