«Құқықтық жол көрсеткіш: Сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз»

«Құқықтық жол көрсеткіш: сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз» тақырыбындағы құқықтық-ағартушылық дәріс азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.Іс-шара барысында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері, оларды заң аясында қорғау жолдары, еңбек және тұтынушылық құқықтар мәселелері қарастырылады. Дәрістің мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды құрметтеуге және өз құқықтары мен міндеттерін білуге шақыру.







