Қос дүлдүлдің айтысы

Бәйшешектің басы толған уақыт. Сырлы тау Сырымбеттің етегіндегі ат тұяғы тимеген, жайқалып өскен қалың шалғын, көк майса түкті кілемдей жайқалып тұр. Құмдыкөл жақтан жанға жайлы салқын самал жел еседі. Жел желпіп өткен сайын ауада мың сан шөптің, жүз сан гүлдің мұрынды жарар алуан иісі бұрқырап, жұмақтың хош иісіндей әдемі леп еседі.

Tay бөктеріне жақын жерде қолдың саласындай ұйыса біткен ақ қайыңдардың ығына тігілген, ат шаптырым алаңқайда жалғыз өзі менмұндалап тұратын он екі қанат ақ ордаға Қарауылдың игі жақсысы лық толған. Ажарлы әңгімені, әсерлі әнді, өнегесі өміршең өнерді жат көрмейтің заманында тумысынан талантты адамдарды бағалай білген атақты Шыңғыс төренің құт қонған шаңырағы бұл.
Таяуда Алтай Қарпықты қона жатып аралап қайтқан Орынбай ақын қияндағы жұрттың қалың ішінде болғанда көрген небір қызықтарын майын тамызып әңгімелеп отыр еді. Кәбен би бастаган игі жақсылар ақынның уәлі аузынан шыққан тұшымды әңгімеге тегіс құлақ түрген. Кенет сырттан дабырласқан дауыс естілді.

— Ақан келді, Ақан сері келді, -деген қуанышты леп төңіректі түгел кернеп кеткендей болды.

— Әп, бәрекелді,- десті отырған журт.

Орта жұздің ішінде алдына ақын салмаған Орынбай мен жас пері Ақан серінің ел алдында сөз қағыстыратын сәтін тағаты қалмай күтіп жүрген талайлардың айы оңынан туғандай.
— Болды қызық, — десті біреулер.
— Ореке, — деді Мақы төре, — сөз өнері сүйегіңе біткен сұңғыламыз едің ғой. Жас дүлдүл Ақанның даңқы аспандап келеді. Бір сынап көрсең қайтеді?
— Әншейінде аттыға жол ауыздыға сөз бермейтін Орекең жас баладан жасқанбайтын шығар, -деп ақсия күлді Жақып төре.
Сырттағы өрекпіген көп дауыс ақ ордаға таяғанда сәл саябыр тапқан. Сәлден соң мауыты шекпен жамылғаң қияқ мұртты, қара торы көркем жүзді Ақан сері кіріп келді.
-Төрге шық, сері, — деді Тоқсанбай би, — Орынбай ағаңның сол тізесін баса отыр.

Әуелі қымыз жеткізілді. Бетінде тобықтай майы жүзген сары қымызды Сері асықпай, әдеппен толғай жұтқан. Ежелгі өзінің сырбаз қалпымен. Тостағаннан сынық елі ғана түсіріп. Дәл осы сәтте Орынбай ақын қызыл түлкіні ілетін қыран бүркітше оң иығын қомдап, малдас қурып отырған орнында байыз таппай қозғала беріп еді. Ақан ағасының шабыт шақырған, делебесі қозған емеурінін жазбай түсінді. Түсінді де сөзді өзі бастап жіберді:
Ассалаумағалейкум,
Орекем-ай,
Бір өзі мың кісілік берекем-ай.
Кешегі Тәні, Шыңғыс
заманында,
Сауық-сайран қүратын
мерекем-ай.
Шақырып бізді билер келсін
дейді,
Той-думан, тамашаны көрсін дейді.
Көп жүріп, көпті көрген
ақын еді,

Баяғы жүрісімен желсін дейді. Орынбай ақынның көзі Ақан серінің үстіне желбегей жамылған мауыты шапанына түскен. Кең пішілген, етек-жеңі мол шапан екен. Қай жерден қапысын табамын деп отырған қарт ақын жепелдемеде сөз сабақтаған:
Үстіңдегі шапаның
салбырағаң
Әкеңнің киіміндей
қолбыраған.
Әрзаманның киімі
басқа-басқа,
Бұл киім жараспайды
інімсаған.

Бұл сөзге Ақан тосылған жоқ. Ағасының айтқан сынына табан аузында жауап берді:

Ақан да сөз табады ағасына,
Зер салар ағасының
бағасына.
Баяғы ата-бабаң киім киген,
Мирас боп қалмай ма екен
баласына?

