Похожие записи
Мәдениет — елдің келбеті
Дата публикации:Егемендік алған ширек ғасыр ішінде еліміз экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да кемелдене түсті. Тоқырау жылдары талан-таражға түскен талай мәдениет ошақтары қайта қалпына келтірілді.
Жоғалып барып, халықпен қайта қауышқан ұлттық өнеріміздің орны бір бөлек. Тоқсаныншы жылдардың соңы мен екі мыңыншы жылдардың басы Қызылжар өңірінің мәдени өмірінде де жаңа серпіліс болғанын білеміз. Қазақ театрының ашылуы, ұлттық өнер ұжымдарының құрылуы, республикалық айтыстардың өткізілуі — сөзіміздің дәлелі. Сол оң өзгерістердің бел ортасында нардың жүгін арқалап жүрген азаматтардың бірі Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, облыстық мәдениет басқармасын басқарған Амангелді Балмұқанов болатын. Бүгінде зейнет демалысындағы ағамызбен жолығып, қызығы мен қиындығы бірдей сол күндерді еске алдық.Тастеміров.А.Бірлік пен еңбек егіз //Солтүстік Қазақстан. – 2 маусым.- 2016. -4 бет.
Дата публикации:elib.skolib.kz/nezavisimosti-kazahstana-25-let/b-rl-k-pen-e-bek-eg-z.html
Нық сенім, қарышты қадам
Дата публикации:Санаулы күндерден кейін қазақстандықтар ата-бабаларымыз аңсап, асқақ армандарына айналдырып, ұрпақтарына аманаттаған тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесін ұлан-асыр тойлайды.
Осы торқалы тойдың алдында өңір жұртшылығы тағылымды әрі қатпарлы тарихы бар облысымыздың 80 жылдық мерейлі белесін атап өтті.
Бұл айтулы оқиғалар баршамыздың еңсемізді көтеріп, абыройымызды еселеген егемендіктің өлшеусіз нығметтері іспеттес.
Еліміздің егемендігі баршамыз үшін басты құндылық болуы керек. Өйткені, ол — ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі.
Тәуелсіздіктің әр сәтімен баянды болашаққа құлаш ұрған еліміздің өркендеуіне ерке Есілдің жағасында қанат жайған, үш ғасырға жуық уақыттың сырын бауырына басқан касиетті Қызылжар қаласы да өз үлесін қосып келеді.Сенімді серпін
Дата публикации:Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Біз — азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл — Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт», — деп атап көрсетті. Алдымызға — дамыған озық 30 елдің қатарына кіру мен «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру міндетін қойды. Осы міндеттерді саралай отырып, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі кезеңді ой елегінен өткізген менің санамнан: «Сынаптай сырғыған осы уақытта «Мен не атқардым?» -деген сауал кетпей қойды. Ой жетегіне ерген менің көз алдымнан сонау Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар көші жылжып өтіп жатты…
Тәуелсіздік шежіресі. 1995 жыл
Дата публикации:1 қаңтар — Қазақстан Республикасы азаматтарына жаңа төлқұжат пен жеке…
Дін — көрінгеннің қолжаулығына айналмауы керек
Дата публикации:Биылғы жылдың үлкен датасы — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мерейтойдың еліміз үшін мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуында өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым, танымал қоғам қайраткері Мырзатай Жолбасбековпен елдегі діни ахуал және ислам дінінің бүгіні туралы әңгімелескен едік.

