Ақиқатпен үндескен, шежіремен тілдескен


2010 жылдың 26 мамырында петропавлдық ақын, көсемсөзші, Қазақстанның құрметті журналисі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Журналистер одағы сыйлығыныңиегері Владимир Георгиевич Шестериков қайтыс болған еді.

Ол облыстық «Северный Қазахстан» газетінде қызмет істеді, өңірлік әдеби-көркем журнал «Провинцияның» бас редакторы және Астанада шығарылатын «Нива» журналының редакциялық алқасының мүшесі болды. Владимир Георгиевич — 9 жыр жинағының авторы.

2014 жылы, ақынның туғанына 75 жыл толуына арнап «Северный Казахстан» баспасы оның «Чтоб светилась душа» атты өлеңдер жинағын шығарды. Жинаққа ақынның әр жылдары жазылған таңдамалы өлеңдері енгізілді.

В.Шестериков — ақын ғана емес, сан қырлы дарын иесі. Ол зерделі өлкетанушы да еді. Оның өңіріміздің тұғыры биік тұлғаларына арналған зерттеулері, мақалалары көпшілікке жақсы таныс. Зерттеуші өлкетануда әдеби шығармашылықтың тарихын тереңжәнежан-жақты зерделеді. 

Ақын — «Литературное Приишимье» басылымының редакторы және құрастырушысы. Онда Солтүстік Қазақстанның әдебиетшілері туралы мол деректер жинақталды. Осылайша аталған басылымда өңіріміздің 60-тан аса ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметтер берілді. В.Шестериков осындай үлкен еңбек тындыра жүріп, әдеби мұражай ұйымдастыруды көздеген еді. 

Бұлардың ішінде балалық шағы Петропавлда өткен Петр Ершов жайында мол дерек алдымен көзге түседі. Осы жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығына арнап жазған «Тай-тұлпардың шабысы», «Петр Ершовтың жалын-құсы», «Ұлы ертегідегі Петропавл» мақалаларында біздің қаламыздың және Сібір өңірлерінің тарихын, тұрмысын ақын өзінің шығармаларындағы шындықпен бейнелейді.

Көсемсөзші очерктерінің кейіпкерлері — өңіріміздің өрлеп-өркендеуіне еңбек сіңірген сан алуан мамандық иелері. Олар — диқандар, ғарышкерлер, ғалымдар мен жазушылар, дәрігерлер мен мұғалімдер, қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар, баршаға мәлім де беймәлім, өздері ғұмырлық серік еткен кәсіптерін сүйген және де үлкен біліктілік танытқан жандар.

Зерттеуші Солтүстік Қазақстан облысының медицина саласына да назар аударып, дәрігерлер туралы «Мейірімді жандар» деген шоғырмен «Нива» журналында мақалалар жариялады. Сондай-ақ, «Северный Казахстан» газетінде «Ескі қамал», «Отан», «Оқырмандар ордасы» сияқты айдарлар тұрақты орын алып, оған топтастырылған мақалалар рухани және патриоттық тәрбиеге арқау болды.

Владимир Георгиевичтің құнды деректерді тауып, қажымай-талмай, ізденімпаздықпен зерттеуі оқырмандардың көңілінен шығатын. Осы орайда оның өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Шоқан Уәлихановтың Петропавлда тұрған туысы Зүбайыр Қоқышевпен кездескенін білеміз. Осы жүздесу және ұлы ағартушының ағайынымен болған сұхбаттар ғұламаның өмірінің жаңа қырларын баяндауға жол ашып, «Литературное Приишимье» басылымында суреттерімен қоса жарияланды.

В.Шестериков Кеңес Одағының Батыры, неміс концлагерінде қамауда отырып, әйгілі «Моабит дәптері» өлеңдер жинағын жазған татар ақыны Мұса Жәлелдің серігі, петропавлдық Ахат Аднашев жайында деректерді тірнектеп жинап, жарыққа шығарған еді.

Ақын осы ізденістерінің барысында Ахатты білген адамдармен хат-хабар алысып, кездесе жүріп майдангердің өмірбаянын жазып, 1985 жылы Алматының «Жазушы» баспасынан шығарылған «Рейхстаг үстіндегі ту» кітабында «Жәлелмен бірге» деген очеркін жариялады.

Ол  сондай-ақ, жау  тылында астыртын жұмыс жүргізген осы жерлесіміздің суреттері мен хаттарын мұражайымызға тапсырды.

Қаламгер шығармашылық жұмысының бір кезеңінде Солтүстік Қазақстанға — Петропавл бекінісіне  жер аударылған бес декабрист туралы повесть жазуды қолға алғанды.

Петропавлдың тарихын зерттеуге әзге де елкетанушылармен тізе қосып, бар ынта-ықыласымен ден қойған ақын қалаға арналған өлеңдерінің бірінде былай деп жазды:

«Аққайыңдар, алып қырлар-ажарың, 

Туған қалам, сен жайлы жыржазамын. 

Желкен болып жазирамныңбетінде 

Отанымның көркейтебер базарын!»

(Орысшадан аударған ақын Зейнолла Әкімжанов).

Ол Отанын, туған жерін осындай ізгі ілтипатпен ардақтап, сүйе білді. Ақынның бұл сезімдері үлкен шабытына арқау болып, бірнеше көркемдеректі шоғырларына енгізілген мақалалары мен жырларында өрнек тапты.