Енді Орынбай тосылып қалды. Ел ішінде аты жаңа ғана шығып келе жатқан Ақаннан мұндай алымды, алғыр сөз күтпеген.
«Аяқ алысы жаман емес екен» деп ойлады Орынбай ақын. Өзінің алғашқы тосылуы. Енді қамшы тиген тұлпардай тұла бойы шабыт отынан шамырқана ширығып кеткен ақын домбырасын қағып-қағып жіберіп, ыңғайлана бергенде ас әкеле жатыр деген сөз киіп кетті. Ac үстінде айтыс-тартысқа орын жоқ. Әрі төренің шаңырағында. Әлеңкедей жаланған жас жігіттер жез шылапшын әкеліп, қол жуылды. Екі кісі екі жағынан ұстап әзер көтеретін астау-астау ас тартылды. Жеңді білектей қос қазы, туырылып жатқан жал-жая. Ac бейбіт, үнсіз ішілді. Астан соң дәм қайырылып, жиналған көп мамыражай кейіпке енген. Осы сәтте манағы кеткен есесін қайтаруды ойлаған Орынбай Ақанды тағы бір іліп түсті.

Дәретсіз неге керек
қолдыжуып,
Жасыңнан зерек едің
дінге жуық.
Ақанжан, мен өзіңнен
Бір сұрайың
Бас сәждеге тиді ме,
өзің туып.

Сол сәтте Ақан былай деп жауап берді:

Хақтығын дін Исламның
білген шығар,
Хақтықта көңіл жібіп,
иген шығар.
Ореке, сіз сұрадың,
Мен айтайын,
Иншалла бас сәждеге
тиген шығар.
Ақанның сезіне қанағаттан-баған Орынбай ақын уәжін өpic-тете түсті:

Бұған дейін мен оны
Білгенім жоқ,
Ол жағына көңілді
Бөлгенім жоқ.
Бас сәждеге тиді деп
сен айтасың,
Мен оны ез көзіммен
Көргенім жоқ.

Діни оқуы мол Ақан бұл тақырыпқа келгенде суда жүзген балықтай еркін еді:

Жақсылар жалған сөзді
дұрыс демес,
Өз ағаммен айтысып
қылман егес.
Бір Алла іш пен тысты
өзі білер,
Пенденің кермектігі
дәркер емес.

Бұл кез Орынбай ақынның баласы Омар үйленген уақыт екен. Арнайы намахрам тігіліпті. Жастарды бір көріп қайтпаққа бекінген Орынбай ақын намахрамның ішіне бір кіріп шыққан. Қарт ақынның бұл қадамын серінің өткір көзі шалып қалды:

Ореке сіз бір қайық,
Біз бір кеме,
Жөні келген бұл сөзді
айттың деме,
Дін күтіп, ишан барған
адам едің,
Намахрамның ішіне
бардың неге?
Орынбай да қарап қалған жоқ.
Қарымта сөзін қайырды:
Ақанжан, күш аттыда,
сөз малды да,
Мұндай қасиет болмайды
жоқ-жарлыда.
Парыз, уәжіп, сүннетті
тәмам қылып,
Жалғыз-ақ намахрам деген
сөз қалды ма.
Ақылмен іс жасапты Адам ата,
Бір Алладан басқада
көп қой қата,
Бір ғалым намахрамды
рас деді,
Берейін деп балаларға
тілек-бата.

Сол сәтте Ақан сері жұлып алғандай ағасына былай деп жауап қатты:

Ей, Ореке, әдеттен сіз
таптыңыз ба,
Үлкен боп ар-ұяттан
қалдыңыз ба.
Төрдегі өз орныңда
шақырғанда,
Келмей ме екен балалар
алдыңызға?

Сол сәтте Орынбай жұлып алғандай былай дейді:

Өлеңнен қалған емес
отағасың,
Береді жастарға әлі
сыбағасын.
Жас бүркіт шыр айналып ұша
берсе,

Кигізіп қоярмыз біз томағасын. Киіз үйдің ішінде қос ақынның сез сайысына разы болып отыр-ған қалың топ Орекеңнің тауып айтқан сезіне ду ете түседі. Әсі-ресе, оларға жас бүркіттің тома-ғасын кигізіп қоямыз деген сезі үнаған. Ақан сері де қарап қал-мады. Ағасының уәжіне орай былай деді:

Қалмапты елеңнен рас
отағасың,
Жастарға беріп жатыр
сыбағасын.
Кәрі бүркіт қона алмай жерге қайта,
Біз-дағы сыпырмаспыз
томағасын.

Талай жыр додасын керген, өңшең өрен жүйрікпен сөз қағыстырған шын тұлпар Орынбай өкшесін басып келе жатқан жас талап Ақан серінің қабілет-қарымына қатты тәнті болып:

Ақанжан ақын болған жан
екен ғой,
Салмақтап сөз көтерер нар
екен ғой.
Жауабың, айтқан сөзің
бәрі дұрыс,

Ат тұяғын басар тай бар екен ғой,-депті.
Сол сәтте Ақан да өнерін бағалай білген сөз зергеріне інілік ілтипат-лебізін білдірсе керек:

Сіздерге біздей іні жар
болармыз,
Қалайша кемеңгермен пар
боламыз.
Басың бұлбұл аяғың
дүлдүлім-ай,
Сізге де әлі-ақ бір күн зар
болармыз.

