Құқықтық сағат»Зорлық-зомбылықты тоқтату»

ПД ҚҚБ Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары Захриманова Малика Бахтимадовна мен Аверина Мария Валериевна «Зорлық-зомбылыққа қарсы» акциясы аясында желі пайдаланушыларымен  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтіп, оның негізгі түрлеріне кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, физикалық зорлық-зомбылық, психологиялық қысым көрсету, экономикалық тәуелділікке ұшырату және қазіргі таңда жиі кездесетін цифрлық зорлық-зомбылық түрлері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, қорғау нұсқамасының 30 күн мерзімге берілетіні, оны рәсімдеу тәртібі мен заң аясындағы құжаттамалар жайлы ақпарат берілді. Инспекторлар зорлық-зомбылық жасаған тұлғаларға қатысты қолданылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлеріне де тоқталып өтті. Кездесу соңында оқырмандарға қандай да бір қиын жағдайға тап болған кезде үнсіз қалмай, заң аясында көмек сұраудың маңыздылығы айтылды. Қажет болған жағдайда 102 нөміріне хабарласуға немесе арнайы дағдарыс және көмек көрсету орталықтарына жүгінуге болатыны ескертілді.

Мұндай шаралардың мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға қолдау көрсету.

Похожие записи