Айтшы, құрбым, Жазғы кеште, Қарамашы

 Айтшы, құрбым

Батыл сөйлеп тіл қатсам,
Қызарып төмен қарайсын.
Дөрекі-ау осы дейсің бе,
Әлде кімге санайсын.
Үндемей қалсам қысылып,
Қорлағандай күлесің.
Кездесе калсақ бетпе-бет,
Бұрылып өтіп жүресің.
Күнде тосып жолынды,
Ізден өрмек өремін.
Айтшы құрбым, жаныннын
Жалынын қашан көремін.

Жазғы кеште

Кеші еді жаздың жайлы мұнарлатқан.
Тыныстап ел орынға жаңа жатқан.
Жүр едім таза ауада серуендеп,
Кенеттен бір үн жетті көрші үй жақтан.
Жақындап барсам отыр бір қарындас,
Көзінің оты толған мұн сарындас.
Қолында домбырасы үкі таққан
Айға көзін тігеді, дірілдеп қас.
Шертеді домбырасын жайлап басып,
Кетпейді дүбірлетіп күйше тасып.
Сызылып сыр айтқандай сағыныш бар
Қалғандай алде неден көңіл жасып.
Қыз көзі айға қарап күлімдейді,
Домбыра әлде кімге «күнім» дейді.
Маңайға тоқтай алмай, қырдан асып.
Алыстан жігіт салған әнді іздейді.

Қарамашы

Қарамашы, қара көз, мрамашы,
Мені бір ерекше жан санамашы.
Жас баладай сүйкімді болсамдағы
Кеше оны, бүгін мені қаламашы.
Ұмытпашы сен оны тосқанынды,
Бетінді кеудесіне басқанынды.
Алғашқы рет сүйем деп ұмтылғанда,
Дуылдап екі бетің сасқанынды
Қарындасым көзіңді жүгіртпеші
Жүрегінді басыл деп үгіттеші,
Жігіттің сүйдім деген жас сезімін,
Сыртынан сатқандай боп түңілтпеші.

Ермек ҚОНАРБАЕВ.


Қонарбаев Е. // Ленин туы.- 1961.- 2 шілде.

Похожие записи

  • Батыр Баян: Тарихи зерттеулер

     Осыдан қырық жылдай бұрын Қызылжардың жанға сая, жүрекке дауа майдақоңыр жазғы кешінде жасыл бақта сырлы сұхбат шертіп, шалқыған көқілдің шермұңын тарқатып бір топ әдебиетшіл қауым гулесіп отырды. Әңгімелері әсем, әсерлі. Көлденеңнен құлақ шалған адамның өзі бері бұрылып селтиіп, тыныс тартып, тынып қалғанын көрер едіңіз. Сол тұста көз қиығымен тындарман ықыласын аңғарып қалған арқалы ақын. Хамза Абдуллин дауыс мақамын мәнерлей түсіп, жыр маржанын жарқылдатып шаша берді.

  • Ой тамшылары

     Қазақтардың болашағы бар ма?-деп сұрама. Одан да мынаған жауап бар: «Адамзатта болашақ бар ма?». Егер адамзат аман болса, иншалла, қазақ та сау-саламат бола бермек.

    Қазақтарға америкалық, ағылшын, неміс, француз болу тіпті де шарт емес. Оларға қазақтығын сақтай білу маңызды. Өзіңді жоғалтқанмен, өзге бола алмайсың. Сталин ұрыларды былай жіктеген: «үйге кіретін ұры» және «үйден шығатын ұры». Соңғысы мейлінше қауіпті.

    Қазақстанда ұрылардың осы түрі белең алулы.

  • Туған жер төрінде

     Өңірдің қонысқа жайлы, табиғаты сұлу, тарихы терең аймақтарының бірі – Шал ақын ауданы. Қасиетті мекеннің жасыл даласы, өзен-көл, орман-тоғайы, тіпті қазақы қалпынан айнымаған ақжүрек халқы да бұл жердің ежелден қазақтың ән-жырына, асыл сөзіне бесік болған атырап екенін еске салып, көңілді ерекше әсерге бөлейді.

  • Өмір мектебінен өткен

     «Қаламге» , «Жязушы» , «Ақын» дегенде алдымен ойға түсетіні-саңлақтар ғой. Алайда Тәңір таңдаулы етіп жаратқан жекедара тұлғалар әмсе әдебиеттің жүгін жалғыз көтерген емес. Өнері өлшеусіз, өмірі өнеге дерлік өзге дарындарды да өгейсітпейтін оқырман,қалам қуатын танитын оқырман жетерлік.