Кітапханада қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлықтарды сақтау және экологиялық білімді арттыру мақсатында экология және қазіргі заман тақырыбында тікелей эфир өткізілді.
Эфир барысында табиғаттың адам өміріндегі маңызы, экологиялық мәселелердің бүгінгі таңдағы өзектілігі және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолдары туралы айтылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – табиғатқа жанашырлықпен қараудан басталатыны атап өтілді.
Тікелей эфир аясында оқырмандарға экология саласына арналған кітаптар таныстырылды. Атап айтқанда:
📖 «Экология және табиғи ресурстарды өнеркәсіптерді басқару» кітабында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өндірістік үдерістердің табиғатқа әсері және экологиялық басқару мәселелері қарастырылады.
📖 «Өнеркәсіптік экология» еңбегі өндіріс пен табиғат арасындағы байланысты, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік бағыттарын түсіндіреді.
📖 «Экология» кітабы табиғаттағы тіршілік заңдылықтары, экожүйелер және адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас туралы білім береді.
📖 «Экологиялық энциклопедия» – табиғат әлемі, экологиялық ұғымдар және қоршаған ортаны қорғау жолдары туралы маңызды мәліметтер жинақталған құнды басылым.
📖 «Қазақстандағы экология жағдайының қалыптасуы» кітабында еліміздің экологиялық мәселелері, табиғи ортаның өзгеруі және оны сақтау бағыттары баяндалады.
📖 «Жалпы экологияның қысқаша курсы» – экология ғылымының негізгі бөлімдерімен таныстыратын оқу құралы.
🌿 Табиғатты қорғау – әр адамның жауапкершілігі. Табиғатқа қамқорлық – болашаққа жасалған қамқорлық.