2004 жылы «Северный Казахстан» баспасы «Петропавл. Уақыт. Оқиғалар. Адамдар» деген атаумен кітап шығаруды қолға алғанда Владимир Георгиевич бұл іске үлкен шабытпен кірісіп, туындының қүрастырушысы және редакторы жұмысын атқарды. 

Зерттеуші ретінде ол «Провинция» журналында елкетанушы әріптестерінің де мақалаларын жариялап отырды. Осылардың арасында С.Пресняковтың, В.Черниковтың, В.Трусовтың, В. Яворскийдің еңбектері өлке шежіресіне бойлатты. 

Ұлы Мағжан Жұмабаев ақталғаннан кейін ол қазақ ақынының жырларын орыс тіліне аударуға елеулі еңбек сіңірді. Соның арқасында Мағжанның бірнеше қуатты өлеңдерін орыстілді жырсүйерлердіңжүректеріне ұялатты. Ақынның өмірі мен шығармашылығын зерделеп, терең бойлаған Владимир Георгиевич осы зерттеулерінің нәтижесінде көсемсөз үрдісінде «Жарқыраған жалын» атты повестьжазып шықты. 

Өңіріміздің мәдениетінің, соның ішінде әдебиетінің тарихында Владимир Шестериковтың өлең-жырлары, әдеби зерттеулері жерлестерінің рухани игілігі болып сақтала береді деген ойдамын

 

Ирина Матвеева,

Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі,

облыстық тарихи-

өлкетану мұражайының қызметкері.

Матвеева.И.Ақиқатпен үндескен, шежіремен тілдескен. – 2016. — 14 маусым. – 5 б.

 

 

Похожие записи

  • Өмір мектебінен өткен

     «Қаламге» , «Жязушы» , «Ақын» дегенде алдымен ойға түсетіні-саңлақтар ғой. Алайда Тәңір таңдаулы етіп жаратқан жекедара тұлғалар әмсе әдебиеттің жүгін жалғыз көтерген емес. Өнері өлшеусіз, өмірі өнеге дерлік өзге дарындарды да өгейсітпейтін оқырман,қалам қуатын танитын оқырман жетерлік.

  • “Біржан деп атым шықты алты Алашқа…”

     Өнер дегеніміз – мүмкіндігі шексіз, құдіретті күш. Кейде бір ауыз сөз, бір минуттық музыканың өзі адам өмірін өзгертіп, санасына жарық түсіретін қасиетке ие. Өнердің әр саласының өзіндік ерекшелігі, бөлек бір құдіреті болады. Әуелеп ұшқан әсем ән талай адамның жүрегін тербеп, кеуделеріне ізгілік нұрын сеуіп келеді. Кез келген ұлттың өткенін, арман-мұратын, мінезін танытатын өнері – әні. Қазақ әні де халқымыздың сан ғасырлық қасірет-қуанышының, өкініш-жұбанышының айнасы. Қоғамдағы өзгеріс, толқулардың барлығы дала дарындарының жүрек сүзгісінен өтіп, ғасырдан-ғасырға жалғасатын туындыларға айналып отырған.

  • Мәңгі сөнбейтін жұлдыз

     Жиырмасыншы ғасырдың бастапқы кезеңінде Ұлы далада жасындай жарқ етіп жанған, кешегі солақай саясаттан жазықсыз жапа шеккен Алаш жұртының аяулы да ардақты азаматы Мағжан Жұмабаевтың есімі күллі түркі әлеміне мәлім.
    Өмірі қыл үстінде тұрса да, артына сан ғасыр бойы ұмытылмайтын мұра қалдырған ақынның шығармашылығы соңғы жылдары кең көлемде, егжей-тегжейлі зерттеле бастады. Өзінің інжу-маржан өлеңдерімен өнегелі із
    қалдыра білген Мағжан Жұмабаевтың туған күні қарсаңында Қызылжар өңірінде «Мағжан көктемі» республикалық өнер фестивалінің төртінші мәрте өткізілуі — осының айғағы. Аталмыш өнер фестивалі жайлы толығырақ мәлімет алу үшін рухани шараны ұйымдастырушы, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Кемел Оспановты әңгімеге тартқан едік.

    Кемел Қарашаұлы,ақынның туып-өскен, кіндік кескен жерінде үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан «Мағжан көктемі» өнер фестивалінің маңызы туралы айтсаңыз.

    — «Мағжан көктемі» өнер фестивалін ұйымдастыру тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастамасымен және облыстық әкімдіктің қолдауымен қолға алынған болатын. Фестиваль екі жылда бір рет өткізіліп келеді.
    Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. 2011 жылдан бастап қолға алынған шараның тұсаукесері 700-ге жуық көрерменнің қатысуымен Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» деген атаумен өткен еді.
    Бірінші фестивальдың тұсауын Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев кесіп, ұлы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға бағытталған ауқымды фестивальдың қазылар алқасына төрелік еткен болатын.
    Қазылар алқасының құрамында сол кездегі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, бүгінде облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Жарасбай Сүлейменов, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы вице-президенті, жазушы Жанболат Аупбаев, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Мұхтар Өтеуов, тағы басқа да Қазақ еліне белгілі тұлғапардың келуі фестивальдың республика көлеміндегі ауқымды өнер байқауы екенін білдірсе керек.