Ерлік туралы сөз.Новелла

  -Ергең сөз сөйлейсің, — деді ауылдық Советтің председателі, —сөзің ерлік туралы болсын,
Содан бері Ержақып қина лыста. Оңай ма, үлкен салтанат, Жан-жақтан дәрежелі адамдар келмекші. Небары төрт кластық білімі бар күзетші шал бытығып қалма са. Әдемі, өрнекті мақамдағанды ұнатады жұрт. Топ алдында қоңқ ете түсіп, кете салу лайық болмайды ғой. «Шықпайды» деп жалтарды! Бірақ ауылнай болатын емес:
— Шыққанда қандай. Көпті көрген майдангерсіз. Бір бастап әкетсеңіз болды. Газет-журналдарды қарап көр. Жазып ал. Ірі әріппен машинкаға бастырып берейік, —деп тықылдап барады.
— Көрейік, —деуге тура келді. —
Ержақыптың «көрейіні» — «құл; орындаладымен» барабар екені бұл төңірекке қанық. Өйткені бұл сөз оның аузынан шыққанша өзін де, өзгені де қинап болады. Бірақ ол үшін бұдан басқа берік сөз, қатты уәде жоқ.
Тек бір рет бұл сөз тарапында басқаша шалқып кеткені бар. Отан соғысынан оралғандарға қойылатын осы ескерткіш мәселесін алғаш козғағандардың ішінде осы Ержақып та бар болатын.
— Көрейік, ауданмен ақылдасайық,—деп қалған сонда ауылнай.
Сол сол-ақ. екен:
— Сен, шырағым, көрейінді қой, сылбыратпа бұл жұмысты. Тыңғылықта. Қараш сен көрейін деп көлгірсітуін — деп аяқ астынан тұтана жөнелген.
Сірә, өзіне меншікті «көрейін» басқалар айтқанда өңі өзгеріп кетеді деп ұқса керек.
Енді осы байлаулы сөзін айтқаннан: кейін бұлтарыс жоқ. Қамдану керек.
Кеңседен шығып орталық көшемен журіп келеді. Сонау тұрған ескерткіш. Ардақтардың асқақ арманын биік аспаннан іздегендей ұшар басындағы жүлдызға ілесе, қеңістікке ұмсынып тұра қалған. Қастерлі кутіммен ақ жамылғы оранған. Ертең ашылып, боздақтардың есімдері жазылған мраморға тіл бітпек. Жүректерді қозғамақ.
Ерлік туралы айт дейді. Айту керек. Қайтсе жеткізе айтады. Алғашқы сөз қалай басталады? Осы бір алғашқы деген сөз -ай шіркін. Қымбат та қиын. Қиын да қызық. Сондықтан да қымбат.
…Ержақып санасыда сол бір кезеңдегі алғашқы шабуыл көрінісі берік орнығып? шегеленіп қалғандай. Жақсы жазылған сурет секілді. Соның ішінде әсіресе мына бірісі.
Таңсәрі елең-алаң сәтте, шабуыл басталатыны белгілі болды. Жау шебі мен екі араның мөлшері қолма-қол, найзаласу қатты жұлқысты айтып-ақ тұрғандай.
Командир — жас жігіт. Ол үшін де, оның жауынгерлері үшін де бұл алғашқы шабуыл болмақ. Танысқан бетінде:
— О, сіз жай ғана Жақып емес, батыр Жақыппын деңіз—деп қазақ жайымен таныстығын білдіріп салған.
Батырлар қатарына қосуға өзін олқы есептейтін Ержақып көбіне-көп Жақып деген қарапайым жағын ұнатып, «ер» деген қосалқыны жолдастарына айтқызбайтын.
— Әке-шешенің ат қойғандағы ниетін ақтай алсам, өзі де қосыла жатар,— деп қоятын,
— Сол кезең, сын сағат та жетті мерзімді кезінде.
— Алға!-деген оз ұранымен Клесе жас командир атқып, жау шебіне қарай секіре ұмтылды.
Дәл осы кірпік қаққандай сәттің қолбасшысы үшін қаншама ауыртиалығы барлығын Ержақып қылт өткен бір түйсікпен сезіп те үлгерді. Қарсы жақтан жауған оқ. Соған тосылып командир тұр. Алғашқы бес-алты адымды өтіп барып, бір көріп шығайын дегендей жауынгерлеріне бұрылып қарады. Суық тер бұрқ ете түскен болар маңдайдан. Өйткені онымен серіктесе лып еткен ешкім жоқ болатын. Жылысып шегінуге болмайды. Өлсе де кейін жүгірмейді ол. Бар келбеті—сол шешімнің куәсі. Пистолетін бұлғап қалды да, бір қолымен шойын қалпағын баса тұқыртты. Маңай дағы қиналыс іздерін ешкім көрмесін деген болар.
Ми қабаттарында оқша зуылдап, бір-біріне хабаршыдай ұмтылысқан ой түйдектері Ержақыпты «осы мен не қылып тұрмын?» деген сұ рақпен түйіп қалды. Ол жаңа ғана сезгендей «Қомандирі жалғыз тұрған жоқ па, құдай-ау». Соның жанына бұл.жетсе, ар жақтан ұшқан оқ кейің серпілетіндей. «Япырау, оқ деген әшейін, қорғасын емес пе, біз екеулесек ол не қылады?» — дегендей, сол сәт окоптан ырғып шыққан Ержақып командирінің дәл — қасына жетіп келді.
— Рахмет, бауырым, кет тік алға! — деп командирі шынтағынан түртіп қалды.
Бұл кезде жауынгерлер жарыспақ ойнағандай бірінен -бірі оза жүгірісіп кетіп бара жатқан болатын. «Жақып құрлы жоқпыз ба» дескендей қызу кетіп барады. Өмір мен олім арасындағы ұзақ белестей болған сол уақыт бірнеше секунд ішінде өткенін олар есептеген жок әрине.
Бірак бұл алғашқы жолы жаумен найзаласу Ержақыпқа бұйырмаған екен. «Сенің сыбағаң әлі кейің» дегендей қақ алдынан жарылған мина мұның бет-аузына өз суретін салып кетті. Жосылған қанды алақандап, бүкшие бергенде, біреу іліп әкетті. Командирі, екен.
Шайқастың қызуына кіре алмадым-ау. Сергейі — деп қалды Ержақып,
Найқалуға уақыты жоқ командирі:
— Осы шұңқырдан ешкім да жылжыма. Өзім неліп әкетемін,- деді де және бірді.
Госпитальда Ержақып өзінің наградаға ұсынылғаның естіп:
— Жай жатып сыйлық алған маған жол болсын, — деді қомпаңдағанында, командирі:
— Бұл саған әбден тиісті награда. Жаудың талайың жайратып үлгересік әлі. Ол үшін жауынгерлік рух керек. Бұл қасйетті өз басым сенен көрдім емес пе?! «Алға» деп ұмтылғанымда оқтай қаққандай жан серігім болып, жауынгерлерді ұрысқа бірге бастадың ғой,- деп ағынан ақтарылып еді.
Ержақып журегі ерлік көзі осы бір жас командир келбетінен ұшқындап тұрғанын мықты туйген еді,
…Иә, ертеңгі жиынға айтары бар екен. Ең алдымен сөзін «ерлік ұмытылмайды» — деп бастайды да, командирінің жауға қарсы алғашқы боп ұмтылғандағы ерлікке бастар жан тебіренісін сурет теп береді. Бар сөзінің діңгегі осы болмақ.

