Шал ақын поэзиясындағы педагогикалық-тәрбиелік ой-пікірлер

 Биыл ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында өзінің шығармашылығымен қалың елге танылған жырау-ақын жерлесіміз Шал (Тілеуке) Құлекеұлының туғанына 250 жыл толып отыр. Кезінде Шал жырларының халық арасына кен тарауы, оның есімінің жұрт аүзында зор сүйіспеншілікпен аталуы жыраудың ардагер ақын, қоғамдық мәселелерді келелі сөз еткен азамат болғанын байқатады. Оның шығармаларында қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, заманның өзгерісі, әйел тендігі, адамгершілік мәселелері, табиғат, тіршілік тынысы жан-жақты сөз болады.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы облыстық газетте бірнеше мақала шықты. Мен оның поэзиясындағы педагогикалық тәрбиелік ой-пікірлері тұралы айтылды. Ойткені ақынның педагогиқалық ой-пікірлерінің біздін қазіргі жастарымыз үшін де тәрбелік мәні зор.
Шалдың дүниеге көзқарасында діншілдік сарын сезіліп отырады. Өйткені ақын өз заманынын перзенті ғой. Бірақ ақын әрбір сөзін құдай, пайғамбар атымен байланыстыра бермейді. Онын өлеңдерінің басым көпшілігінде адамгершілік мораль мәселесі сөз болғандықтан, не жақсы, не жаман деген дидақтикалық ой-пікір көбірек айтылып, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшелеріне ақыл, насихат айтуды басты мақсат еткен. Ақын өз өлеңдерінде жақсылық қайдан шығады, жамандық неден туады, жақсы мен жаманның айырмашылығы неде деген мәселенін төнірегінде сөз қозғайды.
Бір өлеңінде ақын:
Жақсыны алыс, жаманды жақын деме,
Жақсы атансаң, біреудің қақын жеме.
Жақсымын деп біреудің қықын жесең,
Жаман адам сол болар, мақұл деме, —
дейді. Бұл пікір халық педагогикасында айтылатын «Тура биде туған жоқ». «Жақсы — көпке ортақ» деген ой-пікірмен ұштасып жатыр.
Тағы бірде ақын:
Жаным сол жақсы сөзді ұта алмаса,
Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса
Молда есімін алғандар толып жатыр
Не керек ғылым бойға жұға алмаса, —
деп жастарға ғылым жолын қуып, ғалым болуға тырысуды нұсқайды. Жас кезде шама келгенше оқу мен өнерге молынан сусындау қажет, өйткені жастықта не болса да бойға оңай және тез сінеді деген идеяны паш етеді, жастардың бойында өнерлілік, зиялылық, парасаттылық болуы тиіс деп тұжырым жасайды.
Жақсының жүрген жері той болажды,
Ақыл жоқ кей адамда бой болады.
Қармеге қандай жаман болса дағы
Парасат кей шаһбазда ой болады…
деген ақын сөздерінен парасаттылық бойға, көрікке байланысты емес, көзге қораш адамдардың ішінде де жаны жайсаң, руханн байлығы мол адамдар болуы ықтимал деген пікірді аңғарамыз. Шалдың мұндай өлеңдерінің мақсаты — жұртшылықты жаманшылықтын кесепатынан жирендіріп, бойына жақсылық шапағатын дарыту. Бұл шығырмалардың өз кезінде жастарды тәрбиелеуде игілікті роль атқарғаны күмәнсіз. Сонымен бірге бұл шығармалар қазіргі кезде де өзінің тәрбиелік мәнін жоғалтқан жоқ.
Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,
Жарамайды қатты болу тікенектей.
Блімің болса дағы ұшан-теңіз.
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей…-
деп ақын өнерлі, білімді азаматтын халқына адал қызмет етуін қалайтынын көрсетеді.
Адам қоғамда көп жасағандығымен емес, білімімен, еңбегімен бағаланады деп ұққан ақын:
Адамды жөн білетін дана деп біл,
Істерің жалқау жанның шала деп біл,
Құр жасы елулерге келсе дағы,
Білімсіз сондай жандар бала деп біл,- дейді.
Отбасы бақыты, алған жар мен өсірген балаға байланысты деген ой ақын өлендерінде жиі кездеседі:
Жақсы әйел дәулетіңе жән келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман тұған бала болса,
Атағы үйде жатқұл сөз келтірер…-
деп өз ойын жайып салады.
Ақын өлендерінде нәресте, бөбек, сәби, бозбала санасезімінің қалыптасып даму ерекшеліктері жайында да саликалы ой түйіндері кездеседі. Оның пікірінше, адамдық қасиеттерге кісі бірден жетіліп іштен тумайды, балалық сана-сезім, тәлім-тәрбиенін, ойыннын, ортаның арқасында өсіп, дамып қалыптасады.
Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жяста тәңірі берген несіптемін.
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жеті жаста ойлаң жердің бозындаймын.
Он жасымда сүт емген қозыдаймын,
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын,
Бой түзеп жиырмада сылақтаймын…- деген өлең жолдарынан бала сана-сезімінің даму жолы, бой мен ойдың қатар дамуындағы әр жастын өзіне тән ерекшеліктері, түрлі ішкі-сыртқы ой мен іс-әрекет баланың жан дүниесін біртіндеп нәрлендіріп, жаңа мазмұнға ие болып отырғандығы байқалады.
Шал ақын бір толғауында жастарға досына адал бол, түрлі ғылым мен өнерге жас кезіннен кіріспесең, соңынан өкінерсің деп ескертеді:
Досқа жалған сөйлесең,
Өзіңді-өзің ұрғаның.
Түрлі ғылым, өнерге
Жаста ғадет қылмасан,
Байтеректей қайыспай
Қоңырайып тұрғаның…
(Бұл толғау шалдың бесінші ұрпағының бірі Досмағанбетов Рашит ақсақалдың есінде сақталыпты).
Қазақ халқында келінге деген ілтипат оған деген зор құрметке айналған. Бала тәрбиесі, отбасы ұйтқысы келіндерге байланысты. Келін жақсы болса, отбасы тату, ағаын-туыстық аралас-құраласы да келіннің кішпейілділігіне, сыйластығына байланысты деген халық қағидасы ақын өлендерінен өзекті орын алған. Ақын «ақырған аждаһадай аю келін бар, үлкенге ізет, жасқа қамқор ақылды, арлы келін ер азаматпен тең түсер, ізгі жан, сондай әдепті үлгілі болындар»,-деп жастарға өсиет айтады.Тағы бір өленінде ол:
Келін жақсы болса,
Үйіне көп кісі келеді.
Келін жаман болса,
Келген кісі кеткісі келеді,- деп қазақтын байырғы қонақжайлылығының өзі де келінге байланысты екенін көрсетеді.
Сонымен бірге Шал жастарға жас өмірінді бос өткізбе, еліне, Отанына пайдалы қызмет ет дегенді уағыздайды.
Байлауы жоқ шешеннен
Үндемеген есті артық.
Бәйге алмаған жүйріктен
Белі жуан бесті артық,— деп, халқына қызмет етпесең, өміріңің мәні болмайды, құр мақтанып,көпір сойлегенше еңбнгінді көрсет деген ой түйіндейді. Халқына адал қызмет қыл, ел қамын ойла деуден артық патриоттық сезім болуға тиіс емес. Міне, бұл Шал ақынның педагогиқалық ой-пікірінің келер ұрпаққа айтар өсиетінің тобықтай түйіні.
Келер ұрпаққа осындай тәрбиелік мәні бар өлең-жырлар қалдырған ақынның мектептерге арналған қазақ әдебиеті оқулығында орын алмауы таңдандырады. Орта мектептің 9 сыныбына арналған қазақ әдебиеті оқулығында (Алматы, «Рауан» 1995 ж.). «ХІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» деген тарау бар Сонда Қазтуған жыраудан ХҮ ғ.) бастап, Бұқар жырауға ( XҮ ІІІ ғ.) дейін орын беріледі де. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Махамбет Өтемісұлына түсе қалады. Ал жыраулар мен ақындарды жалғастырып тұрған әрі жырау, әрі ақын Шал Құлекеұлы туралы бір сөз айтылмайды.
Біздкше, бұл үлкен ағаттық. Қазақ мектептерінің мұғалімдері шәкірттерін Шал ақын мұраларымен таныстырып отырулары жөн. Шал ақынның қаза әдебиетінде алатын өз орны бар. Ол Бұқар жыраудан кейін тұруға тиісті. Оның шығармалары туралы сонау 1858 жылдары Шоқан Уалиханов «Қазақ шежіресі» деген мақаласында: «…Шал жырау менің бабам Абылайханмен замандас болыпты. Қазақтың шығу тегі туралы тамаша жыр-дастанды сол Шал жырау жырлайдьі екен. Сондай жыр-дастанды білетіндер қазір өте аз, бірақ өкінішке орай, атығайдан шыққан атақты жыраудың дастанын әлі күнге дейін тындай алмай жүрмін ..» -деп жазыпты ( Ш. Уәлиханов «Таңдамалы Алматы, «Жазушы», 1985 ж. 115-бет).
Содан бері өткен 140 жыл ішінде Шалдың көптеген өлеңдерін білетін азаматтар Қазақстан Республикасының Ғылым академнясына тапсырыпты. Тапсырғандардын ішінде Қазақстанның әр облысының азаматтарының аты аталады. Бұл ақын өлеңдерінің ерте кезден бастап бүкіл қазақ еліне тарағанын көрсетел. Сол тапсырғандардың бірі біздің облыстың азаматы Әйтім Әбдірахманұлы екен.
Ал 1964 жылы жазушы ғалым Мұхтар Мағауин Шал ақынның ұрпағы Қошан Жантілеуов ақсақалдан ақынның жиырмадан астам және Ғалым Малдыбаев пен Ахметжан Нұртазиннен бірнеше өлеңдерін жазып алған болса, сол жылы энциклопедист ғалым Рымғали Нұрғалиев облысымыздағы белгілі азаматтар Самархан Жұмадиевтен, Шадат Есмағанбетовтен, Жанақым Әлібаевтан бірсыпыра өлеңдерін жазып алыпты. Сонынан ақынның бұл өлеңдері «Алдаспан», «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Ай, заман-ай, заман-ай», «ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар ақындарының шығармалары» жинақтарында басылды.
Дегенмен, ақынның бай мұрасы әлі толық жиналып болды деп айту қиын. Сондықтан алде де облысымыздағы кәрі құлақ зерделі ақсақалдарымыздың ішінде ақынның жарияланбаған өлендерін білетіндері болса, облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетіне беріп, жариялатқаны ләзім болар еді.
Ақынның 250 жылдығына орай оның қазіргі кезде қолда бар өлең жырларын түгел жинап, арнайы бір жинақ шығарылса, қандай ғанибет болар еді. Бұған дейін жазылғандай, ақын атын өзі өмір сүрген Сергеев ауданына беру дұрыс деп білемін. Сонымен бірге ақынның ата қонысы — Қаратал ауылындағы мектепке де оның атын беріп, сол мектептен ақынға арналған мұражай ашылса, нұр үстіне нұр болмақ. Бұл шаралар ақын есімін ұрпақтарының әрқашан естерінде сақтауынын кепілі әрі ақынға арналған құрметтің белгіс, болар ед.

 Қайролла МҰҚАНОВ,
облыстық мұғалімдер білімін
жетілдіру институтының
аға оқытушысы.


Мұқанов Қ. Шал ақын поэзиясындағы педагогикалық-тәрбиелік ой-пікірлер // Soltustik Qazaqstan. – 1989.- 2 желтоқсан. – 4 б.

 

Похожие записи

  • Чокан ВАЛИХАНОВ ЗАПИСКИ О СУДЕБНОЙ РЕФОРМЕ Суд биев в древней народной форме

     

     Возведение в звание бия не обуславливалось у киргиз каким-либо формальным выбором со стороны народа и утверждением со стороны правящей народом власти; только глубокие познания в судебных обычаях, соединенные с ораторским искусством, давали киргизам это почетное звание. Чтобы приобресть имя бия, нужно было киргизу не раз показать перед народом свои юридические знания и свою ораторскую способность. Молва о таких людях быстро распространялась по всей степи, и имя их делалось известным всем и каждому. Таким образом, звание бия было как бы патентом на судебную и адвокатскую практику. Дети лиц, носивших звание биев, имея большую юридическую практику, обыкновенно наследовали знания и вместе с тем и звания своих отцов.

  • ЧОКАН ВАЛИХАНОВ:МИССИЯ В КАШГАРЕ

     Посвящаю светлой памяти моего друга, поэта и ученого Ерлана Ахмаева.

    Чокан Валиханов — это имя знакомо мне с раннего детства. Отец мой — Абдыкадыр кари — был родом из Кашгара, в 1934 году он был вынужден покинуть отчий дом, но до конца своих дней тосковал по Родине. Отец много рассказывал о родном городе. В моей памяти хорошо сохранились его рассказы о Кашгаре 20-30-х годов прошлого века. Эти рассказы переплелись в моей памяти с произведениями Ч. Валиханова, которые я внимательно прочитал еще в школьные годы. Я хорошо помню, что в начале 70-х годов мне попала в руки его книга «Избранные произведения», изданная в Алма-Ате под редакцией академика Алькея Маргулана в 1958 году. С этой книгой я не расстаюсь до сих пор. В мою, тогда еще детскую память навсегда вошли его произведения «Западный край китайской империи и г. Кульджа», «Описания пути в Кашгар и обратно в Алатавский округ» и «О состоянии Алтышара или шести восточных городов китайской провинции Нан-Лy (Малой Бухарин)», письма к генералу Г. А. Колпаковско-му. Многие страницы из этих произведений я помню почти наизусть до сих пор. Кашгар и Чокан Валиханов стали для меня почти синонимами. Позже, в студенческие годы, я прочитал и другие произведения ученого о его поездке в Алтышар и Илийский край: «О торговле в Кульдже и Чугу-чаке», «О западном крае китайской империи», «Очерки Джунгарии».

  • Жаны Жайсаң Жақсы Аға

     Кабинетінде әлдебір қағаздарды қарап отырып, салиқалы да салмақты ойға берілген ұстаз есіктің қалай ашылғанын да аңғармай қалды.
    Қолында шақыру қағазы бар бойшаң жігіттің не мақсатпен келгенін естіп-білген соң оның жүзі қуаныштан бал-бұл жайнап сала берді. Өткен күннің белгісіндей болған жастық дәуреннің небір қызықты сәттері ойға оралды.