«Кітап оқуға ынталандыру» онлайн-жобасы
2 маусым күні ҚР Ұлттық ұланы академиясының 1 курс курсанттары Сейтқазы Дінмұхамед пен Серік Диас «Кітап оқуға ынталандыру» онлайн-жобасы аясында өздері оқыған кітаптар туралы ой бөлісті.
Сейтқазы Дінмұхамед жапон жазушысы Харуки Муракамидің «Норвежский лес» романына тоқталып, шығарманың адам жанының терең иірімдерін, жастық шақтың сезімдерін, достық пен махаббат тақырыптарын әсерлі суреттейтінін атап өтті.
Ал Серік Диас белгілі жазушы Исай Калашниковтың «Жестокий век» тарихи романын таныстырып, туындыда Шыңғыс хан дәуіріндегі оқиғалар, билік үшін күрес, халық тағдыры мен тарихи кезеңнің шынайы көрінісі кеңінен баяндалатынын айтты.
Курсанттар кітаптардың өздеріне ерекше әсер қалдырғанын айтып, жастарды көркем әдебиет оқуға, рухани дамуға және бос уақыттарын пайдалы өткізуге шақырды.