Ермек ҚОҢАРБАЕВ.


Қонарбаев Е. Ерлік туралы сөз.Новелла // Ленин туы.- 1973.- 24 ақпан.

Похожие записи

  • Ғұмырын ғибратпен өрген

     Қай жазушының өмірбаянын алып қарамайық, олардың барлығының әдебиеттегі дара жолын өлең жазудан бастағанын аңғарамыз. Проза мен поэзияны қос қанатына айналдырып, шығармашылықтың көгінде қырандай қалықтаған қаламгерлеріміз аз емес.

  • Жұлдызы жоғары. Жазушы Ермек Қонарбаевтың туғанына 60 жыл

     Уақыт қандай ұшқыр десеңізші. Бәрі де кеше ғана сияқты еді. Енді міне содан бері қырық жылға жуық қайран күндер зымырап өте шығыпты. Бүгін туғанына 90 жыл толып отырған халық ақыны Ахметжан Нұртазинмен, 60 жылдығын атап жатқан жазушы Ермек Қонарбаевпен дала кербезі көк Есілдің кемерінде Аютастың мәрмәр тасында тұрып туыстай табысып құшақ жая қауышқанымызға да қаншама жылдар ара түсіп кеткеніне таңырқамасқа амал жоқ.

  • Айып кімде?

     Сәмеңке деген бір қу көршісінің туған күнін тойлаған мәжілісінде ішу жағынан артығырақ кетіп, бүлік шығарса керек. Еңді сол мәселемен жиналысқа түсіп отыр. Стол басының алдында екі бүктелген, жалпақ қағаз. Бұл Сәмеңкеиің сол тунгі, оған дейінгі жұртқа көрсеткен машақаттарын тізбектеп, жинап- терген «Іс қағазы». Ақ қағаздың шұбарланған түріне қарағанда, әжептәуір тергеу жүргізілгенге ұқсанды. Соның бәрін былай қойғанда, көрші үйде салған қиғылықтың өзі-ақ жетіп болатын. Жиналыс бастығы жағалай орналасқан жұртшылыққа соның мәнін тәптештеп, саусақпен санағандай етіп баяндан тұр: