Өшпес мұра

«TUǴURUL HAN» халықаралық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаз, белгілі өлкетанушы, тіл және руханият жанашыры Қайролла Мұқановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында онлайн конференция өтті. Шара барысында өңірімізге және республикаға танымал тарихшылар мен өлкетанушылар, ардагерлер мен ұстаздар саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеу ісіне арнаған жерлесіміз жайындағы естеліктерімен бөлісті.

Қайролла Мұқанұлы 1932 жы­лы Тимирязев ауданының­ Ынты­мақ ауылында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылған ол әжесінің бауырында өсіп, мектепті күміс медальға тамамдаған. С.М.Киров атындағы Қазақ мем­лекеттік университетінің тарих фа­культетін үздік аяқтап, еңбек жо­лын бұрынғы Октябрь ауданын­дағы Н.Хрущев кеңшарында орта мектепте бастаған. Жас маман із­денімпаздығымен, алғырлығы­мен, білімділігімен көзге түсіп, сол кездегі облыс басшылығының ұй­ғарымымен Шал ақын ауданына мектеп директоры болып таға­йын­далған. Білікті басшы мұнда 12 жыл абыройлы еңбек етіп, 1971 жылы облыстық халыққа білім бе­ру басқармасы бастығының орын­басары болып бекітілді. Ол ұлт­тық мектептер мен балабақша­лар­дың көптеп ашылуына, ана ті­лі­міздің өркендеуіне, педагог кадр­лардың біліктілігінің артуына зор үлес қосты. Мәселен, Қайрол­ла ағамыз мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқының тілін құрметтеу­ге қатысты сонау 1989 жылғы 6 ма­мыр­да «Өз халқыңа өгей болма» атты мақала жазып, өз ойын ашық айтудан жасқанбаған. Оның ай­туынша, “интернационалдық бір­тектіліктің”, “ұлттарды біріктіру­дің” теперішін қазақ елді мекенде­рі көп көрген. «Халықтар мен тіл­дер­ді жақындастыруды насихат­тау­дың мақсатты түрдегі көрінісі салдарынан тіл саясаты өрескел бұрмаланды», – деп сол кездің билігіне ашықтан-ашық пікір біл­дірген екен.

Белгілі ұстаздың осы және өзге де қырларын әңгіме еткен мар­құм­ның шәкірттері, химия ғылым­да­рының докторы, профессор Ажар Баешова, А.Слухаевский атындағы бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің директоры Константин Рыб және Шал ақын ауданындағы Городецкий орта мектебінің мұғалімі Нұрсұлу Жұ­мағалиева марқұмды зор құрмет­пен еске алды. «Осындай тұлға­мен мақтануымыз керек. Өйткені, ол кеңес саясаты белең алып тұрған заманда білім көкжиегін кеңейтумен қатар қазақ тілінде сабақ беретін білім ордаларының жабылмауына мұрындық болды. Солардың қатарында біздің Бос­тандық ауылындағы қазақ мектебі де бар», – деді ардагер ұстаз Қажымұрат Нәсиев.

Қайролла Мұқанұлының өске­лең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы 40 жыл­дан астам тынымсыз еңбегіне тоқ­талған Қостанай мемлекеттік уни­верситетінің профессоры Аман­жол Күзембаев оны нағыз тарих жанашырына балады. Ғалымның айтуынша, өлкетанушы өзінен кейінгі толқынға отызға жуық ғылыми зерттеу кітаптары мен жинақтарын жазып қалдырған. Бүгінде оның есімі «Асыл мұра» ғылыми-әдеби, тарихи әдістеме­лік орталығының негізін қалаушы­лар­дың бірі ретінде зор құрметпен аталады. Өлкеміздің тарихын қағаз бетіне түсіруде көп еңбек ет­кен автордың «Жұмағали Тілеу­лин – Алашорда қайраткері», «Тоқ­сан би», «Қожаберген жырау», «Ар­манды ақын», «Бір әулеттің тари­хы» және тағы басқа құнды еңбек­терімен оқырмандар етене таныс.

Шара барысында «Асыл мұра» орталығының қызметкері Ахмет­жан Қуантаев, археолог Виктор Зай­­берт, зейнеткер Болат Сағын­дықов жерлесіміз туралы жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ до­центі Зәуре Қартова мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «TUGURUL HAN» қоғамдық бірлестігінің же­тек­шісі Рақымбек Мамырбаев ұстаздың ғылыми мұрасы туралы әңгіме өрбітті. Шара соңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің про­фессоры, марқұмның қызы Гүл­нәр Қайроллақызы конференция қатысушылары мен ұйымдасты­рушыларына алғыс білдірді. Кон­ференцияда Қайролла Мұқа­нов­тың есімін тарихта қалдыру мақ­са­тында С.Мұқанов атындағ­ы об­лыстық ғылыми-әмбебап кітапха­нада бұрыш ашу және облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қабырғасына ескерткіш тақта ор­нату жөнінде ұсыныстар ай­тыл­ды. 

Кубенова, Г. Өшпес мұра : ұстаз, өлкетанушы Қайролла Мұқанов жайында / Г. Кубенова // Soltústik QAZAQSTAN. – 2020.- 29 qyrkúiek.- Б. 5
 

Похожие записи

  • Бұлақ. Әңгіме

     ТҮНГІ мәжіліс кеш тарқап, аз ұйықтаса да Мырзабек сергек оянды. Қаумалаған ағайынның ықыласы ма, қайта бір еске алынып, бірнеше рет шырқалған жастық шақтың сезімтал әндері ме, құрдастарының қалжыңды естеліктері ме— әйтеуір, арқасы кеңіп, көңілі сергіп кеткендей. «Мырзаш» дейтін құрбы қыздар ауылда қалмапты, әркім өз жөнімен өмір соқпақтарына қадам басқан. Оның есесіне «Мырзажан» деп еркелететін жеңгелері мұны әлі де балаша қолпаштайтын қалыптарынан танбаған екен. Сол себепті де болар. «Жеңеше-ау; мінезің сенің өзгеше-ай», —деп жүрек төрбер өлеңді соларға арнап тебірене отырып айтып беріп еді.

  • Күй шертеді көңілің басқа – басқа…

     Бірнеше кітаптың авторы. Үздік публицистикалық еңбектері үшін Міржақыл Дулатұлы атындағы Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйпығын алған. Қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Баспасөз қызметінің басшысы.

  • Помнят, любят, уважают

     В Петропавловске во второй раз провели областной фестиваль искусств «Өнері ұлықтаудан шаршамаған», посвященный памяти заслуженного деятеля РК, обладателя почетного знака «Мәдениет кайраткері ветерана сферы культуры Куандыка Касымова. В фойе казахского музыкально-драматического театра им. С.Муканова подготовили выставку о жизни и деятельности Куандыка Касымова. Это фотографии из семейного архива, личные вещи и награды.

  • Оқырмандар шерткен сыр

    Қызылжар өңірінің перзенті, ерке  Есілдің жағасында, Өрнек ауылында балалық шағын өткізген  Есләм Зікібаевтың ақындығы көк аспанда қанатын еркін самғаған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді.

    «Қарашығым!

     Ән тербеп өскен елдің баласымын,

    Әнмен айтсам жете ме жүрегіңе,

     Сырларымның саф таза, саф асылын.

    Сағым далам

    Сұлулықты жырлаудан жаңылмағам.

     Махаббатты анамдай әлдилеген,

    Әлдилеген ғажайып лағыл ғалам», — деп жырлаған ақын.

     

  • Көшелер сөйлейді. Новелла

     САЛТАНАТТЫ керуен құрып, бірнеше машина совхоз орталығын бетке ұстай жылжып келеді. Күн шұғыласының қызыл сызығындай жылтыр маталарға кіршіксіз пейілдей ақ сырлармен ұрандар жазылған. Бас машинадағы Қызыл ту бастап келеді бәрін. «Қабылда, Отан, миллиард пұтқа қосар үлесіміз!» дейді ұрандар.

  • Ее звали Улпан

     Северо-Казахстанский казахский музыкально-драматический театр имени Сабита Муканова представил зрителю новый спектакль, сыграв постановку «Улпан» по известному роману Габита Мусрепова «Улпан ее имя».
    …В прошлом году казахстанская общественность отмечала 120-летие со дня рождения одного из основоположников казахской советской литературы, Героя Социалистического Труда, народного писателя Казахской ССР Габита Мусрепова. Героя он получил в 1974-м, в том числе за один из этапных романов в своей творческой биографии — историческое сказание «Улпан ее имя», хотя и не только за него: из-под его пера к тому времени уже вышли мгновенно разошедшиеся по рукам читателей повесть «Солдат из Казахстана» и роман «Пробужденный край», на театральных сценах с успехом шли драмы «Кыз Жибек», «Амангельды», «Козы Корпеш и Баян Сулу», «Трагедия поэта» («Ахан-Сереи Актокты»).