Саин Жұмағали

Жұмағали Саин 1912 жылы қазіргі Айыртау ауданының Ағынтай батыр ауылында, дәлірек айтсақ Баян сұлу көлінің жағасында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған ақын Көкшетаудағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Ақын, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Украина жерінде ұйымдастырылған айтулы партизан отрядында болды. Петропавл педагогикалық техникумында және ҚазПИ-де оқыған.

1932-1934 жылдары мұғалім, содан кейін облыстық газеттің бөлім меңгерушісі болып істеген. Қазақстан мемлекеттік әдебиет баспасының редакторы, Қазақстан мемлекеттік филармониясының, республикалық халық шығармашылығы үйінің директоры, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары болды. Алғашқы мақалалары 1928 жылдан бастап жарық көре бастады.

Ж. Саинның бірінші өлеңдер жинағы «Бақыт әні», екіншісі «Алтын таң». Ол соғысқа дейін «Балықшы», «Бақыт құшағында», «Күләнда» поэмаларын және басқа да шығармалар жазған.

Жұмағали Саин поэзиясының үлкен бір белесі оның жауынгерлік жырлары. Отан соғысының отты жылдарына арнап жазған «Жорық жырлары» атты жинағы 1944 жылы шықты. Халықтың шешендік толғау үлгілерін шеберлікпен паидалана білуімен ерекшеленетін «Түн қатады партизан» «Ұрыстан кейін», «Айтылмай келген аманат», «Жаралы партизан», «Еске алу», «Е.М. Масловаға», т.б. жырларында жауынгерлердің қаһармандық ерлігі, жауға деген ащы ыза- кегі, Отанға, досқа деген жалынды махаббаты, халықтар достығы сұлу саз, әдемі лирикамен айшықталады. Соғыстан кейін «Алтай» мен «Таңғы салқын» поэмаларын, «Таңдамалы шығармалар», «Таңдамалылар», «Самал» жинақтарын, «Жолда» повесін шығарды. Ақынның көптеген шығармалары орыс, украин, қырғыз, өзбек халықтарының тілдеріне аударылған. М.Ю. Лермонтовтың «Біздің заманның қаһармандары» романын, қырғыздың «Манас» эпосының бірнеше бөлігін және басқа да шығармаларды қазақ тіліне аударды.

Оның есімі Алматы және Көкшетау қалаларының көшелеріне, біздің облыстағы Айыртау ауданының орта мектебіне берілген. Алматыда тұрған үйіне (Фурманов көшесі, 120) мемориалдық тақта орнатылған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Жұмағали Саин /Айыртау.- Петропавл, 2009.- Б. 54-55
 

Похожие записи

  • Қожаберген батыр қол бастап…

     1757-1758 жылдар Абылай бастаған қазақ әскерлерінің жоңғар қалмақтарынан азат болған жерлерді қайтарып, қазақтарды қайта қоныстандыру шараларымен өткен еді. Бірақ шығыстағы алпауыт Қытай мемлекеті “бұл жерлер жоңғарлардың ата қонысы, ал жоңғарлардың түбіне жеткен біз қытайлар, ендеше жер де қытайдікі” деп есептеп, өздері иемденгісі келді. Бұл арада жоңғар тағына таласушылардың бірі Қалдан Сереннің жиені Әмірсананың қылығын да естен шығармайық. Ол әуелі Қытай үкіметіне өзі барып берілді де, жоңғарды қыра бастағандықтан ашық қарсы шығып, соққы жеп, жеңе алмайтын болған соң, Абылай қалмақ тұтқынында екі жыл отырғанда достасқаны есіне түсіп, қазақ даласына Абылай сұлтанға қашып келіп, пана тапты. Абылай болса осы алауыздықты әдемі пайдаланды. Әмірсанаға қолдау көрсетіп, ежелгі жауымыздың іштей бүлінгенін пайдаланып, өзіне-өзін айдап салды.

  • «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің»

     Осыдан үш ғасырдай бұрын өмір сүрген Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) – қазақ поэ-зиясының өрісін кеңейтіп, көшпенділер топырағында реалистік дәстүрдің өркен жаюына алғышарттар жасаған ақберен ақындарымыздың бірі. Бозбала шағында-ақ ақындық өнердің тұлпарын тізгіндеп, даңқы қалың елге жайылған Тілеуке Құлекеұлының артына қалдырған мол мұрасы уақыт сынына төтеп беріп, ғасырлар қойнауынан нұрын шашып тұр. Бүгін біз оқырмандар назарына саңлақ суреткердің бір топ өлеңін ұсынып отырмыз.

  • Ақан суретінің сыры

     Арқаның кең сахарасы – өркениеттердің бастауы, мәдениеттердің тал бесігіне айналған құтты мекен. Адамзат тарихында алғаш рет жылқыны қолға үйретіп, қымыз ішіп, сал-серіліктің бастауына айналғанына ешкімнің дауы болмас. Ақан сері сынды өнердің шыңына шыққан тұлғаны тербеткен бесігі еді. Өмірі сұлулық пен жұмбаққа толы серінің ғұмырнамасына байланысты кім қалам тербемеді дерсіз.

  • Стихи, устремленные в вечность

     «…Он поэт от Бога, он впитал поэзию Казахстана с материнским молоком, он не мыслит себя без стихов. Именно поэтому его стихи чисты и честны, они устремлены в вечность». Так известный казахстанский поэт и писатель Дихан Абилев аттестовал Какимбека Салыкова.