Орынбай ақын ендігі арада інісімен айтысуды артық көреді. Көкірегінен керкем сөз өлең болып өріліп құйылып тұрған інісіне былай деп бата берсе керек:

Ертеден елге мәлім
Орынбаймың
Кең сабаның сарқылмас
қорындаймын.
Алдыңнан жарылқасын
Ақанжаным,
Жас тұлпар шабысыңды
мойындаймын.

Байқал БАЙӘДІЛОВ,
журналист.


Байәділов Б. Қос дүлдүлдің айтысы // Қызылжар нұры. – 2018. – 20 сәуір

 

Похожие записи

  • ЧОКАН ВАЛИХАНОВ:МИССИЯ В КАШГАРЕ

     Посвящаю светлой памяти моего друга, поэта и ученого Ерлана Ахмаева.

    Чокан Валиханов — это имя знакомо мне с раннего детства. Отец мой — Абдыкадыр кари — был родом из Кашгара, в 1934 году он был вынужден покинуть отчий дом, но до конца своих дней тосковал по Родине. Отец много рассказывал о родном городе. В моей памяти хорошо сохранились его рассказы о Кашгаре 20-30-х годов прошлого века. Эти рассказы переплелись в моей памяти с произведениями Ч. Валиханова, которые я внимательно прочитал еще в школьные годы. Я хорошо помню, что в начале 70-х годов мне попала в руки его книга «Избранные произведения», изданная в Алма-Ате под редакцией академика Алькея Маргулана в 1958 году. С этой книгой я не расстаюсь до сих пор. В мою, тогда еще детскую память навсегда вошли его произведения «Западный край китайской империи и г. Кульджа», «Описания пути в Кашгар и обратно в Алатавский округ» и «О состоянии Алтышара или шести восточных городов китайской провинции Нан-Лy (Малой Бухарин)», письма к генералу Г. А. Колпаковско-му. Многие страницы из этих произведений я помню почти наизусть до сих пор. Кашгар и Чокан Валиханов стали для меня почти синонимами. Позже, в студенческие годы, я прочитал и другие произведения ученого о его поездке в Алтышар и Илийский край: «О торговле в Кульдже и Чугу-чаке», «О западном крае китайской империи», «Очерки Джунгарии».

  • Алдымен үйіңе жақ…

     Алдымен үйіңе жақ, сонсын ауылыңа жақ дейді халық даналығы.
    Ғазез осының екеуін де қатар ұстанатын азамат.
    ***
    Кейбір күйгелек мінезді мұғалімдердің «мектептегі шаң-шұңнан құлағың тұнып келгенде, өз балаңа қарауға да көңілің шаппайды» деп отыратындары бар. Мұндай сөз Ғазезден еш, жағдайда естілмекі түгіл, ойына кіріп те көрмеген. Сол әдетімен ол шымыр басталып, созалан аяқталатын ұстаздың жұмыс күні қанша қалжыратса да, өз балаларының оқу үлгірімін, білімінің кеңеюін қадағалап отырудан жанылған емес. «Өзі математик болған соң, балалары да математик» десетін болды жұрт. Онжылдықты үздік бітірген Сәулесі Алматы жоғарғы оқу орнына түсті. Еркесі сол Алматының математикаға икемділігі басым балаларды оқытатын арнаулы мектебінде оқығалы екінші жыл.
    Тегінде, «алдымен үйіңе жақ» деген қарапайым да дана қағида семьяның, әсіресе семья басының бұлжымас заңына айналғанда, осындай жемісін ұсынатынына бұл даусыз ақиқат сияқты.

  • Шал ақынның туғанына 250 жыл толуына қарсаңында

     Есіл өзенінің жарқабағындағы Аютас шыңы әудем жерден мұнартып көз тартады. Ел аузындағы аңыз бойынша, осынау өрнекті құздың «Аютас» аталуы қазақтың белгілі де беделді батырларының бірі — Күлекенің есімімен байланысты. Тарихи дерекнамаларға қарағанда, ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында ұланғайыр қазақ жерін жатжұрттық жаулардан Корғаған Құлеке, Тілеке атты ағалы-інілі батырлар өмір сүрген. Күлеке батыр Абылай ханның жаугершіліктегі үзеңгілес серігі болумен қатар, көрнекті саясаткер ретінде ел мен ел арасын бітістіріп, елшілікте де жүрген.

  • Қаламгердің ғажайып әлемі

     …КСРО ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫВЫҢ 1960 ЖЫЛДАН МҮШЕСІ, ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫ, МЕНІҢ АСЫЛ ӘКЕМ ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИ ИМАНБАЕВТЫҢ ӨМІРІНІҢ ӨЗІ ДЕ ЕРЛІККЕ ПАРА-ПАР ЕДІ ҒОЙ. ОЛ ТУРАЛЫ АЗ АЙТЫЛЫП, АЗ ЖАЗЫЛҒАН ЖОҚ.