Алаш арысы — Мағжан
«Алаш арысы — Мағжан»
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Сабит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ақмарал Сәркенқызының қатысуымен «Алаш арысы – Мағжан» тақырыбында дәріс өтті.
Дәріс барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы ұлттық рух, отансүйгіштік және ағартушылық идеялардың өзектілігіне назар аударылды. Ақынның жас ұрпаққа зор сенім артқанын, ел болашағын білімді, саналы жастармен байланыстырғанын атап өтті.








